Балаларының тіл дамыту сабақтарында дыбыстық мәдениетін дамытудың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын қарастырмас бұрын сол жастаға балалардың психологиялық ерекшеліктеріне тоқталуды жөн көрдік.
Бала дамуының төртінші жылы екінші сәбилік кезең деп аталады. Бұл шақта баланың дамуына ерекше мән беріледі. Төрт-бес жастағы ұл баланың бойы – 10-109 см, салмағы – 15-19,3 кг, қыз баланың бойы – 98-109 см, салмағы 14,8-19,8 кг, көкірек қуысы аумағы 51-56 см. Миының құрылымы мен сезімталдық қабілеті әрі қарай дамиды, белсенділігі артып, қимыл-қозғалысы үйлесімді бола түседі. Көрнекі бейнелі ойлау қабілеті дамиды. Осының өзі баланың нақты бейнелі қабылдауынан шығып, ойлауына, есте сақтау қабілеті артуына мүмкіндік жасайды. Бұл кезде бала есте сақтау мен есіне түсіруді басқару мүмкіндігіне жетеді., бірақ есте сақтау қабілеті шектеулі. Баланың мінез-құлқы айтарлықтай өзгереді. Сәбилер түрлі себептегрге, сол сәттегі жағдайларға байланысты туатын сезім мен тілектің ықпалынан пайда болатын әрекеттер жасайды. Олардың іс-әрекеті күрделенуіне байланысты танымдық құштарлығы пайда болады. Оның өмірінді мазмұнды ойындар үлкен орын алады, ойлау ұзақтығы 10-15 минут болады.
Төрт-бес жасар баланың өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл — біреу оның тұлғалық қасиеттерін дұрыс бағаламаған кездегі өз-өзін қорғаудың «тұлғалық» механизмі болып табылады. Олардың маңызды ерекшелігі («Мен өзім», «Қолымнан келеді»). Олар барлық іс-әрекет түрлерінде үлкендерге еліктеп, оларды қайталайды (өзі тамақтанады, киінеді), мақсатты бір іс-әрекетке қызығушылықпен кіріседі (ыдыс жуады, кір жуады, дүкеннен сатып алады және т.б.).
Бұл жастағы баланың ең маңызды ерекшелігі – өзіндік тілегі бар жеке адам екенін сезіне бастауы. Үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әр түрлі сұрақтар қойып, өздері білетін ертегілерді бар ынтасымен айтып береді. Танымдық қызығушылығы белсенді болады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттілігі қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ іс-әрекетке қатысушы есебінде қабылдайдыБала үлкендердің көмегі арқылы айна, суреттен өзін тани (2,5 жастан) бастайды. өзінің басқалардан бөлек екенін сезінеді. Кейбір оңай іс-әрекеттерді үкендердің көмегінсіз-ақ өзі істей алады. Бұл үлкен адамдарға жаңаша қарауына, өзін үлкендермен салыстыруына , еркін, дербес болуына жетелейді. «Үлкен болуды» армандайды. Оған тілегі мен мүмкіндігі сай келмейді. Сондықтан сәби өзінің талап-тілегін үлкендерге қарсы қояды. Осыдан 3 жас дағдарысы (өтпелі құбылысы) басталады. Үлкендер рұқсат етпеген нәрсені әдейі жасап, өзінің тәуелсіздігін, күштілігін көрсеткісі келеді. Осылайша баланың үлкен болуға ұмтылуынан тәрбиеде қиындықтар туады. Осы кезде үлкендер бала дербестігіне жол беріп, әдепті мінез-құлық көрсету, тілегін ойын түріне айналдыру, орындау, өзгерістерді байқап, сәби мүмкіндігін ескеріп, іс-әрекетін басқару, бағдар беру тәрбиедегі қиындықтарды азайтып, дағдарыс кезеңінің жеңіл өтуіне жол ашады.
4 жас пен 5 жас аралығында баланың сенсорлық үдерісінің — сезіну мен қабылдау түрлері қалыптасады. Фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі.
Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді. Жаңа заттарды қарап, көзбен көріп танудан сипап-сезу, есту, иіскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.
Сөз төрт-бес жасар балалардың сенсорлық үдерістерін дамытуда жетекші орын алады. Балалардың сөздік қорын заттардың сынын, бір-бірімен қарым-қатынасын білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады. Ана тілін меңгеру негізгі грамматикалық санаттар мен сөйлеу тілін меңгеруімен сипатталады.
4-5 жастан бастап баланың есі еріксіз сипатта болады. Бала материалды өзі іс-әрекетке тікелей қатысу арқылы есіне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау қабілеті сапалық өзгешелігімен ерекшеленеді. Оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол — өзімшіл. Оған анимастикалық түсініктер тән. Айнала қоршаған заттардың бәрін өзімен салыстырады, олар да өзі сияқты ойлауға және сезінуге қабілетті деп ойлайды.Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуір ашық бөлігін ажыратады.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда кеңістік, уақыт, сан туралы қарапайым түсініктері қалыптаса бастайды.
Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтінін эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсінгендігі сөйлеу тілінде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттері үстінде байқалады.
Мектепке дейінгі кіші жаста баланың моторлық қызметтері қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсенділігі іс-әрекет дербестігінің жоғары деңгейлігімен сипатталады.
