Кикілжің проблемасының зерттелінуінің теориялық қағидалары туралы қазақша реферат
Бөлмеден шығып бара жатып есікті ашуланып қатты жапқан жағдайды басыңыздан кешіргенсіз бе? Немесе біреудің дөрекі сөзінен ренжігенсіз бе? Анаңызбен келіспей қалып ұрысқан кездеріңіз болған ба? Егер де сіз осы сұрақтардың біреуіне де болса да сенімді жауап берсеңіз, онда сіз «кикілжің» деп аталынатын құбылыспен таныссыз.
Кикілжіңдер – қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі. Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы өзімен күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да жұмсақ түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты. Әрбір адамның, әрбір ұжымның немесе ұйымның, әрбір елдің бүкіл ғұмыры қарама-қайшылықтардан құралған. Мұндай қарама-қарсылықтардың табиғатын әртүрлі адамдардың әрқилы позицияларды ұстануына, әртүрлі қызығушылығы бойынша жетекші болуына, әртүрлі мақсатта талпынуына байланысты өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мақсаттарын жүзеге асыруда бір-бірімен екі немесе одан да көп индивидтердің қарама-қарсы қақтығысқа жиі түсуімен түсіндіруге болады. Кейде бір-бірінің арасында туындаған қақтығыс тек бір ғана адамға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік топқа, кейде мемлекетке де қарсы күреске түсуі мүмкін. Олар өзінің қарсыласының мақсатына жетуіне кедергі жасау мүмкіндігін белсенді іздейді, қызығушылықтарын қанағаттандырмауын тілейді немесе оның көзқарастарын, өмірдегі бағалаушылығын, алатын орнын өзгертуге тырысады. Дау, қорқыту және қауіп төндіру арқылы, физикалық күш пен қару қолдану арқылы жүретін қарама-қайшылықтық қақтығысты кикілжің деп атайды.
Бірақ жоғарыда айтылғандардың барлығында қызығушылықтар мен мақсаттардың қарама-қайшылығы өзара кикілжіңге әкеп соқтыратынын мүлдем білдірмейді. Қарама-қайшылық пен кикілжің – бір нәрсе емес және қарама-қайшылықтың дамуы әрқашанда кикілжіңге ұласпайды. Кикілжің туындауы үшін қарсыластар, яғни индивидтер немесе олардың әлеуметтік топтары, біріншіден, өздерінің мақсаттары мен қызығушылықтарының қарама-қарсылығын сезінуі қажет, ал екіншіден, өзінің қарсыласына белсенді қарсы әрекеттер жасауы қажет. Екі немесе одан да көп жеке тұлғалардың, топтардың, партиялардың, елдердің, т.с.с. бір-біріне белсенді қарама-қарсылық әрекеттер жасайтын болса, тек сонда ғана қарама-қайшылықтар әлеуметтік кикілжіңдердің негізі болып табылады.
Бұл әлеуметтік құбылыстардың немесе процестердің негізін түсіну үшін сөздің этимологиялық мағынасын анықтаған жөн. Латын тілінде қолданатын «conflictus» сөзін құраған лингвистикалық элементтерінің мағынасын анықтасақ, бұл сөздің мәні айқын болады. Бұл сөздің түбір алдына жалғанған «con» буынынан тұрады, ол біреумен бірге, біреуге қарсы, бір уақытта, бірге деген мағынаны білдіреді және «flictus» («fligo») етістігінен құралған. Бұл етістік ұру, итеру, құлату деген мағынаны білдіреді.[5]
Сонымен берілген сөздің элементтері оны қақтығыс, дау, күрес, қарсы тұрушылық деп аударуға мүмкіндік береді.
