Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау туралы қазақша реферат

      Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:

1)    денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап);

2)    денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап);

3)    денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап);

4)    денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап);

5)    қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде ауыр зиян келтіру (109-бап);

6)    қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде ауыр зиян келтіру (110-бап);

7)    денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап);

8) қорқыту (112-бап);

9) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын-тінін алу-ға мәжбүр ету (113-бап);

10) медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап);

11) соз ауруларын жұқтыру (115-бап);

12) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап);

13) заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тармағы);

14) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап);

15) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап);

16) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап);

17) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау немесе қорқы-тып алу (260-бап);

18) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (261-бап);

19) құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-бап);

20) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-бап);

21) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап);

22) есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу (265-бап);

23) жекеше медициналық практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу (266-бап);

24) санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу (267-бап);

25) адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру (268-бап);

26) қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету (269-бап);

 

  1. 2.    Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері

 

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауыпты тірі есірткі, пси-хотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты іс-әрекеттер болып табылады. / 2.3., 287-288 бб. /

Осыған байланысты Қылмыстық Кодекстің 259-265- баптарында осы тұрғыдағы қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауаптылық көзделген. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыс-тардың тікелей обьектісі – халықтың денсаулығы болып табылады.

Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына – есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттар және Қазақстан Респу-бликасының Қылмыстық Кодекстің 263-бабына сәйкес есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізат, аспаптар немесе жабдықтар жатады./ 2.7., 147 бет./

« Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемле-кеттік реттеудің және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары » Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі арнаулы заңымен, «Бақылауға жататын есірткілік заттар, психотроптық құрал-дар және прекурсорлар туралы » Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізім бойынша (бұдан былай- тізім деп аталады ) жүзеге асырылады. Бұл нормативтік актілер 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвнецияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы хаттамаға сәйкес, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға, БҰҰ- ның Есірткі заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1998 жылғы кон-венциясына негізделіп қабылданған.

.

Тағы рефераттар