ЖОСПАР
Кіріспе
I тарау. Қарттар және олардың арасында кездесетін мәселелер
Қартаюдың түрлері және адам жасының бөлінуі
II тарау. Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс
Қарт адамдарға әлеуметтік көмек беру және қамсыздандыру
Әлеуметтік қызметкердің және мекемелердің қарттарға көрсететін әлеуметтік көмегі
Кіріспе
Дүние жүзінде қарт адамдардың абсолюттік саны күннен күнге өсіп бара жатқандықтан, олар туралы мәселелер де өте тереңдеп бара жатыр. Осы мәселені зерттейтін ғылым «геронтология» деп аталады, яғни ол термин «герон» — қарт, «логос» — ғылым деген екі сөздің тоғысуынан шыққан. Поль де Кюридің айтуы бойынша, бұл терминді алғаш рет Илья Мечников ойлап тапқан. Геронтология қартаю процесін ғана зерттемейді, ол сонымен қатар қартаю кезеңіндегі адам денсаулығын және өмір ұзақтылығына да мән береді.
Қартаю барлық табиғи ағзалар әлеміне тән, тек адам үшін ол экономикалық, әлеуметтік және психологиялық процестермен сабақтасады. Геронтологияның қазіргі кезде жеке дамыған бөлімі — әлеуметтік геронтология. Ол өмір ұзақтығын және өмірдің салтын зерттейді.
Геронтология ғылымының мағынасын түсіну үші, оның дамуының сатыларын қысқаша болса да білу қажет.
Геронтология ұғымының қай кезеңде пайда болғаны туралы әртүрлі пікірлер айтылады. Бір зерттеушілер геронтология ерте заманда пайда болған ғылым деп айтады, яғни ол ерте замандағы медицина ғылымының атасы Гиппократ және Ибн-Сина, философтар Цицерон және Сенеки аттарымен байланысты деген. Ал кейбіреулерінің пайымдауы бойынша геронтология өз бастауын кейінгі жүзжылдықтың екінші жартысында, қарт адамдардың саны едәуір өскен шағында пайда болды дейді. Осы уақытта ең алғаш геронтологияның ғылыми-зерттеулік институттары құрылған. Осы айтылған екі пікір де дұрыс деп айтылады, яғни геронтология – жас ғылымдардың ішіндегі ең көнесі және көне ғылымдардың ішіндегі ең жас ғылым болып саналады.
Қоғам мәдени дамыған сайын, адам өмір тарихында өмірді ұзарту және өлімді ысырып тастауға әр уақытта әр түрлі амал-тәсілдер іздеген, бірақ оның нақты эксперименталдық жұмыстары мен практикалық қорытындысы XX ғ. ғана қолданыла бастады.
Геронтологияны мәдениеттің құрдасы деп те айтуға болады. Ерте ғасырлардан бері ғалымдар қартаю кезінде жастықты артқа қайтару үшін көптеген амалдар іздеген. Әр ғасырда қартаю ғылымы жаңа білімдер жинай бастады, әрине ол әр түрлі бағыттағы мамандармен байланысты, яғни олар: дәрігер – физиологтар, филологтар және биологтар, психологтар және социологтар, демографтар және этнографтар, тарихшылар және құқықтанушылар.
Бірақ бұл ғылымның пайда болуына өз үлестерін қосқан ғылымдардың қатары бұдан да көп. XX ғасырда геронтология жаңа, өте жас ғылымдардың жетістіктеріне байыды: биохимия, биофизика, психоаналитика, психофизиология және т.б. Негізінен геронтология – комплекстік тәртіпаралық зерттеулер негізіндегі ғылым болып табылады. Сайт каталог девушек по вызову проститутки Рязань Интим досуг для состоятельных мужчин
Курстық жұмыстың өзектілігі: қарт адамдардың саны бүкіл әлемде өсуде. Бұл денсаулық сақтау орталықтарының жетіспеушіліктерімен, өмір жасының ұзаруымен және сонымен қатар бала туудың төмендеуі мен қарт адамдардың саны жалпы массалық түрде өсіп келеді. Сондықтан да қазіргі кезде мемлекеттен не жалпы қоғам тарапынан болсын бұл мәселеге көп көңіл бөлінуде. Қарт адамдармен жұмыс істеу үшін, бұрынғы және қазіргі әлеуметтік жағдайын, психикалық ерекшелігін, материалдық және рухани қажеттілігін біле отырып, социологиялық ғылыми зерттеулерге сүйенген жөн. Яғни қарт адамдар қазіргі кезде әлеуметтік көмекті және мемлекеттік қолдауды қажет ететін топтардың бірі болып табылады. Бірақ бұл көмек пен қолдауды көрсетпес бұрын осы қарт адамдардың көкейкесті мәселелерін анықтап, оларды шешудің жолдарын қарастырған дұрыс болар еді.
Курстық жұмыстың мақсаты: қарт адамдардың қоғамдағы алатын орнын анықтап, олардың алдында тұрған әр түрлі мәселелеріне көз жіберіп, әлеуметтік көмек пен қамсыздандыру жұмыстарын қарастыру.
Рефераттың құрылымы: біздің «Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс» атты курстық жұмысымыз кіріспеден, «Қарттар және олардың арасында кездесетін мәселелер» атты бірінші тарау мен оның «Қартаюдың түрлері және адам жасының бөлінуі» деген бірінші бөлімінен, «Отбасындағы қарт адамдар» атты екінші, сондай-ақ, «Егде жас демографиясы» мен «Қарт адамдардың өмір ұзақтығы» атты үшінші және төртінші бөлімдерден тұрады. Жалпы бірінші тарауда геронтология, яғни қартаю туралы ғылымның пайда болуы жайлы, қарттардың өмір ұзақтығы, сондай-ақ, сол қарт адамдар санының демографиялық үрдіске қаншалықты әсер ететіні туралы жазылған. Ал «Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс» деген екінші тарау «Қарт адамдарға әлеуметтік көмек беру және қамсыздандыру», «Әлеуметтік қызметкердің және мекемелердің қарттарға көрсететін әлеуметтік көмегі» және «Халықарлық қарттар жылы» атты бөлімдерден тұрады. Бұл екінші тарауда қарт адамдарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек пен қолдау жайында, сонымен қатар, бұндай категориялы адамдарға әлеуметтік қызметкер мен түрлі мекемелер қандай және қалай көмек көрсете алатыны жайында сөз етілген болатын. Бұдан басқа курстық жұмысқа қорытынды жасалған және қолданылған әдебиеттер тізімі жазылған.
Рефераттың міндеттері:
1.Адамның қай жаста ересек және қарт екенін анықтау және қарт адамның отбасында қандай ролб атқаратындығын қарастыру;
2.Қарт адамдарға әлеуметтік қызметкер мен мекемелердің тарапынан көрсетілетін көмектері мен қамсыздандыру жұмыстарына назар аудару;
3.Егде жас демографиясы мәселесіне көз жіберу;
4.Халықарлық қарттар жылы мен заңдарды қарастыру.
Тағы рефераттар
- Беташар
- Сахара Судан Орталық Африканың физикалық географиялық сипаттамасы курстық жұмыс
- Гормоналды препараттар түсінігі, олардың жіктелуі
- Нарық жағдайында құрылыс ұйымдарының тиімділігін арттыру жолдары дипломдық жұмыс
- Эксперименттік есептердің классификациясы