Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан

  ӘБІЛҚАЙЫР, Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды (1710— 12.08.1748). 1715ж. Тәукен хан өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығы тағына үміткерлердің бірі болды. Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас хан сайланды. Толығырақ »

Қаратаудың ортағасырлық керуен жолдары

Оңтүстік, оңтүстік-шығысында Арыс, Теріс өзендерінен басталып солтүстік-батысында Жалғызағаштың бұлағына дейін 400 км-ге созылып жатқан Қаратау шаруашылықтың екі түрі қатар дамыған тарихи – географиялық аудан. Қаратаудың ежелгі және ортағасырлық қалалары, елді мекендері мен асулары арқылы өткен керуен жолдары, Ұлы Жібек жолының солтүстік немесе Шаш-Түрік (бұдан былай Түрік жолы) жолының негізгі бағыттары мен олардан шығатын тармақтары бір қатар қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған. Толығырақ »

Отырар өңіріндегі тарихи орындар

БАЗАРБАЙТӨБЕ МЕКЕНЖҰРТЫ, 1-8 ғғ. (археол).Қоғам ауылының оңтүстік-батысында, 4км жерде, Сырдарияның жағасына таман, Жаманкөл тармағының жағасында орналасқан. Географиялық координаттары 42Т 436963 UTM 47399667 1969-1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев) ашып, зерттеген. Жоспарда шаршы тәрізді болып келген, көлемі 65х40 м, шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Ең биік жағы шығыс бөлігі -4м. Төбенің жоғарғы жағы жайдақ. Жоғарғы жағындағы алаңнын көлемі 35х35 м, төмендеу жағындағы алаңнын көлемі 25х30м. Қақпа солтүстік жағында болған. Қазіргі топографияда ол ені 5 м келетін жайдақ сай түрінде байқалады. Төбе бетіннен табылған материал, Қостөбе (оңтүстік) керамикасымен бірдей.

Толығырақ »

Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жетіқоңыр керуен жолдары Қаратаудан асып, Сарыарқа арқылы Ертіске өткен. Бұл аймақ тарихымыздың әр түрлі кезеңдерінен сақталған тарихи-мәдени ескерткіштерге бай өлке. Толығырақ »

Қазақстандағы аз ұлттар өкілдеріне қамқорлық

Қазақстанда бұрынғы Кеңес Одағы кезінде негізгі ұлт – қазақтардан басқа 120 ұлт өкілдері мекендесе, тәуелсіз ел атанған он жыл аралығында да біздің республикамызда дәл осы мөлшердегі ұлт өкілдері тұрып келеді. Мұның өзі қазақ халқы мен өзге ұлт өкілдері арасындағы көптеген жылдар бойы берік қалыптасқан ұлтаралық татулық пен өзара түсіністікті, жарастық пен келісімді айшықтайды. Толығырақ »

Қазақстандағы Баспа ісі және «Қазақ энциклопедиясы» баспасының қазақ баспасөзін дамытудағы рөлі

Қазақстандағы Баспа ісі және «Қазақ энциклопедиясы» баспасының қазақ баспасөзін дамытудағы рөлі

Баспа дегеніміз – кітап, газет, журнал, плакат және т.б. баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Ол шығаратын өнім түрлеріне қарай кітап баспасы және газет-журнал баспасы, сипаты мен бағытына қарай ғылыми баспа, бұқаралық баспа, балалар баспасы болып жіктеледі. Көпшілікке арналған алғашқы баспа өнімдері (діни уағыздар, қолжазба кітаптар) ағаш қабығына, теріге, кейіннен қағазға қолмен көшіріліп жазылған. Ірі қалаларда қолжазба кітапты мәнерлеу өнерімен шұғылданатын арнайы мамандар – көшірмешілер, түптеушілер, миниатюрші суретшілерді топтастырған орталықтар жұмыс істеген. Толығырақ »

Бүгінгі Иасауи мұрасының жағдайы

Иасауи мәдениетінің бүгінгі насихатталу жайы. Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуында ең маңызды факторлардың бірі ислам тариқаттары екендігі даусыз. Алғаш әйгілі Қожа Ахмет Иасауи негізін қалаған тариқаты мен ілімі түркі халықтарының рухани өмірінде өшпес із қалдырды. Түркі сопылық дәстүрді қалыптастыру тұрғысынан Иасауидің рухани қызметінің маңызы өте зор. Сондықтан да Ф.Көпрүлү Иасауиді алғашқы түркі сопысы деп бағалаған Толығырақ »

Қазақ философиясы тарихындағы Иасауи мұрасы

Иасауидің философиялық дәстүрі. Қожа Ахмет Иасауи жалпы түркілік мәдениет кеңістігінде өзіндік ерекше ілім түрін қалыптастырып, ойлау жүйеміз бен тұрмыс салтымызға исламдық рухани құндылықтарды дарыту жолын, ар түзейтін ғылымның негізгі этикалық-моральдық шарттары мен үлгісін көрсетіп кеткен тарихи тұлға. Оның тұлғасы дәстүрлі түрік философиясындағы цикльдік ойлау жүйесі мен сопылық дүниетаным негізінде тарихи жадымыз бен рухани мәдениетімізді айналасына топтастырған “аталар жолы теориясының” орталық ұстынына айналды. Толығырақ »

Айқын таным және Иасауиді тану мәселесі

Иасауидің «йақин» тұжырымдамасы. Ислам философиясында адам санасының таным мәселесінде жаңылысудан арылып, күмәнсіздік хәліне жетуін «йақин», яғни, айқын таным дейді. Айқын танымда күмәндануға орын жоқ. Сондықтан оны сенімнің ерекше түрі ретінде де қарастырады. Айқын таным – органикалық бірліктің, сана мен еріктің жемісі. Йақин немесе айқын таным – ойлау, теориялар, идея арқылы жасалған ғылымға қарама-қайшы, өйткені айқын танымда күмән, күдік болмайды. Ал теориялық, идеялық ойлау жүйелері ешқашан күдіктен арылған емес. Бұл ғылым түрлерінде күдік, таңдану методтарында кемшілік болады. Толығырақ »

Түрік сопылық мектебі және Иасауи дүниетанымы

Иасауи философиясы және көңілдің айнасы. Сопылық философиядан сөз қозғау – оның дүниетанымдық ұғымдары мен категориялық құбылыстарын анықтаудан басталады. Ал сопылық категориялардың мазмұны сопының хәлі сияқты әрбір сопылық тариқат шеңберінде құбылып, өзгеріп отырады. Оның үстіне бұған әрбір сопылық жолдың тарихи кезеңдеріндегі қолданған ұғымдарының өте құбылмалы екендігін қоссаңыз, нақтылыққа жету өте қиын. Дегенмен, әрбір сопылық тәжірибенің ұстанған жолы мен ерекшелігін анықтайтын мәдени кеңістікте сақталған сан ғасырлық іздер бар. Толығырақ »