Жоспары:

1. Жаһандану (глобализация) үрдістерінің философиялық астары

2. Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер 

Мыңдаған жылдар бойы өркениеттік даму шеңберіндегі адамдардың арманы, бір жағынан, басқа ұлттар және ұлыстармен кездесу, мәдениет үлгілерімен алмасу, бірге бейбіт өмір сүру т.с.с. болса, екінші, шамасы, ешқашанда орындалмайтын – Ғарыштағы басқа саналы тіршілікпен, яғни рухпен жүздесу қиялы болатын. Осы тұрғыдан алғанда, көне заманның атақты императоры, ғұлама Аристотельдің тәрбиесінде болған Ескендір, Орта ғасырдағы теңдесі жоқ ұлы Шыңғыс хан, Иван Грозный т.с.с. саяси қайраткерлердің іс-әрекеттерінің астарында «жаһандану идеясы» жатса керек. Мүмкін, олар оны саналы түрде пайымдамаса да, ішкі «көкей көзімен» сезген болар.

Тек бүгінгі таңда, ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. Басында бұл идея бүкіл адамзаттың жан дүниесінде тұрақты орын алған сияқты. Кейбіреуге ол ұнауы, я болмаса ұнамауы да мүмкін, бірақ бірде-бір мемлекет одан оқшау өмір сүре алмайды. Олай болса, жаһандану идеясы философиялық тұрғыдан қажетті түрде қаралып, сарапталуы керек.

Жаһандану дегеніміз – бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол – біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым –қатынасқа түсіп, дамып келеді. Алысқа бармай-ақ, өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Турциядан әкелген туфли, астыңызда Германия, немесе Америкадан шыққан жеңіл мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары, Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Сонымен қатар біз басқа елдерге мұнай мен газды, жүн мен мақтаны, қара және түрлі түсті металдар мен таскөмірді т.с.с. жіберіп жатқан жайымыз бар.

Бұл сауда-саттықтың құрылымына қарағанда, әрине, көкірегі ояу азаматқа неше түрлі ауыр ойлар келеді. Мүмкін, біз, шынында да, «жаңа бодандық» ауруына шалдыққан болармыз? Алайда ондай тұжырымға келуге әрі ертерек сияқты. Өйткені біздің дербестік алып, дамып жатқанымызға басы-аяғы он жылдан сәл артық қана уақыт болды ғой. Бүгінгі өкімет неше түрлі инновациялық бағдарламалар қабылдап, «ұлттық қаржы қорын» жасап, өндірісті дамытуға бел байлап, сол жұмыстарға нақтылы кірісіп жатқан жайы бар. Оған халқымыз да дайын.

Енді саяси салаға келер болсақ, Қазақ елі бүкіл дүниежүзілік қауымдастықпен терезсі тең қарым-қатынас орнатуда. Біздің ел дербес мемлекет ретінде мойындалады. Саяси салаға «көп партиялық», «адам құқтары», «құқтық мемлекет» т.с.с. ұғымдар кіріп, өзгеріске ұшырап жатыр. Біз тек қана БҰҰ-ға ғана кіріп қоймай, басқа да халықаралық  ұйымдардың толыққанды мүшесіне айналып жатырмыз.

Бүгінгі таңда Қазақ елі өз төл мәдениетімен біршама халықтарды таныстырып, солардың қошеметіне ие болды. Сонымен қатар «бұқара мәдениеті» деген ұғым сөздігімізге кіріп қана қоймай, соның «отандық үлгілері»жасалуда.

Жоғарыда келтірілген Қазақ елі өмірінен алынған деректердің бәрі де Жер бетінде жүріп жатқан жаһандану үрдістерімен байланысты екенін бір қарағанда-ақ байқауға болады.

Қоғамды материалистік тұрғыдан қарау методологиясының тұрғысынан алып қарағанда, жаһандану үрдісінің негізінде ғылыми-техникалық революция жетістіктерін пайдалану арқылы өндіргіш күштердің күрт дамуы (тек ХХ ғ. өндіргіш күштердің дамуы өткен 5000 жылдан асып түсті!), млрд. тонна тауарлардың бір елден екінші елге өтуі, байланыс жүйелерінің жетілуі т.с.с. құбылыстар жатыр. Екінші жағынан, табиғи ресурстардың Жер бетінде әртүрлі шоғырлануы, сондықтан елдердің бір-бірімен осы байлықты бөлісу, алмасу мәселері де жаһандану үрдісіне өз ықпалын тигізбей қоймайды.

Жер бетіндегі мемлекеттердің бір-бірімен жақындасуына, олардың арасында пайда болатын қайшылықтарды шешуге екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), оның әртүрлі салаларды бақылауға арналған мекемелері (ЮНЕСКО, ЮНКТАД т.с.с.) үлкен ықпал жасауда. Бүгінгі таңда жүздеген аймақтық ұйымдар жұмыс істеуде (Еуропа Одағы, ТМД, АСЕАН, ОАЕ т.с.с.)

