СТУДЕНТТІҢ МАМАНДАНДЫРУ ПӘНДЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 ҮШІН УОЛЛЕС МОДЕЛІН ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Жоғары курс студенттерінің мамандандыру пәндері бойынша өздік жұмыстарын ұйымдастыру және оқытудың таңдап алынған бағыты бойынша білімнің нақты салаларына бағдарланған шығармашылық ойлауын дамыту  үшін шығармашылық үдерісті бейнелейтін Уоллес моделін тиімді қолдануға болады. Бұл модель төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:

1. Дайындық: тапсырмаларды құрастыру және оны шешудің бастапқы талпыныстары.

2. Инкубация: тапсырмалардан бойын аулақ салу және басқа затқа ауысуы.

3. Жарықтану: тапсырманың мәніне интуитивті енуі.

4. Тексеру: шешімді жүзеге асыру [3].

Тәжірибелік тапсырмалардың мазмұны (пәнаралық және басқа пәндермен байланысын қосқанда) өзіндік жұмыс аймағында орындалатын шығармашылық үдерісті модельдеудің бірінші сатысын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді [4-9].  Оқытушымен талқылаудың нәтижелері студентке ұсынылған тапсырмаларды құру және оны шешудің мүмкін болатын жолдарын белгілеу болып табылады. Мұндай тұғырлар бірқатар студенттерге толыққанды жоба түрінде жасалған толықтырулар мен ескертулерге сәйкес болашақта жүзеге асатын нақты ұсыныстар дайындауға септігін тигізеді.

Тапсырмаларды шешу құралдары ретінде қолданбалы бағдарламарды меңгеру пакеттері мамандану аймағында шешілетін ақпараттық технологияларға ауысуына септігін тигізеді. MS Project Expert 5.0, Time Line және MS Excel бағдарламалары терминологияларға сәйкес келетін мамандану кафедраларының пәндері бойынша алынған білімдерін және өзіндік ерекшеліктеріне қатысты тапсырмалар аймағында пәндік мәселелер мен қиыншылықтардың айырмашылықтарын айғақтайды [5-7].

Бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу технологиясын меңгеру үшін үдерістің бірінші кезеңіндегі нәтижелерді қолдану қажеттілігі дәстүрлі емес тұғырлар мен ұсыныстардың тууын қамтамасыз ете отырып, интенсивті ойлау үдерісіне септігін тигізеді.

Имитациялық моделдеу және алынған нәтижелердің нәтижелерін талдау қорытынды кезеңде тапсырмаларды шешуде ойлау үдерісінің логикалық құрылымын толық қалыптастыруға септігін тигізеді.

Әдебиеттер:

3. Папкова М.Д., Носков В.В. Особенности организации самостоятельной работы студентов на старших курсах.  — Волго-Вятская академия государственной службы (ВВАГС г.Н.Новгород). – Новые информационные технологии в образовании: Аналитические обзоры по основным направлениям развития высшего образования / НИИВО; Вып. 9.

4. Заурбеков Н.С., Досмухаметова Р.С., Дарханова А. Ж.   Составление учебных планов по кредитной форме обучения. — VI международная научно-практическая конференция МАБ «Системы обеспечения качества бизнес образования в РК: инновационные подходы», 26-27 мая, Алматы, 2006 г.

6. Заурбеков Н.С., Бралиева Н.Б. Об информатизации экономического образования — Материалы международной научно-практической конференции «Прикладные аспекты информатики и математической экономики», Душанбе, 2008. – С. 211-216

Зәуірбеков Н.С.- тех.ғ.д-ры, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ,

Дарханова А.Ж. — оқытушы, ҚазМемҚызПУ,

Иманбаев Қ.С. — ф.–м.ғ.к., доцент,  Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ,

Заурбекова Н.Д.-  тех.ғ.к., Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ,

Өтепберген Ш.М. — ф.–м.ғ.к., доцент,  Абай атындағы ҚазҰПУ

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

.

Тағы рефераттар