Қарахан әулетіне кемінде 2800 жыл
Парсы, түркі және қытай деректері осылай дейді
Б. Әбілдаұлы
Ақ жол. – 2002.- 13 маусым.-5б.
Тараз қаласының қақ ортасындағы Әулиеата Қарахан атымен белгілі билеушінің мазары осы кесене ішінде кім жатқандығы
туралы талай зерттеушілерді толғандырғандығы сөзсіз. Тіпті сонау қытай еліндегі небір сен тұр — мен атайын деген ғалымдар да Қарахан әулетінің шығу тегі және атауы туралы бірнеше ғасырдан бері қалам тербеп келеді. Мәселен, қытай ғалымдары Гын Шымин Қарахандар тарихына қысқаша шолу жасаса Вэй Лянтао Қарахан әулетінің шығу тегі мен оның атауы туралы жазған, ал сол мақалаларды қазақстандық ғұлама Қойшығара Салғараұлы «Таным тармақтары» атты жинақта жариялаған еді (Алматы ,«Санат», 1998). Вэй Ляңтао « Қарахан әулеті біздің жыл санауымыз бойынша 840-1240 жылдар аралығында билік құрды», деп жаза келе әулеттің шығу тегі туралы әлем зерттеушілерінің еңбектеріне тоқталады. Ал, Гың Шымин «Ислам тарихы материалдары (жергілікті тарихи материалдарды қамтиды) бұл әулетті «қаған әулеті» немесе «хан әулеті», яғни «Афрасияб әулеті» деп атайды. Кейінгі атаудың тегі парсының әйгілі дастаны «Шаинаманың» аңызындағы Тұранның батырының аты деп айтылады. Сөйтіп Афрасияб атын түрік тіліндегі Алып Ер Тоңамен сәйкестендіреді. Осындағы «тоңа» атауы қарахандар әулетінің билігі белгісі ретінде үнемі қолданылатын атауы «табғашпен» қатысты. «Табғаш» деген атау -(күшті, пәрменді мағынасында) Қытайдың Солтүстік Вій патшалығын құрған алтай тіл жүйесінде сөйлейтін «жыба» деген ұлттың аты. Кейін келе бұл атты түріктер мен хуйху адамдары «қытай» деген атты білдіруге қолданған. Қарахандар әулеті билеушілерінің бұл атты қолдануы олардың шығыстағы отанын әсте ұмытпағанын білдіретіндігімен қатысты»,- дейді.
Қытай тарихшыларының бұл еңбектерінен келтірілген үзіндіден пайымдап қараған адамға талай жай аңғарылады, әлбетте, сөзсіз сауал да туындайды. Қарахан әупеті қытайлықтар ғана емес, бүкіл дүние жүзі, оның ішінде Қазақстан ғалымдары да жазып жүргеніндей, IX ғасырдан бастап билік құрған болса, Афрасияб бұл дәуірден әлдеқайда бұрын — қазіргі жыл санауымыздан жеті ғасыр бұрын өмір сүргендігі белгілі. Осыған байланысты Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филопогия ғылымдарының докторы, М. X. Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, профессор Мекемтас
Мырзахметовтің өткен жылы көктемде облыстық «Ақ жол» және республикалық «Егемен Қазақстан» газеттерінде жариялаған
«Тұранның ұлы қағаны» атты мақаласында сол Афрасияб туралы зороастризм дінінің қасиетті кітабы «Авестада» да баяндалғандығын жазған еді. Сондай-ақ парсының ұлы ақыны Фердоусидің «Шаһнамасында» да Афрасияб — басты кейіпкер, бірақ парсы жұртының жауы ретінде суреттелетіндігі белгілі. Түрлі барлаушылардың халқымыздың мәдени жәдігерлерін ғасырлар бойы өртеп жоюы салдарынан ұлы бабамыз Алып Ер Тоңаны Афрасияб есімімен мифологиялық кейіпкер ретінде көрсетілуінен жете танымай, мәңгүрт болғанымызды енді баласағұндық ақын Жүсіптің хас Хажибтің «Құтты білігін», қашқарлық ғұлама Махмұдтың «Түрік сөздігін» қазақша аударып басқаннан кейін ғана біліп отырмыз. Қарахандықтар әулетінің сол Афрасиябтан, яғни Алып Ер Тоңадан бастау алатындығын үлкен жаңалық ретінде кеш те болса қабылдап отырғанымызға да шүкіршілік. Егер Қарахан әулетінің тарихын соп Афрасияб — Алып Ер Тоңадан бастасақ, қазақ, түрік халқының тарихы кемінде 2800 жылдан асады екен!
