Инициация – инновация мақсатының таңдауынан және оның орнықты орындалуынан, жаңа инновациялық ойлардың іздеуінен және оның техника — экономикалық негіздеуі мен ойдың жүзеге асыру әрекетінен құралатын қызмет.
Жаңа өнімнің негіздеуі:
a) инновация ойының мақсатын анықтау;
б) ең басты ойын іздеу. Ол — шығармашылық әдісті талап ететін еңбек процесі;
в) инновацияның ТЭН ойлары. Ол — экономика жағынан мақсатқа лайықты, өмір салтына қажетті және зат түріне яғни жаңа өнімге айналуына техникалық мүмкіншілік дәлелі бар ойлар.
ТЭН- нің құрылымы:
— барлық ойлардың жинағынан таңдап алынған жалғыз ойды бір белгімен немесе белгілердің жүйесімен негіздеу;
— қандай болса да, мақсаттың орындалуына берілген инновация түрінің қажеттілігін негіздеу;
— нарықта сатуға жарамды ой түрін, заттық түрге айналу мүмкіншілігін анықтау;
— нарықта инновацияның нақты шығу орнын зерттеп, таңдау;
— инновацияның өндірісіне және орындауына кеткен шығындарын есептеу;
— инновацияның өндіріс құндылығын және орындалу құндылығын есептеу;
Инновация ойларының іздеу тәсілдері:
1. Сынақ пен қателер әдісі. Ең арзан және нәтижені аз беретін әдіс. Негізі- ұсынылған барлық ойлар жинағынан сәтсіз ойлар лақтырып тасталынады. Жетіспеушілігі- дұрыс ой іздеу ережесі жоқ және бұл әдісте субъективті белгілер қолданылады;
2. Бақылау сұрақтардың әдісі. Бұл сынақ пен қателер әдісінің жетілдірілген әдісі. Негізі- творчестволық процесстің психологиялық активтендірушісі, яғни оның басты мақсаты проблеманың шешімін сұрақтар қою арқылы табу. Жетіспеушіліктері: тізімге әлсіз әрі маңызсыз сұрақтардың түрлері түсуі мүмкін;
3. Мидың шабуыл жасау әдісі. Негізі- пайда болған проблемаға ұжыммен шабуыл жасап, ұсынылған ойлардың ішінен ең сәттісін таңдау (Алекс Осборн, 1955ж.). Қойылған мақсатты шешу үшін, адамдардың 2 тобы қатысады: ой генераторлары және эксперттер;
4.Морфологиялық талдау- зерттеушілерге барлық күтпеген сұрақтарды қамтуға мүмкіндік туғызады. Себебі, оның негізі- барлық проблемалардың мүмкін шешімдерін жүйелі түрде зерттеулерінен тұрады. Бұл- іздеу әдістерінің бір жүйеге бірігуі және берілген инновацияның кез келген функциясының барлық таңдалған түрлердің есебі мен классификациясы жүргізіледі (Швейцарлық астроном Ф.Цвики 1942 ж.).
Келесі кезеңдер бойынша орындалады:
— проблеманы қалыптастыру;
— мақсатын қою;
-тексеріліп жатқан барлық өнімдердің немесе операциялардың мінездемелердің тізімін құру;
— әрбір мінездеменің мүмкін шешімдер түрлерінің тізімін құру;
— шешімдерді «морфологиялық жәшік» атты кестесіне еңгізу;
5.Фокальды объектілердің әдісінің негізі — кездейсоқ таңдалынған объектілері мен жетілдірілген объектілер белгілернің қиылысуынан тұрады. Ол- тасымалдау фокусында жатқан болып көрінеді (Чарльз Войминг 1926- 1950 жж.). Оның құрылымы:
— фокалды объектілердің таңдауы;
— сөздіктен, каталогтан немесе кітаптан үш, одан да көп кездейсоқ объектілерін таңдау;
— кездейсоқ объектілердің белгілер тізімін құру;
— кездейсоқ үйлестірулердің бос қауымдастықтардың жолымен даму;
— алынған ойларды бағалау және пайдалы шешімдерді сұрыптау.
6.Синектика — мамандандырылған кәсіпшілік мамандар, инженерлер, кеңесшілер, эксперттер топтарының түрлі ұқсастықты және қауымдастықты пайдалана отырып, зерттеліп жатқан проблемаға шабуыл жасауы (Уильямс Гордон 1950ж.).
Құрылу кезеңдері:
— проблемамен танысу;
— проблеманы анықтауы;
— проблеманың шешімін табу;
Ұқсастықтардың келесі түрлері қолданылады:
— тура ұқсастық- қаралып жатқан жаңа өнім немесе операция біршама үйлес өнімдерімен не операцияларымен салыстырылады;
— жеке ұқсастық- маман берілген проблеманы шеше отырып, мына өнімді сатып алған тұтынушының не сезгенін анықтауға тырысады және жаңа өнім бейнесіне үлгі жасайды. Бұл ұқсастық түрі- жеке ұқсастыққа жатады;
— символдық ұқсастыққа — ЭММ, математикалық символдар, кестелер, графиктер жатады;
Қолданған әдістердің нәтижесі инновациялық үрдістің соңында, жаңартпаның экономикалық тиімділігін анықтаған кезде көрінеді.
Жаңартпаның тиімділігін келесі өлшемде қарастыруға болады: күтілетін әлеуметтік-экономикалық нәтиженің көлемінде. Мұнда ұлттық байлықты техника деңгейінің өсуі есебінен жоғарылату. Яғни, осы арқылы қоғамдық өнімді өсіруге мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар инновацияның экономикалық тұрақтылығын, өндірістің үздіксіздігін және тұрғындардың
жұмыспен қамтылуын анықтайды. Олар техникалық тиімділікті күшейтеді.
Тағы рефераттар
- Біріккен кәсіпопын түсінігі және дамуы
- Мотор
- Қоғамның ұйымшылдық деңгейі
- Бастауыш сьшып окулықтарының лексикалық минимумы
- Тәуелсіз Қазақстан қазіргі кезенде (1991 жылдың желтоқсаны – қазіргі күнге дейін)