Төрт- бес жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы біліне бастайды, бұл кезеңде бала өзіндік еркі бар жеке адам екенін түсіне бастайды. Ми қызметі мен психикалық қызметі қарқынды дамуын жалғастырады, мінез-құлқында өзгерістер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Көпшілікпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседі.
Қоршаған әлемді танып-білу мақсатында әртүрлі сұрақтар қойып, белсенді қызығушылық танытуынан көрінеді. Ол әртүрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі, пішіні, көлемі, фактурасы, құрылымы), қызметіне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемі, дөңгелек, т.б.).
Сәби жасындағы балалардың тілдің дыбыстық мәдениетін дамыту мен тәрбиелеу ең алдымен өзіне 4-5 жасар балаларды дыбыстарды дұрыс айтуға үйретуден басталады.
Ересек топ балаларын тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу жұмысының мазмұнына айту, есту, сөйлеу қарқыны, оның интонациялық мәнерлілігіне байланысты ойындар мен жаттығулардан тұрады. Мұнда берілетін материалдың біртіндеп күрделенетінін, оның қайталанатынын ескеру маңызды. Дыбыстардың дифференциациясы мен бекітуінін жүйелілігі сөйлеудің дамуы үрдісінде пайда болған қиындықтарға байланысты беріледі.
Тіл дыбыстарының айтылуы мен дыбыстау мүшелері арқылы жүзеге асырылады. 5 жастағы балаға ң,р,с,ш,ч,қ,ү,щ,з,ж,ц дыбыстарын дұрыс айта алмайды, сондықтан арнайы жаттығуларды пайдаланған жөн [4;5].
Тілдің дыбыстық мәдениетін дамыту мен тәрбиелеу сәби жасындағы балалардың дыбыстық дамуының басты мәселелерінін бірі болып келеді. Дыбыстарды дұрыс айту мен қатар тілдің дыбыстық жағының интонация, дауыс күші, дикция, қарқын сияқты басқа да элементтерімен жұмыс істеу қажеттілігін зерттеушілер көрсеткен.
Сонымен, балаларда ақыл-ой мен сөйлеуінің дамуы барысында дыбыстарды дұрыс айтуда сөз екпіні, интонация (сөйлеу мақамы, дауыс күші, қарқыны, сөйлеу тембрі) сияқты элементтерге және де бйланыстырып сөйлеуге көбірек көңіл бөлу керек. Сөйлеудің интонациялық мәнерілілігімен жұмыс жасау монотондылық, сөйлеудің түсініксіздігі, дикцияның айқынсыздығы, жеделдетіген (немесе бәсеңдетілген) қарқын сияқты кемшіліктерден құтылуға жол ашады.
Тілдің дыбыстық мәдениетін дамыту және тәрбиелеу бойынша арнайы сабақтар айына 1-2 рет өткізіледі. Сонымен қатар, айына 1-2 рет, сабаққа қосымша ретінде балаларды көркем әдебиетпен таныстыруға, сөздік қорларың байытуға арналған ойындар мен жаттығулар да жоспарланады.
Ересек топтардағы балаларды сөз ішіндегі барлық дыбыстарды естуге, айыруға және айтуға үйрету керек. В.В. Гербова бойынша ІІ кіші топ балаларымен туған тілдің барлық дыбыстарын дұрыс айту жоспарланған. Тек айтуға қиын қатаң ([ж], [ш], [ч], [щ]) және үнді ([р], [л]) дыбыстары қатаң дұрыс айтуды талап етпейді. Жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі, яғни ең алдымен айтылуы бойынша жақын ерін-ерін дауыссыздар ([м], [б], [п]), одан кейін ерін-тіс ([в], [ф]), тіл алды ([н], [д], [т]), тіл арты ([к], [г], [х]) және солай жалғаса береді. Дыбыс топтарының ішінде орындарын ауыстыруға да болады. Балалардың көпшілігі төрт дасқа келген уақытта барлық дауысты және көптеген дауыссыз дыбыстарды анық және дұрыс айта алады. Олай болса бұл дыбыстарды айтып уйретуге уақытты жұмсау қажет пе? Бұл сұраққа жауап беру үшін В.В.Гербова мынандай әдістемелік жағдайларды талдайды:
Дауысты және артикуляциясы бойынша жеңіл дауыссыз дыбыстарды анық айту балада артикуляциясы қиындау болатын дыбыстарды айта алуына әкеледі. Ал балалардың сөйлеуі анық және түсінікті болу үшін олар ауыздарын үлкенірек қып ашу керек – бұл [а] дауысты дыбысының артикуляциясы арқасында және еріндерін қатты айқастыру керек – бұл [м], [п], [б] сияқты дыбыстардың анық айтылуы.
Тілдің дыбыстық мәдениетін дамыту және тәрбиелеу – бұл тек қана дыбыстарды дұрыс айтқызу ғана емес. Дыбыстарды дұрыс айтқызуда фонематикалық естуды, яғни дыбыстарды айыру, сөйлеу кезіндегі тыныс алу, сөйлеу қарқыны, дауыстың биіктігі мен қаттылығы, дикцияны айыра алу қабілеттілігі жетіле түседі. Бұл мәселелерді тиімді шешу үшін бала жақсы айта алатын дыбыстарды қолдану керек.
