Intranet-тің программалау құралдары және тілдері туралы қазақша реферат

Intranet-қосымшаларды өңдеу үшін программалау құралдары мен тілдердің кең спектрі қолданылады:

— Web-құрылымын құруға арналған HTML гипермәтінінің тілі;

— Үшөлшемді сценаларды басқаруға арналған VRML виртуальды шынайылық тілі;

— Java тілі және мобильді қосымшалардың программалау құралдары;

—  Интерактивті беттерді өңдеуге арналған сценарий тілдері.

HTML гипермәтінінің тілі

HTML өңдеушілері екі міндетті шешті:

  1. гипермәтіндік мәліметтер базасының дизайнерлеріне құжаттарды құрудың қарапайым құралын беру;
  2. бұл құралды қуатты ету.

Бірінші міндет құжатты сипаттайтын тег моделін таңдау есебімен шешілді. Мұндай модель баспаға шығаруға арналған құжаттарды дайындау жүйелерінде кең түрде қолданылады. HTML-ді құру кезінде – Standard Generalised Markup Language деп аталатын баспа құжаттарының тілдік стандарты болған болатын, бұл тіл – HTML негізі ретінде алынды. www-да интерпретатор функциялары гипермәтіндік мәліметтер базасының сервері мен клиенті арасында бөлініп тұрады.

VRML виртуальды шынайылық тілі

HTML құрылғаннан кейін виртуальды шынайылыққа жақын тіл пайда болды. Осылайша Virtual Realty Markup Language (VRML) термині пайда болды, мұндағы Markup сөзі кейіннен Modelling сөзіне ауыстырылады. VRML-дің бірінші түрі 1994жылы SGI Open Inventor ASCII File Format (IFF) форматының негізінде пайда болды. Желілік мүмкіндіктермен кеңейтілген IFF ішкі жиындары VRML базалық формасы негізіне салынған болатын.

Java программалау тілі

Java – бұл арнайы таратылған ортаға арналып құрылған қосымшаларды өңдеудің қазіргі кездегі тілі. Java – программистердің ұзақ оқуын қажет етпейтін қарапайым объектілі-бағытталған тілі болып табылады. Java программалаудың таныс тілі, мұндағы Java синтаксисі С++ тіліне өте ұқсас болып келеді.

Java-ға енгізілген қауіпсіздік құралдары – файлдық жүйеге вирустардың енуіне жол бермейді және қажетті қорғауды қамтамасыз етеді. Java-ның маңызды қасиеттері – бұл платформадан тәуелсіздігі, көп ағымдылығы және программаларды динамикалық түрде жинауы.

Java технологиясы келесі негізгі бөліктерден тұрады: Java объектілі-бағытталған тіліндегі программалау және мобильді Java байт кодтарын өңдеу, сонымен қатар JavaScript программалауы да кіреді.

Java ортасындағы программалау жүйесі компьютерлік платформаға арналған программаларды компилирлеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда Java-программалардың басты ерекшелігі – қауіпсіздік және таратылған жүйелерді қамтамасыз ететін Java топтарын қолдану болып табылады.

Мобильді Java байт-кодтар концепциясы арнайы www-да қолданылуы үшін өңделді. HTML гипермәтіндік тіліндегі апплеттерді қолдану үшін апплеттердің атын анықтайтын APPLET тегы енгізілген болатын. HTML құжаттардың өңделуі браузермен орындалады, яғни ең бірінші құжат сұралады, оның мазмұны талданады, кейін егер APPLET тегтері болса, апплеттер жұктеледі. Бұл сызбадан браузердің бір уақытта байт-кодтардың интерпретаторы ретінде де қолданылатыны анықталады.

Қазіргі кезде Java-ға программалардың визуальды өңдеу жұйелерінің бірнеше түрлері енген болатын:

— Sun фирмасының JavaWorkShop программасы;

— Symantec фирмасының Symantec Café for Windows95/ Windows NT программасы;

— Borland фирмасының Latte программасы;

— Microsoft фирмасының Visial J++ программасы;

JavaScript тілі

JavaScript тілі Netscape компаниясымен HTML беттерді қарау тілі ретінде өңделді. JavaScript тілі – объектілі-бағытталған тіл болып табылады. JavaScript тілі Netscape Navigator: терезе, форма, форма өрістері, Navigator-дың жұмыс аймағының элементтері сияқты объектілерге негізделген. Бұл маңызды программаларды жазуға мүмкіндік береді. JavaScript тілінің көмегімен локальды анықтамалық жұйесі және графикасы бар көп терезелі интерфейсті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. JavaScript тілінде бірнеше функционалдық мұмкіндіктерді: жаңа терезенің ашылуы, калькуляторды программалауға және мәтінді жүзеге асыруға болады.

