Дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері туралы қазақша реферат
Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер Бастауыш және орта буынның математикалық білімнің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен үйлесімді оқытудың әдіс – тәсілдерін, құрал – жабдықтарын және ұйымдастыру түрлеріндегі сабақтастықты анықтаудың қажеттігін көрсетеді.
Осыған орай, бүгінгі күн талабына сай дярланған көзі ашық, білім дәрежесі жоғары, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру үшін сапалы білім беру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні ғылым мен техниканың дамуында математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. Ол үшін Бастауыш және негізгі мектеп математикасын дамыта оқыту қажеттілігі туындап отыр. Математиканы дамыта оқыту үшін барлық мүмкін жағдайлар жасау керек. Себебі математика мұғалімі жұмысындағы қиындықтар, негізінен, пәнді оқуға қызығушылықтың болмауынан. Оқушының пәнге қызығушылығының жоғалу себебі-ол пәнді түсінбеуінен. Ал түсінбейтін себебі ол білім берудің әр сатысының арасында пәннің мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдары арасындағы сабақтастықтың толық орындалмауынан. Білім берудің әр сатысында берілетін математикалық білім бір-бірімен сабақтас болған жағдайда ғана түсінікті болмақ.
Математиканы дамыта оқыту үшін теориялық білімнің, қолданылатын әдіс- тәсілдердің, құрал жабдықтарды дұрыс пайдалануда сабақтастық мәселесінің көкейкестілігі арта түсуде..
Зерттеу барысында біз осының бәрін ескере отырып, ең алдымен, қарастырылып отырған проблеманың ғылыми-теориялық негіздерін жасау мақсатында мектептің математика оқулықтарына, оқу-әдістемелік құралдарға, бағдарламаға, ғылыми еңбектерге (Караев Ж., Мубараков А.М.,Устемиров К., Каиров И.А., Кустов Ю.А., Қайыңбаев Ж.Т., Оспанов Қ.О., Шәкілікова С., Айтмағанбетова Қ., Баймұқанов Б.Б., т.б.) талдау жасау арқылы «оқытудағы сабақтастық», «дамыту», «оқыту технологиясы» ұғымдарының өзара байланысына, олардың анықтамаларына мазмұндық сипат беруге талпындық.
Сабақтастық – бұл адам іс – әрекетінің жемісі. Ол қоғам дамуы негізіндегі адам жетістігін қамтамасыз ету және оны сақтаудың негізгі әлеуметтік заңдылығының бірі болып табылады. Сабақтастық қоғамдағы өмір сферасының әр түрлі саласында белгілі бір ұғымға сәйкес кең түрде қолданылады.
«Сабақтастық» термині өте кең әлеуметтік диапозонды қамтиды. Ұйымдастыру формасына қарай өткендегіге талдау жасай отырып, осы кездегі немесе болашақтағы жоспар тиімділігін арттырудың бір ізділігі мақсатқа алынады.
Білім беру және тәрбиелеу процесінде сабақтастықтың қажеттілігі зор. Педагогикада сабақтастықтың идеясы қалыптасқанға дейін жалпы еңбек іс- әрекетінде бірыңғай талаптарды сақтау және әдіс – тәсілдерді тізбектей меңгеру қарастырылған.
Осы кездегі оқытудағы сабақтастықты тура педагогикалық мағынасында қолданған Есипов Б.П.. Ол білім берудің әр түрлі сатысын бір жүйеге келтіре отырып, сабақтастық шарты қажет екендігін көрсетті.
Сабақтастық екі бөліктен тұрады:
а) оқу-танымдық сабақтастық (ішкі), оның құрылымы:себептік- мақсатты, мазмұндық-қызметтік, оқу-операциялық, бағалау-рефлексивтік және ұйымдастырушы-жоспарлаушылық;
ә) процессуалдылық-оқыту сабақтастығы (сыртқы), оның құрылымы: нормативтік, ұйымдастыру-әдістемелік, реттеуші-ынталандырушы және тексеруші-бағалаушы.
Үздіксіз білім беруде сабақтастық көп деңгейлі болып табылады. Олар: бірінші деңгей – ең жоғары деңгей – ол сабақтастықтың үздіксіз білім беру жүйесі арқылы адам даму заңдылығына сәйкес қызметі. Екінші деңгей- жалпы педагогикалық ұстаным (принцип) ретінде, яғни үздіксіз білім беруде педагогикалық үрдіс арқылы орындалады. Үшінші деңгей – дидактикалық ұстаным ретінде сипатталады, яғни белгілі бір пәнді біртұтас қабылдауы қамтамасыз етіледі. Төртінші деңгей – ол сабақтастықтың жеке әдістемелік ұстаным ретінде, яғни мектептегі қандайда бір пәнді оқытуды ұйымдастыруда байқалады.