Жер бетіндегі ұлттар мен ұлыстардың бір-бірімен жақындасуына бұқаралық ақпарат тарату мекемелері (БАҚ) өз үлесін қосуда. Бүгінгі таңда бірді-бір алыс-жақындағы ел, тіпті сонау Тынық мұхитында орналасқан аралдардағы халықтарға дейін адамзаттың назарынан тыс қалмайды. Жұмыстан кейін үйге келіп, теледидар, я болмаса радио, интернет арқылы сол күні тек өз елінде ғана емес, бүкіл жер бетінде қандай маңызды оқиға болғаны жөнінде ақпарат алып, соны өзімізше сараптаймыз, өйткені біз оларға немқұрайды қарай алмаймыз. Адамзат жетістіктеріне сүйсіне қараймыз да, қателіктеріне бірге өкінеміз. Бүгінгі адамзат – «Ғарыш кеңістігінде Жер деген «кемемен» ұшып жатқан біртұтас астронавтар командасы», — дер едік.

Келесі назар аударатын нәрсе – жаһандану үрдісі бүкіл адамзатты «бір қалыпқа» салғандай әсер етіп жатыр. Өйткені барлығы да компьютерлік есептеуден өтіп, белгілі бір стандарттарға сай болуы керек. Олай болмайынша, сіз өндірген тарауды сырт елдерге шығаруға болмайды. Сондықтан миллиондаған адамдардың киген киімінде, жүретін машиналарында, үйіндегі жиһаздарда, тіпті демалатын орындарда, музыка мен өнерде әсіресе бұқаралық мәдениетте біркелкілікке деген ұмтылысты байқаймыз.

Сонымен қатар бүгінгі адамзат әртүрлі мата қиықтарынан жасалған кәдімгі қазақтың көрпесіне де ұқсас. Өйткені әр елдің, халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған мәдениет үлгілері, тілі, діні, әдет-ғұрпы бар. Ол оған аса қымбат. Біз оның тіпті бағасы жоқ дер едік, өйткені өз төл мәдениетінен айырылған халық тарих асхнасынан жоғалып кетеді. Ал ондай жағдайдың болуы адамзаттың өшпес күнәсі болар еді. Әр халық басқа елдерге ең алдымен өз мәдениеті, өмір салтымен қызықты. Бүгінгі таңдағы адамзатты шыны мен бетоннан жасаған биік ғимараттармен таңғалдыра алмайсың, ол оған таңсық емес. Ал Біржан-сал, Тәттімбет, Сегіз-серінің т.с.с. ұлы перзенттердің өлеңдері, ғұлама Абайдың қара сөздері, көне заманнан сақталған эпос, дастандар оларды, шынында да, таңғалдырып, осындай бабаларымызды тудырған халыққа деген ізгі ықыласын оятатынына біздің күмәніміз жоқ.

Жаһандану үрдісі әртүрлі елдермен жақындасу, бүкіл адамзаттың ортақ тағдырын сезіну, ұлттық мәдениет жетістіктері, жаңа технологиялармен алмасуға әкеледі.

Сонымен қатар жаһандану үрдісі біршама бүкіл адамзаттық теріс салдары бар проблемаларды тудырады. Енді оларды қысқаша сипаттайық.

2 . Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер 

Ең бірінші орында ядролық соғыс қару-жарақтарының  жетілуі мен халықаралық бақылаудың  шеңбері шығып  кетуі  жатыр. Бұрыннан келе жатқан  ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік  Африка, Израиль сияқты елдер қосылды. Біршама елдер ядролық  технологияны  меңгеру   үстінде (Иран, Солтүстік  Корея). Әңгіменің қиындығы –бұл  қосылған жаңа елдер халқаралық  шиеленістер аймағында  орналасқан. 2001 ж. Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар сол елдердің  мемлекет қайраткерлерінің «ядролық  қаруды қолдануымыз мүмкін» деген жантүршігерлік  қорқытуымен аяқталғанын  білеміз. Бұл проблеманы шешудің негізгі жолы-барлық  ядролық елдерді (соның ішінде  ешкімге де артықшылық жасамай) халқаралық  бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру  болмақ. Атомның күш-қуаты тек АЭС-терді  салу арқылы бейбіт  жолға қойылуы  керек. Өкінішке қарай,  ядролық  мемлекеттердің «өзімшіл пиғылы»  бұл мәселені   үзілді –кесілді  шешуге кедергі  жасауда. Алайда  бұл мәселе  ертелі-кеш шешілмейінше, бүкіл адамзат үстіндегі «ядролық  дамокл қылышы» сол  үрейінде тұра бермек.

Екінші үлкен мәселе –бүгінгі қалыптасқан  тәндік-сезімдік  өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи  ресустарды өлшелсіз пайдалану, қоршағын ортаны ластау – адамзатты болашақ экологиялық  апатқа  әкелу мүмкіндігі. Біз бұл мәселеге толығырақ тоқталғанды жөн көрдік.

Қайсыбір қоғам -өте күрделі, өзін-өзі ұйымдастырып дамыта алатын жүйе. Өйткені қоғамның «атомы»-адам. Оның денесімен қатар, ішкі рухани дүниесі ой-өріске, қиял-арманға, шаттық пен  әсерге, қайғы –мұң мен махаббатқа, неше түрлі жарқын және күңгірт  сезімдерге толы. Әр адам өз өмірінің шеңберінде  алдына  неше түрлі мақсат –мұраттар қойып, соларға жетуге ұмтылады. Егер жануарлар табиғатпен бірге, соған  сәйкес өмір сүрсе, өзін табғатқа қарсы қоя алмаса, адам өзінің санасы арқасында  айнала қошаған  ортаны өз  мұқтаждағына  сай етіп өзгертеді,оны таза табиғат қанағаттандыра алмайды. Осы ерекшелікке сай, етіп бүгінгі таңда жер бетінде мыңдаған қалалар, миллиондаған шақырым асфальт және теміржолдар, бүкіл жер бетін қамтитын интернет, теледидар, ұялы телефондар жүйесі, жасанды су қоймалары, алып зауыттар мен фабрикалар т.с.с. адамның шығармашылық еңбегі арқылы дүниеге келген заттарды көреміз. Сонымен қоғам табиғатпен сан алуан байланыстарға түсіп, өмір сүреді. Ал осы байланыстарды жете түсіну үшін «табиғат» ұғымын талдаудан бастайық.

