Кен орнын игеруде мұнай алуда қабат энергиясының жете бермейді. Жоғарғы коэффицетті мұнай бергіштік және тез арада керек орында мұнай алу үшін. Қазіргі кезде қабат қысымын үстау (ППД) әдісі көп қолданылады. Бұл үшін жиынға су немесе газ айдау арқылы іске асады.

Қабат қысымын ұстау үшін, қабатқа табиғи суларды және жер асты суларын құрамына минералды тұздармен эмульсиясы бар суларды айдауға болады. Құмкөл кен орнының ауданы көп жағдайда өзара жалғасқан ондаған тұзды келдермен қоршалған. Олар жауын-шашынмен және мұнаймен өндірілген сулармен толып тұрады. Барлық мұнай горизонттары өзара жақын орналасқан. Мұнаймен бірге өндірілген қабат сулары рельефтің төменгі учаскелеріне айдалады, бұдан грунтты судын деңгейі кетеріледі және сорлардың аумағы үлкейеді.

Грунтты сулардың деңгейі 0,15-0,45м аралығында болады. Грунтты сулардың деңгейі өндіріс сорларының жоғарғы қабатында болады. Негізінен айдау ұңғылары арқылы пайдалану ұңғысынан сорға жіберілген сулар айдалады. Табиғи сулардың бойында аз мөлшерде минералды тұздар, әртүрлі газдар, механикалық қоспалар болады.

Жоғарғы қабат және жер асты суларында сондай-ақ микро-организмдер кездеседі. Әртүрлі дәрежедегі әрбір жұмсалған судың компонеттері қабатқа су айдау процесіне әсер етеді. Сондықтан су айдау процесін жақсы сапалы сумен қамтамасыз ету керек. Айдалатын судың құрамындағы механикалық қоспалар мен микроорганизмдер фильтрацияның жоғарғы қабатына құйылады. Ол өнімді қабаттың өнімділігін, айдау ұңғыларының қабілетін азайтады. Мысалға, құрамында хлорлы кальций тұзы бар сульфатты суды айдау — ерімейтін гипс түнбасының түзілуіне экеліп соқтырады.

Бұндай жағдайда қабатқа су айдауға қаныққан күкірт сутекті сұйықтық айдалатын болса, онда құрамында темір мен оттегі бар су пайдаланылады. Қуысты ортада тотығу жүріп соның нәтижесінде қатты гидраттардың тұңбасы түзілуі мүмкін.

Құмкөл кен орнында суға микробиологиялық талдау жүргізілген жоқ. Жиынға айдалған тығыздалаған су, кей-кезде коллектордың қасиетінің басты себебі болуы мүмкін. Қабатта белгілі бір мөлшерде саз болса, су айдау үшін, тығыздалған су емес, минералды сулар, құрамында саздың ұлғаюына ешқандай жол бермейтін заттары бар сулар қолданылады. Олар керісінше су айдау ұңғысының жұтылу қабілетін жақсартады. Су айдау ұңғыларының жұтылу қабілетінің нашарлауы — қабатқа су айдалатын темір құбырлардың коррозияға ұшырауына әкеліп соқтырады. Қабатқа айдалатын суды пайдалану кезінде металл құбырларда химиялық және электрохимиялық заттану жүреді. Құбырдың тоттанған өнімдері ұңғының түп аймағына түсіп қысқа уақытқа осы ұңғының қабылдауын 0-ге дейін азайтуы мүмкін. Көп кезге дейін ұңғыдан мұнай мен бірге өндірілген қабат суларына аса көңіл бөлінген жоқ.

Қазіргі кезде мұнаймен бірге өндірілетін судың көлемінің көптігіне байланысты қабат суларын талдауға және оны кері айдауға көп көңіл бөлінеді.

Қабат суларын талдау қорытындысы оны қайтадан қабатқа айдауға жарамдылығын анықтауға қолданылады.

Ұңғыдан мұнаймен бірге өндірілген қабат сулары әртүрлі кен орындарында өзінің құрамымен айырылады. Олардың құрамында минералды тұздардың еруі, газ және микроорганизмдер болуы мүмкін. Қабат сулары әртүрлі химиялық құрамда болуы мүмкін. Сондықтан оларды екі негізгі топқа бөледі: 1) тығыз хлорлы кальцийлі немес хлорлы кальций магнийлі, 2) сілтілі немесе гвдрокарбонатты натрийлі: Қабат суларының көпшілік бөлігінің құрамында, мұнай кен орындарында басты бөлігі хлорлы натрий, хлорлы кальций болып келеді.

Жаз уақытында сордағы тұздардың концентрациясы 22-24-ке дейін   болады,   соның   өсерінен   құрамындағы   қоспаның   ұлғаюына байланысты қондырғылардың жұмыс істеуін қиындатады және түп аймағын ластайды. Барлық тәсілдерде суды өндеудің ең негізге сипаттамасы оның құрамында сутек иондарының концентрациясына байланысты. Бұл арқылы сулы ерітінділердің қышқылдық және сілтілік ортасын анықтайды.

Тәжірибе жүзінде судың классификациясына қарап, мынадай 5 топқа бөледі: 1) қышқылды РН-тан 3-ке дейін 2) өлсіз қышқылды РН-тан бастап 4-6-4 арасында, 3) нейтралды РН-7, 4) әлсіз сілтілі 8-10 дейін, 5) сілтілі 11-14-ке дейін.

Құмкөл кен орнындағы жер асты сулары тығыздалған ауыз суға қарағанда, өзінің минералдануы шапшаң өсуімен айқындалады. Басқа да белек мұнай горизонттарының терендігіне игерудің екінші әдісіне, горизонттар арасындағы гидродинамикалық байланыстарға және горизонттар беттеріне байланысты. Пайдалану ұңғыларынан алынған судың құрамында микрокомпонеттер, бром, иод және бор кездеседі. Суды химиялық тексеру оның химиялық қүрамдарын қазбалардың мұнайлылығын сақтауда тиімді екенін көрсетеді.

Қабатқа айдалатын сулардың жарамдылығы лабораториялық жағдайда фильтрациялық жолымен анықталды. Қабатқа айдалатын тығыз сулардың сапасына баға беру олардың құрамындағы темірге байланысты. Айдалатын судың сапасын реттеу әрбір кен орындарының коллекторлы қасиетінің есебінен жүзеге асырылады.

Механикалық қоспалардан басқа нұсқа ішінен және сыртынан өнімді қабаттарды игеруге әртүрлі микроорганизмдер және айдалатын судың құрамындағы организмдер кіреді.
Тағы рефераттар