Берілген сөзге мұндай мағына беру бөлек индивидтердің арасындағы, олардың топтарының, мемлекеттердің, тағы басқалардың арасындағы қарама-қайшылық болатындығы туралы шешімге алып келді. Қарама-қайшылықтардың екі негізгі түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, әртүрлі әлеуметтік қоғамның позициялары, қызығушылықтары құрайды (оларға отбасы, ұйым, территориялық құрылым, қоғамдық қозғалыс, т.б.). Ал екіншісі, үкімет құрылымының іс-әрекетінің әртүрлі формасынан немесе экономикалық, үкіметтік, саясаттық қарама-қайшылықтар болып табылады. Қарама-қайшылықтардың бұл екі түрі қоғамда кикілжіңнің объективті-реалдық негізін тудырады.[6]
Қоғамдық өмірдің барлық сфералары – экономикалық, саясаттық, әлеуметтік рухани жағы – барлығы өзара көптеген дифференциацияларға, қарама-қайшылықтарға, әртүрлі мақсаттар мен қызығулықтарының қақтығыстарына толы. Сондықтан да қоғамда әртүрлі кикілжіңдерге орын бар. Кикілжіңге индивидтер және олардың топтары немесе әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер, кейде мемлекеттердің коалициялары да түсуі мүмкін. Әртүрлі кикілжің түрлерін тудырушы объектілер және оны шешу тәсілдері бар, сонымен қатар кикілжіңді әрекеттерді тудырушы субъекттердің түрлері аз емес, олар тек бөлек ерлер немесе әйелдер, балалар немесе жастар, жұмысшылар немесе студенттер, оқымыстылар немесе жазушылар типтес ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл топтары – профессионалдық жағынан, партиялық, ұлттық, рухани және тағы басқа жағынан да болуы мүмкін. Сондықтан өзінің объектісі және субъектісі бойынша, қарама-қайшылықтарының әрекетінің мінездемесіне қарай, оның түбірлі негізіндегі себебіне, дамуы мен шешілуіне, тереңдігі мен өту ұзақтығына байланысты кикілжіңдердің әртүрлі де әрқилы түрлерін ажыратуға болады. Бірақ кикілжіңдердің әрекеттерінің интенсивтілігінің функцияларының, қоғамдағы рөлінің әртүрлілігіне қарамастан, дұрыс та терең зейін аударсақ, олардың барлығына ортақ ұқсастықтарды сызып көрсетуге болады.[7]
Кикілжіңнің объектісі болып әлеуметтік ортадағы және қоршаған ортадағы құбылыс немесе процесс, кезкелген зат болып табылады. Мысалы, жер, су ресурстары, жекеменшілік, мәдениеттік құндылықтар немесе авторитет, престиж, бедел, басқару, т.с.с. Ал кикілжіңнің субъектісі болып әрқашанда адамдар – бөлек индивидтер, сонымен қатар олардың ортақ жиылысы – жанұя, ұжым, қызығушылықтары ортақ топтар немесе ұлт және тағы басқа болып табылады.
Кикілжіңнің туындауындағы себептері өте көп, бірақ оларды үш категорияға бөліп көрсетуге болады:
- Ресурстар. Ресурстар айналасында туындаған кикілжіңдер өте қарапайым болып саналады. Бірақ бұдан өршіген кикілжіңдер өте күрделі болады.
- Психологиялық қажеттіліктер: Достық, басқару, топтың құрамына кіру, табыс.
- Құндылықтар – біздің сенімдеріміздің жүйесіні негізі.
Бұл себептер кейде аралас, кейде бір өзі кикілжің туындатады. Сенімдік құндылықтардан туындаған кикілжіңді шешу өте қиын болады, себебі бұл құндылық жеке тұлғаны және оның өмір сүру маңыздылығын құрайды.
Басқаша жүйелеу
- Негізгі (базальді) қажеттіліктер – тіршілік ету үшін — су, тамақ, ауа және т.б.
- Бөлектендіретін құндылықтар – мысалы, әртүрлі дінге сенетін адамдардың құндылықтары мен қызуғушылықтары сәйкес келмейді.
- Әртүрлі қабылдау – адамдар болып жатқан ситуацияны әр түрлі қабылдайды. Мысалы, екі адам досының көйлегінің түсіне дауласуы мүмкін. Себебі, әр адам бір түсті әртүрлі қабылдайды.
- Әртүрлі қызығушылықтар – мысалы, екі оқушы кешке киноға немесе туған күнге баратыны туралы дауласуы мүмкін.
- Шектелген ресурстар — өмірде әрқашанда бір нәрсе жетпей тұрады. Мысалы, өмірде барлығы бай емес, себебі ақша – шектелген ресурс.
