Қазақ тілін кәсіби мамандыққа сәйкес оқыту туралы қазақша реферат
«Қазақстан-2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек.
Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Елбасының «…Халықаралық тәжірибеге сүйеніп, жақсы технологияларды әкелу» [1] деген ұстанымы мемлекеттік тілді дамыту бағытында бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тіл саясатының белгілі бір жүйемен істеліп жатқан іс-шаралары қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға бағытталып және тәжірибе жүзінде қолданыс қызметін кеңейтуге қызмет етеді. Жаңа заманның талаптарына орай, интеллектуалдық қабілеті мол мамандарды даярлау міндеті бүгінгі білім жүйесінің басты да негізгі мақсаты екені даусыз. Осы мақсатты іске асыруда студенттерге іскерлік қарым-қатынасты дұрыс оқыту қажеттігі күннен-күнге айқын сезілуде. ЖОО-да оқыту үдерісінде Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті тілдік тұлғаны қалыптастыруда тиімді әдістерді қолдану. Сол себепті оқыту әдістемесінде және тіл үйретуде, оқытуда ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және өмірде, тәжірибеде бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді.
Бұл жүйелі кешен Халықаралық стандартқа негізделген алты деңгейлік оқу-әдістемелік кешен. Соның ішінде ЖОО-да 1. В1, В2 – Ортадан жоғары деңгей, 3. С1 –Жоғары деңгей. С2 – Жетік деңгей. Бұл алты деңдейде білім мазмұны қамтылады. Оның ішінде білім мазмұнын қамтитын стандартқа, типтік бағдарламаға сәйкес алты деңгейге арналған оқулық, жаттығулар жинағы, оқу-әдістемеліу нұсқаулар, грамматикалық анықтамалар (әрбір тақырыптың ішінде грамматикалық бірлік-тұлғалар беріліп, ол функционалды-прагматикалық тұрғыдан түсіндіріледі). Тілші-әдіскер ғалымдар тілді үйретуде жаңаша бағыттарда жұмыс істеп, жаңа ізденістер тұрғысынан қоғамдық сұраныстарға назар аударуда. Озық тәжірибелер мен әдістемелерді ортаға салып, кәсіби бағытта жұмыс жүргізуде. Әрине, бұл жерде кешенді мәселе бар: ол тілді үйретудегі бірізділік жүйесі.
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» жобасына қазақ тілінің мәртебесін жоғары деңгейге көтеретін мәселелер қамтылуы тиіс. Бұған біріншіден, «Мемлекеттік тіл» Заңы қабылданып, толыққанды жұмыс жасауы, ол Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдамасымен үндес келуі, яғни Қазақстан халқының болашық өмірінің кепілі болуы. Екіншіден, қазақ тілі коммуникативтік қарым-қатынас,ресми қатынас тілі ретінде жұмыс жасауы.
Осы тұрғыдан мамандыққа сай қазақ тілін сапалы оқыту – қазіргі уақыт сұранысынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде Б.Қасым аталым немесе сөздің лексикалық мағынасы мен семантикасы жайлы: «Сөздің лексикалық мағынасы таным теориясымен тікелей байланысты. Яғни адам затты қаншалықты жақсы таныса, затты белгілейтін сөздің мағынасын соншалықты анық, айқын біле алады. Себебі сөз мағынасы – белгілі бір заттың не құбылыстың адам санасындағы жалпыланған бейне. Зат бейнесі сөз мағынасының негізін құрайды, яғни жалпыланған бейне арқылы сөз мағынасын түсініледі және мағына арқылы келесі тыңдаушыға жеткізіледі. Сөз мағынасын қалыптастыру үшін сөздің мағынасын сөйлеуші ғана емес, қоғамдағы басқа адамдар да солай түсінуі, солай ұғынуы керек. Сонда ғана адамдар бірін-бірі түсінеді, бірімен-бірі қарым-қатынас жасай алады» мамандыққа қатысты тілді меңгертуде мынандай талаптар қою керек деп есептейді:
• студенттерді кәсіби мамандығы бойынша тілдесуге үйрету;
• мамандыққа байланысты тілдік қатынасқа түсу үшін әр түрлі жағдаяттар құру арқылы тілдік қатынастың қажеттілігін түсіндіру;
• дұрыс сөйлеу қатысымның түрлерін үйрету. Сонымен қатар мамандыққа байланысты мәтіндерді меңгерту арқылы студентті болашақ мамандығымен кеңірек таныстыруға мүмкіндік туады [2, 17].