Туған тілдің дыбыстарының анық артикуляциясын қалыптастыру үшін дауысты дыбыстарды дұрыс айту және оларды дифференциациялау қажет. Бұл сонымен қатар балаларды үлкендердің сөйлеуін тыңдап, есту арқылы жеке дыбыстар мен сөз тіркестерін айыруға үйретеді. Логопедтердің жұмыстарында көрсетілген [м], [б], [щ], [т], [д], [щ], [к], [г], [х], [ф], [в], [л], [с], [ц] – дауыссыз дыбыстарды айту артикуляциялық аппарат мүшелерін қатаң дыбыстарды айтуға дайындайды. Қолданылатын ойындар мен жаттығулар балалардың «па-па», «ба-ба», «то-то», «до-до» сияқты буын бірліктерінде пайда болу орнына қарай бір-біріне жақын дыбыстарды ([п] және [б], [т] және [д], [ф] және [в]) дифференцациялауға дайындайды.
Артикуляциялық аппарат мүшелерін дамыту мақсатында жануарлар дауыстары, келтіруші сөздер кеңінен қолданылады. Мысалы, балаларға сырнай мен қоңырау сияқты музыкалық аспаптап беріледі. Сырнай «ду-ду», қоңырау «динь-динь» деп сыбдыр қақса – жуан және жіңішке дыбыстардың айтылуы бекітіледі. Ал, «Ненің дыбыстайтынын тап», «Кімнің дауысы екенін тап» деген сияқты ойындарты ойыншыұтармен жүргізуге болады. Мұнда «Бақа (қаз, үйрек, әтеш) дыбыстайды?» деген тура сұрақтармен қатар «Ку-ка-ре-ку (ква-ква, кря-кря) деп нелер айтады?» деген кері сұрақтар қоюға болады.
«Не келе жатыр?» ойынында балалар алдымен үлкен аю мен кішкентай қонжықты қарап алады. Содан кейін тәрбиеші балаларға қатты дауыспен (топ-топ-топ) – үлкен аю келе жтыр және ақырын (топ-топ-топ) қонжық келе жатыр деп айтады. Тәрбиеші балалардың біреуіне аюды немесе қонжықты ойнап беруді ұсынады, ал қалғандары табулары тиіс.
Балаларға сөздердің қысқа және ұзын, әр түрлі болатынын, олардың алуан түрлі айтылатынын және де оларды қатты – ақырын – сыбырлап, жылдам – жай – ақырын айтуға болатынын көрсететін ойындар мен жаттығулар бар. Бұндай жаттығуларды еліктеу әдісімен (кап-кап, топ-топ) және кез-келген бір-бірімен үйлесімді дыбыстармен жүргізуге болады.
Сөйлеудің дыбыстық жағының қалыптасуы арнайы сөйлеу материалы (сөз, сөйлем, жаңылтпаштар, белгілі бір дыбыстар тобы бар өлең-тақпақтар) арқасында және де сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудің мақсатына грамматикалық және лексикалық жаттығуларды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Ал мақсаттарды осылай байланыстыру балаларды қызықтыруда үлкен нәтиже көрсетеді.
Дикция (сөз, буын, дыбыстарды дұрыс, анық айту) арнайы сөздік материал арқызы жүзеге асады. Мысалы, бұл әзіл-жаңылтпаштар («Са-са-са, ызыңдайды маса», «Жу-жу – қане ыдыс жу», «Бом-бом-ботақан, бері келші, қошақан»), мазақтамалар, қаламақтар, жаңылтпаштар («Шеше, неше кесе сынды кеше»; «Сәлем саусақ, сәлем саусақ, сәлем саусақ»).
Дыбысталуы ұқсас дыбыстарды оқытуда оларды біріктіруге болады. Мысалы, [с] және [з] дыбыстары артикуляциясын өтуде тәрбиеші мына сөйлемдерді қайталап айтуын сұрайды: «Зе-зе-зе,зе-зе-зе – бұл шынылы терезе», «За-за-за,за-за-за – үйдің іші тап-таза», «Зу-зу-зу,зу-зу-зу – күрекпен жерді қазу», «Са-са-са, са-са-са – ызыңдайды маса». Мұндай жаттығулар балаларға ритм сезімін дамытады.
Төменде дыбыстар артикуляциясына арналған мынандай әзіл-жаңылтпаштар қолдануға болады.
Кесте -6.
Дыбыс артикуляциясын дамытуға арналған әзіл-жаңылтпаштар.
|
аз-аз-аз Құдықты каз.
Қаңқылдайды қаз. Келіп қалды жаз. Болып қапты жаз. Атаңа хат жаз. |
|
ақ-ақ-ақ Астында болсын тақ!
Алла болсын жақ! Басыңа қонсын бақ! Атам маған жақ. Гүлденіп кетті бақ Әжем маған жақ. Боларсың өркез сақ. Секіреді лақ. Шұнандайды лақ. Сылдырайды бұлақ. |
|
ас-ас-ас Аман болсын бас.
Көзіңе алма жас. Дәмді түсті ас. Болма ешкашан лас. Атамда қалың қас. Әжем менің жас. |
|
ән-ән-ән Қамба толы дән.
Әжем айтқан ән. Құрып жүргін сән. |
|
ер-ер-ер Қасиетті жер.