- Психологиялық қажеттіліктер – бұл қажеттілік, бізге өзімізде сенімділік болу үшін өзіміздің қажет екендігімізді және маңыздылығымызды түсіну үшін қажет. Мысалы, бізді жақсы көру бізге өте қажет.[5]
Адамзат өркениетінің даму тарихы әртүрлі кикілжіңдерге толы. Ежелгі заманнан адамдар кикілжің түсінігін, пайда болу себебін анықтауға, туындаған қарама-қарсылықтарды шешуге ұмтылған. Кикілжіңдік пікірлердің жинақталу дәстүрінің көпғасырлық тарихы бар.
Кикілжіңнің ең алғашқы концепциялары 19-20ғ.ғ. аумағында пайда болған, бірақ оған дейінгі ғасырдың ұлы ғұламалары бұл феноменнің өзіндік көрініс табиғатын, алдын-алу жолдарын және шешу жолдарын ұсынған.
Ежелгі философтар кикілжіңді адамзаттың пікіріне тәуелсіз, өзімен не жақсы, не жаман емес құбылыс ретінде қарастырды. Бүкіл ғаламшар табиғаттың, адамзаттың және құдайлардың тіршілігімен қарама-қайшылыққа толы. Бірақ, олар кикілжің терминін қолданбаса да, кикілжің адамзат тіршілігінің құрамды бөлігі деп есептеген.[8]
Адамзаттың ең алғашқы топтарының пайда болуымен кикілжіңдер күнделікті құбылыс ретінде қаралып, ұзақ уақыт бойы ғылыми зерттеудің объектісі болмады. Бірақ сонда да, кикілжің туралы бізге жеткен жеке гениальді ойлар ең ежелгі қайнар көздерде көрсетілген. Біртіндеп өмір шарты өзгерген сайын кикілжіңдер де өзгерді. Олардың физикалық, экономикалық және әлеуметтік нәтижелері басқа бола бастады. Кикілжіңге деген қоғамдық пікір де өзгерді. Антикалық заман бізге соғыстардың бейнесін және мұндай кикілжіңдерге алғашқы бағалау берген көрсеткіштерін қалдырған. Орта ғасырларда және Жаңа заманда бұл құбылысты түсінуге тырысқан. Көптеген гуманист-ойшылдар кикілжің туралы көзқарастары, оның адамзат дамуындағы рөлі, қоғамның өмірінен соғысты шектеуі мен шексіз бейбітшілік орнауы туралы көзқарастарын қалдырған.
Б.з.д. 7-6ғ.ғ. Қытайлық ойшылдар тіршіліктің даму көзі әрқашанда күресте болатын жағымды (янь) және жағымсыз (инь) материялардың қарама-қатынастарында деп жазған. Жақсылық пен зұлымдық күрес тақырыбы мәдениет пен өнер туындыларында көрсетілген.[2]
Ежелгі Грекияда қарама-қарсылықтар және олардың заттың пайда болуындағы рөлі туралы философиялық көзқарастар туындады. Анаксимандр (б.э.д. 640-547ж.ж. шамасында) өзімен қарама-қарсылықтар туындататын бүтін материалды бастапқы «апейронның» тоқтамсыз қозғалысынан туындайды деді.
Гераклит (б.з.д. 6ғ. аяғы-5ғ. басы) қозғалыстың себебін, заттардың және құбылыстардың қозғалысын қарама-қарсылықтың күресінен туындайтын қажетті заңды процесс ретінде себебін анықтауға тырысты. «Күрес бәріне қатысты және барлығы қажетінше күрес арқылы жүреді» деп жазды. Бұл кезеңде соғыс сияқты әлеуметтік кикілжіңдерге қатысты ең алғашқы түсініктемелер берілген.
Гераклит соғысты барлық тіршіліктің әкесі және патшасы деп қарастырса, ал Платон (б.э.д. 428-348ж.ж. шамасында) оны ұлы зұлымдық деп есептеді. Оның пікірінше, бір-біріне «мейіріммен қарап, бір-бірін жақсы көрген» «алтын ғасыр» өмір сүрген.
Гераклит пікіріне Геродот (б.э.д. 490-425ж.ж. шамасында) та қарсы пікір айтқан. Ол «бейбітшілікке соғысты қалайтын ешкім жоқ. Себебі, соғыста әкелер балаларын жерлесе, бейбітшілік уақытында – балалар әкелерін жерлейді» деген.
