Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Қазақстан мен Түркияның гуманитарлық салалардағы байланыстары

Қазакстан мен Түркия мемлекеттері арасындағы мәдени байланыстардың ең ауқымды белігін көркем өнер мен шығармашылык саласындағы қарым-қатынастар құрайды. Тарихи тамырлары бір туысқан халықтардың бұл саладағы өзара байланыстарының бастауы бұрынғы кезеңдерге барып саятыны мәлім. Түркі әлемінің мәдениет саласындағы бұрынғы мұралары осы халықтардың бәріне бірдей ортақ екені белгілі. Кеңестік дәуірдің өзінде қазақтың көрнекті мәдениет қайраткерлерінің шығармалары Түркияда жарық көргені, насихаттал-ғаны аян. Бұл тұрғыда ең алдымен көркем әдебиет саласындағы қазақ авторларының шығармаларын айтуға болады. Толығырақ »

Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері

1980 жылдарға қарай қоғамдык-саяси және зкономикалық құрылысы өзгеше елдермен, әсіресе АҚШ және Ұлыбритания, Франция сияқты батыс державалар-мен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан тайталас барысында Кеңес Одағы мемлекеті экономикалық тұрғыда өзінің әлсіздігін таныта бастады. «Қырғиқабақ соғыс» саясаты жағдайындағы жаппай қарулану бәсекелестігі КСРО мемлекетінде ең алдымен әскери-өнеркәсіптік кешенді басым дамытуға алып келгені мәлім. Ал бұл өз кезегінде халық шаруашылығының бейбіт саласындағы ахуалына керісінше әсер етті. Жеңіл өнеркәсіп және басқа да әлеуметтік салаға тікелей қатынасы бар өнеркәсіп кешені халықтың күнделікті сұранысын қанағаттандыра алмайтындай дәрежеде еді. Толығырақ »

Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің туризмдегі рөлі

Бұл тарихи  туристік — экскурциялық   сапарлардағы орны  ерекше.  Архиологиялық ескерткіштердің  кез келген нысандары туристік экскурция  жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы сақ қорғандары,  Талхиз  қалашығы,  Оңтүстік Қазақстандағы Отырар,  Сайран,  Батыс  Қазақстандағы  Сарайшық,  т.б. көне қалалардың орнына туристердің  қызығушылығы мол.   Архилогиялық – тарихи ескерткіштердің  қазірге  дейін  жеткен  нысандарының ішінде  қорғандар  мен мазарлардың  маңызы  зор.  Толығырақ »

Қазақстан Республикасы мемлекеттік ореалдық мұражайы

Қазақ тарихы және және мәдени ескерткіштерін  қорғау қоғамы – мекеме қоғамы.   1972 жылы 7 қаңтарда  құрылған. Мекеме халықты тарихи ескерткіштерді  қорғау ісіне қатысу тартып, ескерткіштерді қорғау мен пайдалану заңдылықтарын көпшілікке жеткізумен шұғылданады.  Мемлекеттік ескерткіштерді  қорғау  органдарының жұмысына  жәрдемдеседі,  ескерткіштердің сақталуына,  пайдалануына,  жөнделуіне және  қалпына келтіруіне  қоғамдық  бақылау  жасайды,  тарих  және  мәдениет  ескерткіштері туралы ғылыми танымдық деректерді халық арасында насихаттайды, соның  негізінде  Отанына, тарихына  сүйіспеншілігі құрмет  сезімін  тәрбиелеу  шараларын  жүргізеді.  Барлық  облыстарда  және  Алматы  қаласында   қоғамның  бөлімшелері  құрылды.      “Жалын”,  “Жазушы”, “Өнер”,  “Қазақстан”   баспаларынан тәрихи  және  мәдени ескерткіштер жөнінде шығармалар  жарық көрді. Толығырақ »

Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері

Семей- Қазақстанның ірі және әдемі қалаларының бірі. Ол 1718 жылы І Петрдің жарлығымен құрылған. Дегенмен қаланың нақтылы жасы одан да көбірек. Себебі оның қазіргі орнында    Доржнкент деген көне қала болған.   Доржынкент  қазақ – жоңғар қақтығыстры  кезінде әлсіреп,  жойылып кеткен.  1606 жылдың  өзінде  Михайыл патшаның грамотасында  Доржынкент қаласының аты аталды.  Онда  бұқа стилінде салынғын әдемі сарайлар екені жазылғыан.   ХІХ ғасырдың орта тұсында Ресейдің  Азия бөлігіндегі керуен  жолдары  тоғысқан ірі сауда  орталығына айналды.  1851 жылы қаланың елтаңбасы  бекітіліп, 1854 жылы Кереку және  Өскемен уездерінің басын біріктірген үлкен орталық облыс болып  құралды.   Толығырақ »

Оңтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы – ғылыми- мұрағаттық мәдени мекеме. Орталық Азиядағы ең ірі де көне мұражайлардың бірі. 1925ж. Қазақ өлкелік Орталық мұражайы құрылды. 1929ж. Қазақ өлкелік Орталық мұражайы жаңа астана- Алматыға көшірілді, Жетісу губерниясының мұражайымен біріктіріліп, еліміздегі іргелі мәдени ордаға айналды. 1944 жылдан қазіргі атымен аталады. Алматы қаласындағы мұражайдың жаңа ғимараты архитекторлар: Ю.Ратушный, З.Мустафина, Б.Рзағалиевтердің жобасымен 1985ж. салынды. Жалпы аумағы 17 мың м2 құрайтын құрылыс кескінінде төрт экспозиция залы, ауқымды көрме галереясы мен сақтау қор-қоймалары, киномәжіліс залы, қызмет кеңселері бар. Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәурінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйым жинақталған. Толығырақ »

Солтүстік және Орталық Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері

Беғазы кешені —  Қазақстандағы қола дәуірінің соңғы кезеңінен сақталған  тайпа  көсемдері мен дін басыларының бейіттері. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кентінің  оңтүстік – шығысында 40 км жерде.  Беғазы қорымының   солтүстік – шығыс жақ шетінде орналасқан.  1947 – 1952 жыл Орталық Қазақстан  архиологиялық  экспедициясы ( жетекшісі — Ә.Мағұлан)“ зерттеген 6 қоршаулы обалардан тұрады.  Барлығы қазылған.  Құлылыста бір – біріне  ұқсас. Тек көлемдері әртүрлі.  Сыртқы көлемі 4х4 метрден 9,6х9,6 метрге жетеді, пішімі шаршы, кісі қойылған қоймасының көлемі 2,2х2,2 метрден 6х6 метрге дейін. Екі жағы үлкен қақпақ тастармен көмкерілген, қабырғаларының қалыңдығы —  1,8 -3,6 м, биіктігі 0,4 – 1,1 м. Барлығының шығыс жағынан 1,8 – 9 м, ені 0,75 – 4 дәліз салынған  Толығырақ »

Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер

Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген  қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан — Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Толығырақ »

Тәуелсіздіктен кейінгі шекаралық өзгерістер. Делимитациялау процесіне қоғамдық көзқарас

Қазақ халқында «өткен іске сыншы көп» деген қанатты сөз бар. Сол айтқандай делимитациялау процесі жүріп өткенннен кейін оған деген халықтың пікірі баспасөз беттері мен қоғамдық орталықтарда оқтын-оқтын айтылып жатты. Біреулер біз шекара бөліс кезінде көп жерді ұтылдық десе, базбіреулер бұған  да шүкір десіп жатты. Ақиқатына келсек алдыңғы пікірді қуаттағандардың саны анағұрлым көп болды. Сонымен қатар осы сәтті пайдаланып екі мемлекет арасын ушықтырмақ ниетте болғандар да ұшырасып жатты. Олардың ниеттерінің іс-жүзіне аспағаны көңіл қуантады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында: «Әрине, көршілес мемлекеттердің бірде –бірі Қазақстанның аумақтық тұтастығына шек келтірмейді, бірақ солай болған күнде де, кез –келген сепаратистік идеадан туындайтын нақтылы қауіп –қатерге саусақ сыртынан қарауға болмайды», /77/-деген еді. Толығырақ »

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы шекараны делиминтациялау және демокрациялау процестері

Қаншама халықтың тағдырына тікелей әсер еткен Кеңестер Одағы да ХХ ғасырдың соңында ыдырап тынды. Яғни, 1991 жылы бұрынғы одақтас елдер жеке–жеке шаңырақ көтеріп, тәуелсіз мемлекет болып жарияланғандықтарын әлемге паш етті.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиналыста жасаған баяндамасында Н.Ә:Назарбаев тарих ғылымы және қазіргі заман жайында былай деді: «Социалистік утопияны жүзеге асырамыз деп әлектенген большевиктік эксперимент қазақ халқын неше бір қасіретті, қан құйлы кезеңдерге душар еткені мәлім. Толығырақ »