‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
Н.Ә.Назарбаев — Еуразия Одағы ұғымының КӨШ басшысы
XX ғасырдың соңы әлемдік саясатта және экономикада негізгі геосаясаттық тенденциямен аймақтық интеграциямен сипатталады. Өздерінің рыногын, валютасын қорғау үшін, экономикалық дағдарыстан шығу және өздерінің ұлттық мүдделерін қорғау үшін, тек экономикалық ғана емес, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы геосаясаттық кеңістіктегі қауіпсіздік үшін әлемдік тәртіптегі мемлекеттер одағының қалыптасуына бірлесіп тиімді әсер ету үшін Солтүстік және Латын Америкасының, Батыс Европаның, Оңтүстік Шығыс Азияның елдері бірікті. Толығырақ »
Еуразия түсінігі және оның дамуы
XX ғасыр соңында өз үстемдігін жүргізіп келген КСРО күйреді. Кеңестік Одақ күйрегеннен кейін Қазақстан Рсспубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Еуразиялық Одақ жөніндегі идеяның өмірге келгені аян. Еуразиялық идея өзінің бітім-болмысы түрғысынан мүлдем жаңа ой ма ? Тарих көрсетіп отырғандай- жоқ сонау 20-30 жылдары орыс эмигранттарының арасында кеңінен таралған қоғамдық-саяси және идеялық қозғалыстардың бірі — еуразиялық қозғалыс еді. Міне, сондықтан да орыс еуразияылығының идеяларының негізіне қарап, оның қажетті және қажетсіз тұстарын ой елегінен өткізе сараптап, бүгінгі ахуалмен екшелеп, қайсыбір идеялық жағынан зиянды ой пікірлерге баға беру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Толығырақ »
Алтын Орданың жақындасуының саяси және әлеуметтік алғашарттары
Екі мемлекеттің жақындасуына түрткі болған басты себептері мен алғышарттарды қарастырсақ, олар төмендегідей болады:
Біріншіден, Таяу Шығыстағы мұсылман елдерінде IX ғасырдан бастап әскери жасақтарды түркі текті мамлүктерінен құру бұл өңірдегі түркілердің саны жағынан көбеюімен қоса көшпелі түркі-қыпшақ мәдениетінің енуі де кеңінен етек алғаны сөзсіз. Бұл үрдіс әсіресе ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы кресті жорықтары мен Таяу Шығыстағы Әл-Айуби әулеті билеушілерінің өзара соғыстарының салдарынан аса күшейе түсті. Соньщ нәтижесінде әскери қызметтеріне байланысты мемлекеттік істерге кеңінен араласуға мүмкіндік алған мамлүк әмірлерінін беделі мен ықпалы да едәуір артқаны тарихтан белгілі. Толығырақ »
Қайыр мен Сарай арасындағы дипломатиялық елшіліктердің қатынауы
Мысыр Мамлук мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы байланыстар тақырыбының ішінде дипломатиялық қарым-қатынастары өзіне ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл тақырыпта арнайы зерттеу жүргізген, жоғарыда аталған Әмин әл-Холидің «Силат бейна аннил уа әл-вулга» атты еңбегінде біршама зерттелген тақырыптардың бірі. Автор өз зерттеуінде екі мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыстар тақырыбын Әл-Мақризи, Әл-Омари, Әл-Қалқашанди, Ан-Нуайри сынды орта ғасыр араб авторларының деректеріне кеңінен сүйенген. Алайда, ол бұл тақырыпты жалпылама қарастырып, дипломатиялық елшіліктердің қатынау жылдары, оны бастап барған елшілердің есімдері, негізгі тапсырмалары мен апарған сыйлықтардың тізімін берумен шектелген. Ол өзінің зерттеуінде кеңінен пайдаланған деректер мен дерек көздеріне галдау жасамаған. Толығырақ »
Мәмлүк мемлекетіне Дешті – Қыпшақ арасындағы дипломатиялық қарым – қатынас
