‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
1946-1985 жылдардағы музей ісі
ХХ ғ. екінші бөлігі мұражай әлеміндегі үлкен жаңалықтарға толы болды. Мұражайдың әлеуметтік орны туралы пікірталастар баспасөз беттерінен түскен жоқ. Мұражай қоғам мен қоршаған ортаның дамуына қандай ықпал ете алады деген сұрақтар мамандарды ойландыр бастады. Бұл саладағы творчестволық ізденістер нәтижелерінің бірі – мәдени орталықтардың пайда болуы еді. Толығырақ »
1930-1940-жылдары ұлы отан соғысы кезеңідегі Қазақстандағы музей ісі
ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында музей ісінің теориялық мәселелері Кеңес үкіметінің «мәдени төңкерісімен» байланысты зерделенді. Ғылыми еңбекті жазу барысында кеңестік музей үлгісінің теориялық негізін қалыптастыруға араласқан Н.К.Крупская, М.В.Луначарский, М.И.Калинин сынды партия және мемлекет қайраткерлерінің еңбектеріне көңіл бөлінді. Толығырақ »
Қазақстан аумағында музей жүйелерінің құрылуы
1920-шы жылдары Қазақстан музейлерінің даму жүйесі өлкетану қоғамдарының зерттеулерімен тығыз байланыста болды. Өлкенің табиғатын зерттеу, тарихи-мәдени ескерткіштерін зерттеу жұмыстары, құнды жәдігерлерді жинақтау, сақтау жұмыстарымен ұштасып жүргізілді.
Осы жылдары музейлер жинақтау жұмыстарын жүргізді. 1920-30 жылдардағы өлкетанулық зерттеулер музей ісінің дамуын өрістетті. Толығырақ »
1917-1930 жж. кеңес өкіметінің музей ісіне арналған іс-әрекеттері
Кеңес үкіметі өзінің алғашқы кездерінен бастап бұрынғы жеке иеліктердегі тарихи, құнды маңызы бар музейлерді, сәулет туындыларын мемлекет иелігіне алу, қорғау, оларды тіркеудің біртекті тәртібін жасады. 1917 жылдың қазан айында Музей ісі, көне ескерткіштер мен өнер туындыларын қорғау ісі бойынша Бүкіл ресейлік коллегия құрылды. Толығырақ »
Жергілікті әкімшілік пен өлкетанушылардың жинақтау қызметі
Жергілікті әкімшілік пен өлкетанушылар өлкенің тарихын, археологиясы мен этнографиясын, табиғатын, жануарлар, өсімдіктер дүниесін танып білуге мүмкіндік беретін құнды жәдігерлерді жинай білді. Қазақстандағы алғашқы музейлердің негізін қалауға осы коллекциялардың маңызы ерекше болды. Толығырақ »
Қазақстан аумағындағы алғашқы музейлердің құрылуы
XIX-XX ғ. басында Қазақстан музейлерінің құрылуына жергілікті әкімшілік пен өлкетанушылардың жинақтау қызметі әсер етті.
Қазақстанда алғашқы музейлердің қалыптасуы XIX ғ. басынан, 1830 жылдан бастау алады. Алғашқы музейлер қазақ жерінде XIX ғ. қалыптаса бастады. 1830 жылы Орынбор генерал-губернаторы, граф П.П.Сухтелен жергілікті елді, тұрғындарды өлкенің табиғатын, тарихы мен этнографиясын бейнелейтін заттарды губерния орталығында ашылғалы жатқан музей үшін тапсыруға шақырады. Толығырақ »
XIX ғасыр соңындағы Қазақстандағы музей ісінің қалыптасу тарихы
Қазақстанның Ресей құрамына енуі өлкені жан-жақты зерттеуді талап етті. Өлкеде қалыптасып келе жатқан зиялылар оның ішінде дәрігерлер, мұғалімдер, саяси айдаудағылар зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Қазақстан аумағында ғылыми экспедициялар, мұражайлар ашылған жағдайда оларды халықшылдардың қызметімен байланыстыруға болатын еді. Толығырақ »
Этностар этникалық үдерістердің барысы
Кез келген қоғамның түрлі топтарының басын біріктіруші факторлардың бірі – этникалық (ұлттық) өзіндік сана. Әлбетте, оны құрастыратын факторлар мен тетіктердің ішінен мемлекеттің ұлттық саясатының орны айрықша екендігі анық. Қазіргі Қазақстан Республикасының егемендігін орнықтыру кезеңінде халықтың этникалық өзіндік санасын ояту және оны одан ары өсіру міндеттері тұр. Бұларды ойдағыдай атқару ісі аталмыш сана-сезімді қасаң маркстік-лениндік идеологияның ықпалынан арылту, кеңестік және мәңгүрттік сананың батпағынан аршып-тазартуға байланысты екендігі және белгілі. Толығырақ »
Полиэтностық Қазақстанның бірлігін нығайтудың жолдары
Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында Елбасы Н.Назарбаев «Ұлт бірлігі Доктринасы» төңірегіндегі мәселелерді мейлінше байыптап, оны жалпыхалықтық талқыға шығаруымыз шарт деген еді. Осыдан соң «халық», «ұлт», «этнос», «қоғам», «отан» және «ұлтаралық қатынастар» сөздері мен сөз тіркесі лауазымды жандардың, жалпы жұртшылықтың тарапынан жиі-жиі тілге алынатын болды. Алайда, бұл сөздер бір мағыналас болып көрінгенмен, олардың астарына үңілген абзал. Толығырақ »
Этноэволюцияның модельдері немесе этностардың қилы тағдыры
Этноэволюцияның негізгі қозғаушы күштері қандай? Олар: өзіне ғана тән, қайталанбас мәдениет + этностық өздік сана + халықтық мемлекет деп білемін. Этносты биологиялық популяцияның әлеуметтік-антропологиялық аналогы ретінде қарастыруға болады. Мұны тарата айтып кетейік. Популяция – бұл белгілі бір территорияны жайлаған бір түрдің – тек-тұқымның өз алдына өмір сүретін организмдерінің салыстырмалы алып қарағандағы генетикалық жағынан оқшауланған тобы. Толығырақ »