‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының педагогикалық ойлары
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының педагогикалық ойлары туралы қазақша реферат
Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздігі ұлғайған сайын еліміздің ұлттық тарихын зерттеуге үлкен мән берілуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның педагогикалық ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілді.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен этномәдениетті қайта жаңғыртумен сиапатталады. Педагогикалық мәселелер халықтың экономикалық, саяси-әлеуметтік және мәдени өмірімен байланысты. Осы орайдан келгенде қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің дамуында, оқу орындарының өрістеуінде XІX ғасырдың екінші жартсынан қазан төңкерісіне дейінгі мерзім ерекше кезең ретінде қаралады Толығырақ »
Алашорда үкіметі
Алашорда үкіметі туралы қазақша реферат
1905 жылғы революциядан кейін қазақ зиялыларының белсенді қайраткерлері қазақ халқының саяси санасын қалыптастыру жөнінде жүргізген жұмысы ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдық жағынан рәсімдеу идеясына әкелді.
Алашорда кездейсоқ, әлдекімдерге еліктеуден емес, заңды түрде пайда болған. Алашорданың ұйымдық жағынан ресімделуі алдында газеттер, журналдар, кітаптар арқылы интенсивті түрде, жемісті идеологиялық жұмыс, ауызша үгіт жұмысы жүргізілді. Болашақ Алашорданың қайраткерлері идеялық жұмысты Ресейдегі жалпы азаттық қозғалысынан оқшау жүргізген жоқ. Қазақ азаттық қозғалысының қайраткерлері негізгі саяси партиялардың бағдарламаларын жақсы білетін және ұлттық езгіден азаттық алуға бағытталған идеяларының ұнағандарынан бағдар алды. Толығырақ »
«Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы
«Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы туралы қазақша реферат
Бірінші жалпықазақ съезінің қарарларында осы кезден-ақ мемлекеттік құрылыстың ұлттық түрін құру жолдары қарастырыла бастағаны белгілі. Мысалы: съезд қаулыларында «осы күнгі тұрақты өскер орнына халық милициясы құрылсын» деп ұлттық әскер жасақтауды, «көшпелі елдерде де отырықшылардыкі секілді тоқтаусыз солостной земство ашылсын» деп Земскілік басқару жүйесінің қазақ шындығына бейімделген түрік ұйымдастыруды, «қазақтың народный сотын» жойып, оның орнына «қазақ тұрмысына лайық айрықша сот» құруды жақтап шықты. Толығырақ »
Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы ролі
Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы ролі туралы қазақша реферат
Тарих сахнасына алашорда-халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды. Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол-ұлттық мемлекеттік құрылымның болуы еді.
Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей, қазақ қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ еді. Толығырақ »
«Алаш» партиясының құрылуы
«Алаш» партиясының құрылуы туралы қазақша реферат
XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі «Алаш» партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Бірақ белгілі обьективті себептерге байланысты бұл әрекеттері нәтиже бермеді.
