ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТІН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ туралы қазақша реферат

Қазіргі қоғамымыздың ең ірі әлеуметтік тобы болып саналатын ел жастарына жан-жақты көмек көрсетілуі – Елбасы ұстанымдарының бірі. Еліміз тәуелсіздік алғалы жастардың мәселесі назардан тыс қалмай, оларға қосымша жаңа міндеттер артылып келеді. Елбасымыздың қазақстандықтарға арналған жыл сайынғы Жолдауларында жастар үлкен көңіл бөлініп, олардың жағдайы күннен-күнге жақсаруда. Елбасымыз, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық жастарды әлеуметтік қорғау, кәсіби біліктіліктерін арттыруға баса ден қоятыны белігілі. Ұлт Көшбасшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында да жастар мәселесі басты назарда болды.

Еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаттары — ол жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, жастар шығармашылығын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жастар арасында қылмысты болдырмау, отаншылдық құндылықтарды әспеттеу, жастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да жан-жақты жағдай жасау, рухани-адамгершілік, интеллектуалдық және физикалық әлеуетінің, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және рухани мәдениетін көтеру болып табылатыны ескерілуде. Мемлекет басшысының жастарды әлеуметтік қорғауды назардан тыс қалдырмай, өз бақылауында ұстайтыны көңіл қуантарлық жайт. Н.Ә.Назарбаевтың әлеуметтік жұмыс орындарында «әлеуметтік лифтілер» механизмін құру идеясы Сарысу жастарының арасында зор қолдауға ие болды.

Жаңа нарықтық заманда еліміздің алдынан ашылып тұрған жаңа мүмкіндіктер туралы айта отырып, әлі күнге дейін өзекті саналатын әлеуметтік мәселелердің шешілу жолдарын көрсетті. Осы орайда мемлекет басшысы жаңа Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы туралы өзінің идеясын баршаға ұсынды. Идеяның негізгі басымдықтары, басты міндеттері мен жаңғырту үдерісінің табыстылығына әкелетін қағидаттарын белгілеп берді. Елбасы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы мен Үкімет алдына аталған жобаны жүзеге асыруға негізделген бірқатар тапсырмаларды қойды.

Қазіргі таңда әлеуметтанушылар «жастар» деген ұғымды жас ерекшеліктер және сонымен байланысты қызмет түрлерінің негізінде пайда болатын топтасқан көпшіліктің жалпылама жиынтығы ретінде айқындайды. Қысқа мағынада, жастар–жас адамдардың әлеуметтік жағдайының ерекшелiктерi, олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметі, ерекше құндылықтары мен мүдделері негізінде бөлінетін әлеуметтік-демографиялық топ. Әлемде БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 15-пен 24 жас аралығындағы жас азаматтар 1,3 миллиард шамасында. ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 14 жастан 29 жасқа дейінгі адамдарды жастар деп атау қабылданған. Бұл жастағы адамдар тобы еліміздегі тұрғындар санының 27,4% (4 510 435 адам) құрайды және өте маңызды болып табылады, тіпті оларды қоғамдағы ең шешуші звено деп айтуға болады [1].

Жастарға қатысты мәселелер қашанда бірінші кезекте болуы және бәріміз­ді де толғандыруы тиіс. Себебі ел ертеңі жастарымыздың тұлға ретінде қалыптасып, белгілі бір мамандықтың иесі бо­луы өте маңызды. Өйткені на­рық экономикасы басталған тұс­та оқи алмай қалған немесе өз­дері де оқуға жеткілікті мән бер­меген кейбір жастар қазір бірі базарда, бірі көлік сатып алып, «таксист» болумен күн көріп жүр. Жастар масылдыққа бой алдыратын болса, мемлекет­тің де болашағы болмайды! Сондық­­тан Елбасымыз жас­тар­дың кәсіптік-техникалық бі­лім алуына өте үлкен мән беріп отыр. Елімізде орта деңгейлі кә­сіп иелері жетіспейтінін ескерсек, біздің Сарысу ауданында арнайы колледждер мен кәсіптік лицейлер бар екендігін ұмытпауымыз қажет.

