Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Демографиялық болжам

Кез-келген ғылымының құндылығы болашақты білу қабілетімен бағасы-демография негізінен халық санына байланысты болжамға құрылатын ғылым. Болжам қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болады. Демография азды-көпті нақты болжамды 25-30 жыл алдын-ала беруі мүмкін. Ал бұл уақытта алдыңғы буын аға ұрпақ өкінішке қарай тұтастай болмасада біртіндеп кеми бермек. Демографиялық болжам ары кеткенде 20-15-10-5 жылға яғни қысқа мерзімі қамағат тұтатын саяяси, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық болжамдардан озық тұрады. өтен шақтағы өсіммен салыстырғанда, келешекте халықтың кемуі ұзаққа созылады жәгне мехнизмінен аңғарғандай оның өз заңдылығы бар-қарапайым орын алмастырудан (1-2бала) көп төмен тұрған бала туудың әлсіз жағдайында қатты қартайған халықтың табиғи кемуі-сәйкес емес. Толығырақ »

Қазақстандағы демографиялық детерминизм

1988 жылдың күзінде «Казахстанская правда» газетіне осындай тақырыппен көпшілікке арналған «О чем не ведали обществоведы» деген ғылыми мақала әзірленді. Ондағы мақсат ұлттық республиканың шыққан этнодемографиялық тегіне балта шапқан Қазақстандағы қаралы кезеңнің қасіретін орыс тілді оқырмандарға жеткізу еді. Бірақ оның орнына 1989 жылдың 14-17 қаңтары аралығында газеттің бетінде ресми түрде сірескен тақырыппен партия тарихшыларының үлкен мақалалары жарияланды. Онда Голощекиннің қасақана ұйымдастырған ашаршылығы кезінде құрбан болғандардың саны әдейі екі еседей азайтылып көрсетілді. Былайша айтқанда орталық партократия өкілінің қазақ халқының алдындағы ауыр кешірілмес күнәсін екі еседен артық «жеңілдетті» деген сөз. Толығырақ »

Қазақстандағы көші-қон мәселесі

Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9км2) болғанымен, сирек қоныстанған елге жатады. Оның терроториясының 1 км2-ге 5,5 адамнан келеді. Тұрғындар үшін табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңірлер-Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары.

Мұнда Республика тұрғындарының 37,8%-і орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1км2 16,9  6,9 және 7 адамнан келеді. Толығырақ »

Халықтың табиғи өсімінің төмендеуі және даму жолдары

Қазақстан халқының саны 2000 жыдың басында 14896,1 мың адам болды. 1989 және 1999 жылы 16199,2 мыңнан, 1999жылы 14953,1 мың адамға азайды. Шындығында жеке облыстар, қалалар және ауылдар арасында халықтың аумақтық қайта бөлінумен қатар жүретін халық санының кемуі, елді мекендер желісі мен жүйесінің қалыптасуына елеулі өзгерістер туғызады. Қазақстан халқының динамикалық аймақтар бойынша едәуір айырмашылықтары байқалады. Соңғы екі халық санағының арасында еліміздің аймақтарының 80% -да (78,6%), оның ішінде Павлодар облысында 85,6%, Ақмола облысында -78,6%-ға дейін,Солтүстік Қазақстан аймағында едәуір халық санының төмендегені байқалады. Толығырақ »

Халықтың жастық-жыныстық құрамы

Әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан  қарағанда үлкен ынталық көрсететін халықтың  жыныстық-жастық құрамы еңбек ресурстарын мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларды (зейнеткерлерді: оларға материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті қаражаттарды анықтау мақсатында) есептеп шығару үшін ең маңызды сипаттама болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, әр жаңа туған 100-қызға шаққанда 104-107 ер баладан келеді. Физиологтардың пікірі бойынша сәбилік жалпы ер баланың организмі қыз баланың организмінен әлсіздеу болып келеді және ер баланың алғашқы өмірінде өлім-жітім көбірек болады. Толығырақ »

Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы

Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы туралы қазақша реферат

Қазақстан халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуы XVIғ. басталды. Бұл кезде Ресей өкіметінің қудалауынан қашқан орыстар, украиндықтар, татарлар және басқа ұлттардың өкілдері қазақ еріктілері деп аталатынға бірікті. 1890 жылдары Ресей мен Украинадан келген шаруалардың отарлауы күшейе түсті. Ресейдің әскери және миграциялық   экспансиясының  барысында салынған бекіністердің   негізінде негізін   орыстар,   украйндықтар және татарлар мекендеген алғашқы отарлық қалалар пайда болды.

