Уақытша тыйым. Әскери – теңіздік  қоршау жөнінде көптеген мәселелер болды. Заң туралы сұрақ болды- Фидель Кастро қарастырып кеткендей, зымырандарды орнатуда ешқандай заңсыз іс – әрекеттер болмады. Әрине, олар АҚШ-қа қауіп  төніп тұрды, бірақ, дәл сондай КСРО-ны қирататын зымырандар Еуропа территориясында тұрды. 60 зымыран «ТОР» Ұлыбританиядағы Ноттингемде, 30 зымыран «Юпитер» Италиядағы Джоя дель Колледе, 15 зымыран «Юпитер» Түркиядағы Измир қалаларында орналастырылған еді.

22 қазан күні американдықтар мен кеңес үкіметіне теледидардан хабарлама жасады. Ол, Кубада зымырандардың бар екенін мойындап, Кубаны әскери – теңіздік  қоршауға алатынын жариялады. Және, Кеңес Үкіметін «Жасырын іс-әрекеттер жасағаны үшін, адастыру тактикасын ұстанғаны үшін» айыптады. Куба территориясынан егер АҚШ-қа бірді – бір зымыран бағытталса, онда ол АҚШ-қа қарсы соғыс жарияланғаны деп есептелетінін Джон Кеннеди айтып кетті.

Американдықтарға қолдау көрсететін батыс елдер одақтастары болды. Америка мемлекеттерінің ұйымы толықтай қоршауға алу стратегиясын қолдады. Никита Хрущев қоршауға алу заңды еместігін және әрбір кеңес үкіметінің кемелері оны елемейтінін жариялады. Егер, бірде – бір американдық кеме кеңес үкіметінің кемесіне шабуыл жасаса, онда кеңес үкіметі тез арада жауап қайтаратынын ескеріп кетті.

Дегенмен, 24 қазан күні сағат дәл 10:00 де Куба аралы қоршауға алынды. Куба аралын 180 АҚШ ВМС кемелері қоршады, бірақ оларға президенттің рұқсатынсыз кеңес үкіметінің кемелеріне оқ атуға тыйым саланды. Дәл осы кезде, Кубаға 30 кемелер, оның ішінде «Александровск», жүгі – ядролық қару жарақтар және 4 кеме ядролық зымырандарымен келе жатты. Cоған қоса, кемелерді алып жүрген 4 дизельдік су асты кемелері болды. Хрущев Кубаға жеткен барлық кемелер және су асты кемелері барған жолынан қайтпасын деген шешім қабылдады. Бірақ, енді КСРО жерінен шыққан кемелер қайта қайтарылды. [4]

 Дағдарыстың ушығуы. 23 қазан күні Роберт Кеннеди Вашингтондағы Кеңес үкіметінің елшелігіне кіріп соғады. Бір уақытта, оған Кеннединің Хрущевқа жіберген хаты келеді. Ол Хрущевті «сабырлық ұстануға» және «қоршауға алу заңдылығын ұстануға» шақырады. Дәл сол күні Хрущев Кеннедиға жауап хатын жібереді де, Кеннедині «кескін сертті шарттар» қоятыны үшін айыптады. Хрущев қоршауға алу туралы: «Бұл басқыншылық акті, және ол адамдарды дүниежүзілік зымыран-ядролық соғысқа итермелейді», — дейді. Өзінің хатында Хрущев Кеннедиға ескертпе жасайды: «Кеңес үкіметінің әрбір кеме капитаны американдық ВМС-нің ұйғарымынын орындамайды» және «Егер, АҚШ өзінің теңіздік қарақшылық іс – әрекеттерін тоқтатпаса, кеңес үкіметі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, қандайда болмасын сақтандыру шараларын жүзеге асырады».

25 қазан күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында тарихта мәңгі естелікте қалатын көрініс ойналды. АҚШ өкілі Адлай Стивенсон Кеңес үкіметінің өкілі Валериан Зоринді Кубада зымырандардың орнатылғанын мойындатқысы келді. Және, өзінің ұлы сөздерін айтып шықты: «Сізге аударып бергенді, күтпеңіз!» (Ал, Валериан Зорин «Анадырь» операциясы туралы бейхабар болған.) Валериан Зорин мойындамағаннан кейін, ол Кубада АҚШ ұшқыштарымен түсірілген суреттерді көрсетті.

Осы кезде, бірінші рет Кеннеди қарулы дайындықты DEFCON-2 деңгійіне көтеруге бұйрық берді.

Хрущев Кремльде жүрген кезде, оған Кеннедиден хат келеді, «кеңес үкіметі Кубаға қатысты өзі берген антын бұзды», — деген айыптау жазады. Бұл жолы Хрущев бұл жағдайдан шығудың басқа жолдарын қарастырады. Президиумға жолдаған сөзі: «АҚШпен соғыс жарияламай, Кубада зымырандарды сақтау мүмкін емес». Отырыста, Кеңес үкіметі зымырандарды демонтация жасаса, онда АҚШ Кубаның саяси режимін құлатпайды деген келісімге келеді. Брежнев, Косыген, Козлов, Микоян, Пономарев және Суслов Хрущевті қолдады. Громыко мен Малиновский өз дауыстарын беруден бас тартты. Отырыстың соғында, Хрущев президиум мүшелеріне: «Достар, кешке үлкен театрға барып қайтайық. Мүмкін халық бізді көрсе, тынышталар», — дейді.