Елбасы тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді саралай келе, жастар тәжірибесін ұйымдастырудың құқықтық нормалары қажет екендігі белгілі болды. Мұнда, ауданымызда биылғы жартыжылдықта 103 жас «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы 6 айлық жұмысқа тартылса, олардың тек 3-уі ғана тұрақты жұмысқа орналасқан екен. Бұл дегеніміз, 100 жастың жұмыссыздар қатарына қайта қосылғандығын білдіреді. Дәл осындай жағдайды, Елбасы мысал ретінде келтірген болатын. Бұл жайттарда алдағы уақытта оң шешімін табар деген үміттеміз.

Жас мамандарға келетін болсақ, осы мақсатқа айрықша мән беріп отырған Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында, 2012 жылы Сарысу ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларына келген 12 жас маманға 1 млн. 359 мың 120 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленіп, тұрғын-үй сатып аламын деуші 6 жас маманға 13 млн. 478 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді.

Көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиынындағы сөзінде, «Ақпараттық Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасын әзірлейтін уақыт келгендігі туралы айтқан сөзіне орай түінді ұсыныс айтып өтсем. Осы мақсатта, аудан жастарына техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары жанына немесе дербес түрде аудан орталығынан «Жастар» интернет орталығы ашылса деген ұсынысым бар. Заманауи компьютерлермен, арнайы бағдарламалармен жабдықталған «Жастар» интернет орталығы тек білім алумен емес, сондай-ақ жастардың ой-өрісін, шығармашылығын дамытатын құтты мекен болар еді.

Елдің ел болып, оның болашағының баянды да тұғырлы болуы, сол елдің жастарының қолында. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың елімізді әлеуметтік жаңғырту бағытындағы тапсырмалары, одан туындайтын міндеттер аудан тұрғындары арасында, әсіресе жастар ортасында қызу талқыланып жатқанын атап өту керек. Әлеуметтік қорғаудан – әлеуметтік өрлеуге бағытталған Елбасының «Қазақстан­ның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тұжырымдамасында қазақстандық дамудың мақсаттары мен міндеттері жайлы және ел жастарына деген қамқорлық, оларға барынша жағдай жасау толық айтылған.

Шынында да, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жо­ба­сы бүгінде  қоғамда,  Пар­ла­­мент қабырғасында қызу тал­қылану үстінде. Әрине, жас­та­рымыздың өмірінде шешімін күткен мәселелер жеткілікті. Жас­тар саясатын кешенді түр­де саралау, реттеу, бүгінгі күн­­нің мәселесі. Парламент Мә­жі­лі­сінің депутаттарынан құ­рыл­ған жұмыс тобы өңірлерді ара­лап, жастармен кездесіп, ұсыныс пікірлерді ой елегінен өткізуде. Мұндағы мақсат – қа­был­данатын заң жобасына ен­­­гі­зі­­ле­тін өзгертулер мен то­лық­тыруларды айқындау. Жас­тар­дың мәртебесін көтеру, әлеу­меттік мәселелерін шешу, жақсы білім алып, еңбек етуіне, от­басын құруына жағдай жасау керек. Өзім де аталған заң жобасына облыстық «Жас Отанның» Кеңес отырыснда бірнеше ұсынысымды бердім.

Осы орайда, жастарды жұмыспен толық қамту, олар­дың қоғамдағы орнының маңызын арттыру – басты мәселенің бірі болып отыр. Елбасымыз «Мен жас ұрпақтың ел бо­ла­шағы үшін маңызын әрқашанда атап көр­сетіп келдім және атап көрсете беремін. Мемлекет әрбір жас адамның өз еліне міндетті түрде қажет болуы үшін бәрін де жасайды» дей отырып, ҚР-ның Үкіметіне ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңеспен бірлесіп «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңына жас маман­ның мәртебесін құқық­тық айқындау, оның ең төменгі әлеу­мет­тік пакеті және басқа да мәселелер бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды қарастыруды тапсырды. Аталған мәселе еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік өмірінде жастардың бәсекеге қабілетті болып, азаматтық бел­сен­ді­лігін арттыруға бағытталған.