Философ-материалист Эпикур (б.э.д. 341-270ж.ж.) да қақтығыстардың негативті нәтижелері қашан да болса да адамдарды бейбіт өмір сүруіне алып келеді деп есептеген. Өткен заманның ойшылдары қоғамдық өмірдегі конфронтацияны түсіне, сол кезден бастап-ақ «адал» немесе «адал емес» зорлық-зомбылықтың өлшемдерін анықтауға тырысқан.
Сонымен қатар, Цицерон (б.э.д. 106-43ж.ж.) мемлекетке басып кірген жауды қуу үшін, әкелген зұлымдығы үшін кек қайтаратын «адал соғыс» туралы тезис құрды. Аврелий Августин Гиппонский Блаженный (345-430ж.ж.) Цицеронның шарттарына соғыс жүргізушінің «адал ниетін» қосты.
Орта ғасырларда Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) қоғамның өмірінде соғыстың болу мүмкіндігі туралы ойларын дамыта, «адал соғыстың тағы бір шартын анықтады: оған беделді компетенция қажет», яғни мемлекеттік басшылықтан санкция қажет деді. Бірақ сонда да, оның пікірінше, «соғыс және зорлық-зомбылық әрқашанда күнә» деп санады.
Әлеуметтік кикілжіңдерді жүйелеп анализдеуге ең алғашқылардың бірі болып тырысқан Флорентиялық теоретик пен мемлекеттік қызметкер Николо Макиавелли (1469-1527ж.ж.) болды. Оның концепциясының құндылығы қоғамдық дамудың қайнар көзіне сол кезде басшы болған көзқарастардың қайтуында. Ортағасырдың теоретигі кикілжіңді әмбебап құбылыс деп санады. Ол кикілжіңде тек жоюшы қасиет емес, сонымен қатар құрушы қасиетті көрді.
Эрази Роттердамский (1469-1536ж.ж.) «соғыс оны көрмеген, білмейтіндерге тәтті» деп санады және басталған кикілжің бір-біріне жалғасқан реакция секілді, өзінің әсер ету орбитасына басқа да жаңа тіршілік қабаттарын және мемлекетті қамтып өсетінін айтты.
Гуго Гроций (1548-1645ж.ж.) екі жақ өзінің растығына сенімді, екі суверенді мемлекеттердің арасындағы соғыс мүмкіндігін айтты. Оның пікірлері кейінгі нейтралитет мағынасына негіз салды.
Кикілжіңдердің табиғатына қатысты қызықты пікірлерді ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626ж.ж.) айтып кеткен. Ол ең алғашқы болып мемлекет ішіндегі әлеуметтік кикілжіңдердің себеп жүйесін теориялық анализге негіздеді.
Томас Гоббс (1599-1679ж.ж.) «Левиафанда» «барлығына қарсы соғыс» концепциясын табиғи жағдай ретінде негіздеді. Ол кикілжіңнің ең негізгі себебі деп ләззат алу үшін және өзін-өзі сақтап қалу үшін қажетті бір объектілерге иелену мен адамдарда бірдей үміттің пайда болуына әкелетін теңдікке ұмтылыс деп көрсетті. Ал ол өзінде адамдарды дұшпанға дейін айналдырып, араларында бәсекелестік, сенімсіздік тудырады.
Жаңа заманда Жан-Жак Руссоның (1712-1778ж.ж.) дүниелік тарихи процесстің сатылығы туралы идеялары бәріне мәлім болған. Оның пікірінше, алғашында адамдар дербес және тең «табиғи жағдайда» өмір сүреді, содан соң өркениеттің дамуы адамдардың теңдік, бостандық және бақыт жағдайын жоғалтуға әкеп соқтырады. «Қоғамдық келісім шарт» құрып, адамдар қоғамдық қатынастарда жоғалтқан үйлесімін, «мәңгілік бейбіт өмірін» және келісімін қайта иеленеді. Жан-Жак Руссоның пікірінше, қоғамдық келісім халықтың қатыгез қадағалауымен ғана мүмкін, себебі министрлер мейірімді ерік көрсетпейді. Сондықтан да, тірліктің барлығы сұрауда емес, тайынбай қажет етуде.
Алғашқы рет кикілжің көпдеңгейлі әлеуметтік құбылыс ретінде Адам Смиттің (1723-1790ж.ж.) «Табиғат және халықтың байлығының себебі туралы» еңбегінде қарастырылған. Кикілжің негізінде қоғамды кластарға бөлу (капиталистер, жер жекеменшіктері, жалдамшы жұмыскерлер) және экономикалық бәсекелестік жатыр деп есептеді.