26 қазан күні Никита Хрущев Джон Кеннедиға әскери хаттама жібереді. Оның мәтіні Президиум отырысында шешілген мәселе жазылады. Және хатты өзінің әйгілі сөзімен аяқтайды: «Бізбен сіз арқанның ұшын тартуды тоқтатайық, қайсысында сіз түйін түйіп, соғысты бастамақшысыз».

Бұл хатты Хрущев жалғыз отырып жазады. Кешірек, Вашингтонда бұл хатты Хрущев жазған жоқ, және КСРО-да мемлекеттік төңкеріс болды деп есептелінді. Басқалары Хрущев КСРО-ға қарсы шабуылды басу үшін серіктестік іздеп жүр деп санады. Хат Ақ Ордаға сағат таңғы 10:00 де келді. 27 қазан күні қосымша жолдама ретінде радиодан ашық хабарлама естілінді, онда Түркиядан зымырандарды алып тастасын деген мәтін болды.

Жасырын отырыс. Жұма, 26 қазан, Вашингтон уақытымен 13:00де АBC NEWS репортері Джон Скалиден хабарлама келді, оған Вашингтон Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің резиденті Александр Фомин кездесуге ұсыныс жасады. Кездесу Occidental мейрамханасында өтті. Фомин қалыптасқан жағдайдан үрейленіп, Скалидің мемдекеттік департаментте достары арқылы дипломатиялық жолмен қақтығысты шешуді іздестіруге ұсыныс жасады. Фомин кеңес үкіметінің бейресми хабарын жеткізді.

Америка басшылығы бұл ұсынысқа жауап ретінде, Бразилия елшілігі арқылы Фидель Кастроға «Егер, Кубадан қару жарақтар алынып тасталынса, мемлекет территориясына әскердің кіруі азшылық» — деп жауап айтты.

IV Қорытынды

Кариб дағдарысы 11 қыркүйектен 21 қарашаға дейін жалғасты. Мұны артынан тарихшылар «ХХ ғасырдың ең қауіпті ядролық теке тіресі» деп атады. Соғыс қаупі «қаралы сенбі» атанған 27 қазан күні шырқау шегіне жетті, бұл күні кубалықтар америкалық барлаушы-ұшақты атып түсірді, ал АҚШ әскери-теңіз күштерінің кемелері кеңестік сүңгуір қайықтың су бетіне шығуға мәжбүрледі. Дегенмен, сол қараша айында КСРО мен АҚШ басшылары бейбіт келісімге келіп, дағдарысқа нүкте қойылды. КСРО амалсыз қаншама шығын жасап алып барған зымырандарын Кубадан алып кетуге мәжбүр болды. Ал АҚШ оның өтеміне Түркия, ФРГ және Италиядағы КСРО-ны көздеп қойған зымырандарын шығарды. Осылайша әлем ядролық қақтығыстан аман қалды. Ол кезде байланыс құралдары жетіліп бітпегенді, сондықтан «сол жерлердегі командирлер өз еріктерімен қару қолдануға бұйрық беруі мүмкін-ау» деген қауіп туды. Үшінші Дүниежүзілік соғыстан бізді жалғыз ғана зеңбіректің атылуы бөліп тұрды. «Егер сол жерде шүріппені басып жібергенде не болар еді? Қарымта әрекеттерді қиындату үшін Лондонға бомбалар 28 қазан, жексенбі күні таңғы 8-де жауар еді. Алғашқы соққылар әскери нысандарға жасалар еді, сосын іскер және өндірістік орталықтар – қалалардың кезегі келер еді. Қарашаның ортасына қарай Британияны суық пен қараңғылық жайлап тұрар еді, тырысқақтың, сүзектің және іш өтуінің індеттері асқынар еді. Әрине, Аман қалғандарды құтқаруға, бұзылған нәрселерді қалпына келтіруге, өлгендерді жерлеуге талпыныстар жасалар еді. Тонаушылар қылмыс істеген жерінде атылар еді. Радиациялық сәуледен өлушілердің саны 1962 жылдың желтоқсанында өзінің шырқау шегіне жетер еді. Ядролық жарылыстардан, радиациялық жауын-шашыннан және суықтан 18-ден 38 миллионға дейін британдық қырылар еді. 1967 жылға қарай елдегі халық саны 4-8 миллиондай ғана болар еді», дейді Индепендент газетінде өз болжамын жасаған Стивен Бакстер атты зерттеуші.

V Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы», 4 том, 411 бет Алматы, 2002
  2. «Шепова Н. Я. Карибский кризис и холодная война», Кентавр. 1995.
  3. Путилин Б. Г. Карибский кризис 1962 г. // Советская внешняя политика в годы «холодной войны» (1945—1985 жж.). Новое прочтение / Мәскеу., 1995. 283—302 бб.
  4. Фурсенко А. А. Карибский кризис 1962 г. Новые материалы // Новая и новейшая история. 1998. № 5. 66—76 бб.

Тағы рефераттар