Елбасымыздың әлеуметтік жаңғырту жолындағы бағдарламасындағы, жастардың техникалық және кәсіптік білім алуын, оларды индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру және тартудың нақты шараларын әзірлу жөніндегі тапасырмасы, экономикамыз әртараптанып, өндірісіміз өркендеу үстіндегі шақта сұранысқа сай мамандықтарды меңгеру замандастарымыздың басты мақсаты. Ондағы негізгі бағыт – жас қазақ­стан­дық­тарды дербес өмірге, бастамашыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, аталған құжатта 2007 жылы қабылданған  «Мемле­кет­тік жастар саясаты туралы» Заңы бүгінгі заман  талаптарына жауап бере алмауына байланысты, аталмыш Заңды жаңарту қажеттігі сөз болды. Сондықтан, Елбасы жас мамандарды еңбекке орналастырудың кепіл­дік­тері мен әлеуметтік пакеті туралы, жастар тәжірибесін ұйымдастырудың тәртібі туралы құқықтық нормалар қажет екен­д­і­гі­не баса назар аударған. Осы орайда, жастарымыз туған елінде, туған жерінде еңбек етіп, өз әлеуеттерін жүзеге асырулары қажет. Бұл жөнінде Елбасымыз: «Біздің жастар елеспен өмір сүр­меу­ге тиіс. Қазақ­стан­нан тыс жерде жұмақ жоқ. Еш жерде, әлемнің ешбір елінде бәрі­не бірден ие болу мүмкін емес. Ол үшін мемлекет барлық жағдайлар жасауда және одан әрі де жасай беретін болады» деп ерекше тоқталды. Соңғы жылдар ішіндегі экономикалық реформаларды талдау жастар арасындағы жұмыссыздықтың өсе түскендігін көрсетті. Сонымен бірге жастарды жұмысқа орналастыру да төмендеп кеткен. Ресми жағынан алғанда, жас еңбек ресурстарының саны айтарлықтай жоғары, бұл жұмыссыздардың өсе түскеңдігін болжауға мүмкіндік береді. Мұнымен бірге белгіленген жұмыс орындарына қабылдаудың қысқара түсуі жөне орта арнаулы оқу орындарына қабылдаудың азайғандығы байқалады. Ендеше оқу орнын бітірушілердің көпшілігі жұмыссыз қалады деген сөз.

Жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасындағы айырмашьшық өсе түсуде. Бүгінде жасөспірімдер мен қыздар ақысы төмен әрі біліктілігі төмен жұмыстарға қызықпайды, соған қарамастан жоғары оқу орындарыньщ басым көпішлігінің мамандар даярлау сапасы еңбек рыногінің талаптарына сай келмей отыр.

Мұндай жағдайда жастар арасында әлеуметтік қорғансыздық сезімі өсе
түседі және олар өздерінің өмірлік деңгейін кез келген жолдармен көтеруге
ұмтылады.

Нақты индустриалдық әлем, нарықтық заман тұрақсыздық пен әлеуметтік жөне жеке жағдайдағы тұйықталуға ұмтылдырады? білім алу, еңбек, жүйелі құндылық плюрализмінде бұрын болмаған кең көлемдегі таңдауды тудырады. Бүгіңде жоғары оқу орньш бітіруші мамандық тандау жұмыс іздеу және еңбектің сапалы нәтижелеріне тікелей жауапты болып отыр. Сонымен қатар қазақстандық қоғамның тоқырау жагдайы өлеуметтік дамуды қиындатады.

Статистикаға қарасақ, бүгінгі жұмыссыздардың үш бөлігіне жас адамдар. Бес пайызы ғана оның мәнінде көркею үстіңце, ал үштен екісі кедейшілік тауқыметін тартуда немесе одан да қиын жағдайда. Көптеген жас отбасылар үшін балалы болу қол жетпес арман секілді, туу көрсеткіші өте төмен, соған қарамастан жастар арасындағы өлім деңгейі қарттармен салыстырганда екі есе жоғары.