«Табиғат» ұғымы, негізінен, үш мағынада қолданылады. Ең кең түрде алғанда Дүниеде табиғаттан басқа еш нәрсе жоқ (Құдай идеясын жақшаға алсақ). Қазіргі американ астрофизиктерінің деректеріне сүйенсек, бұл Дүние осыдан 13 млрд. Жыл бұрын «Үлкен Жарылыстың» негізінде пайда болды. Яғни Ғарыштың бір шеті мен екіншісіне дейінгі қашықтық  — 13 млрд. Сәулелі жылдар.

Ең тар мағынада алғанда «табиғат» ұғымы «мән» категориясымен теңеліп кетеді. «Осы заттың табиғаты неде деген сұрақ «Осы заттың м әні неде деген сұраққа тең.

Үшінші мағынада «табиғат» деп Жер бетін, оны қоршаған атмосфера, тропосфераны, сан алуан тіршілікті, қоғамды қоршаған ортаны айтамыз. Міне, осы мағынада біз табиғат ұғымын пайдаланамыз.

Бірінші жақындағанда біз табиғатты екіге бөлеміз. Олар — өлі және тірі табиғат. Өлі табиғатқа неше түрлі механикалық, физикалық-химиялық, магниттік, электрлік т.с.с. үрдістерді жатқызуымызға болады.

Ал Жер бетіндегі тіршілікке келер болсақ, ол – Дүниеде болып жатқан бір ғажап оқиға. Олай дейтін себебіміз, осы уақытқа дейін, теориялық тұрғыдан Ғарыштың басқа да кеңістігінде тіршілік болуының мүмкіндігін мойындасақ та, тек Жер бетіндегі тіршіліктен басқасын таба алмадық. Кең түоде алғанда, тіршілік деп қоршаған ортамен заттық, энергетикалық (күш-қуаттық), ақпараттық алмасуға түсіп, өзін-өзі сақтап жетілетін, сонымен қатар өмірін жалғастыра алатын күрделі жүйені айтамыз. Тіршіліктің жер бетіндегі дүниеге келгеніне 3,5 млрд. Жыл болыпты. Осы уақыттың шеңберінде сансыз әртүрлі тіршілік формаларын тудырды. Оның ең биік теңдесі жоқ түрі – сана сезімі бар рухани пенде – адамның өзі.

Жер бетіндегі  миллиардтаған жылдар бойы бір-бірімен  өзара байланыста, сәйкестікке келген тіршілікті біз Үлкен Жүйе деп атауымызға болады. Оның, негізінен алғанда, 3 құрамдас бөлігі бар. Олар: а) өсімдіктер әлемі; в) жануарлар әлемі; с) микроорганизмдер әлемі. Олар, әрине, салыстырмалы түрде  дербес болғанымен, бір –бірімен тығыз байланыста болып, Үлкен Жүйені құрайды.

Өсімдіктер әлемін көркем түрде аса теңдесі жоқ күн сәулесін қорландыратын десек те болады, өйткені олар жапырақтарын күнге қарай бұрып, тамырлары арқылы жер астындағы неше түрлі минералдарды бойына тартып, фотосинтез арқылы өз денесіне айналдырады.

Жануарлар сол өсімдіктермен қоректеніп, олардың денелеріндегі қорланған энергия мен минералдық элементтерді өз бойына сіңіріп, өсіп-өніп, сонымен қатар кеңістікте қозғалуға мүмкіндік алады.

Енді көзге көрінбейтін тірі органимдер – микробтар мен вирустар әлеміне келер болсақ, оларсыз жоғарыдағы екі әлем де өмір сүре алмас еді. Күзде шөптер сарғайып, шіри бастайды. Микроорганизмдер оларды қайтадан табиғатқа минералдық тұздар мен элементтер ретінде кіргізеді. Жануарлар жегендерін микроорганизмдер болмаса қорыта алмас еді, ал олар өлгенде, олардың денесін шірітіп, қайта табиғатқа қосатын да – сол микроорганизмдер.

Сонымен, қарап отырсақ, осы үш тіршілік әлемі бір-бірінсіз өмір сүре алмайды екен. Бұл үлкен жүйені ғылыми тілде биосфера (тіршілік аймағы) дейді. Биогеоценоз дейтін екінші ұғым – белгілі бір географиялық аймақта миллиондаған жылдар бойы үйлесімді қалыптасып қалған тіршілік әлемін көрсетеді. Мысалы, Қазақстан көлдері мен өзендерінде қолтырауын деген жануар өмір сүрмейді. Ол экватор бойындағы өзендер мен көлдеорде ғана өмір сүреді. Сонымен қатар тропиктегі көп өсімдіктер мен микроорганизмдер, жануарлар да біздің жерімізде өмір сүре алмас еді. Өйткені бұл жердегі қоршаған ортаға олар бейімделмеген.

