Жоспары:

1. Қазақ философиясының ерекшелігі.

2. Ағартушылық философиясы.

3. Абай философиясы.

Қазақ халқының философиялық дүниетанымы ойлау мәдениетінің шығу тегі көне түркі мәдениетінен Ү-ҮІ ғасырларда басталған. Оны мәдениет тарихында мәдени мұралар Талас, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылғандықтан Орхон, Енисей руна жазулары деп аталады. Негізінен түркі шығармаларымен таныссаңыз. Сол замандағы түркілер мен қазіргі қазақ санасының арасындағы терең рухани сабақтастық бар. Әл- Фарабиден бастап кейінгі ғұлама ойшылдар Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи т.б. жатады. Қазақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуына бұл ғұлама ойшылдардың ықпалы өте зор болған.

Тарихи әлеуметтік жағдайларға байланысты ғылым техниканың философияның өркен жайып өрістеуіне кең жол ашқан ХІХ ғасырдың аяғы деп аталады. Орталықтан шеткерілеу жатқан отарлық елдердің өмір сүріп отырған қазақ халқының назарынан тыс қалған емес. Қазан төңкерісіне дейін бұларды қазақ зиялылары жақсы білген. Сонымен қатар көшпенділер (номадтық) деген бұрынғы қазақтардың мәдениетінің болғандығын айғақтайды. Синкретизм (гр. қосылу, біріктіру, үйлестіру дегенді білдіреді).

Философия қазақ халқына сырттан танылған ілім емес, өзінің төл санасына жататын құбылыс. Философия халқымыздың әлеуметтік психологиясына, әлеуметтік дүниетанымына әбден сіңген.

Халқымыздың дүниетанымының ерекшелігі оның тұрмысынан аңғарылуы заңды дүние, сондықтан араб-парсы мистикалық философиясын қазақ халқы сол күйінде емес, өзінің өмір сүру тәсілі салтына, ерекшелігіне сай қабылдаған. Көшпелі қауымға негізінен мистика жат құбылыс, сондықтан араб мистицизмі қазақ халқының санасында оптимистік, өміршеңдік арнаға түсті.

Халықта даналығымен көзге түскен көптеген билер, ақындар, жыраулар болған. Мәселен аты алашқа әйгілі болған Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер көбінесе құбылысты астарлап ашып, тұспалдап сөйлейтін шеберлігін танытып отырған. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды тіршілікте өте жоғары бағалаған.

Жырау- әлі қоғамдық ғылымда зерттелмеген, сыры толық ашылмаған, күрделі ұғым. Оған Бұқар жырау, Қобылан жырау т.б. сияқты тұлғалар шығармашылығы кепіл. Жырау жеке басының ғана ар намысын, ұятын ғана ойлап қоймаған, негізінен оның мұңы халық мұңы. Ол хан мен халықтың арасындағы тұлға.

Сопылық ( суфизм) дәстүр. Суфизм арабша суфи- жүн, суфий – жүннен тоқылған шекпен) исламда ҮІІІ-ІХ ғасырларда пайда болған араб халифаты елдерінде кең таралған діни-мистикалық ілім. Ертеректегі суфизмге жекелеген материалистік элементтері бар пантеизм тән болды. Кейіннен неоплатонизмнің, Үнді философиясының, кейбір христиан идеяларының ықпалымен суфизм аскетизмге және шын мәніндегі мистицизмге айналды. Құдайдың хақтығына шек келтірмей, ол айналадағы заттар мен құбылыстар оның эмоциясы дей отырып, суфизм сопылық дәстүр ізбасарлары өмірдің ең жоғарғы мақсаты адам жанының құдаймен бірігуі деп жариялап, жер бетіндегінің бәрінен (пендешіліктен) қол үзуді талап етті. Мысалы Платон, Аристотель, Лұқман Хакім, Сократ сияқты хакімдері Абай негізінен суфистер философиясы арқылы, одан бергілері Плутон шығармасы бойынша оқып білген. Суфистер философиясы арқылы қазақ даласына жеткен Платонның, Әсіресе Плотиннің құдайды ақылмен тануға болмайды деген ой жүйесінің ықпалы айқын сезіледі.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. қазақ хандығы қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарындағы әлеуметтік-философиялық сарындар «жеті жарғы» қазақтардың байырғы әдет ғұрып заңдарының жинағы. Бұл заңдар ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың басында Тәуке хан билік құрған тұста қалыптасқан. Орыс тарихнамасында «Тәуке хан» заңдары деген атпен белгілі. «Жеті жарғының» негізгі нұсқасы қазақтың үш жүзі бас билерінің қатысуымен әзірленіп, белгілі ру басыларының Түркістандағы жиынына бекітілген. Жарғы феодалдық қоғамдық қатынастардың басты-басты салаларын қамтып, елді әбден жайлап алған жер дауы, жесір дауы, мал дауы, жан дауы, құн дауы, мүлік дауы, хандық пен билік т.б. мәселелерді мақсат еткен. Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда «жеті жарғысын» білмек керек деп, бұл әдет-ғұрып заңдарын жұрт билеу, ел басқарудың негізгі жүйесі ретінде танитынын аңғартады.