Қазіргі таңда әлеуметтанушылар «жастар» деген ұғымды Экономика жағдайын және экономикалық саясат тиімділігін жалпы бағалауға экономика тәжірибесінде «кедейлік индексі»жиі пайдаланады.Жұмыссыздық қоғам өміріне тән құбылыс. Ол бұған дейін де болған, алдағы уақытта да бола бермек. Бұдан кейде әрқилы әлеуметтік-экономикалық проблемалар да туындап қалып жатады. Қазіргі нарық жағдайында қай жерде болсын жастар арасында жұмыссыздар санының көбейе түсер ықтималдығы да мол. Себебі, оның мынандай факторлары бар екендігі екінің біріне белгілі жайт. Мысалы, өндірістің жаппай автоматтандырылып, механикаладырылуы, еңбекті интенсивтедіру деңгейінің артуы, әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты өнеркәсіптің т.б. мекемелердің дағдарысқа ұшырауы, тіпті соның кесірінен жабылып қалуы, сондай-ақ мамандандырылудың біржақты жүргізілуі (қаржыгер, мұнайшы) – осындай себептерден жұмыссыздық асқына түсері мәлім.

Еңбек нарығында тереңірек бойлап көрсек, жұмыссыздық және жастарды жұмыспен қамту жөнінде көп айтуға болады. Проблема атаулы іле сөз етіліп, ол асқынбай тұрғанда түйінін шешуге ұмтылыс жасалғанда ғана жаңа күн тәртібінен біртіндеп сырғи беретіні түсінікті шығар. Сонымен, осы мәселені қандай жолдармен реттеуге болады. Тұйықтан қалай уақыт озбай шыға аламыз? Керемет боп елестейтін келешекке көлеңке түсіре беретін басты мәселенің бірі – жұмыссыз жастар жайы. Соңғы халық санағының қорытындысы бойынша, республикамызда тұратын 14 млн. 841,9 мың адамның 3 млн.700 мыңын 16 мен 20 жас аралығындағы азаматтар құрайды екен. Жамбыл облысында экономикалық белсенді халық саны 587 мың адамды адамды құрайды, жұмссыздық деңгейі 5,6% жетті. 2010жылдың қазан айының соңындағы жағдай бойыншажұмыспенқамту органдарында жұмыссыздар қатарына тіркелген азаматтардың саны 32,6  мың адам  дей тұрсақ та, жылдан-жылға жастардың жұмыссыздығы көбею үстінде. Тағы бір қиындық, жұмысқа орналасу кезінде өмір талабының өткір қойылуы үлкен өмірге енді қадам басқалы тұрған, бұрын еңбек етіп көрмеген, белгілі бір мамандықтың иесі атанып отырған көп жастың жолын байлайды. Мұндай өті болуы үшін жастар алдымен жұмысқа орналасуы керек қой. Еңбек мигранттарына да белгілі бір ереженің шеңберінде тосқауыл қоятын уақыт жетті.

Қазір қарап тұрсаңыз, жарнамаларда білімі бәлендей, жасы орташа 25-тен кем емес, тәжірибесі болуы керек дейді. Орта білімнен соң, іле-шала жоғары оқу орнын бітірген жастарда қандай тәжірибе болуы мүмкін? Жұмыссыздықты жою керек емес пе? Жастарды кінәлағанша, жаман қылық жасатпау үшін бір жолын қарастыру керек деп ойлаймын. Жасы мен тәжірибесіне қарасақ, болашағымыз не болады? Ойланайықшы… «Жастар – біздің болашағымыз» — дегенді естіп жатырмыз. Олай болса, жастарға көмек беру керек.