Сабақтастық педагогика категорияларының оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жалпы дидактикалық функциясын орындайды. Сабақтастықтың орындалу көрсеткіші – ол үздіксіз білім беруде адамның келесі білім баспалдығына дайындығының сандық сипаттамасы. Ол арнайы әдіс арқылы оқушының жауабы көрсеткіші және бақылау жұмысының диагностикасы арқылы есептеледі.
Жалпы сабақтастық ол үздіксіз білім берудегі педагогикалық үрдісте (процесс) қолайлы жағдай туғызу үшін қажет.
Даму – өзгеріс, ол-қарапайымнан күрделірекке, төменнен жоғарыға қарай ауысу; біртіндеп жинақталған сандық өзгерістің сапалық өзгеріске ауысу процесі. Ескінің сөніп, жаңаның туындап, жандану процесі. Даму-ол құлдырауға, ыдырауға қарсы құбылыс.
Даму-дүниеде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен бағытын білдіретін философиялық ұғым.
Ал дамыта оқытудағы сабақтастық ол өзіндік ерекшелігі бар, оқытудың жан – жақтылығын, пәрменділігін анықтайтын талаптарға сай болуы.
Дамыта оқытудағы сабақтастықты оқытудың жалпы дидактикалық принципі ретінде барлық оқу пәндеріне тән (оқытудың тәрбиелік сипаты, жүйелілік пен бірізділік, ғылымилық пен түсініктілік, көрінектілік, зерделілік және белсенділік), сондай–ақ математиканы оқытуға ғана тән (математикалық теорияның практикамен, математиканы оқытудың қолданбалы бағытқа бағытталуын күшейту, оқытудағы саралау мен даралау, математиканы оқыту прцесінде ізгілендіру мен гуманитарландыруды жүзеге асыру) дидактикалық категориялармен байланысты болады.
Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелерін шешуде, ең алдымен оның алдындағы мәселелер анықталып, оны жеңу жолдары анықталды. Мұның өзі осы зерттеу аумағы бойынша нақты бағыт болуын айғақтады. Сондықтан зерттеу барысында модель «Дамыта оқыту сабағының моделі», «Математиканы дамыта оқытуда сабақтастықты ұтымды пайдалану моделі» (2,3 сурет) құрудың ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес математиканы дамыта оқытудағы сабақтастықты ұтымды пайдалану және дамыта оқыту сабағының моделі жасалынды. Оны жасауда алдын-ала сараланған әдістер пайдаланылып, сандық және сапалық жағынан талдаудан өткен материалдар басшылыққа алынды. Бұл модельдің құрамын анықтау математиканы дамыта оқытудағы сабақтастықты қалыптастырудың эксперимент жүйесін жасаудың маңызды алғышарты ретінде қарастырылды.
Оқушының дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Дамыта оқыту оқушының дәл бүгінгі жаңа материалды білмейтіндігін, оны білудің қаншалықты қажет екендігін іштей мойындату, бар жан-дүниесімен беріле ынтазарын ауғызып, қызығушылығын ояту арқылы іске асады.
Дамыта оқытудағы сабақтастықты әлеуметтік үрдісте екі жағынан қарауға болады. Олар: құндылықты беру және оны меңгеру. Дамыта оқытудағы сабақтастықтың мазмұны берілетін құндылыққа байланысты. Білім сапасын арттыру үшін Бастауыш және негізгі мектептегі математика оқулығының мазмұны яғни теориялық жағынан оқытудағы сабақтастықты сақтау және математиканы дамыта оқыта отырып сабақтастыра оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушылардың белсенділіктерін арттыру, оқу құрал-жабдықтарын ұқыпты қолдануға үйрету жолдары ұсынылып қарастырылды.
Оқу қызметінің құрылымы туралы педагогтар арасында бірыңғай пікір жоқ. Әр кітаптың авторы әр түрлі пікір ұсынады. Бірақ, баланың оқуға деген дайындығын қалыптастыратын барлық жағдай осы оқу үшін еңбек ету барысында қалыптасады. Біздің, яғни мұғалімнің мақсаты сол еңбекке қолайлы жағдай туғызу.
