Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу

Осы кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды рейтейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражаттарының құрылуы мен пайдалануының негізгі ережелерін, принціптері мен тетіктерін белгілейді.

Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы кодекске көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Егер Қазақстан республикасының бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ерешелер белгіленсе, онда  халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданысқа  болады және борлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы атілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ерешелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяталғаннан кейін күшін жояды.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының үкіметі  мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына бастап қолданысқа енгізіледі. [1,  5-б.]

Егер заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.

Мемлекеттік бюджет –араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;

Инвестициялық ұсыныс –инвестициялық жобаның   мақсатын, оған жету жолдарын көрсетені және инвестициялық жобаны  одан әрі үшін оны алдын ала іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін инвестициялық жоба  тұжырымдамасы;

Кассалық алшақтық –қаржы жылы ішінде шығыстар көлемінің бюджетке түсетін түсімдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемінен асып түсуі;

Жергілікті бюджет –облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті;

Бюджеттік  жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган –жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орташа мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган-жергілікті бюджеттен қаржылындыратын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп және есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

Кірістерді бөлу нормативі –кірістерді әр түрлі деңгейлердегі бюджеттердің арасында бөлудың проценттік арақатынасы;

Салалық (секторлық) бағдарлама-Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, экономиканың жекелеген салаларының   неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;

Басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық жобалардың(бағдарламалардың) тізімі болып табылатын, республиканы немесе аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарына қосымша;

Бюджет қаражатын алушы-бюджет қаражатын игерудің барлық деңгейінде бюджет қаражатын пайдалатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететін, соның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде қызмет көрсететін тұлғалар;

Аймақтық бағдарлама-мәслихаттар бекітетін, аймақтың   әлеуметтік –экономикалық дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;

Түзетілген бюджет-тиісінше Қазақстан республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланғанбюжет;

Әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімдік жосапры-Қазақстан республикасының Үкіметі немесе мәслихат бекітетін, республиканы немесе аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру жөніндегі шараларды айқындайтын құжат;

Трансфеттер-бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер;

Бекітілген бюджет-тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тисті мәслихат бекіткен бюджет;

Нақтыланған бюджет-атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет;

Қаржыландыру-бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;

Қаржы жылы – бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі; [4]

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық әукілетті орган –орташа мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган-ішкі мемлекеттік қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган-республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган- Қазақстан республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының осы бапта көрсетілмеген басқа ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалған мәндерде пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы бюджет заңдары ұғымдарының анықтамалары бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заң салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады. [3]

Осы кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңдар салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасы  заңдарының осы салаларында пайдаланып жүрген мәнінде қолданылады.

Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

кірістер;

салықтық түсімдер;

салықтық емес түсімдер

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

ресми трансфеттер түсімдері;

шығындар:

операциялық сальдо;

таза бюджеттік кредит беру;

бюджеттік кредиттер;

бюджеттік кредиттерді өтеу;

қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;

қаржы активтерін сатып алу;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

бюджет тапшылығы (профициті);

бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану);

қарыздар түсімі;

қарыздарды өтеу;

бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады. [1, 7 –б.]

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде айқыналатын республикалық бюджет шығынын өтеуге жұмсалады. Өтем  мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің жалпы нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды;

Қақастан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін нысаналы трансфеттер түрінде;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты  шығыстарды жабуға жұмасалады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері;

Шикізат секторы ұйымдарының республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;

Республикалық меншіктегі және кен мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;

Шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының он проценті мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансфеттері;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

Қазақстан Республикасының  заңдарымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер болып табылды.

Негізгі қызметі табиғи ресурстарды өндіру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. [5]

Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер –шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы;

Корпорациялық табыс салығы;

Қосылған құнға салынатын салық;

Үстеме пайдаға салынатын салық;

Бонустар;

Роялти

Жасасқан келісім-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнімді жөніндегі үлесі.

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат секторының тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалады.

Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ресми трансфеттерді, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттерді  республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының  Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.

Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ресми трансфеттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік  мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген ресми трансфеттер мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару барысында оны мәслихатта нақтыламай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қорына аударады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырудан құрылады:

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру;

Тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағадайында ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;

Инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген қаржы активтеріне және матеиралдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырылады.

Рұқсат етілген қаржылық активтердің және матеиралдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан республикасының Ұлттық қорын  басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және міндеттермелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды. [1,  12-б. ]

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Респубикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің келісімімен қаржы жылының қорытындылары  бойынша Қазақстан Республикасының  Парламентінде репсубликалық бюджетті нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес-Қазақстан Республикасының  Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесші орган.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі функциялары:

Қазақстан Репсубликасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдері бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап жасау;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес актвтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.  [1,  10-б.]

Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын  Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қырқүйегінен кешіктермей Қазақстан Републикасының Парламентіне енгізеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы қаржы жылына арнлаған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынандай құжаттарды мен матеиралдарды;

Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;

Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты;

Республикалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;

Республикалық бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер ме болжамдық есептерді;

Соңғы есептілік күнгі жағдай бойынша мемлекеттік кепілдік берген борыштың жайы туралы деректерді;

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында негізге алынған шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы парламенті Палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 1желтоқсанынан кешіктірмей бекітіледі.

Қазақстан Республикасының парламенті ағымдағы дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджетті Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткенге дейін қолданылады.

Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар бекітілген жағдайда, осы қаржы жоспары жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Жергілікі бюджеттің жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер.

Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюжетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді. [6]

Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

Жергілікті атқарушы орган алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасымен бір мезгілде мынандай құжаттарды және материалдарды:

Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;

Үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты;

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;

Жергілікті бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер мен болжамдық есептерді;

Алдағы қаржы жылына жергілікті бюджет жобасында негізге алынған шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді.

Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті Қазақстан Республикасының Президенті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітіледі.

Ауданның  (облыстық маңызы бар қаланың) алдағы қаржы жылына арналған бюджеті тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекіту туралы, облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей бекітіледі.

Мәслихат осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті атқарушы органы алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім шығаруға құқылы, ол жергілікті бюджетті мәслихат бекіткенге дейін қолданылады.

Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.

Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуі тиіс.  [1,  15-б.]

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың тізбесін табыс етеді.

Мәслихаттардың алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы қабылдаған шешімдері қосымшаларымен және жергілікті атқарушы органдардың алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешідері қосымшаларымен бұқаралық қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Жергілікті бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау.

Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.

Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

Тұрақты  комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептермен қоса жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасайды және оларды тиісті мәслихат белгілеген бас тұрақты комиссияға жібереді.

Бас тұрақты комиссия тұрақты комиссиялардан түскен ұсыныстардың жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады. Бұл ретте жинақтамаға тиісті негіздемелері мен есептері бар ұсыныстар ғана енгізіледі.

Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімнің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің  жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын қамтиды.

Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының сөздерін тыңдауға құқылы.


Тағы рефераттар