Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – Президенттің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылды. Музей алғашқы келушілерін 2005 жылы қабылдады. Музей коллекциялары қазіргі Қазақстанның тарихы мен мәдениетін тануға мүмкіндік береді. Музей қорының негізін егеменді елдің құрылуы мен дамуын бейнелейтін құжаттар, фото, бейне материалдар құрайды. Қазақстан Республи-касының марапат коллекциясы тұрақты экспозицияда қойылған.
Музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы рөлі болып табылады.
Музейге келушілерге арналған ғылыми жинақтар, монографиялар, көрме каталогтары, буклеттер жарияланған.
Музейде музей сабақтары, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулер, лекциялар, білім беретін оқу орындарымен ғылыми-ағартушылық іс-әрекеттер, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп дәріс-экскурсиялар, дәрістер, дәстүрлі емес кездесулер, пікірталас клубтарының отырыстары, тұсаукесер кездесулер, балалар студиясында бейнелеу және қолданбалы өнер сабақтары, шеберлік сыныптар, арт сыныптарда кеңес беру, пікірталастар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізіледі.
Музейді мәдени өмірдің орталығы ретінде көрсететін бірқатар көрме жобаларына бастамашылық жасалды. Бұлар: «Алға ұмтылған Қазақстан», «Мәдениет арқылы үн қатысу». «Жаңа Эрмитаж-1» (Мәскеу қ.), «Менің ғаламшарым», «Н. Назарбаев – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің
Қазақстандық моделінің негізін салушы», «Ғасырлар таңбасы» тақырыбындағы көрмелер және т.б.
Музейдің мәдени қызметін іске асырудағы жұмыстарының бірі көрмелер ұйымдастыру болып табылады.
Халықаралық ынтымақтастық аясында 2008 жылдың 21 мамырында, 2008 жылдың желтоқсанында Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Музейде «Мемлекеттілік нышандары» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Қазақстанның бірлігі, бүтіндігі және тәуелсіздігі» дөңгелек үстелі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің құрылғанына 5 жыл толуына орай 2009 жылдың 24 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
2010 жылдан бастап Музей 5 жобадан тұратын «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасын іске асыруға кірісті.
Бүгінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі өзін беделді ғылыми-зерттеу, білім беруші және мәдени орталық ретінде көрсете білген ел астанасындағы көз тартар көрікті орындардың біріне айналды.
Қазіргі кезде музей қоры мынадай коллекциялар бойынша бөлінген:
1) жоғары наградалар коллекциясы;
2) кәдесыйлар мен сәндік ыдыстар коллекциясы;
3) киім-кешек, жұмсақ бұйымдар және киіз-кілем бұйымдары коллекциясы;
4) бейнелеу өнері және мүсін өнері бұйымдарының коллекциясы;
5) материалдық мәдениет бұйымдары коллекциясы;
6) қару-жарақ және нумизматика коллекциясы;
7) бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдар коллекциясы.
Тағы рефераттар
- Бір локуспен кодталатын изоферменттердің эволюциясы
- Орта ғасыр философиясы
- Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау
- Көмір қарқының дамуына талдау
- Ыдырау өнімдерін шығару жүйелерінің жұмысы,жас ерекшеліктері