Мазмұны

Кіріспе…….3
І — тарау. Депозиттік портфель – қаржы инструменттеріне инвестиция жұмсаудың қаражат көздері …….5
1.1. Сырттан тартылған қаражаттарды инвестиция жасайтын қаржы инструменттері және оларға сипатама ………5
1.2. Депозиттердің инвестициялық портфельді қалыптастырудағы рөлі…….12
ІІ — тарау. Депозиттік ресурстарды инвестициялаудың негіздері («Қазақстан Халық Банкі» АҚ – ның материалына негіздей отырып)…..23
2.1. Инвестициялық портфельдің табыстылығы және оның депозиттік сыйақымен байланысы………23
2.2. Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару әдістері………38
2.3. Инвестициялық портфельдің диверсификациясы………46
2.4. Коммерциялық банктерде инвестициялық портфельді қалыптастырудың тәртібі…..49
ІІІ – тарау. Коммерциялық банктерде депозиттік ресурстардың тиімділігін арттырудың жолдары ..….52
3.1. Депозиттерді инвестициялаудың шетелдік тәжірибесі ……..52
3.2. Инвестициялық портфельді басқаруды жетілдіру жолдары….60
Қорытынды……..67
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……..70
Қосымша ……… 72

Кіріспе

       Дипломдық   жұмыс   коммерциялық   банктерде депозиттік портфельді   басқару   тақырыбына   арналған.

Қазақстан   Республикасы   алдынғады   міндеттер,   алға   қойған   мақсат   әлеуметтік   бағыттағы   жоғары   тиімді   экономиканы   қалыптастыру   әлемдік   кеңестікте   өз   орнын   табу,   экономикалық   тәуелсіздікті   қамтамасыз   ету,   жоғары  дәрежелі   еңбек   өнімділігіне   жету,   арлас   экономиканы   қалыптастыру,   түрлі   меншік    иелеріне   жол   ашу,   рынок   орталықтарында   тиімді   заңға   негізделген   іскерлікке   қол   жеткізу.

Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың,мекемелердің, халықтың және басқа да банктердің қаражаттарын салым ( депозит) түрінде тартады. Банктер тартатын қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі болып табылады. Олардың негізгі түрлері – банктердің клиенттермен жұмыс істеу барысындағы тартқан қаражаттары (депозиттер) және банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерін шығару жолымен жинақтаған қаражаттары (депозит және жинақ сертификаттары ) болып табылады. Банктің пассивтік операцияларды жүзеге асыру барысындағы ресурстық базасын қалыптастыруы оның активтік операцияларына қатысты маңызды рөл атқарады.Банктік ресурстың негізгі бөлігі банктің депозиттік операцияларын жүргізунен қалыптасатыны белгілі. Оның қызметінің тұрақтылығы  депозиттік операцияларын тиімді жүргізуіне байланысты.Осыған байланыстыресурстық потенциалды өсіру және пассивтерді тиімді басқару арқылы оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері өзекті мәселеге айналды.

Осыдан,   дипломдық   жұмыс   тақырыбының   өзектілігі   болып   Қазақстанның   қаржылық   нарық   жағдайымен   байланысты  салымды   объективті   түрде   талап   етеді   және   нарық   табысқа   бағытталады.   Осының   барлығы   дипломдық     жұмыстың   тақырыбын   талдауға   әсер  етті.

Осы  жұмыстың   зерттеу   объектісі   болып  — Қазақстан Республикасының  коммерциялық банктердегі депозиттік портфельдің қазіргі жағдайы және жүзеге асырылу механизмі болып табылады, сондай -ақ   «Қазақстан   Халық   Банкі»  АҚ – ның депозиттік   портфельді   басқару   мәліметтері   бойынша   есептік    көрсеткіштері   мен   практикалық   тәжірибелері   алынды.

Зерттеу пәні — коммерциялық банктердің депозиттік операцияларды жүргізу процесінде қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.  

Жұмысты жазу барысындағы зерттеудің жаңалығы – Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің жүзеге асырып жатқан депозиттік операцияларының кейбір шарттары толықтыруды қажет ететіндігі анықталады. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге негізделгенде депозиттік портфель сапасын әрі қарай жетілдіру арқылы депозиттік базаны көбейтуге болатындығы айқындалды.

Банктің   ең  негізгі   мақсаты  —  максималды   табыс   табу  болып   табылады,   ол   банктің   мобилизацияланған   ақша   ресурстарын   неғұрлым   тиімді   орналастырып,   пайдалану   арқылы   жүзеге   асады. Депозиттік   портфельді   басқару   банктің   сырттан   тартылған  қаражаттарды  орналастырудың   тиімді   жолдарын   тиімді   пайдаланумен   байланысты.       Қазіргі   уақытта   коммерциялық   банктер   сырттан   тартылған  қаражаттарды  орналастырған   кезде   тек   нарықтық   критерийлерге,   яғни   өтімділікке,   табыстылыққа   және   тәуекелділікке   негізделеді.   Бұл   өз   кезегінде   банктің   депозиттік  портфеліне   әсер  етеді.

Осы   жұмыстың   мақсаты   банктің   депозиттік  портфелінің  теориясы   мен   практикасына   талдау  жүргізу, депозиттік  портфельді   басқару   түрлерін,     әдістерін   анықтау     және   бағалау   және  олардың   ішінен   ең   тиімдісін   таңдау   болып   табылады.   Осы   мақсатты   орындау   үшін   келесі   міндеттер   қойылады:

— банктің   депозиттік   портфелінің  мәні   және   түрлері   мен   ерекшеліктері;

— коммерциялық   банктер   инвестиция   жасайтын   қаржы   инструменттері;

— инвестициялық     портфельдің   табыстылығына  талдау  және оның депозиттік сыйақымен байланысы;

— депозиттік саясаттың банктердегі қолданылуын талдау;

— коммерциялық   банктерде   депозиттік   портфельді   басқаруды   жетілдіру   жолдары;

— ҚР –ның депозит нарығын жетілдіру жолдарын ұсыну.

Осы   жұмыстың   методологиялық   негізі  —  депозиттік   портфельге   талдау   жасаған   шетел   және   отандық   экономистердің,   ғалымдардың   монографиялары,    ғылыми   еңбектері, Д.Т. Бохаев,У.М. Искаков, және Э.А. Рузиеваның «Финансовые рынки и посредники» оқулығын, С.Б. Мақыштың «Коммерциялық банктер операциялары» кітабын, Қазақстан   Республикасының   заңдары   мен   нормативтік   актілірі,   Ұлттық   Банктің   ережелері   мен   нұсқаулары   алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымына   тоқталсақ,   онда   дипломдық   жұмыс   кіріспеден,   үш   тараудан,   қорытындыдан   және   пайдаланылған   әдебиеттер   тізімінен   тұрады.

Диплом жұмысын жазу барысында статистикалық, аналитикалық зерттеу әдісі қолданылды.

    Дипломдық жұмыс / 78 бет
Тағы рефераттар