Иммануил Морис Валлерстайн туралы қазақша реферат

Иммануил Морис Валлерстайн (1930) – ағылшын ойшылы, әлемдік-жүйелік талдаудың негізін қалаушы, заманауи сол радикалды қоғамтанудың көшбасшыларының бірі. 28 қыркүйек 1930 жылы Нью-Йоркта туылған. Әлеуметтануды в Колумбия университетінде Нью-Йорке оқыды.

Колумбия университеті (1958–1971), Мак-Гила университеті (1971–1976), Бингемтон (1976–1999) және Йельск ( 2000 жылдан бастап) университеттерінде жұмыс жасады.  1976 жылдан бастап өзі ұйымдастырған Фернан Бродел орталығында экономика, тарихи жүйелер мен өркениетті зерттеумен айналысады.  1994–1998 ж.ж. Халықаралық әлеуметтанулық ассоциацияның президенті болды.

Валлерстайн  1960 жылдардан бастап әлеуметтік-эконмикалық даму теорияларымен айналысты.

И.Валлерстайнның басты еңбегі – көп томды  «Қазіргі заманғы әлем-жүйе»; бірінші томында (1974) 16 ғасырдағы еуропа әлем-экономикасын қарастырады, ал екіншісінде (1980) – оның дамуы мен меркантилизм кезеңі, үшінші томында (1989)  оның тарихын 1840 жылдарға дейін жеткізеді. Өзінің басқа жұмыстарында 19–20 ғасырлардағы капиталистік әлем-эконмиканың эволюциясын талдайды және 21 ғасырға болжам жасайды.

Валлерстайн енгізген негізгі ұғым әлем-экономика – саудаға негізделген халықаралық байланыстардың жүйесі.  Ф.Бродельдің идеяларына айтарлықтай сүйенген Валлерстайн бұрын әлеуметтанушылар негізсіз түрде елемей келген «ішкі» және «сыртқы» факторлардың бағыныштылығы мен өзара тәуелдік қатынастарын неғұрлым айқындай түсті.

Валлерстайн өзінің жүйелік сараптау әлемі тоериясында әлемдік капиталистік экономиканың негізгі сипаттарын жасады:

1. Капиталдың үздіксіз жинақталуы – оның қозғаушы күші.

2. Капиталдың жинақталуы орталық-периферия сызығы бойынша бөлінуге сәйкес кеңістікте сараланған.

3. Жартылай периферия құрылымды түрде өмір сүреді.

4. Ақысы төленбеген еңбек әлемдік капиталистік экономика өмірінде үлкен рөл атқарады.

5. Капиталистік әлем-жүйе халықаралық жүйемен қарым-қатынаста болады.

6. Қазіргі әлемдік экономиканың қайнар көзі XVI-шы ғасырда жатыр.

7. Географиялық жағынан ол Еуропада басталып, кейін бүкіл әлемге тарады.

8. Дербес мемлекеттер гегемондар болады.

9. Мемлекеттер, этникалық топтар мен шаруашылықтар ұдайы пайда болып, қайта жаңғырып отырады.

10.  Жүйені бір мезгілде күйзелтетін және қолдап отыратын жүйеге қарсы қозғалыстар болады.

11.  Нәсілшілдік пен сексизм іргелі, ұйымдастырушы және тәртіпке келтіруші принциптер болып табылады.

12.  Әлем-жүйе өмірі орта мерзімді тізбекті ырғақпен, сондай-ақ ұзақ ғасырлық үрдістермен белгіленген.

13. Жаһандану сараптамасының ең маңызды қағидалары ретінде Валлерстайн мыналарды бөліп көрсетеді:

14. Жаһандану процесі модернизациямен қатар жүреді. Оған мемлекеттер арасындағы интернационалдық байланыстардың «экономикалық жүйелеу процесі» мен сананың жаһандық мәдениетінің пайда болуы кіреді.

15. Жаһандануға планетада бар барлық жеке дара байланыстардың жүйелі өзара іс-әрекеті кіреді.

16. Кеңістік тарылып, уақыттық айырмашылық азайды. Жаһандандық өзгерістерге кеңістіктің феноменологиялық қашықтауы мен уақыттың жинақталуы кіреді.

17. Планетаны мекендеушілер әлемге біртұтас нәрсе ретінде қаралды.

18. Планетаны мекендеушілер әлемге біртұтас нәрсе ретінде қарады.

19. Әмбебаптылықпен саяси бейтараптық ендігі жерде ескірді.

20. Тәуекел мен сенім жаһандық деңгейде кеңейді.

.

Тағы рефераттар