1881-1883 ж.ж Қытайдың солтүстік-батысынан 50 мыңдай дүнгендер мен ұйғарлар көшіп келді. Толығырақ »

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызметі

Қазақстан мен Түркия арасындағы білім саласындағы байланыстарды нығайту жолында жеке, арнайы жоғары оқу орнын ашу мәселесі өте маңызды еді. Алғашқы кезде Түркістан мемлекеттік университет ретінде құрылған жоғары оқу орны түркі халықтары үшін Қасиетті орынға ерекше назар аударуға септігін тигізіп, түркі тілдес халықтардың мәдениеті мен рухани дүниесін жаңғыртуды көздейтін болса, сәті түскенде оны халықаралық деңгейге көтеру, оған осындай статус берудің реті келді. Ең алдымен бұл осы университеттің тұңғыш ректоры, көрнекті қазақ ғалымы академик М.Жұрыновтың ұйымдасты-рушылық қабілетінің жемісі еді. Толығырақ »

Қазақ-түрік рухани байланыстары

Қазақ-түрік мәдени байланыстары жүйесінде рухани ынтымақтастық, адами және діни-мұсылмандық дәстүрлерді калпына келтіру де ерекше орын алады. Кеңестік дәуірде Қазақстанның діни қауымы да бүкіл КСРО құрамындағы республикалар сияқты әсіре атеистік саясаттың қыспағында болғаны аян. Осы-ның салдарынан халықтың рухаңи жан-дүниесше, діни салаға байланысты мәде-ни құндылықтарын бағалауда, пайдалануда үлкен зансыздықтарға, кемшіліктерге жол берілді. Бұл, әрине, бірыңғай діни көзқарас, кері тартпалық ұғымында айтылып отырған жоқ. Керісінше, діни наным-сенімді ұстану адамды руханият аясында тәрбиелеуге септігін тигізед;. Толығырақ »

Кинематография және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қазақ-түрік ынтымақтастығы

Қазақ-түрік мәдени байланыстарының ең пәрменді түрі кинематография саласындағы жұмыстардан айқын көрінеді. Кинематография XX ғасыр туындысы екені мәлім. Қазіргі бұл саладағы техникалық мүмкіндіктер халықтарды бір-бірімен таныстыруда, олардың мәдениетінін озык үлгілерін көрсетуде, жеке тұлғалар шығармашылығын жеткізуде теңдесі жоқ құрал екені рас. Көп адамдарды апармай-ақ, басқа елге дайын киноленталар арқылы бүтін-дей бір елдің тарихын, тұрмыс-тіршілігін, өмірлік аясын, дүниетанымдық ішкі әлемін бейнелі түрде жеткізуге болады. Сондықтан қазақ-түрік қарым-қатынас-тарында осы мүмкіндіктер де кеңінен пайдаланылып келе жатқанын атап көрсеткен жөн. Бұған ен алдымен теледидардың да септігі тиіп отыр. Толығырақ »

Театр, музыка және бейнелеу өнері саласындағы қарым- қатынастар

Қазақстан мен Түркия мемлекеті арасындағы кешенді мәдени байланыс-тардың бір тармағы театр және музыка өнері саласындағы қарым-қатынас-тардың дамуы болып табылады. Бұл мемлекетаралық мәдени-рухани байланыстардын заңды құбылысы. Себебі әрбір халықтың кім екенін, мәдениеті қандай екенін таныстыруда ең алдымен оның адамдарға ұғынықты, бейнелік жақтары маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Сондықтан халықтың тарихымен, байырғы салт-дәстүрімен тығыз байланысты ән-күйлер, сахналық қойылымдар, этнографиялық концерттермен қатар оның бүгінгі әлемдік өркениет деңгейімен бағаланатын кәсіби өнерімен мәдениетін де білдіретін, таныстыратын жетістік-терін басқа елге көрсету сол халықтың бүгінгі дүниежүзілік қауымдастықтағы алатын орнын білдірсе керек. Толығырақ »