Мен болашақ маман ретінде мыңдаған жастардың жұмыспен қамтылуы қажет деп санаймын. Ал енді жалпы экономикалық белсенді халық (жұмыс күші) дегеніміз не екені туралы айтсам. Ол тауаралар мен қызметтерді өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін халықтың экономикалық белсенділігін өлшеуге арнайы белгіленген жастағы халықтың бір бөлігін. Экономикалық белсенді халық санына барлық қызмет түрінде жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздар кіреді, ал экономикалық белсенді емес халық – қарастырылған кезең бойында жұмыс істемеген немесе жұмыссыз болған халықтың экономикалық белсенділігін өлшеуге арнайы белгіленген жастағы тұлғалар. Жұмыссыздық деңгейі  — экономикалық белсенді халық санындағы жұмыссыздардың үлесі пайызбен өлшенеді.

Жастар жұмыссыздығы деңгейі – 15-24 жас шамасындағы жұмыссыз халық санының осы жастағы экономикалық белсенді халық санындағы үлесі, пайызбен өлшенеді. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі – 1 жыл және одан астам уақыт бойы жұмысы болмаған жұмыссыз халық санының экономикалық белсендіхалық санындағы үлесі пайызбен өлшенеді.

Біздің аймақта қандай жағдай қалыптасқаны туралы айтсам. Жамбыл облысының 2011 жылғы халықты «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында 439 жаңа жұмыс орындарды құру көзделді. 2011 жылғы 1 тоқсанда 3759 жұмыс орындары, оның ішінде ауылды жерде 52 жұмыс орындар құрылды. Құрылған жұмыс орындардың жалпы санынан 95% тұрақты орын алады. Экономикалық қызметтердің түрлері бойынша үлестер мынадай болып тартылады: сауда – 9,3%, ауыл шаруашлығы – 6,2 %, құрылыс және коммуналдық шаруашылық – 11,5%, өнеркәсіп – 19,2%, білім беру және денсаулық сақтау – 2,2%, көлік және байланыс – 11,4%, өзге салалар – 47,3% уақытша және мезгілдік жұмыс орындары – 5,1%.

Жұмыссыз халықтың жас шамасын анықтап, біліп отырудың да пайдасы зор. Енді соған тоқталайық. Жұмыссыздар құрылымындағы негізгі үлес 25-54 жастағы тұлғаларға тиесілі екен. Былайша айтқанда, олар 80,2 пайыз құрайды. 55 жастан асқандардың үлесі 3,6 пайыз болса, ал 16,2 пайыз деңгейінде 16-24  жас аралығын қамтиды. Осы деректерден не аңғаруға болар еді? Біріншіден, әлі де болса жастардың түпкілікті жұмыспен қамтылуы онша еместігі.

Ал енді жастар арасындағы жұмыссыздықтың белең алуына қалай жол берілуде? Оның да өзіндік себептері бар. Сөз болып отырған үшінші тоқсанда штат қысқаруына, кәсіпорындардың тарауына немесе келісім-шарт уақытының аяқталуына байланысты 8,7 пайыз жұмыссыздық орын алған. Ал өз кезегінде оқу бітіргеннен соң жұмыс іздеушілердің үлесі 2,7 пайызға жетіп, жалпы саны 0,6 мың адам болған. Яғни, бұрынғы жылмен салыстырмалы кезеңімен деңгейлес екені көрініп тұр.

Қала халқын әлеуметтік қолдау түрлері мен тәсілдерін жаңартуға және жетілдіруге бағытталған мақсаттағы, алдағы болашаққа бағытталған жұмыстар атқарылады.

«Жұмыспен қамту- 2020» және әлеуметтік қорғау бағдарламалар бөлімі 12 әлеуметтік бғдарламалар бойынша қаржы қаражатының игерілуін қамтамасыз етуде.

2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 286,1 млн.теңге игерілді, оның ішінде жергілікті бюджеттен 180,4 млн.теңге, облыстық бюджеттен 93,9 млн.теңге, республикалық бюджеттен 11,8 млн.теңге. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек уралы» Қазақстан Республикасының Заңын міндетті түрде орындау керек.

