Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тіл ғылымы, Филология, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу’ бөлімінің мұрағаты

Сөздің морфологиялық құрылымы

Адам санасында түйінделген ұғымдар сөзбен белгіленгенімен, органикалық бірлікте емес. Сол себептен әр халықтың тілі әр басқа. Әр тіл өзінің ішкі дамуына сәйкес әр алуан өзгеріске түсіп, тілдің грамматикалық құрылысы қалыптасады. Сөз және сөздің грамматикалық құрылымы туралы анықтама беру үшін, басқа тілдерде қолданылатын кейбір грамматикалық терминдерді қолданбас бұрын, тілдік материал негізінде анықтап алу қажет. Толығырақ »

Қазақ тілінің грамматикасы

Одагайлар адамның көңіл күйін, сан алуан эмоциялық сёзімін білдіреді, Бұларға үғым да, дербес лекснкалық мағына да болмайды. Мысалы: Япырау, әттегсн-ай, атын сұрамаппын ғой М: Әуезов). Қап, мұгалім қазір тақтага мені шақырар ма екен Б:Соқпақбаев). Ах, аптса, айтқандай Ш:Хұсайынов). Ах,Ержан гой, даусы қапдай ащы (Т. Ахтанов). Осындағы япырау, егсн-ай, қап, ах, аһ дегсн одағайлар айырықша интонациямен ‘айтылып, адамның сан қилы күйініш-сүнініш сезімін білдіріп,сөйлемде эмоционалды-экспрессивті қызмет атқарып тұр. Толығырақ »

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның  өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған  көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық,   педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі  мен зор талантын, жан-жақты  терең білімі мен қайрат-жігерін елдің «желкілдеп өскен көк шөптей» жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып,  оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған. Толығырақ »

Шалкиіз Тіленшіұлы

Лекция мақсаты: Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету.

Жоспар:

Шалкиіз (Шалгез) жырау Тіленшіұлы (1965-1560) өмірінен мәлімет.

Мұрасының зерттелуі.

Шалкиіздің өзінен кейінгі ой мен сөз шеберлеріне әсері.  Толығырақ »

Қазтуған Сүйінішұлы

Лекция мақсаты: Қазтуған жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету.

Жоспар: 

1.Қазтуған жырау Сүйінішұлы (ХV ғ.) шығармашылығының өзіндік сипаты.

2. Жыраудың шыққан ортасы, өмірінен мәлімет.

3. Жырау мұрасының басылуы, зерттелуі.  Толығырақ »

Сыпыра жырау

Сыпыра жырау (туған — өлген жылдары белгісіз) – Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізде өз атымен жетпеген, толғаулары «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңыз-әңгімелер мен «Ер Тарғын», «Едіге батыр» эпикалық жырларында сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғайлы дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде суреттеледі, бірде 120, бірде 180 жасаған, көпті көрген тәжірибелі қарт кейпінде көрінеді. Толығырақ »

Біржан сал Қожағұлұлы

Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Аңмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жаңғасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата ңонысы Обаған болған. Толығырақ »

Ер төстік

Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Келе-келе түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы да соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді, келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашығады, жейтін тамақ таппайды. Кемпірі екеуінің тұруға әлдері әрең-әрең келеді. Толығырақ »

Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы өнер адамның бейнесі

Жоспар:

І. Кіріспе.

Қазақ сахарасындағы күй өнері.

ІІ. Негізгі бөлім.

1)    Ақан сері- өнер тұлпары.

2)    Күйші жігіт- өнер саңлағы.

3)    Күй құдыреті

ІІІ. Қорытынды. Толығырақ »

Ілияс Жансүгіровтің күйші поэмасы

Күйші
I
Қамаудың хан ауылы қыр жағында,
Аңқытып ақ орданың бір жағында.
Күйші отыр домбыраны дүрілдетіп,
Құмар қып тартқан күйдің ырғағына.
Толығырақ »