Жылжымайтың мүлікті кепілге салу арқылы болатын қарызыны ипотека несиені ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі, әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотекалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай ерекшеліктері бар:
— ипотекалық несие – бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін қарыз
— ипотекалық қарыздың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие
— ипотекалық несие алдын ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтілетін болады
Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек; кепілдіктің жариялылығы.
Ипотекалық несиенің жүйесі икемді болуы үшін ұдайы жетілдіріп отырады. Мәселен дамыған елдерде мыналар болады:
— төлемдері кезен сайын өсетін қарыз: алғашқы бес немесе он жылда борышқордың шығысын тұрақты өсіруді қарастырады.
— төлем суммасы өзгеріп отыратын қарыз: жеңілдікті кезеннің болуын қарастырды.Мұнда борышқор тек пайыздар ғана төлейді.
— пайыз мөлшермесі өзгермелі ипотека – пайыз мөлшермесінің келісім шартта нақты шама түрінде тіркеледі әрі қандай да бір нақты көрсеткішке немесе индекске “ байланатын” болады. Мөлшермені өзгерту жарты жылда бір рет қарастырылажы.
Ипотекалық несиені ресімдеуде негізгі құжаттарға вексель, кепілхат және өзге де бағалы қағаздар жатады.
ҚР “ипотека туралы” заңы шыққаннан кейін Қазақстанда ипотекалық несиелеу қарқынды дамыды.
2000 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкісі жарғылық капиталы 100 пайызды құрайтын Қазақстандық ипотека компаниясын құрды. Ол алғашқы құрылған күнінен бастап несие үшін алынатын пайыз мөлшермелерін кеміту бағытындағы саясатты жүргізіп келеді. 2005 жылы ҚИК толықтай ҚР Қаржы министірлігінің қарамағына өтті.Бұл несие үшін алынатын пайыздық мөлшермелерді кемітуге қажетті бәсекелестік ортаның құрылуына өз ықпалын тигізді. Пайыз мөлшерлемелері баяу болса да тұрақты түрде кемітіп келеді.
ҚИК 300 және 500 млн сомаларынада ипотекалық облегацияның екі шығарылымын шығарып үлгерді және оларды сәтті орналастыра білді.
Қазақстанда ипотекалық кредиттеу ҚР мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының ажырағысыз бөлігі болып табылады. 2006 жылы ипотекалық қарыз 252,7 млрд теңгені, 2003 жылмен салыстырғанда өсім 270,5 пайызға өсті.
Тағы рефераттар
- Қазақ музыка өнерінің ең алғашқы туындылары
- Шығыс мәдениетіндегі философия феномені
- Инновациялық үрдістің мәтіні мен құрылымы
- Шығындарды талдамалық топта талдау курстық жұмыс
- Ахмет Қуанұлы Жұбанов