Енді табиғат пен қоғамның өзара байланысын талдайтын уақыт та келді. Көне тарихта табиғат қоғамның қалыптасуы мен дамуына екі түрлі әсер тигізді. Біріншіден, табиғаты өте бай, ауа райы жұмсақ жерде, сонымен қатар табиғаты өте қатал, ауа райы суықжерлерде қоғамның дамуы тоқырап, бір орында тоқтап қалғандай болды. Оның негізгі себептері мынада. Экватордың тұсындағы көп аралдарда адам өзіне керекті нәрселердің бәрін де даяр түрде гүлденген табиғаттан тауып алады. Табиғат адамды жас бала сияқты әлпештейді. Ол теледидардан көрсететін «Баунти» жарнамасындағы көрініс сияқты. Адам ұйқылы-ояу, оған еш нәрсені ойлап шығару тіпті де қажет емес.

Ал енді солтүстіктегі артта қалған халықтарға келер болсақ, ондағы табиғаттың қаталдығы соншалықты, бүкіл адамдардың бірлесе жасаған іс-әрекеттері мен күш-қуаттары тек өмірде тірі қалуға ғана жетеді, сондықтан айнала қоршаған қатал табиғатты өз еркіне көндіруге мүмкіндіктері болмай қалады.

Тіпті алысқа кетпей-ақ, біздің арға бабаларымыздың өмір салтына көз жіберсек, мыңдаған жылдарға өзгермей созылған көшпенділік дәстүрінің өзі Сары Арқаның қатал табиғатынан шықпай ма?

Сондықтан қоғамның дамуына жақсы жағдай табиғаты жұмсақ, суы мол, бірақ еңбек етуді талап етіп, оның қайырымы мол жерлерде дамыды. Олай болса, алғашқы көне цивилизациялардың жұмсақ табиғаты бар ұлы өзендердің жағасында орналасуы – заңды нәрсе. Олар – Тигр мен Ефрат, Ганг пен Инд, Хуанхе мен Янцзы өзендерінің екі ортасы, Нилдың бойында т.с.с. жерлерде дүниеге келіп, дамыды.

Мыңдаған жылдардың шеңберінде адамзат өндіргіш күштерді дамытып, қаншалықты айнала қоршаған ортаны өзгерткенмен, Табиғат өзінің ішкі тұрақтылығын сақтап, шаруашылық қоқыстарын өз мүмкіндіктерін пайдаланып қорытып, қайтадан өз бойына сіңіріп отырды. Тек тарихқа Жаңа Дәуір келіп, қалалар күрт өсіп, мыңдаған зауыттар мен фабрикалар миллиондаған тонна өндіріс қоқыстарын қоршаған ортаға шаша бастаған кезде, табиғаттағы экологиялық тепе-теңдік бұзыла бастады. Адам қоршаған ортаны өз еркіне көндіріп, оны қайта құру жолында тез дами бастады. Алғашқы кездерде табиғатқа жасалған жаралар тіпті байқалған да жоқ, оған қоғамдық сан да көп көңіл бөлген жоқ-ты.

Табиғат пен қоғамның арасындағы ахуал әсіресе ХХ ғ. күрт өзгере бастады. Ол ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін өндірісте кеңінен қолданып, соның негізінде қоғамдық-материалдық байлықты өсіріп, адамдарға жақсы жағдай жасау әрекетінен шығатаны сөзсіз. Бір жағынан, адам өз шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелілігін күрт өсірді, оның тұрмысыжақсаорды, орташа өмір ұзақтығы да біршама өсті. Екінші жағынан, тек өз қамын ойлау, табиғатты тек қана белгілі бір ресурс, шикізат ретінде пайдалану өзінің теріс салдарларын өмірге әкелмей қоймайды. Табиғаттың жүйелі ұйымдасқанын ескермей, оның кейбір элементтерін өзгерту айнала қоршаған ортаның сапасынтөмендете береді. Өзінің мақсаттарын іске асырудағы қоғамның алғашқы жоспарлары мен нақтылы өмірдегі өзгерістердің салдарлары жер мен көктей болып, үлкен қайшылықтағы салдарларын (көбіне теріс) көп жағдайларда ескере алмайды. Тек бірнеше ғана мысал келтірейік. Соңғы 100 жылда ауадағы көмірқышқыл газдың үлесі 20 % -ға дейін өсті, теледидар мен радионың дамуы жер бетіндегі метрлік толқындағы радио –сәулелерді 1 млн. есе өсіріп, Күндегі радиосәулелермен теңдеді. Қоршаған ортада миллиондаған тонна улы заттар айналымда. Тек қана 1 тонна мұнай теңізге төгілгенде

12 кв км. Қоршаған ортаны ластаудың нәтижесінде ананың организмінде мутациялар болып, туа мүгедек балалардың саны бүкіл жер бетінде жыл сайын үрейлі түрде өсуде.

Әсіресе экологиялық ахуал бұрынғы Кеңес Одағында қатты бұзылды. Капиталистік қоғамдық жүйемен жарыс барысында алып өндіріс ошақтары жоспарланып салынғанда, оның әкелетін экологиялық  салдарларына мән беріледі. Тек қана бірер мысал келтірейік. Кремльдегі қартайған партия лоигархтары 60-шы ж. ж. біз күріш пен мақта өндіруді дербестік дәрежеге жетуіміз керек деген жалған ойды басшылыққа алып, Амудария мен Сырдария суын Өзбекстан мен Қазақстанның шөл далаларына ағызды. Соның нәтижесінде 30 млн. жыл бойы өмір сүрген Арал теңізі құрып, ширек ғасырдың шеңберінде экологиялық апат осы аймаққа келіп жетті. Орталық Қазақстанның әйгілі киігі Байқоңырдан ұшырылатын ракеталардың жағатын уға толы жанармацының салдарынан толығынан құрып кету жағдайында. Семей аймағындағы радиация мыңдаған адамдардың өмірін қысқартып, практикалық түрде геноцидке әкеліп жатыр. Мұндай деректердің санын жүздеп келтіруге болар еді. Оның  көпшілігімен оқырман да таныс болар.