Төгілді көп тер. Жемістерді тер. Аға соңынан ер. Сұрағанын бер. |
|
лау-лау-лау Желбірейді жалау
Лапылдайды алау. |
|
ра-ра-ра Айжан, шашыңды тара.
Қозыға жақсы қара. Жан-жағыңа қара. |
|
у-у-у Желбірейді ту
Таза болсын су. Қалың болсын ну. Сен қолыңды жу. |
|
ыс-ыс-ыс Болсын мол ырыс.
Болып қапты қыс. Аман болсын туыс. Ыдыстарды жуыс. |
|
ші-ші-ш Ағам менің – әнші.
Әкпем менің – биші. Көкем менің – күйші.
|
Әр сөз, сөз тіркесінен дыбысты ерекшелеп алу нәтижесінде бала «дыбыс», «сөз» терминдерін игереді, түсінеді.
Сонымен, интонациялық сезімділікті, сөйлеу қарқынын, дикцияны, дауыс қаттылығын дамытып тәрбиелеуге ІІ кіші топ балаларымен жұмыс істеуде үлкен назар аудару керек. Бұл, тілдің (сөйлеудің) ары қарай жан-жақты дамуының кепілі.
Кіші топтардағы балаларды сөз ішіндегі дыбыстарды естуге, айыруға және айтуға үйрету керек. Туған тілдің дыбыстарының анық артикуляциясын қалыптастыру үшін дауысты дыбыстарды дұрыс айту және оларды дифференциациялау қажет. Бұл сонымен қатар балаларды үлкендердің сөйлеуі тыңдап, есту арқылы жеке дыбыстар мен сөз тіркестерін айыруға үйретеді. Логопедтердің жұмыстарында көрсетілген м, б, щ т, д, щ к, г, х, ф, в, л, с, ц – дауыссыз дыбыстарды айту артикуляциялық аппарат мүшелерін қатаң дыбыстарды айтуға дайындайды. Қолданылатын ойындар мен жаттығулар балалардың па-па, ба-ба, то-то, до-до сияқты буын бірліктерінде пайда болу орнына қарай бір-біріне жақын дыбыстарды (п және б, т және д, ф және в) дифференцациялауға дайындайды.
Артикуляциялық аппарат мүшелерін дамыту мақсатында жануарлар дауыстары, келтіруші сөздер кеңінен қолданылады. Мысалы, балаларға сырнай мен қоңырау сияқты музыкалық аспаптап беріледі. Сырнай «ду-ду», қоңырау «динь-динь» деп сыбдыр қақса – жуан және жіңішке дыбыстардың айтылуы бекітіледі. Ал, «Ненің дыбыстайтынын тап», «Кімнің дауысы екенін тап» деген сияқты ойындарты ойыншыұтармен жүргізуге болады. Мұнда «Бақа (қаз, үйрек, қораз) дыбыстайды?» деген тура сұрақтармен қатар «Ку-ка-ре-ку (ква-ква, кря-кря) деп нелер атйтады?» деген кері сұрақтар қоюға болады.
«Не келе жатыр?» ойынында балалар алдымен үлкен аю мен кішкентай қонжықты қарап алады. Содан кейін тәрбиеші балаларға қатты дауыспен (топ-топ-топ) – үлкен аю келе жтыр және ақырын (топ-топ-топ) қонжық келе жатыр деп айтады. Тәрбиеші балалардың біреуіне аюды немесе қонжықты ойнап беруді ұсынады, ал қалғандары табулары тиіс.
Сөйлеудің дыбыстық жағының қалыптасуы арнайы сөйлеу материалы (сөз, сөйлем, жаңылтпаштар, белгілі бір дыбыстар тобы бар өлең-тақпақтар) арқасында және де сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудің мақсатына грамматикалық және лексикалық жаттығуларды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Ал мақсаттарды осылай байланыстыру балаларды қызықтыруда үлкен нәтиже көрсетеді.
Бала өмірінің төртінші жылында тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу және дамыту жұмыстары ары қарай жалғасады. Бұл жастағы балаларды тәрбиелеудің мақсаты мектепке дейінгі балаларға таныс дыбыстарды анықтау мен бекіту, сөйлемдер мен сөздер ішінде оларды анық, түсінікті дыбыстап айтуға көмектесу ғана емес, сонымен қатар жаңа дыбыстарды меңгерту, оларды қате дыбыстаудың алдын алуда болады. Екінші кіші топта тәрбиеші артикуляциялық және дауыс аппаратын дамытуды, сөйлеу кезіндегі дем алуды, есту қабілетін, сөйлеу қабілетін дамытуды жалғастырады, мәнерлеп айтудың интонациялық құралдарын дұрыс қолдануды үйретеді.
Төрт-бес жасар балалардың дыбыстық мәдениетін дамытудың мақсаты мен міндеттеріне көшпес бұрын, осы жастағы балалардың сөйлеуінің дыбыстық жағынын дамуының кейбір ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
Бұл жастағы мектепке дейінгі балалардың артикуляциялық аппаратының бекуі жалғасады: дыбыстың жасалуында белсенді қатысатын төменгі жақ, ерін, тіл буындарының қозғалысының үйлесімділік дәрежесі жоғарылайды. Бүлдіршіндер екі-үш дауыссыз дыбыстар қатар келетін сөздерді, туған тілінің көптеген дыбыстарын дұрыс дыбыстап айта бастайды. Тіл буындарының бекуіне байланысты (тіл ұшы мен орта бөлігі) дауыссыз дыбыстарды жұмсақ айтуы сирек кездеседі (сяна сөзінің орнына сана).