Сонымен Алып Ер Тоңа қағанымыз – ұлы Тұран мемпекетінің билеушісі туралы не білеміз? Профессор Мекемтас Мырзахметовтың және оның шәкірті, Иранда туып өсіп, Тегеран университетін бітірген, қазір Алматыда тұрып жатқан қандасымыз Ислам Жеменейдің зерттеулеріне қарағанда Алып Ер Тоңаның әке-шешесі қойған есімі Мадай екен. Тұран, яғни түрік мемлекетін билеген Алып Ер Тоңа бабамыз Иранмен талай соғыстарда жеңіп шығып, тізе бүктіргені үшін парсылар оны Афрасияб яғни құбыжық, қорқынышты адам деп атап кеткен көрінеді. Афрасиябтың ата-тегін ғұлама бабамыз Дулат Мұхаммед Хайдар мырза да жазған. Мадай- Алып Ер Тоңаның өз әкесі — Пиш, атасы -Дад Нишин, бабасы -Тұр, ал арғы бабасы — Афридун. Осы төрт ұрпақтың өмір сүру жылдарын қосса, жүз жылдан ары кетеді ғой. Олай болса, Қарахандар әулетінің тарихы да 2800 жылдан асады.
«Авеста» мен «Шаһнама» кітаптарында «Иран шәһы Кейхаустың баласы Сыяуыш әкесіне өкпелеп, Тұранға кетеді. Сонда түріктің сұлу қызына үйленіп, одан Кейқысрау деген ұл туады. Сыяуыш Алып Ер Тоңаның қолынан қаза тапқан соң парсылар Кейқысрауды ұрлап әкетеді. Ер жеткен соң Иранның тағына отырғызған осы Кейқысрау әкесінің кегін алу үшін Алып Ер Тоңаны қонаққа шақырып, күтім үстінде у беріп өлтіреді» деп көрсетеді профессор Мекемтас Мырзахметов. Қарахан әулетінің негізін салушы ұлы бабамыз Мадай — Алып Ер Тоңа біздің дәуірімізге дейінгі 626 жылы осылай мерт болыпты.
Міне, қазіргі жыл санауымызға дейінгі 626 жылдан бергі 840 жыл аралығында да, яғни 1266 жыл бойы Афрасияб әулеті түркі халқына билік жүргізіп келді деуге толық негіз бар. Атақты Құлтегін, Тоныкөк, Білге қағандар Мадай — Алып Ер Тоңа бабамыздың ұрпақтары деп топшыласақ, шындықтан аулақ кетпейміз…
Қарахан атауының шығуы жөнінде қытай ғалымы Гын Шымин «Зерттеушілер кейінгі кезде: «қара» деген сөз байырғы түрік тілінде «солтүстік жақ» деген мағнаны білдіретін, кейін «басқыш», «ең жоғарғы» деген ауыспалы мағынаға ие болған деген пікірді көбірек айтып, соған қорыған тәрізді», деп жазады.
Ал, тағы бір қытай ғалымы Вэй Лянтәо «қара деген сөздің… түрік, ұйғыр тілдерінде -қара, қара түсті» деген мәні бар. Ал тағы бір мағынасы — бұл сөз кейде «үлкен», «ұлы» , «ең жоғары» деген мағына береді. Ал, бұлар — қара түсті деген ұғымға мүлде қарама-қарсы ұғымдар. Сондықтан бір әулеттің атауы болған «қара» деген сөзді «қара түсті» деп алсақ дұрыс болмайды», деп түйіндейді. Қытай ғалымдары «Сұң тарихы» және «Цыфуйуангуй» атты ежелгі қытай шежірелеріне жүгіне отырып, осындай тұжырымға келеді. Сондай-ақ араб, парсы мұсылман тарихшыларының деректеріне сүйене отырып, қазір Қытай Халық Республикасына қарасты Шыңжан -Шығыс Түркістан өлкесінде де осыдан 2800-3000 жыл бұрын билік құрған қарахандар әулетінің көш басшылары туралы кейбір пікірлер топшылауға мүмкіндік береді.