Қазақ зиялылары тарапынан осы мазмұндағы әрекеттің нышандары 1913 жылы қайтадан бой көрсетті. М.Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Толығырақ »
“Қазақ” газетінің шығуы , қалыптасуы және деректік ерекшелігі
Өмір айнасы деген атаққа ие болған мерзімді басылым-дардың басқа жазба деректерден ерекшелігі сонда , олардың беттерінде мерзімділігіне байланысты қоғамда болып жатқан әр алуан оқиғалар мен құбылыстар болған уақыттарына қарай әр түрлі дәрежеде бейнеленеді . Ол бейнелер , яғни құбылыстың сөздік суреттемелері тасқа басылу тәсілі арқылы газет-журнал беттерінде бекітіледі . Сөйтіп , болған уақиға не құбылыс туралы мәлімет баспасөз бетінде ұзақ уақыттар бойы сақталу мүмкіндігіне ие болады . Екіншіден , кез келген уақиға мен құбылыс белгілі бір кеңістік пен уақытта болатындықтан , сол құбылыстар негізінде пайда болған объективті дерек ретінде , баспасөз материалдары өз бойларында өзі дүниеге келген жері мен уақытының , яғни белгілі бір тарихи кезеңінің ерекшеліктерін де сақтайды . Осылай , мерзімді басылымдар жазба тарихи деректің бір түрі ретінде келешек ұрпаққа оқиға мен қатар сол оқиға мен болған елі мен жері және уақыты туралы да мәліметтер жеткізеді . Толығырақ »
“Айқап” журналы және “Қазақстан” газеті
Қазақтардың рухани өмірі тарихына 1911 жыл тұңғыш ұлттық бейресми мерзімді басылымдар шыққан жыл ретінде енді . Сол жылдың қаңтарынан бастап қазақ тіліндегі бірінші журнал “Айқап” , шықса , наурызынан бастап “Қазақстан” газеті шыға бастады . Бұл басылымдар туралы кеңестік тарихнамада біршама айтылды . Дегенмен олардың дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктерін , олардан алынған мәліметтердің ғылыми құндылықтарын анықтау үшін , жалпы газет-журналдардың пайда болуының алғышаттары , тарихи жағдайларымен қатар , нақты басылымның дүниеге келу тарихын зерттеудің де маңызы үлкен . Мысалы , “Айқап” туралы айтсақ , оның әрі шығарушысы , әрі редакторы , әрі негізгі авторларының бірі Мұхаметжан Сералиннің ұзақ жылдарға созылған ізденістері туралы да айтуға тиіспіз .. Толығырақ »
“Қазақ газеті” және “Серке” – қазақтың тұңғыш ұлттық-бейресми басылымдары
Мерзімді басылым тарихын , әсіресе ұлттық баспасөз тарихын , бүгінгі күн талабына сай , ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қарау , төл тарихымызды толықтыра түсері , оларды тарихи дерек көзі ретінде пайдалану бұралаңы мол ХХ ғасырдағы қазақ тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік берері анық . Өйткені ел тарихының жазба деректер тобына жататын мерзімді басылымдардың , оның ішінде , ғасыр басында дүниеге келіп , бірі қысқа , бірі ұзақ өмір кешкен биресми , ұлттық бағыттағы демократиялық басылымдардың ұлт тарихына байланысты берер мәліметтері, жеткізер деректері мол . Толығырақ »
Қазақстандағы ауыл шаруашылығының дамуы (1991-2001)
Қазақстандағы ауыл шаруашылығының дамуы (1991-2001) туралы қазақша реферат
Қазақстан экономикасында, әсіресе, ауыл шаруашылығының үлес салмағы үлкен екені белгілі. Бірақ, осыған қарамастан 1992-1993 жылдардағы елеулі дағдарыс ауыл шаруашылығында басталды. Оның басты себебі – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдерінің арасындағы үлкен алшақтық еді. Бұл ауыл шаруашылығын қатты күйзеліске әкеп соқтырды. Мәселен, 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда К – 700 маркалы трактордың бағасы 1287 есе, МТЗ-82 маркалы трактордың бағасы 1667 есе, астық жинайтын «Нива» комбайнының бағасы 2050 есе, Дон – 1500 комбайнының бағасы – 1236 есе қымбаттады. Толығырақ »
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің даму ахуалы (1991-2001)
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің даму ахуалы (1991-2001) туралы қазақша реферат
Қазақстан бұрынғы КСРО-дағы басқа республикаларға қарағанда нарық қатынастарын бұрын бастап кетті. Алайда нарықтық экономикаға көшу өнеркәсіптің одан әрі дамуына жол ашпады.Қайта өнеркәсіп салалары, әсіресе,ауыр индустрия, халыққа аса қажетті жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі бірқатар себептермен, қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе тұрақсыз қаржы жағдайына байланысты өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Толығырақ »