Космология- гр. ғарыш- астрономияның бір саласы. Тұтас әлем ретінде шоғырланған ғарыш пен осы бірегей әлемнің астрономиялық бақылауға алынған бір бөлігін зерттейтін ғылым. Космология жөнінде алғашқы қарапайым, түсініктер сонау ерте кезде-ақ адамдардың дүниедегі өз орнын білуге ұмтылған тұсында пайда болды. Қазіргі кезде ғылымда 20 жылдары физик А.А.Фридманның жалпы салыстырмалылық теориясына негізделген моделі жаппай танылды деуге болады. Қазіргі космологиялық бұл модельдің мәні мынада- олар ментагалактиканың құрылымы және дамуы жөніндегі жалпы заңдылықтар туралы түсінік және ол шексіз әлемді танып білу процесіндегі  маңызды қадам болып табылады. Анропософия гр. адам және даналық дегенді білдіреді. Мистикалық декоденттік ілім, теософияның бір түрі. Антропософияның негізі Пифогор мен Неоплотанизмнің мистикасынан, натурфилософиясынан алынған діни-философиялық идеялардың өзара араласуы. Антропософия жүйесінің өзегінде- адамның тек бағышталғандарға ашық әспеттелген мәні бар. Антропософияның негізін қалаған Р. Штейнер (1861-1925). («Құпия ғылым» 1910, «Антропософия тезистері» 1925) .

Доспамбет жырау (1490 жыл, Азау қаласы-1523, Астрахань маңы) – ежелгі қазақ халқы қалыптасу кезеңінде өмір сүрді.  Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жорық жыршысы мұрасының дені жоғалған, ел аузында жекелеген қолжазбаларда сақталған туындылары ХІХ ғ. бас кезінде әр түрлі жинақтарға енді. Алдаспан антологиясында (1971) оның табылған шығармалары толық жарияланды. Доспамбет жырау жырларынан оның ой-өрісі, мұрат-мақсаты, рухани өмірі, ғибраттық қағидалары, философиялық көзқарасы айқын аңғарылады. Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдісінің көнелігіне қарамастан көңілге әсер етерлік терең, тілге орамды.

Мұхаммед Хайдар Дулати 1464-1480 ж. Дулати жан-жақты білімді адам болған. Сол кездегі саяси оқиғалар мен қайраткерлерді, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия, Монғолстанның өткен тарихын, әсіресе Дулат тайпасының Феодал топтарының тарихын жақсы білді. Дулати орта ғасырлардағы қазақтар тарихына байланысты өте құнды мәліметтер қалдырды. Монғолстан мен оның тарихы жөнінде аса құнды түп нұсқа болып саналатын- «Тарихи Рашидидің», « Джаханнама » дастанының авторы. Бұл еңбекте қазақ хандығы құрылғанға және одан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар, Монғолстанның құлауы, феодалдық, соғыстар, сыртқы жауға қарсы қазақтардың қырғыздармен және өзбектермен достық одағының қалыптасуы т.б. жайлы көптеген мағлұмат беріледі. Шығармада ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы мәдениеттері, Жетісудың тарихи географиясы туралы,орта ғасырлардағы қазақстан жайлы құнды деректер бар.

Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы 1835-1865- қазақ ойшылы, этногрофы, тарихшысы, геогрофы, ғұлама ғалымы және ағартушысы. Уәлихановтың философиялық ойшылдық қасиеті кез-келген сапарында тіршілік, жер қыртысы, салт-дәстүр көріністерін мүмкіндігінше толықтыруынан, тарихи деректер мен белгілі адамдар туралы естеліктерді пайдаланып, төл ойын білдіріп, қорытынды жасауынан айқын аңғарылады. Орта Азияны, Қазақстанды, Батыс Қытайды сол кездегі хандық дәуірдің бәріне ортақ саяси-экономикалық құрылымынан іздеуге талпынады. Шоқан мемлекет тарапынан қазақтардың құқығын қорғау мәселесіне тікелей араласады. Билер салтының демократиялығын дүние жүзілік соттар жүйесімен салыстыра отырып, оның артықшылығын ғылыми жолмен дәлелдейді. Уалиханов «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қытай империясының батыс провинциясы мен құлжа қаласы» деген және т.б. зерттеулерінде тарихты қарапайым бұқара халық жасайды дейтін кемеңгер ойды түйіндейді. Бұл еңбектер Орта Азия мен Қазақстан тарихының алтын қоры.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж) қазақ халқының көрнекті ойшылы, жаңашыл педогог, жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері. ХІХ ғасырдың 60-70 ж.ж. қазақ халқының өмірінде болған тарихи-әлеуметтік, үлкен өзгерістер мен сабақтас «Жаз», «Өзен» сияқты шығармалары Алтынсариннің нағыз талантты ақын болғандығын көрсетеді. Уәлиханов пен Алтынсариннің философиялық идеяларының анторопоцентризмі мен гуманистік дүниетанымның яғни дүние адам үшін ештеңе емес. Тек адам ғана субьект, ал бүкіл әлем оның субьектісі ғана. Барлық адамдардың жан-жақты және жарасымды дамуы үшін, жеке адамның шын бостандығы үшін қажетті алғышарт жасайды. Қазақстанда экономикалық ой-пікірдің өрістеуіне үлкен роль атқарды. Алтынсариннің шығармалары, хаттары, баяндамалары дүниеге алдыңғы қатарлы көзқарас тұрғысынан жазылған.

Абай Құнанбаев (1845-1904жж) ақын, ағартушы, гуманист, ойшыл-философ. Абай дүниетанымы көркем образдар нақышы мен өрнектелген. Оның еңбектерін оқығанда зароастризм, буддизм, махизм, христиан, ислам діндеріндегі философиялық қағидалармен таныс болғанын аңғарады. Абай имандылық пен адамгершілік философиясын дамытты. Өйткені адам проблемасы оның дүниетанымының өзегі болды. Абай еңбектерінде Алла деген сөз жиі кездеседі. Ол 3 мәнде қолданылған. 1. Онтологиялық. 2. Космогониялық 3. Гносеологиялық тұрғыда. Абай өз шығармаларында Алла мен адамды қатар қойған.

Ш. Құдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. Ш.Құдайбердиев (1858-1931) -ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы кезеңде қазақ даласынан шыққан гуманистік, ағартушылық жолдағы ғұлама ойшыл, ақын, публицист, философ. Шәкәрім шығармаларындағы дүниетанымның өзекті түйіні таза ақылмен қол жеткен әр ғылымның іргетасы болып табылатын ұждан мәселесіне келіп тіреледі. Оның философиялық шығармалары мен «Үш анығында» осы таным толық көрінеді. Оның материалистік және идеалистік дүниетанымдардың өткен тарихы мен де жете таныс әрі ол жайлы еңбектерді, әдебиеттерді жан-жақты қарастырған.

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – қоғам қайраткері, экономист, әдебиетші, публицист, аудармашы. 1922 жылдан бастап Москвада тұрады. Москвада басылып шыққан Потаниннің өмірбаяны (1923) «Ер Тарғын», «Манардың түсі», Толстой  «Қажымұрат» ( Москва 1924) аударма, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Эзоп пен Толстой «Жетпіс жеті мысал» 1926 ж.

Ә. Бөкейхановтың мол еңбегінің бір саласы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған. 1903 жылы Киргизский край деп аталып, 1903 жылы Петербургте басылып шыққан (көлемі 478 бет), кітапты жазуға А.Н.Сидельников, Л.П.Осипова, Ә.Н.Бөкейханов, С.Д.Чадов, Н.А.Бородин, Т.Т.Белогонов, В.П.Семенов, П.Н.Ситольнинский қатысқан.

Байтұрсынов Ахмет (1873-1938) – ғалым, тілші, түрколог, әдебиетші, ақын, публицист, аудармашы, мемлекет қайраткері. 1913-1918 жж арасында «Қазақ» газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогресске, өнер-білімге үйретеді. Азапты толғаныс, өзгеру эволюциясынан өтіп барып, 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интеллигенциясының көптеген өкілдерін өзімен бірге алып, Совет өкіметі жағына өтеді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери- революциялық комитеттің мүшесі ретінде онің жұмысына белсене араласады.