Себебі тек еңбек еткенде ғана баланың қабілеттері анықталады және жүзеге асырылады. Еңбектену барысында олар қалыптасады, еңбектену барысында олар дамиды. Тек өздігінен жұмыс істегенде ғана оқушы өз мүмкіндіктерін біліп, жарқын да жайдарлы қанағаттану көңіл-күйін сезіне алады. Еңбектену барысында оның рухани өмірінің байлығы: ой-өрісі мен сезімдерінің тереңдігі, қиял-еркінің күші ашалап, мінезінің негізгі қырлары қалыптасады.
Сонымен мектепте оқытудың тиімділігі оқушылардың оқу сипатына бірден бір байланысты. Тек білім, қабілет пен дағды ғана емес, сондай-ақ пәнге деген қызығушылық, онымен әуестенушілік, оқуға деген ынта да оқушы қызметінің барысында қалыптасады. Мектеп табалдырығынан күнделікті білімді өз бетімен меңгеру, жеке тұлғаның қалыптасуы, дамуы үшін білім қажеттіліктері:
1) білімнің маңызын және оның ролін терең түсінуінде, яғни жүйелі меңгерілген білімді ғылымның әр саласында техника, мәдениет, өнер т.б. салаларда терең білімнің қажеттілігін мектеп табалдырығынан түсіну қажеттілігі
2) үздіксіз білім алу қоғам қажеттілігін түсіну
3) оқушының білімге құштарлығын арттыру
4) мектепте алған сапалы, терең білім негізінде шығармашылыққа ұмтылу
5) жоғары мәдениетті адам қалыптастыру, яғни икемді, дағдысы қалыптасқан, шебер, т.с. өз бетімен іс-әрекетін ұйымдастыра білетін (талдау, салыстыра білетін, жалпылау, жүйелеу, қорытындылай білетін) жоспар құра білу, кітапханада өз бетімен жұмыс істей білу, анықтамалар , сөздіктерді пайдалана білу, уақытты үнемдей білу т.с.с.
Берілетін теориялық білімнің мазмұнына байланысты оқытудың негізгі мақсаттарын сәйкес әрбір оқушының оқуын дұрыс ұйымдастыру арқылы ғана жетуге болады. Ол үшін мұғалім, оқушының еркіне қарамастан, оның оқуын ұйымдастыра біліп, ондай әрекеттердің сырттай көрінбегендігінде де басқару керек. Бұған оқушы қызметінің негізгі ерекшеліктерін: оны қалай ұйымдастыруға, қолдауға болатынын және оның тиімділігінің неге байланысты екенін білген жағдайда ғана жетуге болады.
Оқушы оқу үрдісіне кірісіп кетуі үшін, онда оған деген себеп болуы керек, өйткені себепсіз іс-әрекет жасалмайды. Алғашқыда оқуға деген себептер сыртқы факторлардың әсер етуімен қалыптасады. Оқушы еңбектеніп, алғашқы нәтижелерге қол жеткізгенде, онда осы себептер білімнің мазмұнына, оны игеру әдістеріне деген қызығушылықты тудыратын арнаулы оқу-танымдық себептер болып өзгереді. Ал соңғының әсерімен оқушыларда бұрыннан болған басқа себептер әрі қарай дамып, жаңа мазмұнға ие болады.
Қазақстан Республикасы егемендік алуымен байланысты 1991 жылдан бастап тәрбиенің мазмұны ұлттық сипатқа ие болып өзіміздің төл оқулықтарымыз шыға бастады. Бізде жалпыға білім беру стандарты және оған сәйкес бағдарламаны 2002 жылы ғылым және білім министрлігі бекіткен. Төл оқулықтар уақыт тығыздылығынан барлығы бірдей апробациядан өтпеген. Ақпарат беттеріне қарасақ төл оқулықтардың 60% апробациядан өтпеген екен. Төл оқулықтарымызда кейбір тақырыптардың мазмұндалуы оқушы түгілі мұғалімде қиналатын кездері де кездеспейді деп айтуға болмайды.
Бастауыш сыныпта берілетін негізгі сабақтас оқылатын тақырып ол– геометрия элементтерімен таныстыру. Бұл тақырып Бастауыш топтан бастап- ақ кең көлемде қарастырыла басталған.
Тағы рефераттар
- Жіктеу есімдігі
- Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781)
- Құрылыс
- Коммерциялық банктердің құрылымы және заңдық ұйымдасуы
- Әлихан Бөкейхан — Мемлекеттiк Дума депутаты