З.С.Күзекова «Екінші тіл ретіндегі қазақ тілі оқулығы теориясының лингвистикалық негіздері» деп аталатын ғылыми еңбегінде «Сөйлеу үшін ең басты материал – сөз. … сөзді жүйесіз меңгеру – қазақша сөйлетуге де қазақша түсінуге де әкеле алмайы. Барлық тіл үшін осылай. Өз ойын жеткізу үшін (базалық деңгей үшін) қазақ сөздерінің үш сатылы топтастырылуын ұсынамыз»,- дей отырып, сөздерді мағыналық топтарға, әрбір мағыналық топты сөздер блогына бөліп көрсетеді [3, 18].
Ш.Құрманбайұлы, М.Мамаева, А.Сыбанбаеваның “Қазақ тілі” болашақ заңгерлердің кәсіби тілін қалыптастыруда олардың келешек қызметінде қолданатын сөздер мен сөз тіркестерін, заң терминдерін меңгерту басты мақсат етілген алғашқы мамандыққа арналған оқулық. Көркем шығармалар мен ғылыми еңбектер бойынша іріктеліп алынған мәтіндер және оларға қатысты құрастырылған әр түрлі тапсырмалар жүйесі модульдік технологияға сәйкестендірілген. Сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмысы түсіндірме, фразеологиялық, аударма сөздіктер арқылы іске асады. Шағын хабарлама жасау, жоспар құру, белгілі бір тақырыпқа шығарма, баяндама, тезис, реферат, конспект жазу тапсырмалары болашақ мамандардың жазбаша тілін дамытуда, өз ойын, пікірін жеткізуде басты орын алады. Студенттердің өз бетімен ізденіп, кәсіби шеберлігін жетілдіруі кітап соңындағы заң терминдерінің қазақша-орысша қысқаша сөздігі арқылы жүзеге асады.
Оқу үрдісінде жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін алғышарттар қажет: ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, оқу-әдістемелік кешендерді үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа оқулықтардың мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен танысу, білімді деңгейлеп, кәсіби бағытта беру технологиясын игеру арқылы студенттерге білімді стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқу үрдісін ізгілендіру т.б.
Білімалушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері:
• Сұрақ-жауап (оқытушы мен студент)
• Диалог
• Ауызша қарым-қатынас, жазбаша қарым-қатынас (Түрлі әдіс тәсілді қолдануға болады). Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алғышарттары болып келеді. Бұл әдістің түрлері оқу үдерісінде оң нәтижелер береді. Коммуникативтік құзырет – өз бетімен білім алуға, оның барысында пайда болатын танымдық проблемаларды өз бетімен шешуге, өзінің позициясын белгілеуге жеткілікті білімділік деңгейі.
Қ.Қадашева “Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері: өзгетілді дәрісханалардағы қазақ тілі” деген докторлық диссертациясында мамандық тіліне бейімдеп оқытуда жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесінің әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалануға болатындығын, тіл үйренушілердің өз саласында тілді қолдану қызметінде лексикалық минимумды анықтау қатысымдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ерекшелік екендігін көрсетті. Заңгер мамандығына бейімдеп оқытуда автордың өз тәжірибесінен алынған үлгілері толық баяндалып, кәсіби бағыттағы материалдың негізінде пікірлесімдік қарым-қатынасты қалыптастыруға жаттығулардың әсері зор екені айтылады. Сонымен қатар өзгетілді дәрісханалардағы үйренушілерге мамандығы бойынша тілдік база жасау мәселесіне тоқтала отырып, оның мақсаттарын ашып көрсетеді [4,103]. Бұл ғылыми еңбектегі тиімді әдістердің үлгілерін күнделікті сабақ барысында түрлендіріп қолдануға болады.