Дулатов Міржақып (1885-1935) – жазушы, ақын, драматург, журналист, қоғам қайраткері. М.Дулатовтың өмірлік мақсатының нысанасы, туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы, ол қуғын-сүргін көріп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты күндерінің өзінде ол жолдан тайған жоқ. Дулатовтың даңқын қазақ арасы ғана емес, Россиядағы түрік әлеміне тұтас жайған «Оян қазақ» 1909 ж. Қазақстан бостандық алғаннан кейін ғалымдар Міржақыптануға өз үлестерін қосты.

Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893-1920 ) көрнекті қазақ ақыны және ойшылы. Философиялық көзқарасының бастауы- құдай, табиғат және адам арақатынастары туралы мәселе. Осы өзекті үш жақты мәселеге жауап іздеу барысында оның бүтіндей дүниетанымы, философиялық көзқарасы қалыптасты. Торайғыровтың философиялық көзқарасының мәні дүние мен адам арақатынасының өмірдегі гормониясын іздеу болып табылады.

Мұстафа Шоқай (1890-1941ж 27 желтоқсан Берлин)- аса көрнекті қазақтың саяси қайраткері. Ташкент гимназиясын бірінші дәрежелі атақпен бітіріп, Петербургтегі императорлық университеттің құқық факультетін бітірді. Қазақ халқының мүддесі үшін көп еңбек сіңірген жас ойшыл қайраткер еліне келіп, мақсаты ұлт күресін рухани жағынан күшейтуге зор еңбек сіңіреді. Бұл жолда Ә.Бөкейханов және М.Дулатов т.б. болды. М. Шоқайдың қоғамдық-әлеуметтік құрылымға деген философиялық көзқарастары «1917 естеліктерінің үзінділерінен» айқын көрінеді. Қазіргі түркілік тұтастыққа ұмтылып отырған идеялар ХХ – ғасырдың басында, ойшыл, сарапшы ғалым М.Шоқай ұсынған болатын. Осы ұлағатты ойлар елімізге келген тәуелсіздіктің арқасында жүзеге асты.

Жақып Ақбаев (1876-1934) Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, қоғам қайраткері, қазақ халқынан тұңғыш шыққан право министрі. Санкт-Петербург императорлық университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. 1919-1927жж. Алаш қозғалысына белсене араласып, осы партия жетекшілерінің бірі болды, әрі Алаш автономиясы бас прокурорының қызметіне ұсынылды, Кеңес өкіметі тұсында 1919-1928 жж. Семей Губревкосында істеді. 1922, 1929 жылы репрессияға ұшырап, Воронежге жер аударылды. Қазан төңкерісіне дейін де одан кейін де ұлттық сананың ХХ- ғасырда қазақ қауымы шығармашылығына еркіндікпен дамуына көптеген тосқауылдар болды. Маркстік философияның аса маңызды қырлары мен принциптері (диалектикалық әдіс, диалектикалық логиканың және таным теориясының бірлігі принципі және т.б.) жан-жақты дамытылып, тамаша қолданылған. Маркс «Саяси экономикаға сын жөнінде» деген еңбегінде (1859) тарихты материалистік тұрғыдан танудың мәнін қысқаша баяндап берді.

Қазақ ойшылдарының философиялық идеялары туралы.

Қазақстанда ХХ ғасырдың 60-ж. кәсіптік философияның қалыптасуына алғашқы қадамдар жасалынды. Қазақ философиясы адам және оның өмір сүру философиясы. Халықтың жалған өмір туралы түсінігі тек діни-пессимизмге құрылмаған, ол белсенді іс-әрекетті де жоққа шығармайды. Жалпы бостандықты еркіндікті сүйетін кең даласы сияқты кең пейілдігі бар халықтың соған сай философиялық дүниетанымы, ой-пікірлері болуы заңды дүние.

Қазақ философиясы өзінше бөлектеніп өмір сүрмек емес және оны дүниежүзілік мәдениет шеңберінде қарастырылғаны жөн. Ұлттық философияның пәні-ұлттық ойлаудың ұлттық болмысқа қатынасы, халықтың дүниетанымы. Өз тілінде философиясы болмаған халықты мәдениетті, өркениетті ел деп айту қиын.

Енді егемендік алған тәуелсіз мемлекет өзінің ұлттық қазынасын өзі тануға мүмкіндік алды. Ендігі жағдай зиялылардың өзіне байланысты.
Тағы рефераттар