Неміс ғалымы Георг Гегельдің (1770-1831ж.ж.) пікірінше, кикілжіңнің негізгі себебін, бірінші жағынан «байлықтың жинақталуының» арасындағы, екінші жағынан «еңбекке жақын класс» арасындағы әлеуметтік поляризациясында деп көрсеткен. Мемлекеттік басшылықтың жағында болған Гегель мемлекеттік бірлікті қарастырушы мемлекет ішінде тәртіпсіздікке қарсы шықты. Оның пікірінше, мемлекет бүкіл қоғамның қызығушылығын қарастырып, кикілжіңдерді реттеуге міндетті деп санады.
Тіршілік үшін күрес мәселесі ағылшын биологы Чарльз Дарвиннің (1809-1902ж.ж.) ілімінде маңызды орын алды. Оның биологиялық эволюция теориясының мазмұны 1859 жылы басылып шыққан «Тұқым түрлерінің табиғи жолмен сұрыпталу арқылы пайда болуы, немесе тіршілік үшін күресте түрлерін сақтап қалуы» атты еңбегінде берілген. Бұл еңбектің басты идеясы өзінің атауында анық айтылған, яғни бейімделген тұқым түрлерінің сұрыпталуының табиғи механизмін құрайтын, тіршілік үшін күресте жүзеге асырылатын тірі табиғаттың дамуы. Ары қарай Ч.Дарвиннің көзқарастары кикілжіңнің әлеуметтік және психологиялық теорияда дамыды.[8]
Сонымен, ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейін кикілжің мәселесіне өзара екі көзқарас қақтығысады.
Бірінші көзқарас ежелгі гректік философиядан (Аристотель мен Платон) бастауын алады: кикілжің – қарсыластық, зұлымдық, яғни адамдар арасындағы қарым-қатынас кикілжіңді болмауы қажет. Адалдық пен құқық барлық адамдарға табиғаттан тән.
Екінші көзқарасты қоғам – бұл «барлығының бәріне қарсы соғысы» деп санайтын Томас Гоббс айтқан. Оның пікірінше, «табиғат адамдарды физикалық және ақылдылық қабілеттігі жағынан теңдей қылып жаратты», бірақ адамдардың табиғаттан алған мұндай теңдігі өздігімен жақсы емес деп санаған.
Адамдарды және қоғамды қатыстыру сұрағын түсінудің екі дәстүрін салыстыруды түйіндей келе, аристотельдік позиция адамның бойында табиғаттан берілген қоғамдық бастауды, оның басқа адамдармен бірлесіп әрекет ететіндігін сызып көрсетеді. Табиғи адамдық қасиетке ие бола отырып, ары қарайғы түсініктеме беруді қажет етпейді. Керісінше, қоғамдық өмірдің белгілі формалары адамдардың бірлесіп әрекет етуімен бірлесіп өмір сүруге деген осы ұмтылысымен түсіндіріледі.
Гоббстың қарастырған қарама-қарсы позициясы адамды индивид ретінде, оны қоршаған басқа адамдар оның өмір сүру ортасы, серігі немесе дұшпаны болып, өзінің идеяларын және мәселелерін өзі құрап, өзінің басқа адамдармен байланысы мен қарым-қатынасын мақсатына жету үшін қолдануға ұмтылатын индивид ретінде қарастырды.
Бақылаушы позицияға байланысты кикілжіңді түсіну әртүрлі жолдармен жүрді. Адамдар бірлесіп әрекет етуге қабілетті деген пікірден, олар зұлымдыққа, жек көрушілікке, зорлық-зомбылыққа қабілетті емес деп түсінуге болмайды. Тарихи тәжірибе кері байланысты көрсетеді. Аристотель мен Платонның еңбектерінде кикілжіңнің маңызды қайнар көздері – адамдардың жекеменшіктік теңсіздіктерінде және оларға көрсететін құрметтің теңсіздігінде деп көрсетілген. Мұндай теңсіздіктер өзара көре алмаушылыққа алып келеді, сонымен қатар Аристотель айтқандай: «кикілжіңнің себептері болып, сонымен бірге қорқыныш, өзімшілдік, жақтырмаушылық, тіптен өзін жоғары ұстау; екінші жағынан жағымсыз қарым-қатынас, беделін төмендетіп кемсіту, мінездерінің әртүрлілігі»-деп көрсеткен.