Балалардың көпшілігі ызың дыбыстарды ауыстырып айтыды: [ш] орнына [с] (шай орнына с’ай, шәйнек – сәйнек), [ж] – [з] (жаяу – заяу), [р], [р’], [л] үнді дауыссыздарын [л’], сирек [й] дыбыстарымен алмастырады: балық сөзі орнына байық, рақмет орына йақмет, рет – лет, күрек орнына күлек немесе күйек. Керісінше алмастыру да болуы мүмкін, меңгеруде жаңадан пайда болған дыбыстар бала бұрыннан білетін дыбысты алмастырады, мысалы, [с], [з] – [ш], [ж](сағат сөзі орнына шағат, зауыт орына жауыт).
Көп буынды сөздерде, әсіресе бірнеше дауыссыздар қатар келетін жағдайларда балалар бөлек дыбыстар мен буындарды тастап немесе орындарын ауыстырып кетеді, мысалы, н ауыстырып кетеді, мысалы, температура сөзін олар тематура, пингвин – пивин, қауіпсіздік – қапідік).
Барлық балалар дерлік өз дауыс аппаратын басқара алмайды, яғни айтқан хабарламаның мазмұнына қарай сөйлеудің қарқынын, дауыс қаттылығы мен биіктігін бірден өзгерте алмайды.
Бұл жаста сөйлеу қабілеті жетіле түседі. Артикуляциялық қиындықтар нәтижесінде мектепке дейінгілер жеке дыбыстарды әлі де дұрыс айта алмаса да, олардың көбі құрдастарының сөйлеуіндегі дыбыстық жағының қателіктерін байқайды. Бүлдіршіндердің көбі дыбыстық жағынан ұқсас буындарды (би-и және пи-и), сөздерді (ыдыс және ырыс) есту арқылы ажырата алады. Олар сөздің дұрыс немесе қате айтылғанын айта алады, бірақ қай дыбыстың дұрыс емес екенін көрсете алмайды. Төрт жасар балалар арнайы оқытусыз өздіктерінен сөз ішінде белгілі бір дыбыстың бар немесе жоқтығын және оны сөз құрамынан жекелеп көрсете алмайды.
Бұл жас кезеңінде де тілдің дыбыстылу мәдениетін дамыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаттарының бірі болып дұрыс дыбыстап айтуды қалыптастыру, яғни бірінші кіші топта анықтау мен бекіту жұмыстары жүргізілген дыбыстарды дыбыстап айтуды жаттықтыру. Бірақ бұл жұмыс дыбыстық тіркестер мен жай, жеңіл сөздерде емес, көпбуынды сөздер мен сөйлемдерде іске асырылады. Төрт жасар балаларды [т], [д], [с], [з] сияқты тілалды дауыссыздарын және де басқа да дыбыстарды жұмсақтамай айтуға, көпбуынды сөздерді, екі-үш және одан да көп дауыссыздар қатар келетін сөздерді анық айтуға үйрету.
Сонымен қатар сөйлеу қабілетінің есту қабылдауын дамыту мақсаты да маңызды болып табылады. Тәрбиеші балаларды сөздер мен дыбыстардың дыбысталуын естуінеуйретуді жалғастырады, сөздің дыбыстық жағын сезінуге, сөздерде жеке дыбыстарды естуге көмектеседі.
Дауыс аппаратын дамыту мақсаты – мектепке дейінгі балаларды күнделікті қарым-қатынас және сабақтар барысында сұрақтарға нақты жауаптар беріп, қаттылығы әр түрлі дыбыстарды, дыбыс тіркестерін, сөздер мен сөйлемдерді айтуға үйрету болып табылады.
Төрт жасар балалар өз айтқысы келгендерін мазмұны біртұтас байланысқан бірнеше сөйлемнен құрастырады. Бірақ олардың сөйлеуі әлі де қажетті қарқында әрі мәнерлі болмайды. Сөйлеудің дұрыс қарқының дамыту мақсаты балаларды өз айтқысы келгендерін мәнерлеп сөйлеудің интонациялық құралдарын қолдана отырып, сөйлеу жылдамдығын өзгерте отырып, асықпай сөйлеуге үйрету.
Төрт –бес жасар балалардың демді шығарулары ұзағырақ болады, олар 3-5 секунд бойы [а], [у] және [и] дауысты дыбыстарын айта алады. Демді ұзағырақ шығаруды жаттықтыру мақсаты балаларды бір демді шығару барысында [в], [ф], [с], [з] сияқты фрикативті дауыссыздарды, дауыстыларды созып айтуға, оқшауланған дыбыстарды айтуда ауаны рационалды түрде қолдана алуға үйретуден тұрады.
