Іскери қарым — қатынаста, біріншіден ауға құруда, субординация сияқты да тең құқылықты да сақтаңыз. Қол астындағыларға принцип және эмоционалды бейтараптылықты сақтаңыз. Менеджер міндеті жұмысшыға  тең құқылы, сабырлы және  натулармен сүйкімсіздіктерді көрсетпеу. Әр бір жағдайда, адамдардың этикет сақтау ережесіне сүйене алады.

Менеджердің бір білетін нәрсесі ол: адамдармен дистанция сақтамаса, іскери қарым — қатынас пайда болмайды. Сіздің кеңсеңізге кіретін адамдардың санын азайтыңыз.Ережені сақтаңыз, егер кеңседе біреу болса, кіруге болмайтынын біліңіз. Егер сіздің кеңсеңізге тікелей келетін болса, онда бір нақты уақытта келсін. Ал егер кеңсеңізге адам кіріп — шыға берсе, онда ол мәліметтң сыртқа шығуына әкеліп соқтырады, шешім қабылдауды қиындатады. Қызметтік контакттың жоспарлауының басты ролін хатшыңыз орындасын: ол келіп кетудің қажеттілігін шешеді, келушілердің уақытын бақылап отырады және мәлімет беріп отырады. Әңгімеге шақыра отырып, уақытын айтыңыз және әңгіменің тақырыбын айтыңыз. Көбінесе әңгімені кеңседе өткізген дұрыс, ал кейбіреуін жалпы бөлмеде өткізуге болады.

Әңгіменің табысты және нәтижелі болуы үшін:

— қысқа да нұсқа айту

— тек қана тексерілген мәліметтерге сүйену

— Ғибраттылықтан қашқақтау

— проблеманың ыңғайын табу, әңгімені қиындатпау

— «мен»  деген сөзді ұқыптылықпен қолдану

Егер директордың жұмысы сұхбаттау мен әңгімелеуден тұрса, онда менеджердің жұмысы қосалқы контакттан тұрады.Менеджер кедергі келтірмей, көңілін ауытқытпай тыңдау керек.


Тағы рефераттар