Соңғы жылдары ешқандай ғылыми зерттеулеріміз-ақ жер бетіндегі fef райының өзгеріп жатқанын   байқауға болады. Теңіз бен мұхитқа жақын елдер неше түрлі цунами, тайфундардың зардабын көруде. Аляскадағы мұхит жағалауындағы қалашықтар су астында қалып, көшірілуде. Орта Азия мен Қазақстанның fef райы да өзгеріске түсуде. Әсіресе аянышты жағдай Африка континентінде байқалуда. Ал бұл деректердің өзі экологиялық мәселелердің бүкіладамзаттың мүдделеріне әсерін тигізетінін көрсетеді. Оның негізгі себебі ауаның, өзен мен теңіздің  суларының ұлттық шекарасының жоқтығынан шығады. Егер бір жер ластанса, ауа мен су арқылы ол басқа жерлерге де тарайды. Сондықтан бүкіл адамзаттың басы бірікпей, экологиялық мәселелерді шешу мүмкін емес.

Бұл арада бүгінгі таңда кейбір мемлекеттердің ұлттық жақын арадағы мүдделері мен адамзат арасында қайшылықтар пайда болуда. Мысалы, Бразилия тез қарқынмен дамып, Сельвадағы (ну орман) құнды ағаштарды қырқып, босаған жерлерге кофе плантацияларын отырғызып жатыр. Ал атмосфераға оттегін беретін – мұхит пен теңіз, Сібір мен Сельва –дағы ну ормандар. Яғни ол Бразилияға пайда әкелгенмен, бүкіладамзат мүддесіне қайшы келеді. Сол сияқты, Каспий теңізіндегі мұнайды Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей мемлекеттері аса тез қарқынмен игеруде. Ал Каспийдің мұнайдан тыс биологиялық байлығы 500 млрд. доллардан асады. Сондықтан Каспийдің табиғибайлығын құртып алу үрейі осы арада тұрып жатқан халықтарды алаңдатуға.

Cоңғы жылдары бірнеше бүкіладамзаттық деңгейге көтерілген ғылыми  конференциялар (Рио-де-Жанейро, Киото, Буэнос-Айрес) өтіп, жақсы шешімдер жасалды. Бірақ, өкінішке қарай, олар орындаламауда. Мысалы, Киото конференциясында анықталған атмофераға шығаратын улы лас түтіннің мөлшерін қысқарту шешімін АҚШ – көш басындағаы дамыған ел – орындамай отыр. «Ол біздің ұлттық мүддемізге қайшы келеді», — дейді олар. Мұндай жағдайда экологиялық мәселелерді шешу қиын шаруаға айналмақ.

Табиғат пен қоғам арасындағы қайшылықтарды шешу жолында қоғамдық санада, негізгінен, екі пікір қалыптасты. Біреуі –сциентистік (ғылыми), екіншісі –антициентистік, гуманитарлық бағыттар.

Сциентистік бағыттың өкілдері – бүгінгі адамзат ғылыми мен техниканың дамуының алғашқы сатысын ғана бастан кешуге. Жас кезінде неше түрлі бала ауруларынан өтіп есейген адам сияқты, болашақта неше түрлі экологиялық қайшылықтардан өтіп, адамзат сол ғылым мен техниканың дамыған сатысында барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік алады, сондықтан экологиялық үрейлерден қорықпау керек деген оптимистік өміршеңдік пікір ұстауда.

Екінші антисциентистік бағыт – барлық экологиялық қайшылықтардың түп-тамыры ғылым мен техниканың дамуынан көріп, оларды құмыраның ішінен шығып кетіп, адамның өзіне, бүкіл тіршілікке үрей туғызып отырған жынға теңейді. Сондықтан олар жаңа өндіріс кешендерін салуды дереу тоқтату керек, өйткегні тіршілік әлемі оның қысымын әрі қарай көтере алмайды деген пікір айтады.

Бұл пікірлердің сыңаржақтығын, бір қарағанда, байқауға болатын сияқты. Біріншіден, ғылыми-техникалық революцияны тоқтату мүмкін емес, оның өз объективті даму заңдылықтары бар. Керісінше айту – адамдардың шығармашылық еңбегін тоқыратуға тең, онда адамдардың өмірінің мән-мағынасы, оның басқа тіршіліктерден негізгі ерекшелігі жойылар еді. Екінші жағынан, жаңа ғана дамып келе жамқан елдерге өндіріс кешендерін салмаңдар деу олардың мәңгі артта қалуымен тең бағаланып, практикалық түрде үлкен қайшылықтар тудырып, ондай шешімдерге ешбір ел құлақ салмас еді.