Екінші кіші топта тілдің дыбыстық мәдениеті бойынша сабақтар айына бір реттен кем емес жүргізілу керек және тіл дамыту, ән сабақтары және тағы басқа сабақтарға есту қабілетін, сөйлеу демін, артикуляцияны жетілдіруге арналған жаттығуларды жоспарлау қажет. Қойылған мақсаттарға қарай жаттығулардың ұзақтығы 2-4 минуттан 5-7 минутқа дейін созылу мүмкін. Тілдің дыбыстық мәдениетін дамыту сабақтары (өтіп кеткен материалды бекіту мен қайталауға бағытталған) айдың соңында жүргізіледі.
Тәрбиешіге кіші топтармен емес барлық балалармен бір уақытта жұмыс жүргізетіні қиынға түседі. Дыбыстардың айқын артикуляциясын қалыптастыруды, олардың оқшауланған түрде дыбысталуын нақтылау жұмысын 2-3 минут ішінде аптасына екі реттен кем емес таңғы гимнастикадан кейін өткізу тиімді болады. Бұл үшін балалар әр түрлі ойын ситуацияларында айтатын дыбыстық еліктеулерді де қолдануға болады.
Мысалы, таңғы гимнастикадан кейін мынандай артикуляциялық жаттығуларды өткізуге болады:
— Еріннің қозғалу қабілетін дамытуға арналған жаттығулар:
С/р | Жаттығу атауы | Орындалу әдістемесі
|
11. | қаша | Тістер біріктірілген, ерін күлімдейді
|
22. | тоқаш | Еріндер біріктірілмеген, дөңгеленіп тұрады
|
33. | керней | Біріктірілмеген еріндер алға қарай созылады |
44. | пілдің тұмсығы | Еріндер біріктірілген және алға қарай қатты созылады |
55. | үйректің тұмсығы | Еріндер біріктірілген, алға қарай созылады – жоғарғы ерін жоғары қарай көтерілген, ал төменгі төмен қарай түсірілген |
66. | терезе | «Ыстық» — ауыз үлкен болып ашылады, ауызды жабу – «суық» |
77. | шар | Ұртты толтыру, ауаның бәрін шығарып ұртты жинау |
— Тілдің қозғалғыштық қабілетін дамытуға арналған жаттығулар:
С/р | Жаттығу атауы | Орындалу әдістемесі
|
11. | құймақ пісіреміз | Жымиып, ауызды ашамыз, тілдің алдыңғы бөлігін төменгі ерінге саламыз. Тілді бірқалыпты,жағдайда санау арқылы 1-ден 5-ке дейін, дан кейін 1-ден 10-ға дейін ұстап тұру керек. |
22. | ұн илейміз | Жымиып, «пя-пя-пя…» деп тілмен еріндер арасында шалпылдату. |
33. | тісімізді тазалаймыз | Жымиып, тістерді көрсету. Ауызды ашып, тілдің ұшымен жан-жаққа, одан кейін жоғарыдан төмен қарай қозғалыстарды жасау. |
44. | тіліміздің күші көп | Тістер біріктірілген, тіл төменгі, одан кейін жоғарғы тістерге күшпен басады. |
55. | баспалдақтар | Тілдің ұшы кезек-кезек біресе жоғарғы, біресе төменгі тістерге тиеді. |
66. | тарақ | Жоғарғы тістер тілді «тарайды». |
77. | дәмді тосап | Жымиып, ауызды ашып, «кесе» түрдегі жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалау. |
88. | құлыншақ | Еріндерді созып, ауызды ашып, жіңішке тілмен тырсылдату. |
99. | саңырауқұлақ | Жымиып, ауызды ашып, тілдің жалпақ бөлігін көтеріп, таңдайға керіп, ұстап тұру. |
110. | кеме келе жатыр | Жымиып, ауызды ашу, күшпен «ы-ы-ы…» деп айту. |
Тілдің дыбыстық мәдениеті бойынша сабақтар өзара жалпы мазмұнымен байланысқан бірнеше бөлімдерден тұрады. Әр бөлім белгілі бір дыбыстар топтарын дұрыс айтуын бекітуге арналады. Негізінде, бұл бір-біріне жасалу орнына қарай жақын дыбыстар: еріндік-еріндік ([м], [б], [п]), тілалды ([т], [д], [н]), еріндік-тіс арқылы жасалатын ([в], [ф]) және тағы басқалар. Дұрыс дыбыстауды бекіту жұмысы дыбыстардың жасалу орнына байланысты болғандықтан, олар акустика жағынана да бір-біріне жақын болып келеді ([т] мен [д], [б] мен[п], [ф] мен [в] және т.с.с). Тәрбиеші сабаққа осы дыбыстардың есту бойынша дифференцациясына бағытталған (көбінде кіші сөйлеу бірліктері – буындарда) ойындар мен жаттығулар енгізеді. Мұндай сабақтардың мақсаты тек белгілі бір дыбыстар тобының дұрыс дыбыстап айтуды бекіту ғана емес, сонымен қатар балаларды сол дыбыстарды анық айтуға, яғни тәрбиеленушілердің артикуляциялық аппараты мен сөйлеу қабілетін жаттықтыру болып табылады.
Бірінші екі сабақта педагог балаларға [а], [и], [у]; [о], [э], [ы] дауыстылар қатарын айыруды сұрайды. Мұндағы мақсат – бүлдіршіндерді тәрбиеші сөзін тыңдап, жеке дыбыстар мен дыбыстық тіркестерді есту арқылы айыра алуға үйрету.
