Қауіпті жағдайда қалдыру туралы қазақша реферат
Қылмыстың обьектісі — қауіпті жағдайда қалған адамның өмірі мен денсаулығы. Қылмыс обьективтік жағынан өміріне немесе денсакулығына қауіпті жағдайдағы және сәбилігіне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсіз күйінің салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкіндігінен айырылған адамды кінәлі кісінің ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болған және ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болса; 2) кінәлі адам ондай адамдардың өмірін немесе денсаулығын қауіпті күйге өзі қалдырса.
Бірінші жағдайда көрсетілген әрекетсіздік үшін мына сипаттағы адамдар жауапты болады:
1) заңның тікелей талаптары бойынша көмек көрсетуге міндетті адамдар: ата-аналар кәмелетке толмаған балаларына; балалары – кәрі ата-аналарына;
2) Көрсетілген әрекеттерді кәсібі немесе қызметтік борышы бойынша атқаруға міндетті адамдар : мектеп мұғалімдері, өрт сөндірушілер, спорт үйірмелеріің жетекшілері, балалар бақшасының тәрбиешілері және басқалар;
3) Көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруды келісім-шарт бойынша жүзеге асыруға міндетті адамдар: жас балалардың немесе мүгедек адамдардың жалдамалы күтушілері.
Көрсетілген адамдар қауіпті жағдайда қалған адамдарға көмек көрсетуге міндетті болса ( обьективтік белгі) және оны жүзеге асыруға мүмкіндігі болса ғана (субьективтік белгі) және оларды көрінеу көмексіз қалдырған белгілердің тұтастай орын алған жағдайында ғана қылмыстық жауапқа тартылады.
Қауіпті жағдайда қалдырудың себептері әр түрлі болуы мүмкін: жас мөлшеріне байланысты (сәби, қарттық) адам ағзасында орын алатын патологиялық немесе физиологиялық прорцестерге байланысты (науқастың күнге күйіп денесінің жансыздануы, басы айналып құлап қалу, көпшілік жүретін немесе басқа да жерде адмның ескілікті дертіне байланысты уақытша есі ауып зардап шегуі) табиғи апаттарға байланысты (жер сілкіну, су тасу, қар көшкіні салдарынан үйінді астында қалған адамдар).
Кінәлі адамдардың өмірін немесе денсаулығын қауіпті жағдайға өзі қалдырып, көмек бермей кетіп қалса осы бап бойынша жауаптылыққа тартылады. Мұндай жағдайларда жол көлдік оқиғасынан зардап шеккендерді тастап кету; көзі көрмейтін адамды көшеден өткізуге міндетті адамның оны жолға тастап кету т.б осы сияқты әрекеттер жатады.
Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетілеген әрекетсіздіктерді істеген уақыттан бастап аяқталған деп саналады.
Қылмыс субьективтік жағынан тікелей қасақанылықпен істеледі. Заңдағы қауіпті жағдайда көрінеу көмексіз қалдыру деген сөздің өзі осы қылмыстың субьективтік жағының дәл мәнәі айқындап тұр Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындағандыеске алынады.
ҚК –тің 119-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлатаын түрі – көмексіз қалдырылған адамның абайсызда өлуіне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық көздлген.
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасы әлеуметтік қорғаудың механизмдерінің жетілуі
- Педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекеті және оның бала тәрбиесі мен ата-аналардың мәдениетін көтерудегі маңызы
- Психология ғылымының пəнi жəне мiндеттерi
- Microsoft Office Word мәтіндік редакторы курстық жұмыс
- Топырақтың физикалық қасиеттері