Біздің ойымызша, шындық осы екі пікірдің ортасында болса керек. Қазіргі дамыған бай елдердің тәжірибесі энергияны аз қабылдайтын, экологиялық таза технологияларды өмірге енгізіп, көп мәселелерді шешуге болатынын дәлелдеп отыр. Алайда біз мынаны ұмыт қылмауымыз керек. Қазіргі дамыған елдер, практикалық түрде, көп экологиялық зияндықтары бар шикізат өндірісін жаңа ғана дамып келе жатқан елдердің үлесіне өткізіп, өздері аса биік технологиялық дәрежеге көтерілген өндірісті ұстап отыр. Сондықтан олардың өндіретін заттары басқаларға қарағанда ондаған есе қымбат. Тағы бір естен шығармайтын нәрсе – байлықтың күрт өсуіне байланысты тұтыну қоғамы пайда болып, тойымсыздыққа, соның негізінде бақталастыққа жол ашылды. Егер осы жолмен барлық елдер дамыса, онда адамзат тіршіліктің ішіне кіріп, соны құртып жатқан қатерлі ісікке айналады.

Бұл айтылған ойлардан шығатын бірауыз сөз – ол қазіргі адамзаттың рухани тоқыраудан тезірек шығу қажеттілігі, Батыс технократизмі мен сциентизмінің болашағының жоқтығы, бұл жолда адамзаттың бірде-бір негізгі мәселелерінің шешілмей-тіндігі болса керек.

Біздің ойымызша, бұл жолда көшпенділердің тарихи тәжірибесі қазіргі адамзатқа ауадай қажет сияқты. Қазақ санасында «қанағат» ұғымы үлкен орын алады. Өмір бағытына келер болсақ, онда «алуан» гөрі бабаларымыз «болуды» биік ұстаған. Біздің ойымызша, Қазақстан кезектітарихи жаңару сатысында бүкіладамзаттық өрлеу үрдісіне сай келу, экологиялық мәселелерді шешу үшін жаңа технологиялардыигеріп қана қоймай, олардың жаңа түрлерін тудыра алатын дәрежеге көтерілуі қажет. Ол үшін жоғары білім беру саласы ғылым мен техниканың дамуы жаңа дәрежеге көтерілуі керек. Сонымен қатар жалаң еліктеушіліктен арылып, өз жеріміз, еліміз, руханиятымыздың ерекшеліктерін ескере білуіміз қажет. Қазақстан тіпті де Бразилия, я болмаса Оңтүстік Корея, Австралия т.с.с. емес. Адамның өмір сүру құны бізде біршама қымбат, өйткені жылына жеті ай бойы от жағу қажет. Біздің елімізге шикізат өндірісіне ғана шетел қаражаты келуінің себебі де – осында. Қолдағы байлықты бағалай біліп, оны әртүрлі деңгейде өңдеп сатудың тиімділігі анағұрлым артық. Ол үшін отандық іскерлер тобының қорланған қаражаттарын біріктіріп, ұлттық экономиканың әлсіз жақтарына жұмсау қажет.

Ерекше атап өтетін кемшілік – Батыстағы тұтыну қоғамының үлгілеріне тамсана қарап, соған еліктеу болса керек. Бұл жолда біз сәтсіздікке ұшырауымызмүмкін. Біріншіден, біз олардықуып жету барысында олар бір тұрып қалмас. Екіншіден, Материалдық тәндік-сезімдік өмір жолында өз руханиятымыздан жұрдай болып қалуымыз мүмкін. Үшіншіден, «Мерседес» мініп, уланған, жараланған аянышты табиғатымыздың ортасында масаттанып жүргеніміз бізге лайықты болмас.

Сондықтан табиғат пен қоғамды өзара үйлесімді дамыту үшін біз болашақта өзіміздің рухымызға негізделген жаңа өмірдің сапасын тудыруымыз қажет. Яғни адамға керек негізгі қажеттіліктер толығынан өтелуі керек. Олар: ішетін таза су, дем алатын таза ауа , сапалы тамақ, биік дәрежедегі барлық адамдар пайдалана алатын білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет, спорт жүйелері т.с.с. Оның сыртындағы байлық табиғатты тазартуға, оны аялауға жұмсалуы қажет.

Бүгінгі таңда аса керекті нәрсе – табиғаттың,яғни болашақ ұрпақтардың құқын заң жүзінде қорғау болмақ. Өйкені адамның өзі – табиғаттың ең әсем гүлі, ол адам арқылы ғана зө-өзін сезініп, түсіне алады. Табиғатты бүлдіретін де, оны аялайтын да – адам. Олай болса, сапалы жасалған қатаң экология заңдары қажет. Әсіресе шикізат өндірісіне қойылатаын экологиялық талаптар өте қатал болуы керек, өйткені олар – қоршаған ортаны ластауға негізгі «үлес» қосады. Өндіріске енгізілетін бірден-бір кешен экологиялық талаптарды орындамай, іске қосылмауы керек.

Соңғы – халықтың экологиялық санасынбиік деңгейге көтеру. Ол жұмыс мектеп табалдырығынан басталып, барлық ұжымдарда жүйелі түрде жүруі қажет. Күнбе-күнгі ақпарат құралдарында бұл мәселе өз орнын тауып, қоғамдық сананың өткір сұрағына айналуы қажет.

Жас дос, қорыта келе, сіз де өз Отанын, оның сұлу да қатал табиғатын жан аямай қорғайсыз ғой деп сенеиміз.