Осы орайда «хан» мен «қаған» сөздерінің түп төркіні туралы да айта кеткен жөн болар. Ата-бабаларымыз баяғы ғұн, үйсін заманында
өз билеушілерін би, күнби, шыңби деп атаған көрінеді. Алайда ұйғыр зерттеушілері қолданған «тәңірқұт» деген пауазымдық атау
мұнда — кейінгі заманда ұсынылса да, қазақ
тарихында да орын ала бастады. Қырғыз
зерттеушілерінің деректеріне қарағанда құт
қолдан жасалынған құдай бейнесі мүсін, икон
сияқты сурет екен. Қырғыздар мұсылмандықты негізінен ХІҮ ғасырда ғана қабылдағандықтан мұндағыға дейін әр үйде тіпті қамырдан илеп, отқа пісірген тәңір бейнесіндегі нанды балаларының бесіктеріне, жастығының астына, теріне сақтап келген көрінеді. Шаманизмнен қалған мұндай әдеттер қазақ халқында да XX ғасырдың орта шеніне дейін сақталынып келген. Алайда мұсылмандыққа ҮІІІ ғасырда-ақ көшкен ата-бабаларымызда «құт» сөзі ислам дінінің әсерінен араб, парсыша бақыт деген сиякты мағынаға ие болған. Баласағұндық Жүсіп бабамыздың «Құтты білік» атты кітабының атауынан да осы мағына көрініп тұр. Ал, хан деген лауазымдық атау әуелі үйсіндерге, одан кейін бүкіл түркі халқына Қытайдың билеуші хань әулетінен келгендігі қазақстандық синолог, яғни қытайтанушы ғалым Юрий Зуевтің еңбектерінде көрсетілген. Қаған атауы парсылардың шаһиншаһ яғни шаһтардың шаһы дегені сияқты ханның ханы деген мағынаны білдіреді.
Сонымен, Афрасияб әулеті біздің Тараз жеріне қалай келді? Бұл жөнінде австриялық ғалым Отто Прицак қарахандар әулетін қарлықтардан шықты деп санайды. Қарлықтар чігіл және ягма болып екі тайпаға бөлінген. Қарлықтар қытайлықтар мен арабтар арасындағы соғыста мұсылмандардың жеңуін пайдаланып, Жетісудағы түркеш жерлерін, түркештерге қарасты Шу бойындағы Суяб, сондай-ақ Талас қаласын жаулап алғаны тарихтан белгілі. Қарлықтар қытайлық Таң патшалығы мен оның одақтасы ұйғырлардың Тибетке қарсы күресін пайдаланып, үні ғасырдың екінші жартысында Қашқар аймағын басып алды. Мұнда қарлықтар 840 жылға дейін ұйғырлар қағанатына қарап келгендігін айта кету керек. Дәп сол жылы қырғыздар Қүлтегін, Тоныкөк жазуларында айтатын Өтікен тауын орталық еткен ұйғыр қағанатын тас-талқан етті. Бірақ қырғыздар ұйғырларды батысқа жер аударғанымен олардың . мекенін иемденбей, өздерінің жұртына қайтып кетті. Шаман дініндегі қарлық билеушісі қаған лауазымына ие болып, Баласағұнды астана етті. Баласағұн Күзорда аталды. Күзорданы арыстан қара қаған лауазымды билеуші қоныстанса, оның орынбасары сияқты бура қара қаған әуелі Таразға, кейін Қашқарға жайғасты. Арыстан атағын қарлықтардың чігіл тайпасы, ал бура атағын ягмалар иеленді. Біз бұрынғы бір мақаламызда жазғанымыздай, «ягма» деген сөз парсыша көшпелі деген мағынаны білдіреді, шынтуайтына келгенде академик В. В. Бартольд көрсеткеніндей, яғмалардың мұрагерлері кейін жалайырлар атанғанын (Қазақ совет энциклопедиясы, 12 -том «ягма» деген сөзді қараңыз).
