‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
Джон Фитцджеральд Кеннедидің өмірі
Джон Фитцджеральд Кеннеди 1917 жылы 29 мамырда Массачусетс штатының Бостон қаласы, Бруклин ауданында дүниеге келді. Ол отбасында Джозеф пен Роза Кеннеди тоғыз баланың ішіндегі екінші ұлы еді. Оның атасы Патрик Кеннеди ХІХ ғ. 50ж. Ирландиядан қиыншылық көргендіктен Құрама штаттарға қоныс аударуға мәжбүр болады. Джонның әкесі Джозеф Кеннеди АҚШ-тағы жағдайға тез бейімделді. Ол Бостон мэрінің қызына үйленіп, өз карьерасын тез арада көтеруге зор мүмкүндік алды , банк ісімен айналысты.1917 жылы Джозеф Кеннеди өз карьерасында бір сатыға көтерілді. Ол «Бетольком стиль» компаниясының бас меңгерушінің көмекшісі болып орналысты. Толығырақ »
Дешті Қыпшақ хандыра мен Мамлүк сұлтандары арасындағы құдалық байланыстар
Ніл мен Еділ арасындағы достық байланысты нығайтудың негізгі фоаторларының бірі – Мысыр сұлтандары мен Алтын Орда хандары арасындағы өзара құдаласу болды. Қилы замандарда, әртүрлі мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастарды қыз алысу арқылы нығайту, тарихқа ертеден белгілі, ежелгі саяси жолдардың бірі болды.
Екі мемлекет арасындағы өзара құдаласуға негіз болған көптеген факторлардың ішінде, ең біріншісі, ол – туысқандық фактор, яғни, Мысыр мамлүктері мен Қыпшақ елін мекендеген халықтың тектік негізінің бірлгі. Толығырақ »
Қайыр мен Сарай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар (1261-1438 жж.)
Алтын Орда мемелекетінің астанасы Сарай қаласының тарихы, оның ішкі және сыртқы саясаты, басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынастары жайында, араб деректерінде, назар аударарлық мағлұматтар бар. Онымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан Мысыр мамлүк мемлекетінің астанасы Қайыр қаласы, сол кездегі араб ислам шығысының саяси және рухани орталықтарының бірі болған. Еділдің бойындағы Сарай мен Нілдің бойындағы Қайыр арасындағы, тарихқа белгілі, дипломатиялық байланыстары – олардың арасындағы қарым-қатынастардың қаншалықты берік болғандығының дәлелі бола алады [16; 18]. Бұл байланыс, жалқы айтар болсақ, бүкіл ислам әлемінің өміріне, соның ішінде, саяси және әлеуметтік қана емес, сонымен қатар, өнер, өркениет, өндіріс салалары мен рухани өміріне үлкен әсерін тигізді [16; 18]. Толығырақ »
Мысыр Мамлүк мемлекетінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары жайында хабарлайтын Мысыр және араб жазба деректері мен тарихшылары туралы
Мысыр Мамлүк мемлекетінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары жайында хабарлайтын Мысыр және араб жазба деректері мен тарихшылары туралы қазақша реферат
1250-1517 жылдар аралығында Мысыр мен Шам елінде билік еткен, тарихта мамлүктер деген атпен белгілі көшпелі түркі халқының өкілдерінің құрған Мысыр Мамлүк мемлекетінің тарихы мен Батыс және Шығыс елдерімен қарым-қатынастары мен әртүрлі салалардағы байланыстары қазіргі заманғы көптеген араб және Батыс зерттеушілерінің назарына ілініп, бұл салада біріз зерттеулер жарық көрді. Аталған зерттеулерге сол кезеңнің замандасы және тарихи уақиғалардың куәсі болған ортағасыр араб және мысыр тарихшыларының жазып қалдырған араб тіліндегі жазба деректері негізгі дерек көздері болып табылады. Толығырақ »
XX ғ. тарихнамасы
XX ғ. тарихнамасы туралы қазақша реферат
XX ғ. бірінші жартысындағы Кеңес үкіметіне дейінгі және кейінгі орыс зерттеуші-шығыстанушыларының негізгі зерттеу оъектісі Алтын Орда мемлекетінің саяси тарихы мен мемлекеттік жүйесі болды. Бұл тақырыпты зерттеу тәсілдері мен пайдаланған деректерінің түріне қарай, зерттеушілердің саяси көзқарасы мен зерттеудің түпкілікті нәтьижесінен байланыссыз, оларды негізгі екі топқа топтастырдық. Біріншісінің қатарына В.В. Бартольд, И.Ю. Крачковский сияқты араб жазба деректерін пайдаланған зерттеушілерді айтсақ, екінші тобын құрайтындар Ф.В. Баллод, Б.Д. Греков, Г.А. Якубовский, А.Ю. Федоров-Давыдов [4; 9] сияқты зерттеушілер өздерінің ғылыми еңбектерін археологиялық материалдарды зерттеудің нәтижелерін пайдаланған. Мысыр Мамлүк мемлекетінің тақырыбы, оның барлық салаларында да орыс зерттеушілері үшін мүлдем қызығушылық тудырмаған. Қазан төңкерісіне дейін ззерттелмеген бұл тақырып кеңес кезеңінде де, ислам діні мен мемлекеттерінің тарихы тақырыбы зерттеушілердің назарынан тыс қалды. Толығырақ »
Фашистік үкіметтің аграрлық саясаты
Гитлерлік үкіметтің аграрлық саясатына талдау жасағанда оның аз зерттелген мынадай мәселелеріне үлкен көңіл аудару қажет:
1. Ауыл шаруашылығындағы кіріс, баға мен кредитті мемлекеттік-монополистік реттеу.