Үшінші – демографиялық мәселелер, яғни жер бетіндегі халықтың тым тез қарқынмен өсуі. Егер соңғы мыңжылдықта жер бетіндегі халықтың саны 15 есе өссе, оның бірінші рет екі есеге өсуі 700 жылда болса, соңғысы – 40 жылда (егер 1956 ж. женр бетінде 2,8 морд. Халық өмір сүрсе, 2004 ж. – 6,3 млрд.) Әрине, бұл деректер үлкен ойға қалдырады. Бұл өсімнің 9/10 даму барысындағы елдерге жатады. Сонымен қатардамыған елдердегі халықтың құрылымын алар болсақ, онда кәрілердің саны өсіп (жақсы жағдайдағы өмір ұзақтығына байланысты), сонымен қатар туу деңгейі тым төмендеп кеткен. Сондықтан ол елдерде халықтың өсуі түгіл, оны ескі деңгейде сақтау үлкен мәселеге айналуда.

Демографтардың болжауынша, алдағы уақытта Үндістан халқының саны 1,5 млрд. Дейін жетуі мүмкін. Халқы тез өсіп жатқан даму үстіндегі елдердегі өндіргіш күштердің төмендігі, тұрғындардың жалпы мәдени деңгейі, білім беру саласы – бәрі де сын көтермейтін жағдайда. Мұндай ахуал бұрыннан келе жатқан өмір салтын ұстау, бала тууға шек қоймау әдетімен байланысты екені айдан анық. Сондықтан бұл үрдіс таяу арада бәсеңдейді деу артығырақ болар. Дегенмен де Қытай еліндегі соңғы 15 жыл шамасында жүргізілген демографиялық саяхат өз күшін көрсетті. Ертелі-кеш басқа елдер де сондай саяхатқа көшуі мүмкін.

Жаһандану үрдісі «Солтүстік пен Оңтүстік» проблемасы тудырды. Бұл – төртінші мәселе. Жалпылай келе, экватордан жоғары орналасқан елдердің даму қарқыны мен өмір сүру деңгейі төмен жатқан елдерден гөрі анағұрлім биік. Егерде дамыған елдерде тойымсыздық жолына түскен «алтын млрд.» тұрып жатса, жер бетінде осы күнге дейін тағы 1 млрд. жуық адам, басқа қажеттіліктерді өтеуді айтпағанның өзінде, күнбе-күн азық- түлікке жарымай отыр, ал 75 млн. адам аштықтың зардабынан жыл сайын дүниеден кетеді. Бұл дамыған елдер мен дамып келе жатқан елдердің арасындағы қайшылықтың өсуімен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда дамып келе жатқан елдердің дамыған елдерге  1 трлн. Доллардан артық берешегі бар!!! Олар оны өтеу түгіл, оның өсімінің өзін төлеуге қиналады. Сондықтан да Кубаның көсемі Ф.Кастро БҰҰ-ның мінбесінен осы борышты сызып тастауға шақырады. Алайда дамыған елдер ондай шараға барар емес. Ал мұндай жағдайдың өршуі кедей елдердің назарылығын тудырып, неше түрлі экстремистік қозғалыстарға дем береді.

Әрине, дамыған елдер  оларға көмек жасағандайболды. Жылнама шамамен 50 млрд. доллларға жуық қаржы бөлінеді (салыстырыңыз: 2003-2004 жж. АҚШ бір ғана Ирактағы соғысқа 200 млрд. артық қаражат жұмсалды). Өткен  ғасырдың екінші жартысында дамыған елдер «көмек» ретінде ауыр  да   кір өндіріс салаларының  біршамасын дамып келе жатқан мемлекеттерге аударады. Нәтежесінде олар  үш ұтысқа ие болды: өз елдерінің экологиясын дұрыстады, екіншіден, арзан жұмыс күшін пайдаланып, табыстарын өсірді, үшіншіден, ол елдердің шикізаттарын пайдаланады. Дегенмен де ол кезде дамыған елдер мен дамып келе жатқандардың арасындағы айырмашылық  бірте-бірте қысқарады деген үміт болатын-ды. ХХ ғ. 70-80 жж. Бұл айырмашылық,  керісінше, күрт өсе бастады. Өйткен себебі, біршама  дамып келе  жатқан елдер және комьпютерлік  бағдарламаға негіздеген технологияларды игеруге халықтың жалпы білімдердің төмендігінен қол жеткізе алмады. Ғалымдардың есебі бойынша,кейбір елдер дамыған мемлекеттен 150есеге дейін  қалып қойыпты!!! Егерде,шикізатқа бай елдер табиғи байлықтарын сатып күн көрсе,  жоқ елдер дүниежүзілік сауда үрдірісінің шетіне ысырып, қайыршылық ауыр зардабын көруде.  Сонымен, құрметті оқырман,халықаралық  терроризм  мен  экстримизмнің негізгі қайнар көзі Ислам дінінде емес, дамып келе жатқан  елдердің аянышты әлеуметтік –экономикалық жағдайында екенін түсінген боларсыздар.

Енді  бірінші меселеге келер болсақ, жоғарыда көрсетілгендай, халықтың білім деңгейін көтермей, бүгнгі технологияларды игеру мүмкін емес. Адам тіпті әріптерді танып,оқи алғаның өзінде де «функционалдық надандықта» болуы мүмкін. Яғни ол комьюптерлік технологияларды игеріп, жұмыс істей алмайды. Олай болса, білім беру мәселесін де жаһандау үдісінің нкегізгі проблемаларының біріне айналып отыр. Екінші жағынан, надандық демографиялық мәселені шешуге де кедергі  тудыратыны белгілі. Дүниежүзілік  практика»отбасын джоспарлар» тек суатты, салатты да білімі жоғары елдерде ғана іске асатынын көрсетеді.