Қазіргі ұйғыр, өзбек ұлттары түркі тілінің қарлық тобында сөйлейді. Қазақ халқы құрамындағы жалайырлар да сол қарлықтардан…
Қазақ халқы әртүрлі той болып, жол-жораға кешкенде жалайырларға тек ұлы жүз ғана емес, бүкіл қазақ халқы ноқта ағасы ретінде ең бірінші үлесті, сыйды беретіндігі әуелі осы Афрасияб — Қарахан әулетін құрметтегендіктен болуы әбден мүмкін. Жалайыр Мұхали, кейбір деректер бойынша Майқы уәли — атақты Майқы би Шыңғыс ханның Қытайды, оның астанасы Пекинді жаулап апып берген бас қолбасшысы болғандығы тарихтан белгілі. Майқы бидің қолбасшы ұлы Бақтыяр есімі ұлы жүздің жауынгерлік ұранына айналғаны мағлұм. Жалайырлар Шыңғыс хан ұрпақтары 1258 жылы Бағдатқа дейінгі мұсылман елдерін күшпен бағындырғанда Иран да осы билеушілердің қол астына көшкен еді. Міне, сол кезден бастап Иранда жаугершілікпен барған Қарахан әулетінің адамдары Жалайыр мемлекетін құрғаны да мәлім. Қазір сол жалайырлардың саны миллионға жетіп, өздерін бақтыяр тайпасы деп атайды. Аятолла Хомейни тақтан құлатқан соңғы шаһиншаһ Мұхаммед Реза Пехлевидің жұбайы Сурея патшайым осы бақтыяр тайпасы көсемінің қызы еді. Алайда екіарада бала болмаған соң шаһ бұл жұбайынан ажырасып, Сурея Европада басқа ерге шыққан соң ұл-қыз көргені, өзі киноактриса болып кеткенін де айта кетуге болады. Сол Қарахан яғмалардың Ирандағы ұрпақтары жалайырлар ғасырлар өте келе өздерінің баяғы ана түркі тілін ұмытып, парсыша сөйлеп кетті. Осы арада Иран шаһы Кейқысырау улап өлтірген Мадай — Алып Ер Тоңа — Афрасияб бабамыз туралы жоқтау жырының үзінділері әуел баста түркі тілінде шығарылғандығын өзінің тегі жөнінен Қарахан әулетінен шыққан яғни жалайыр қашқарлық Махмұд ғұлама «Түрік сөздігінде» келтірген еді. Көне түрік тілінен қазіргі қазақшаға филология ғыпымдарының докторы, ақын Асқар Егеубаев аударған сол жоқтау жырындағы:
Тырнақтай меңі солған соң,
Тарлан тартып оңған соң,
Түгіне кір қонған соң,
Мінсіз, жеңсіз, кіршіксіз
Шаңқан болмай қылаң ба?
Ту ұстап тұлпар жаратпай,
Алдыңнан топ таратпай,
Елді аузына қаратпай,
Жай оғындай оқ атпай,
Анадаң тудым дегенмен,
Бастамаса ел ұлан ба? — деген сөздері қазақ халқының ежелгі жоқтау және батырлар жырларындай қазір де құлаққа жылы естіледі.
Осыған байланысты Қарахан қожалар ұрпақтарының Тараздың қақ ортасында тұрған Әулиеата Қараханның мазарын өз бабамыздікі деген ниеті осындай тарихи деректерге сәйкес келе қояр ма екен? Орта Азия жеріне 714-715, ал Талас алқабына 751 жылдары ғана келген мұсылман араб әскерлерінен кемінде 1300 жыл бұрын өмір сүрген Афридун, Дад Нишин, Пиш, Мадай, яғни Афрасияб бабаларымызды қалайша қожа деп айта аламыз? Рас, Талас қаласының Тараз аталуына жол ашқан, түркі халқының мұсылмандықты жаппай қабылдауына себеп болған бұқаралық тажік шаһы Исмаил бен Ахмед 893 жылғы наурыз, сәуір айларында біздің көне қаламызды қамап, бура қаған Ұғылшақтың 15 мың адамын тұтқындап, мыңдаған адамын қырып, мал-мүлкін талан-таражға салғаны мәлім. Ұғылшақ Тараздан айырылған соң өз мемлекетінің астанасын Қашқарға көшіреді. Сол Ұғылшақ қағанның інісінің ұлы Сатук көп ұзамай билік басына келіп, бурахан лауазымымен мәлім болады. Ол өзіне бағынышты түріктерді ислам дініне кіргізеді. Тіпті мұсылманша Әбдіпкәрім атанып, түрік халқының батыстағы бөлігін де ислам дініне енгізеді. Оның ұрпақтары ислам дінін ту етіп Самарқанд, Бұқараға дейін билік жүргізеді. Әбділкәрім атанған Сатук бурахан 955 жылы қайтыс болған соң сүйегі Қашқар қаласының солтүстік іргесіндегі Атуш мекеніне қойылады. Тараздың ортасындағы Әулие ата атанған қараханның мазарындай мазар Атуш қыстағында әлі күнге дейін қалың жұрт зиярат ететін қасиетті орын болып келеді.
Осы орайда Әулие ата атанған қарахан кім деген сауал өзінен өзі туындайды. Қытай ғалымы Гын Шымин Қарахандар әулеті шамамен 1041/42 жылдары бақталастық салдарынан екіге бөлініп, шығыс, батыс тараптардағы түріктерге билік жүргізе бастады дейді. Шығыс Қарахан әулеті Қашқарды Ордакент деп атап, Баласағұнды астана еткен. Қашқарлық Махмұд ғұлама да, атақты «Құтты білік» дастанын жазған баласағұндық Жүсіп хас хажиб те осы шығыс қарахан әулетінен шыққандығы белгілі. Ал, батыс қарахандар әулетінің орталығы Самарқанд болды.