Ұлан байтақ кеңістікте XIII ғасырдың басында орнаған. Алтын Орда мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арақатынасы мен оның тарихи атауларына байланысты қазіргі заман ғылыми айналымына енген түрлі пікірлер бар. Орта ғасыр араб саяхатшы-географтарының шығармаларында Еуразия даласы әр кезеңде түрлі атауларға ие болған. Негізінен, ол мұсылман әлемінің шығыс және солтүстік жағынан түйісіп жатқан даланы мекендеген көшпенділердің ішінде әскери жағынан күш қуаты мықты, саяси беделі мен билігі артып тұрған тайпаның атымен белгілі болып, бұл атау сол өңірді мекен еткен көшпелі халықтардың бәріне ортақ деп есептеген. Толығырақ »
Сұлтан Аз – Заһир Байбарыс Мысыр Мәмлүк мемлекетінің негізін қалаушы
Сұлтан Құтұздың өлімінен кейін әмір Байбарыс әл – Бундукдаридің сұлтан тағына келуі заңды еді. Бір ағынан моңғолдарға қарсы батырларымен әйгілі болса, екінші жағынан «Әл – Бахарийа» жсағының ең күштісі әріаса беделді өмірі есептельді. Толығырақ »
Мысырда Мәмлүк мемлекетінің орнауы және оның өтпелі кезеңі
Қыпшақ мәмлүктерінің Мысыр жеріне Аббас әулеті билігінің соңғы кезеңінен бастап үзілмей келе бастайды. Олардың алдында әскери мансап сатысымен көтеріліп, кейін осы өңірдегі мұсылман мемлекеттері мен әмірліктерінің, әсіресе Мысыр мен Шам елінің негізгі, әрі басты әскери күшіне айналып, оның саяси өміріне кеңінен араласып, саяси бағытына ықпал ету дәрежесіне жетіп, әскери және саяси салалардағы басты күшке айналады.
Төл араб сөзі «мамлук», көпше түрінде «мамалик» бастапқы мағынасында — «біреуге тиесілі мүлік», «егесі бар мүлік» деген мағынаны берсе, кейін өз заманының тарихи жағдайларымен қолдануына байланысты, ол «ақ құл» деген екінші мағынаға ие болады. Сол заманның араб деректері оған «сатылатын және сатып алынатын, әке-шешесі жоқ ақ қүл» деген анықтама береді. Одан басқа, Африкадан әкелінген қара нәсілді құлдарды «абд», көпше түрінде «абид» деп атаған. Толығырақ »
Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық жағдайы
Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез – құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім бүтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің акуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор. Толығырақ »
Қазақ халқының урбанизациялық дамуы
Қазақ халқының дүние жүзі бойынша урбанизациялық дамудың алдыңғы қатарына әлі де болса шыға алмай жатқаны анық. Алайда, бүкіл Жер шарын түгел қамтып жатқан осы ауқымды құбылыстың белді ортасына өлшем тұрғысынан келсек, күні кеше кошпелі өмір кешкен халықтың әлі де болса ауылдық өмір салтымен жан жақты дами түскені қажет.
Демографиялық дүмпу кезеңі
Демографиялық дүмпу кезеңі туралы қазақша реферат
Демографиялық дүмпу бүкіл ғаламдық (глобальді) үрдіс (компенсациялық эффект немесе олқылық толтыру мұқтажы) ретінде біздің қазақ жұртына Ұлы Отан соғысы аяқтала салысымен біршама ерте келіп, ұзақ құрғақшылықтан кейін насерлеп жауған жаңбыр іспеттес, тұл болып қалған халқымызға қайтадан құт- береке алып келді. Алайда оның күш-қуаты 25 жыл бойы өткен олқылықтарды толтыруға бағытталды(осы кезеңде апатқа ұшырамаған көрені Орта Азия халықтары өз санын екі еседен астам өсіріп үлгірді)жоғарыдаайтқанымыздай, қазақтың бұрыңғы ең көп саны қайта жаңғырудың қаншалықты қуатты болғанына қарамастан 21 жылда, ал Қазақстанның өз ішінде 31 жылда ғана әрең толды. Толығырақ »