Ал қоғамды «бәріне қарсы күрес» ретінде түсінігінде, кикілжіңдер адамдардың табиғаты арқылы және ең басты адамдардың табиғи теңдігімен түсіндірілген. Егер де олардың қабілеттіліктері тең болса, онда олардың қажеттіліктері де бірдей. Ал олардың қажеттілік объектілері бір уақытта бәріне тән болмағандықтан, олардың қарым-қатынасына кикілжің де тән болады. Бұл адамдар бірлесіп әрекет етуге қабілетті дегенді білдірмейді. Бірақ бірлесіп әрекет етуді олар табиғи қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін емес, керісінше қоғамдық келісімнің бұзуына байланысты алатын жазадан қорқуынан жүзеге асырады.[2]
Кикілжің мәселесін дамыта зерттеп, маңызды үлесін қосқан неміс әлеуметтанушылар Карл Маркс пен Георг Зиммельдің орны ерекше.[9] Маркстік-лениндік бағыттың ұстанушылары өткір қарама-қарсылықтар коммунизмнің бірінші фазасы социолизмде тоқтатылады деп есептеген.[8]
Әлеуметтік өзгерістер мен төңкерісшілдік сатыдағы кикілжің моделін дамыта келе, Маркс қазіргі заманғы әлеуметтік теорияға әсер ететін әлеуметтік ұйымның бейнесін құрды. Маркс қарапайым мүмкіндік пікірден бастайды: экономикалық ұйым, әсіресе жекеменшік, айналадағы қоғамның ұйымын анықтайды деп түсіндірді. Әлеуметтік жүйеде қалыптасқан әлеуметтік құндылықтар, сенімдер, діндік догмалар мен басқа да пікірлер қоғамның экономикалық базисінің бейнесі болып табылады дей келе, ол қосымша мүмкіндік пікір енгізді: коммунистік қоғамды санамағандағы кезкелген қоғамның экономикалық ұйымы төнкерістік кикілжің тудыратын күшке ие деп түсіндірді. Мұндай төнкерісшілдік сатыдағы кикілжің белгілі бір дәуірде пайда болып, диалектикалық ерекшеліктерге ие. Бұдан үшінші мүмкіндік пікір анықталады: мұнда кикілжіңнің екі полюсі бар, анықталған экономикалық жағдайда құрылған эксплуативті саты, өзіндік сатысын басқарушы басшылыққа қарсы шығатын төнкерісшілдік-саяси ұйымдағы өзінің нағыз қызығушылығын сезіне бастайды.
Маркстің жұмысының негізінде мүмкіндіктерге тікелей шақырулар тастайтын мүмкіндік пікір қатарлары туындайды. Ол әлеуметтік теоретизациядағы альтернативті кикілжің үшін интеллектуалды трамплин қызметін атқарады:
- Әлеуметтік қарым-қатынас жүйе ретінде анықталса да, кикілжіңдік қызығушылықтарға ие.
- Бұл жағдай әлеуметтік жүйенің жүйелі түрде кикілжің тудыратынын аңғартады.
- Сондықтан да кикілжің әлеуметтік жүйенің кең таралған қасиетті түрі болып табылады.
- Мұндай кикілжіңдер полярлы қарама-қарсы қызығушылықтарда көрінетін тенденцияға ие.
- Кикілжіңдер көбінесе ресурстардың, әсіресе басшылықтың жетіспеуінен пайда болады.
- Кикілжің әлеуметтік жүйелерді өзгертетін ең негізгі себеп болып табылады.
Соған қарағанда, қазіргі заманғы кикілжің теориясының дамуына мүмкіндік пікірден басқа, Маркстің себепті көзқарастарының формасы мен мазмұны әсер етті. Бұл көзқарастар келесі мүмкіндік пікірдің жалпы формасын қалыптастырады: кикілжің – кейбір арнайы жағдайларда белсендірілетін әлеуметтік жүйелердегі алдын-ала алмайтын күш. Осындай арнайы жағдайлардың бірінде латентті сатылық қызығушылықтарға айнала келе, ол өзінің кезегінде арнайы қосымша жағдайда төңкерістік кикілжіңге біріккен қоғамның екі сатыға бөлінуіне әкеп соғады. Сонымен, Маркс сатылық қызығушылықтардың төңкерісшілдік сатылық кикілжіңге әкеп соқтыруын баяулататын, жылдамдататын арнайы жағдайларды көрсеткен.