«Жұмыспен қамту-2020» және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыздарды жұмыспен қамтуда біраз іс-шаралар жүргізіледі. 2011 жылдың 1 жартыжылдығында 2033 адам жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдлық жұмыстарға 567 жұмыссыз жіберілді, оның 133-і ауыл тұрғындары. «Жастар тәжірибесі» және «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламаларының шеңберінде 115 жұмыссыз қамтылған. Сонымен қатар,жастар арасындағы жұмыссыздықты қысқартуды Елбасымыздың Жолдауында көрсетілгендей жәрдемақылар мөлшерінің ұлғаюы мемлекеттік жастар саясаты туралы заңның жас отбасыларын қолдау жөніндегі бабымен ұштасып жатыр.

Шетелдік инвесторлардың сырттан жұмыс қолын әкелуіне де шектеу белгілеп тұрған абзал. Аймақтағы кәсіби білім деңгейінің қазіргі заман талабына жауап бере алатындай дәрежеге көтерілуін қамтамасыз ету керек. Орта мектептерде оқушыларға кәсіби бағдар берудің бұрыннан бар озық тәсілдерін қайта жаңғыртудан ұтарымыз көп. Еңбек рыногында үлкен сұраныстарға ие мамандықтарды меңгеруге ұмтылған жөн. Өткен жылы еңбекпен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздардың 35,1 пайызын, яғни жұмыс іздеушілердің 3959-ын жас толқын құрады. Солардың арасынан 2489 қыз бен жігіт тұрақты жұмысқа орналасыпты. Тағы 1818 жас қоғамдық жұмыстарға тартылған. Сол сияқты «Жастар тәжірибесі» атты бағдарлама негізінде ауылдық-жерлерде жастардың жұмысқа орналасу үрдісі жалғасып жатыр. Бұл бағдарлама бойынша Қазалы ауданында 71 жас өз жұмыстарын тапты. Осы жерде бұл тұйықтан шығудың тағы бір жолы мал және егін шарауашылығына жаңа технологияны ендіру негізінде жаңа жұмыс көздерін ашу екеніне жиналғандар назарын аударды. Шетел компанияларына білімді де білікті жастарымызды көптеп тарту басыңқы болып қала бермек.

Осы проблеманы шешу жолының бірі жастар ұйымдары болып табылады. Жұмыссыз жастарға кәсіп тауып беру шаруасына белсене кірісуі керек. Мысалы «Әмбебап даму» деген жоба қолға алынуына болады. Орталыққа келушілер арнайы семинар-тренингтерге қатысады. Мамандар жұмыс іздеген жастарды қабілетіне қарай бірнеше топқа жіктеп, тегін оқытады. Онда ұлттық ою-өрнек мектебін ашуға болады. Кәсіптің бұл түріне машықтанған бойжеткендер тігін цехтары мен кішігірім отельеде жұмыс істей алады немесе кейбіреулері тіпті кәсіпкерлікпен айналысуларына болады. «Әмбебап даму» жобасын жүзеге асырушылар арнайы дайындық курсынан өткен жастардың еңбек нарығында сұанысқа ие боларына сенімдімін.

Жастар арасында осындай мәселелер орын алған. Оларды шешу дереу қимылды талап етеді. Себебі, жастар – біздің болашағымыз болса, жұмыссыз жастар болашағымыздың жарқын болуына кедергі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. ҚР-ның президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту — Қазақстан   дамуының басты бағыты» Қазақстан Халқына Жолдауы  Егемен Қазақстан   27 қаңтар 2012 жыл

2  ҚР Ұлттық статистика агенттігінің жылдық жинағы

3  Усенова Г.  «Жұмыспен қамту және экономикалық өсу»  Ақиқат № 2, 2009

4  «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы

5   Есенғалиев Қ.С.  Экономика  негіздері оқу құралы.  Алматы, 2011жыл

6  Оразәлі Сәбден. Бәсекелестік экономика. Оқу құралы. Алматы, 2007жыл
Тағы рефераттар