Қарама-қарсылық немесе «терістеу заңы» — диалектиканың негізгі заңдарының бірі. Қоғамның субъектісі ретінде адам айналасында болып жатқан құбылыстарды тек бақылап қана қоймайды, оған ықпал етеді, тікелей қатысады, қабылдайды. Қоғамдағы құбылыстар мен оқиғалар туралы көрген-түйгенін ой елегінен өткізеді, баяндайды, ол туралы көзқарасын білідіреді, мақұлдайды не терістейді. Адам мен қоғам арасындағы осы байланыстың тілдік бейнесі сөйлемде көрініс табады. Қазақ тіл біліміне бір кездері «ереуіл», «қайшы» салалас деген атпен енген, кейіннен «қарсылықты салалас» деп аталған бұл сөйлемдердің компоненттері бір-біріне қарама-қарсы келетін әрекеттерді, оқиғаларды баяндайды. Компоненттердегі қарсылықты мән қалай құрылады:
1) бірінші компоненттегі предикатқа екінші компоненттегі предикат қайшы мәнде беріледі.
2) бірінші сыңарда баяндалған оқиғаның күтілетін нәтижесі екінші компонентте жоққа шығарылады не қарсы мәнге құрылады.
3) екінші сыңарда белгілі бір ой айтылады, бірақ ол мәні жағынан бірінші сыңарда айтылған ойға қарсы мәнде болады.
Компоненттерiнде қарама-қарсы iс-оқиға баяндалатын салаластың түрi қарсылықты салалас деп аталады. Жалғаулықтары: бiрақ, дегенмен, алайда, әйтсе де, әйткенмен, сонда да. Қарсылық мәндегi жалғаулықтардың бiр-бiрiнен мағыналық айырмашылығы жоққа тән, олар бiрiнiң орнына екiншiсi қолданыла алады. Құрмалас компоненттерін байланыстырудағы шылаулардың ролі біркелкі емес.
Компоненттерi жалғаулықсыз байланысқан қарсылықты салаластардың көпшiлiгiне жалғаулықты қойып айтуға да болады, бiрақ жалғаулықты қарсылықты салаластың барлық түрiнен жалғаулықты алып тастауға болмайды. Мұндайда кейбір қарсылықты салаластардың арасындағы синтаксистік байланыс солғындап, мағыналық байланыс жойылады. Мысалы: Шырай мына сөзден тіксініп қалды, әйтсе де Құдабайды ойлады (Д. Досжан).
Қарсылық мәнді құрмаластар қарсылықты мағынаның берiлуiне қарай реалды қарсылықты және ирреалды қарсылықты сөйлемдер болып бөлiнедi.
Реалды қарсылықты құрмаласта қарсы мәндегi оқиғаның орындалғаны не орындалатыны баяндалады. МысалыСалт аттылар мен ат шана өтiп кетті, бірақ Әбдiрахман терезеге сүйенiп ұзақ тұрды (Х.Есенжанов). . — Ұлы түнде орнынан барынша сыбдырсыз тұрады, сөйтсе де бұл бірге оянады. Асығыс-ақ, дегенмен қайырылмау ұят. (Қ. Тоқмырзаұлы)..
Ирреалды қарсылықты сөйлемнiң алғашқы сөйлемiнде белгiлi бiр iстi орындау жайында әрекет жасалғанымен, басыңқыда сол әрекеттiң орындалуы терiске шығарылады. Мысалы: Алтын-күміс ақша ұстанған бай болған, бірақ өлікке кебін бермеген сараңдар бұл (Д. Досжан). Тілдің бірден-бір жоқтаушысы қаламгер қауым, бірақ олардан әзірше айта қоярлықтай қимыл көрінбейді. Барайын деймін, бірақ жер шалғай.
Салыстырмалы сөйлемдер ұзақ жылдар бойы оқулықтарда қарастырылмай, тек соңғы жылдар ғана сөз боп келедi. Компоненттерiндегi iс-оқиға желiсi бiр-бiрiмен салыстырыла берiледi. Негiзiнен мақал-мәтелдi сөйлемдерде жиi кездеседi. Жалғаулықтары: ал, да, де, та, те. Компоненттерiнде көбiнесе мағыналары бiр-бiрiне қарама-қарсы антоним сөздер қолданылады.
Тағы рефераттар
- Сократтың тәсiлi
- Мәдениеттің өрлеуі мәдениеттану проблемасы ретінде
- Күн
- АҚШ менеджментіндегі стратегиялық ерекшелігі
- Неке шартының жарамсыздығын тану және оның құқықтық салдары