Республикалық кітап музейі қазақ халқының тарихы мен мәдениетін сақтаудың, насихаттаудың нақты бір көрінісі деуге болады. Музей экспозициясында жазу, кітап басу ісінің, ғылым, әдебиеттің, мәдениет пен өнердің және қазіргі кітап басу, шығару ісінің жағдайы жан-жақты көрсетілген. Музей кітап тарихына, кітап басу ісіне, кітаптарға байланысты тұрақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Қазақстанда ХХғ. 20 жылдарына дейін баспа, кітап шығару базасы болған жоқ. Тек, Семей, Орынбор, Орал, Верный, Омск, Троицк, Астрахань секілді қалаларда қазақ және орыс тілдерінде әр түрлі әдебиеттер шығарған ғылыми қоғамдар мен жеке адамдардың баспалары болды. Негізінде өлкетанулық сипаттағы әдебиеттер шығарылды. Қазақ кітаптарының көп бөлігі Қазанда, Уфада, Петербургте шығарылды. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік баспа 1920 ж. Орынборда қалыптасты.
Қазақстанның кітап мұражайының экспозициясы 1978 жылы ашылды. Музейдің алты экспозициясы залында қатаң хронологиялық тәртіппен орналастырылған құжатта, баспа және көркем экспонаттар қазақ кітап баспасының пайда болуының алғышарттарын ашып, көрсетеді. Қазақ жазушыларының, ғылым, өнер, мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен қызметі, Қазан төңкерісінен кейінгі кітап басу ісінің қалыптасуы, кітап басу, баспа ісінің қазіргі ісінің жағдайы бейнеленген. Музей экспозициясын қала тұрғындары, шетелден келген қонақтар көріп тамашалайды. Алғашқы күндерден бастап Қазақстандағы жазба, кітап басу мәдениеті ескерткіштерін жинау, сақтау, зерттеу және насихаттау мақсаттары тұрды. Бұл мақсаттарды шешуде мұражай үнемі сирек және бағалы қолжазбаларды жинау, іздестіру экспедицияларын жүргізді. Тұрақты түрде тақырыптық жоспарлар жасалып, экспозиция жетілдірілді. Әр түрлі көрмелер ұйымдастырылып, мұражай залдарында коллективтік экскурсиялар жүргізілді. Қазіргі кезде мұражай қорында 20 мыңнан аса зат бар. Мұнда араб, парсы, қазақ басқа түркі тілдерінде жазылған қолжазбалар мен ескі кітаптар, 20-30-шы жылдардағы қазақ баспасының өнімдері, газеттер мен кітап жазбалары, әр түрлі фотоматериалдар, ғылыми қосымша қор бар.
Музей қорын қалыптастыруда Мемлекеттік А.С.Пушкин атындағы кітапхана, Республикалық баспалар мен мәдени мекемелер көмек көрсетті. Музей қорына Мәскеу, Қазан, Дүйшенбі, т.б. қалалардан кітаптар келіп түсті. Бұл кітаптардың көбі – Қазақстан авторларының басқа халықтар тілінде шығарылған шығармалары. Музейдің сирек баспа өнімдері қорындағы 19 ғ. қазақ ағартушыларының алғашқы ғылыми және әдеби басылымдарының үлкен тарихи және мәдени құны бар.
Қордың негізін қазақ және орыс тілдерінде шығарылған кітаптар құрайды. Сонымен қатар 16-19 ғ.ғ. қолжазбалар, 20 ғ. басында ескі нұсқада басылған басылымдар, қазақ баспасының қазіргі кезеңдегі ең жақсы басылымдары, қазақ авторларының шет елдердің тілдерінде басылған кітаптары, сирек фотоматериалдар қамтылған. Музей экспозициясында мыңнан аса экспонаттар, кітаптар, газеттер, альбом, плакаттар, графика, скульптура сонымен бірге ғылыми-қосымша материалдар, диорама, карталар, макеттер, ксерокөшірмелер қойылған.
Тағы рефераттар
- Антенна
- Бәйдібек ауданы
- Бекболат батыр
- Міндеттемелердің есебі мен аудиті
- Топты тренинг заңдарымен таныстыру