Біздің Тараз қаласы шығыс қарахандар әулетінің билігінде еді. Сатук бураханның ұрпағы Махмұд бен Жүсіп қытай деректеріне қарағанда 1059 жылдан 1075 жылдар аралығында бипік жүргізген. Ол Тоғрул қарахан деп аталынған. Оның бір лақап аты — мемлекеттің заң түзілімі. Дәл осы Махмұдтың Ша-Махмұд деген есіммен 1059 жылдан бастап күміс теңге шығарғандығын австриялық ғалым Отто Прицак жазса, ресейлік ғұлама В. В. Бартольд оның отқа табынушы қара қытайларға қарсы соғыста үлкен жеңістерге жеткендігін, бірде өзі қырған сол моңғол тұқымдас қара қытайлардың өліктері Талас өзенінде қойша тоғытылғанын көргенде, жүрегі айныған соң тағын тастап, сопылық жолға түскендігін, жер астынан үңгір қазып алып, мінәжет етумен өмірден өткендігін жазған еді. Сондықтан да ол Әулиеата атанған. Он алты жыл бойы Таразды астана етіп, калын елді билеген Ша-Махмұд бабамыз қайтыс болған соң оның ұлы Омар екі айдай ғана билік жүргізеді. Өйткені хан тағын осы Омардан қарахан әулетінен Сүлейменнің баласы Хасан тартып алған еді. Баласағұндық Жүсіп ақын өзінің әйгілі дастаны «Құтты білікті» осы Хасан қараханға тарту еткендігі тарихтан белгілі. Міне, осы қараханның ұрпағы Мұхаммед бен Жүсіптің түбіне сайып келгенде жоғарыда айтылған қара қытайлардың гөрханы жетті. Қытайлық ғалымдардың Жамал Қаршидің тарихына сүйене отырып келтірген мәліметтеріне қарағанда соңғы Қарахан Мұхаммедтің әкесі Жүсіп 1205 жылы Қашқарда қайтыс болған көрінеді.
«Осы аралықта, оның баласы Мұхаммед б. Жүсіпті гөрхан барымтаға ұстап тұрады. Чуй Шупуй соңғы герханды тұтқындағанда, оп Мұхаммед б. Жүсіпті босатып, оны Қашқарға апарып, соның билеушісі етіп қояды. Осының алдында қашқарлық ақсүйектер көтеріліс жасап, олар соңғы шығыс қара қағанын өлтірген болатын. Осыған байланысты Чуй Шупуй Қашқарға жазалау жорығын жасап, бұл қаланы басып алып, ақсүйектерді қырғынға ұшыратады. Осымен шығыс қарахандар әулеті жойылады», деп жазады қытай ғалымы Гың Шымин. Бұған қоса айтарымыз — қара қытайлықтарды найман ханы Күшлік, ал батыс қарахандар әулетін Хорезм шаһ Мұхаммед қырып салған.
Міне, ең соңғы қарахан Мұхаммед бен Жүсіп атақты Айша бибінің жұбайы болғандығын басқа деректер арқылы дәлелдеуге болады. Қазақстан сәулетшілері атақты архитектор Н. Бәсеновтың бастауымен Айша бибі күмбезін зерттегенде осы кесенені соққызған Мұхаммед деген жазуды тапқан. Ал, Айша бибінің өмір сүрген кезеңі шамамен 1185 жылдан кейінгі уақыт екендігін ескерсек, қарахандар әулеті ішінде Жүсіптің ұлы Мұхаммедтен басқа Таразды билеген дәл осы аттас ешкім болмағандығы тағы мәлім.
Сонымен, парсы, түркі және қытай деректерін өзіміздің ата-бабаларымыз Дулат Мұхаммед Хайдар мырзаның, қашқарлық Махмұд ғұламаның, баласағұндық ақын Жүсіптің қазір қазақша аударылған еңбектерімен салыстыра пайымдағанда қазақ халқының тарихы оның құрамындағы жалайыр қарахандар әулеті арқылы тарихтың кемінде 2800 жыл тереңіне кететіндігіне кез жеткіземіз. Биыл негізі қаланғанына — 2000 жыл, ал, шындығында 2044 жып толып отырған Қазақстанның ең байырғы қаласы Тараздың тарихы -халқымыздың тарихының темірқазығы деген Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың уәлі сөзі ақиқат екендігін сөзсіз мойындаймыз.
Тағы рефераттар
- XIX ғасыр соңындағы Қазақстандағы музей ісінің қалыптасу тарихы
- Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- Өнеркәсіп құрылымы және оны орналастырудың принциптері
- Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері
- Пластидтер және оның түрлері