Империялық азық-түлік сословиесі туралы мәселе. Толығырақ »
Фашистік диктатура кезіндегі жұмысшылар мен орта топтардың жағдайы
1918-1923 жылдары елді дүр сілкіндірген революциялық шайқастар буржуазиялық құрылыстың біршама нығайған кезеңімен алмасты. Оңшыл социал-демократтар неміс жұмысшыларының көпшілігін Германияның алдынан экономикалық және саяси прогресс жолы ашылғанына сендіре білді. Олар рейхстагта социал-демократия позицияларының нығаюына байланысты соңғылар еңбекшілер мүдделерін елеулі дәрежеде қорғап, капиталистік қанауды шектей түседі деп пайымдады. Тап қайшылығының бәсеңдеуі туралы ауылшаруашылығы өндірісінің дамуы ықпал етті. Толығырақ »
ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИСТІК ДИКТАТУРА — МОНОПОЛИСТІК КАПИТАЛДЫҢ БИЛІГІН ІСКЕ АСЫРУ ҚАРУЫ
Германия бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліп қалды, сөйтіп жаңа жерлер басып алу мақсатын әскери жолмен шеше алмады. Тіпті жеңілу нәтижесінде соғысқа дейінгі билеген бірқатар территорияларынан да және саяси ықпалынан да айырылып қалды. Германия өкілдері «тонаушы» Версаль бітіміне қол қоюға мәжбүр болды.
Герман империализмінің ішкі жағдайы да нашарлады. Соғыста күйзелу, халықтың жағдайының нашарлауы, кайзерлік өкіметтің дағдарысы енді революциялық ахуалдың пісіп-жетілуіне әкелді. 1918 жылғы Қараша революциясы буржуазиялық-парламенттік жүйенің құрылуына және еңбекшілерге демократиялық бостандықтар беруге жеткізді. Толығырақ »
Бавария Кеңестік Республикасы
1919 жылы революциялық қозғалыстың соңғы тірегі Бавария болды. Үкімет бүкіл күшін соған қарсы бағыттады.
Бавария неміс мемлекеттерінің ішіндегі өнеркәсібі нашар дамыған аудандар қатарына жататын еді. Баварияда сыра қайнату шарап жасау және басқа жеңіл өнеркәсіп салалары дамыған. Мұндағы жалғыз ғана ірі кәсіпорын — қару-жарақ жасау заводы еді. Сондықтан Бавария жалпы Германияның өнеркәсіп өндірісінде үлкен роль атқармайтын. Баварияда Қараша революциясы басталғанға дейінгі кезеңде саяси билік Виттельбах династиясының қолында еді. Толығырақ »
Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы
Қараша революциясының басталуы. Монархияның күйреуі.
1917 жылы 25 қазан айында Ресейдің Петроград қаласында большевиктер партиясының қарулы көтерілісі жеңіске жетті. Ресейде социалистік қоғам құру үшін большевиктер партиясының көсемі В.И.Лениннің айтуымен, «социалистік революция» жүзеге асып, пролетариат диктатурасы, оның формасы жұмысшы және солдаттар депутаттарының кеңесі жеңіске жетті. Ресейде үкімет билігі большевиктер партиясының қолына көштіде, жаңадан Кеңес үкіметі құрылды. Оның алғашқы шаралары: 1917 жылғы 26 казан айында Бүкілресейлік кеңес съезінде екі құжат — «Бітім» туралы және «Жер» туралы декреттер жарияланды. Толығырақ »