МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ….. 8
1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Екінші деңгейлі банктердің тұрақтылығы, оның мәні мен мақсаты ….. 10
1.2 Банк активтерінің саны мен сапасын бағалау ….. 23
1.3 Екінші деңгейлі банктердің өтімділігін бағалау көрсеткіштері …………. 27
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН СИПАТТАЙТЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Банктердің өтімділігін бағалау («Қазақстан Халық Банкі» мысалында) 33
2.2 Банктердің тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштерді
талдау (Альянс банк пен Каспий Банкі мысалында)….56
3 БАНКТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ
3.1 Қазақстан экономикасындағы банктердің қаржылық жағдайларын жақсарту мәселелері……71
ҚОРЫТЫНДЫ …….. 75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …. 77
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшумен байланысты банктер жүйесінде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулі өзгерістер болып жатқаны баршаға мәлім, сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылдың 6 ақпанында Қазақстан халқына Жолдауында былай деген болатын: «… банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық Банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс».[1] Қазіргі таңда нарықтық экономикаға бұрын өткен, зор жетістіктерге қол жеткізген елдердің тәжірибиесін үйреніп, банк жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру ел экономикасы үшін маңызды болып табылады.
Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесі реформалаудың ұзақ, әрі қиын кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде еліміздің банк жүйесінде тек сандық емес, сонымен бірге сапалық өзгерістер де байқалды. 1995 жылы «Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттік болып табылатын Ұлттық Банктің негізгі міндеттерімен қатар, экономикадағы ақша-несиелік реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерінің түрлері, коммерциялық банктердің қызметіне бақылау жасау принциптері мен әдістері анықталған болатын.
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасқан алғашқы кезеңдерінде сауатты, кәсіпкерлік деңгейі жоғары, білікті мамандардың болмауы, банк саласының қызметін реттейтін заңнамалардың толық жетілмеуі банк қызметін жүзеге асыруда көптеген қателіктер жіберіп, банктердің жабылып қалуына тікелей себебін тигізді.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банк жүйесінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылдың наурыз айында «Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; 1998 жылдың 28 сәуірінде «Қазақстан Республикасында вексель айналысы туралы»; 1997 жылдың 11 шілдесінде «Банк қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары және бірқатар «Пруденциалдық нормативтер туралы ережелер» (Ұлттық банк Басқармасының 27.10.97 ж. №380, 28.08.98 ж. №157 қаулысы бойынша қосымшалар мен өзгерістер енгізілді) қабылданды.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығы, көбіне екінші деңгейлі банктердің тұрақтылығымен байланысты болады. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсіздік дағдарысы мен банктерге деген сенімсіздік көптеген банктердің қызметіне тосқауыл болып, оған төтеп бере алмаған банктер банкроттыққа ұшырады. Ел экономикасында бірлескен және шетел банктерінің, олардың филиалдардың пайда болуы бәсекелестікті одан әрі күшейтіп жіберді.
Несиелiк жүйенiң негізгі буыны xaлық шаруашылығына тiкелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызметтерді жүзеге асыратын дербес банктiк мекемелер тобынан құралады. Банктер өз кезегінде коммерциялық, кооперативтiк және акционерлік банктер сияқты түрлерге бөлінеді.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (мінe осыдан барып «коммерциялық банк» деген aтaуғa ие болды). Бiрақ өнеркәсiптiң және басқа салалардың дамуымен бірге банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктердің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын бiртiндеп жоғалтты. Ол банктiң «іскер» деген сипатын бiлдiредi, оның шаруашылық агенттердiң барлық жұмыc түрлерiне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялық қызметтер көрсететін несиелік мекемелерінің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін толығымен сақтай отырып, қолайсыз жағдайдың өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Қазіргі таңда, коммерциялық банктер ел экономикасының маңызды салаларын несиелей отырып, экономикалық өсу мен дамуға өлшеусіз үлес қосуда. Сонымен қатар, коммерциялық банктер экономика үшін маңызы зор – кіші кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуына, халыққа сапалы қызмет пен өнім түрлерін ұсына алуға да ерекше үлес қосады.
Серпінді дамып келе жатқан банк жүйесіндегі маңызды көрсеткіштердің бірі банктердің тұрақтылығы болып табылады. Банктің тұрақтылығы тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторлармен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің өтімділігі бірте-бірте қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әртүрлі тенденциялармен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.
Жұмыстың негізгі мақсаты – экономиканың өскелең даму кезеңіндегі Қазақстандық коммерциялық банктерінің ел экономикасындағы алатын орнын анықтау, нарықтық экономикада олардың тұрақтылығын анықтайтын әр түрлі көрсеткіштерді қарастыру, банктердің салыстырмалы талдамасын жасау.
Жұмыстың негізгі міндеті – Қазақстан экономикасының дамуының кепілі ретіндегі екінші деңгейлі банктерінің тұрақтылығын жоғарылату және қаржылық жағдайын жақсарту бағыттарын анықтау, нарықтық экономикада олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Дипломдық жұмыс / 78 бет
Тағы рефераттар
- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТ курстық жұмыс
- Ресейдегі суретті оқыту әдістері
- Тау-жыныс бұзушы аспап
- Жастардың девианттық мінез-құлқы: түрлері, ,ерекшеліктері, сипаты
- Қазақстандағы көмір өнеркәсібі