Алтыншыдан, соңғы кезде ғалымдар жаһандану үсдісін негізгі проблемалары ретінде денсаулықты сақтау мәселесін атауда. Өйткені бүгінгі таңда адамзаттың қоршаған ортаны түбегейлі өзгертуі мен адамдардың денсаулығы төмендеуінің арасындағы байланысты анықтап отыр. Оның куәсі ретінде жүрек, бүйрек, бауыр, мұрыннан қан кету, СПИД, қатерлі ісік т.с.с. «цивилизация ауруларын» келтіруге болады. Егерде, дамыған елдердегі аурулардың көбі тамақты ішу, аз қозғалыста болу, шылым шегу тәндік-сезімдік өмір бағытын ұстаудағы жолда байлықтыөсіремін деп жүйкені тоздыру т.с.с. себептерден болса, дамып келе жатқан елдерде қоршаған ортаның ластануы, баспана қиындығы, ішетін ассу сапасының төмендігі туберкулез, малярия т.с.с. «әлеуметтік ауруларды» тудырады. Жаһандану үрдісі миллиондаған адамдардың бір елден екіншіге, бір континенттен келесіге миграция жасауына әкеліп жатыр. Сондықтан жұқпалы ауралар бүкіл Дүниеге кеңінен тарап, адамзаттың үрейін туғызуда…

Жаһандану мәселелерін шешу жоладрын зерттеуде, негізінен, екі бағыт қалыптасты. Олар: технооптимизм (болашақ жарқын) және техноопессимизм (болашақ қасіретті).

Технооптимистік көзқарастар өз мәресіне ХХ ғ. 60 жж. жетті. Ол кезде ғылыми-техникалық революция (ҒТР) жетістіктерін кеңінен өндірісте пайдалану қарқыналған болатын. Дж. Гелбрайт, Р. Арон т.б. ғалымдар ғылым мен техниканың дамуы «бұқаралық нарықты» тудырып, болашақта Жер бетіндегі барлық халықтарға тамаша өмір әкеледі деген ой тастады. 80 жж. Д. Бэлл, Ж. Фурастье, А.Тофлер сияқты ғалымдар «ғылымның негізгі өндіргіш күшке» айналуына байланысты, барлық жер бетінде қорланған мәселелер- ді компьютерлік технологияларды өмірге енгізу арқылы шешуге болатынын айтты. Алайда жақын арада-ақ, ҒТдың теріс салдарлары да айқындала бастады. Көп елдер экологиялық дағдарысқа ұшырады. Шикізат қорлары шексіз еместігі анықтала бастады. Дамвған елдер мен артта қалған елдердің арсында қайшылық өсе бастады т.с.с. Әрине, бұл теріс өзгерістер технопессимистік көзқарастарды тудырды.

Технопессимизм (Г.Маркузе, К.Лоренц, Д.Гудмен т.б.) қазіргі қоғам адамдарды ғылым мен техниканың ұлына айналадырады даген пікір айтты . К.Лоренц ҒТР адамдарды мыңдаған жылдар бойы беімделген табиғи қошаған ортадан жұлып алды, «тастан  жасаған   джунглиге» қамады. Кейбір адамдар жылдар бойы табиғатқа шыға алмайды. Автоматтар адамдарды ауыр қара жұмыстан босатқанмен, оның жүйкесін анағұрлым тез тоздырады. Қиындығыжоқ жеңіл өмір адамның күшті сезімдерін, өмірге деген жігерін әлсіретіп, зерігуге әкеледі. Іші пысқан адам не істерін білмей, өз өміріне қанағаттанбай, нашнмен әуестене бастайды…

Технопессимистер тәндік-сезімдік өмір бағдарламасынан бас тарту, тойымсыздық пиғылды жою, қанатқа келу мәселелерін көтерді.

Батыста, Рим қаласында, 1968ж. көрнекті ғалымдар «Рим клубын» құрып, адамзат алдында тұрған орасан зор қиын мәселелерді зерттеуге кірісті. Нәтижесінде «жарылған бомбадай» дүниежүзілік қауымға әсерін тигізген “Өсудің шегі» (TҺе Limit of Growth)  деген баяндама 1972 ж. дүниеге келді. Бұл баяндамада Табиғат байлықтарының шектелгені жөнінде, әрі қарай жаңа өндіріс кешендерін салу экологиялық теңдікті жойып, адамзатты апатқа әкелу мүмкіндігі баса айтылды. Осы клубтың бірінші президенті А. Печ- чеи адамзатқа ең керекті нәрсе – руханяттылық, әсіресе – адамгершілік. Тек сонда ғана қорланған мәселелерді шешуге болады. Деген пікірге келеді. Орыстың ұлы ғалымы Н.Моисеев: «ХХ ғ. Адамзатқа ескерту жасады. Егер ХХІ ғ. Ол оған мойын сұқпаса, құрып кетуі мүмкін», — деген ой тастайды.

Әрине, бүгінгі таңдағы ұлы ғалымдар алаңдауының терең себептері бар. Уақытында ағылшын ойшылы лорд Честертон айтқандай, байлық адамды аздырады. Өкінішке қарай, материалдық байлықтың өсуі, көп жағдайда соншалықты рухани өрлеуге әкелмейді. Керісінше, рухани құлдырау байқалады. Оны бүгінгі таңдағы өз өмірімізден-ақ көріп жатырмыз. Бұл қайшылықты жою адамзаттың қолынан келер ме екен? Болашақ өмір оны көрсетер деген ойдамыз.
Тағы рефераттар