Сабақтың негізгі бөлімінде дыбысты анықтау мен бекіті жұмысы жүргізіледі, ал қорытынды бөліміне сөйлеу демі мен дауыстық аппаратты дамытуға бағытталған ойындар мен жаттығуларды енгізу қажет.
Төрт –бес жасар балалардың тез шаршайтынын ескере отырып, олар үшін 15-20 минут қозғалмай отыру қиынға соғады, сабақ ортасында тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырады. Балаларға белгілі бір дыбыс тіркестерін айтқыза отырып, ойындар ойнау ұсынылады, мысалы, тауықтар болып ойнау, автобус жүргізушілері және тағы басқа болып ойнау.
Балалардың сабаққа деген қалыпты қызығушылықтарын жоғалтпас үшін В.В.Гербова әр түрлі әдістемелік әдістерді қолдануды ұсынады: жеке және хормен, топпен қайталаулар, әр түрлі дидактикалық ойындар (мысалы, «Сиқырлы текше»), сахналау ойындары:
- Жекеше және хормен қайталаудың сабақтастығы. (9-10 рет қайталау). Мысалы, тәрбиеші «У-у-у – пойыз келе жатыр. Ол қандай дауыс шығарады? Барлығымыз хормен айтайық. Ал енді Айдостың пойызы қалай белгі береді екен… Арнұрдың ше… Кәусәрдің… Пойыз алыста, оның өлеңі ақырын естіледі… Енді пойыз бізге жақындап келеді… Ол бізге мүлдем жақындап келді… Ал Аружанның пойызы әлі алыста… Мұстафаның пойызы мүлдем жақын… Ерасылдың пойызының дауысы жуан шығады… Ал Дильназдың пойызының дауысы өте жіңішке…»
- «Бұрандалы ойыншықтар» тәрізді дидактикалық ойындарды қолдану.
«Бұрандалы ойыншықтар» ойынында (М.Ф.Фомичева құрастырған) балалар тиіндерді (ұшақтар, масалар, құлыншақтарды) бейнелейді. Тәрбиеші бала-тиінді «кілтпен бұрап, қосады. Тиін «Ц-ц-ц» — деп дыбыстап айтады. (Егер балаа үндемей тұрса, жауапты беруін күтпей, балаларға ойыншық сынып қалды деп түсіндіру керек).
Бұл ойындарды балалар сабақтан тыс уақытта да, таныс өлеңдерді (дыбыстарды) қайталап айтады.
- «Сиқырлы текшені» қолдану. Текше қырларында (өлшемі 10-15 см) суреттер жапсырылған: Айдана қуыршақ, пойыз, кеме, құлыншақ және басқалар. Балалар «Айнал, дөңгелең, бір қабырғаңа жат!» – деп айтады, ал тәрбиеші сол уақытта текшені бір қырынан екінші қырына аударады. Балалардың назарына суреттердің бірі беріледі, ал бүлдіршіндер хормен немесе жекеше суретке сәйкес өлеңдерді орындайды (суретте ұшақ – ввв; су краны – ссс; маса – ззз). Текше қырлары суреттермен ақырандап, балалардың жаңа дыбыстармен танысу барысында толтырылады. Жыл соңында кезекпен үш текше қолданылады. Ұқсас текшелерді (өлшемдері кішірек) өзіндік әрекетке қолдануға болады.
Әр айдың соңында өтілген материалды қайталау сабақтары ұйымдастырылады. Сол сабақтарда балалар дыбыстарды дұрыс айтуда ғана жаттығып қоймай, сонымен қатар сол дыбыстарды дифференцациялауға үйренеді.
Дыбыстардың әрбір топтарын бекітуге бір сабақ пен үш жаттығу беріледі. Дыбысталуы қиынырақ ызың дыбыстарды бекітуге басқа дыбыстар топтарына қарағанда көбірек уақыт керек ( әр дыбысқа шамамен бір ай кетеді). Бірақ, [з] дыбысының [с] дыбысымен артикуляциялық жасалу жолдары ұқсас болғандықтан жаттығулар санын азайтуға да болады.
Тіл дамыту жұмысы барысында тәрбиеші балаларға үлкендердің ғана емес, құрдастарының да сөйлеулерін естіп, тыңдап және дұрыс қабылдауға көмектесетін әр түрлі тапсырмалар береді. Мысалы, балдырған Буратинодан ойыншықты немесе белгілі бір зат бейнелеген суретті әперуін сұрайды. Кейде тәрбиеші балалар сұраған заттан басқа затты, олар қатені таба алу мақсатында әдейі көрсетеді. Айналадағылардың сөйлеуіне тәрбиеленушілердің зейіні, сөздер мен буындарды айтуда бекіту мақсатында тәрбиеші сабақ барысында қолданатын жұмбақтар арқылы да аударылады.
Төрт-бес жасар балалар сөздерден дыбыстарды әлі де бөле алмайды. Сондықтан, дыбыстарды бекіту сабақтарын өткізу барысында тәрбиеші балалардың зейіндерін құрамында сол дыбысы бар сөздерді көптеп қолдануға тырысады. Мысалы, [ү] дыбысын меңгеру барысында тәрбиеші [ү] дыбысын ерекшелей отырып: «ү-ү-ү-йрек», «т-ү-ү-йме» сөздерін айтады. Содан кейін сол сөздерді қайта қайталап, балаларға дыбысты атауға ұсыныс береді. Осындай жұмыс нәтижесінде балалар сөз ішінде қандай дыбыс бар екенін анықтап қана қоймай, сонымен қатар оны дауысымен ерекшелеп бөле алады.