Соңғы жылдары әдіскер-ғалымдар қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертумен қатар, студенттердің кәсіптік мамандығын ескере отырып игертудің тиімді жақтарын қарастыруда.
Тілді мамандыққа қатысты оқытудың тиімді тұстары:
• білім алушылар қазақ тілін меңгеру арқылы кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алуы;
• кәсібіне байланысты жинақталған сөздік қорды практикада мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты жеткізу дағдысы қалыптастыру;
Ол үшін сөздік-минимумды таңдауда басшылыққа алынатын ұстанымдар: • Сөздің сөзжасамдық қабілеті; • Сөздің көпмағыналық, омонимділігі, синонимдік; • Сөздің мамандыққа байланысты қатысым-прагматикалық мақсатын ескеру. Сонымен қатар студенттердің лексикалық және терминологиялық түсіндірме, фразеологиялық, аударма сөздіктер арқылы жүзеге асады. Шағын хабарлама жасау, жоспар құру, белгілі бір тақырыпқа шығарма, баяндама, тезис, реферат, конспект жазу тапсырмалары болашақ мамандардың жазбаша тілін дамытуда, сауаттылығын арттыруда, өз ойын, пікірін жеткізуде басты орын алады. Студенттердің өз бетімен ізденіп, кәсіби шеберлігін жетілдіруі мақсатында лексикалық минимумы мен терминдерінің қазақша-орысша түсіндірме сөздігі арқылы жүзеге асады.
Қазақ тілінің кәсіби мамандыққа бағытталған лексикасы мен терминологиясын оқыту әдістемесі сала мамандықтарына байланысты таңдап алынған лексиканы үйрету үшін, біріншіден, тіл үйренушіге жаңа сөзді қолдануға жағдай туғызу; екіншіден, сөздің мағынасын айқындап, дұрыс қолдан амал-тәсілдерін игерту (сөз→сөз тіркестері→сөйлем→мәтін); үшіншіден, сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты грамматикалық тұлғаларды функционалды мақсатта байланыстыра үйрету; төртіншіден, сөздердің қатысым-прагматикалық мақсатын ескеру қажет
Кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды. Білікті маман дайындау, білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы. Осыған орай қазақ тілінен берілетін базалық білім таңдалады. Қажетті базалық білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі алады, себебі бүгінгі студент ертеңгі маман, іскерлік қарым-қатынас жағдайында жол таба білуге үйрету маңызды болып саналады. Бүгінде оқытудың барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір-бірімен байланыстыру мақсаты басым. Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру. Сондықтан кәсіптік білім беруде өтілетін тақырыптар, соның ішінде ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс.
Пайдаланылған әдебиет
1. Назарбаев Н. Бәсекелестікке қабілетті Қазақстан үшін. Бәсекелестікке қабілетті экономика үшін. Бәсекелестікке қабілетті халық үшін. Қазақстан халқына жолдауы.– Астана: Ақорда KZ 62012.
2. Қасым Б., Османова З. т.б. Кәсіби қазақ тілі. –Алматы, 2010. –112 б.
3. Күзекова З. Қазақ тілі. – Алматы, 2001.
4. Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдiстемелiк негiздерi: өзгетiлдi дәрiсханалардағы қазақ тiлi: Пед. ғыл. док. … дисс. – Алматы, 2001. – 301 б.
Тағы рефераттар
- Өрт сөндіруде сумен қамтамасыздандыру
- Герундийді аудару тәсілдері мен эквивалентті таңдау
- Жергілікті тораптың аппараттық жабдықтары. Ethernet аппаратурасы
- Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы
- ҚОШҚЫЛ ЭХИНАЦЕЯ ӨСІМДІГІНІҢ КАЛЛУСТЫҚ КУЛЬТУРАСЫ БИОМАССАСЫНЫҢ ӨСУІНЕ ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ РЕЖИМНІҢ ӘСЕРІ