Intranet-ке байланысты басты хаттамалар мен интерфейстер:

—              клиент пен  Web-сервер арасындағы гипермәтінді беруге арналған

HTTP хаттамасы;

—              Web-сервердегі қосымшалармен байланысты CGI шлюзді интерфейс;

—              тиімді қосымшаларды құруға арналған  Web-серверлердің қолданбалы интерфейстері;

—              мобильді Java-қосымшалардың мәліметтер базасына кіруіне арналған JDBC интерфейсі.

Осы аталған хаттамалар мен интерфейстерден басқа  Intranet-те почталық протоколдар, FTP файлдарды беру хаттамасы, NNTP жаңалықтар хаттамасы, SMTP және POP хаттамалары қолданылады.

HTTP хаттамасы

Intranet-тегі www-дің әрекеттері гипермәтінді беруге арналған HTTP хаттамасына тығыз байланысты болып келеді. Басқа да хаттамаларда сияқты HTTP хаттамасында да мәтін жолдары ASCII форматы арқылы берілетін командалар жиынтығы болады. HTTP транзакциясы төрт бөліктен тұрады: қосылуды орнату, сұраныс, жауап және аяқтау. Клиент-программасы TCP-қосылуын HTTP-ның арнайы порталымен компьютерде орнатады. Кейін клиент HTTP серверіне сұраныс жібереді. HTTP сервері жауап жібергеннен кейін клиент немесе сервер қосылуды жабады. HTTP-ң әрбір транзакциясы осы сипатталған сызбаға бағынады. Көп жағдайда HTTP клиенті гипермәтіні бар файлды (HTML тіліндегі файл) немесе гипермедиасы бар файл (бейне, видео, дыбыс немесе мультипликациясы бар файл) сұрайды.

CGI шлюзді интерфейс

CGI – Common Gateway Interface спецификациясы NCSA тобымен ұсынылды. CGI интерфейсі арнайы www мүмкіндіктерін кеңейту үшін өңделді. CGI интерфейсінде қосылу әдісі қарапайым болып келеді. HTTP хаттамасында сипатталған кіру әдістері CGI интерфейсін жүзеге асыруда маңызды орын алады.

Web-серверлердің қолданбалы интерфейстері Web-сервердегі адресті кеңістікте динамикалық кітапханалар (Windows-тегі DDL және UNIX-те қолданатын объектілер) түрінде жүзеге асырылады. Web-серверлердің Netscape және Microsoft өндірушілері өздерінің API кеңейтілу серверлерін өңдеді: InternetInformationServer-ге арналған ISAPI және Netscape серверіне арналған NSAPI.

ISAPI-дің DDL-кітапханалары екі кіріс нүктеге ие болады:

—              Get Extension Version – кеңейтілу түрінің номерін алу;

—              HttpExtensionProc – кеңейтілудің main-процедурасының эквиваленті;

HttpExtensionProc-тағы ақпарат тек бір параметр көмегімен беріледі.

ISAPI-дің негізгі функциялары:

—              GetServerVariable – қосымша ақпаратты аты бойынша сұрау;

—              ReadClient – ақпаратты HTTP-сұранысынан ақпаратты санау;

—              WriteClient – ақпаратты HTTP-клиентке жіберу;

—              ServerSupportFunction – серверге орналасу және процестің жағдайы туралы ақпаратты қайтару.

NSAPI интерфейсі ISAPI интерфейсіне ұқсаса болып келеді, бірақ сервер конфигурациясымен тығыз байланысты және анағұрлым күрделі болып келеді. NSAPI интерфейсінің әрбір функция конфигурациясы Netsite конфигурациясының объектілі мәліметтер базасында берілу қажет. NSAPI параметрлерінің блоктары HTML-формаларындағы диалогтық айнымалылардың берілуіне ұқсас name-Value параларына негізделеді.

Мәліметтермен байланысты JDBC интерфейсі

SunMicrosystems компаниясының бөлімі JavaSoft 1996ж басында Java тілінде жазылған қосымша платформалардан тәуелсіз мәліметтер базасына енуін қамтамасыз ететін JDBC қолданбалы программалау интерфейсін құрды. Бұл интерфейстегі мәліметтер базасы драйверлерін басқару функциялары автоматты түрде компьютер жадына қосымшаларға әртүрлі мәліметтер базасымен өзара байланысатын қажетті JDBC-драйверлерін жүктейді.
Тағы рефераттар