Жыл соңында, [с] және [з] ызың дауыссыздарын бекіту барысында тәрбиеші берген сөздерде балалар өздіктерінен есту арқылы сол дыбыстардың бар-жоқтығын анықтайды. Сонымен қатар ол осы материалды беру барысында тәрбиеленушілерді дыбыстар мен сөздерді әр түрлі қарқынмен және қаттылықпен айтуларын жаттықтырады.
Дыбыстық мәдениетті тәрбиелеу барысында көрнекі материалдар кеңінен қолданылады: ойыншықтар, суреттер, тұрмыстық заттар және тағы басқалар. Бұл сабақты жандандырады, алған білімдерін тереңірек ұғынуға көмектеседі. Сөйлем ішіндегі дыбыстарды бекіту сабағы барысында балалар қысқа тақпақтарды көрнекі құралдарды қолдану арқылы жаттаса тиімдірек болады.
Мысал ретінде төмендегі тақпақтарды келтіруге болады:
Добым, добым, домалақ
Тоқтамайсың домалап,
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың
Тентек болып кеттің деп
Тұрмын сені тепкім кеп.
Пеш үстінде мысық отыр,
Аздап көзін қысып отыр
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр.
Алтын, сары, қызыл көк
Алуан- алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Сарғайды тоғай
Сап- сары маңай,
Соңғы әнің айтып
Құс кетті қайтып.
Менің әжем, ақ әжем
Алтын әжем, күн әжем
Ертегі айтып бер десем
Шаршамайтын дана әжем.
Айбат шекті Ата қаз
Тас лақтырған балаға
– Шықтыңыз ба, далаға
Тиіспеңіз, ға-ға-ға
Күнде, күнде биікте
Күн тұрады күлімдеп
Күл күнде бізге де
Күн күл күл – бізге
Мен тиінмін, тиінмін,
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші толы үйімнің
Ара балы – әрі нәр, әрі дәрі
Міне, осындай жаттығулар мен ойын-сабақтар арқасында екінші кіші топ балаларынмен тіл дамыту сабақтарында дыбыстық мәдениетті тәрбиелеу процесі жүріп жатады.
«Сөйлеп үйренемін» атты тәрбиешілерге арналған әдістемелік құралда берілген екінші кіші топ балаларына арналған сабақ жоспарын келтіреміз.
Сабақ тақырыбы: [ ғ]дыбысын оқыту.
Мақсаты: балаларды [ғ] дыбысының сөз тіркесінде, сөйлемде, жеке тұрғанда дұрыс айта білуге үйрету. Көркем өдебиет шығармаларын тыңдай отырып, [ғ] дыбысы бар сөздерді нақты айтуға машықтандыру.
– Балалар, мына суретте не көріп тұрсындар? (жауаптарын тыңдау).
– Мынау – ғарыш кемесі. Кәне, бәріміз айтайықшы – ғарыш деп. Ол «ғ» дыбысынан басталып тұр.
– «Ғ» дыбысы дауыссыз, ол кішкентай бала шешесін тындамай көп балмұздақ жеп, тамағы ауырып қалғанда, тамағын шайқағандағы дыбысқа ұксайды. Кәне, бәріміз тамағымызды шайқайықшы.
– ғ – ғ – ғ, – ғ – ғ – ғ, – ғ – ғ – ғ,аузымыздағы суды төгейік. Өте жақсы.
— «Ғ»дыбысы сөздің басында, ортасында кездесе береді, ол дыбысты қатты, жуан, дұрыс айту керекпіз.
— Аға — деп айтамыз, ғ — ортасында, «бағана» -ортасында, ал «ғарыш», «ғимарат», «ғажайып» десек бірінші естиміз (суретін көрсетіп, атын айтқызу).
— Ғарыш кемелерінің ғажайыптары көп екен. Ол бізге жаңылтпаш әкеліпті, жаттап көрейікші:
Атқа тақты таға,
Болсын таза жаға,
Аман болсын аға!
— Таға – деген аттың табанына тұяғына кигізіп қоятын темірден жасалынған зат. «Таға» деп бір-біріннің құлақтарыңа айтыңдаршы.
Жаңылтпашты 2 рет оқып, жеке-жеке сұрап көмектеседі.
— Осы біздің жаттаған жаңылтпашты, ғарыш кемесі басқа елге де ала барсын, олардың кішкене балалары да жаттасын.
Ал, сендер білесіңдер ме «ғ» — дыбысы ненің әні екенін. («Қаздың»).
Айбат шекті Ата қаз,
Тас лақтырған балаға:
— Шықтыңыз ба далаға,
Тиіспеңіз, ға-ға-ға
Е. Ашықбаев
Енді қазір серуенге шығамыз. «Аққу — қаздар» ойынын ойнаймыз.
Тағы рефераттар
- Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы және оның маңызы
- Азот
- Арыс ауданының металлургиясы
- Африканың топырағы мен өсімдіктері
- Түркі тілдеріндегі сын аталымдарының жасалымы