1-кестеде Маркстің әлеуметтік шындықтың табиғаты туралы мүмкіндік пікірлерімен, оның себепті байланыстылығы пропозиционалды түрде көрсеткен. Міне, осы пропозиционалды форма арқасында Маркстің қазіргі заманғы әлеуметтік теорияға қосқан үлесін ұзаққа сақтауға болады.
1-ші кесте
Маркстің кілттік тезистері
- Жүйеде жетіспейтін ресурстар әртүрлі бөлінген сайын, жүйедегі басқарушы және бағынушы сегменттер арасындағы қызығушылық кикілжіңі тереңірек болады.
- Бағынушы сегменттер өздерінің шынайы ұжымдық қызығушылықтарын тереңірек сезінген сайын, сол уақыттағы бөлінген, яғни жетіспейтін ресурстардың бар екендігіне күмәнданады.
А. Басқарушы сегменттермен жүзеге асырылатын әлеуметтік өзгерістер көп болған сайын, бағынушылардың дәл сол уақыттағы қарым-қатынастарын үзіп, олар, яғни бағынушылар өздерінің шынайы қызығушылықтарын сезіне бастайды.
Б. Басқарушы сегменттер бағынушылардың бойында кемсіту тудырған сайын, бағынушылар өздерінің шынайы ұжымдық қызығушылықтарын сезіне бастайды.
В. Бағынушы сегменттер мүшелері бір-біріне шағымдану мүмкіндігі болса, онда өздерінің шынайы ұжымдық қызығушылықтарын сезіне бастайды.
1.Бағынушы топтардың мүшелердің экологиялық концентрациясы көп болған сайын, олар бір-біріне шағымдану мүмкіндігі жоғары болады.
2.Бағынушы топтардың мүшелерінің білім алу мүкіндіктері жоғары болған сайын, ақпарат алмасу жолдары әртүрлі болған сайын, олар шағымдарымен алмасу мүмкіндіктері де жоғары болады.
Г. Бағынушы сегменттер унификацияланған идеологияны мүмкіндіктерінше жоғары дамытса, олар өздерінің шынайы ұжымдық қызығушылықтарын сезіне бастайды.
1. Идеолагтар құра білу қабілеттері жоғары болған сайын, идеологиялық унификация болуы мүмкін.
2. Басқарушы топтардың жүйедегі коммуникация және әлеуметтену үрдістерін басқару қабілеттері төмен болған сайын, идеологиялық унификация болуы мүмкін.
III. Жүйедегі бағынушы сегменттер өздерінің ұжымдық қызығушылықтарын сезінген сайын, жүйенің
басқарушы сегменттерімен ашық кикілжіңге түсуі мүмкін. Басқарушы топтардың өздерінің ұжымдық қызығушылықтарын көрсету қабілеттері төмен болған сайын, бағынушы топтар кикілжіңге ашық түрде түседі.
IV. Жүйедегі бағынушы сегменттер мүшелерінің идеологиялық унификациясы жоғары болған сайын, саясаттық басқару құрылымы дамыған, жүйедегі басқарушы және бағынушы сегмент поляризациясы күштірек болады.
- Басқарушы және бағынушы поляризациясы күштірек болған сайын, кикілжің де зорлық-зомбылықты болады.
- Кикілжің зорлық-зомбылықты болған сайын, жетіспейтін ресурстардың қайта бөлінуі де және жүйенің құрылымдық өзгеруі де жиі болады.
Георг Зиммель формальды әлеуметтану деп атауға болатын базистік әлеуметтік үрдістердің пішінін құрайтын теоретикалық пікірлерге ұмтылды. Алдымен ол өзінің ойларының негізінде әртүрлі әлеуметтік контекстегі жағдаяттардың және әртүрлі үрдістердің ресми қасиеттерін абстракциялады. Сонымен қатар Зиммель әлеуметтік ұйымдастырудың бүкіл көріністерінің негізінде жатқан фундаменталды әлеуметтік үрдістерді бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін абстрактілік жағдайларды дамытуға үміттенді. Міне, осы жерде, яғни осы іс-әрекетінде, кикілжіңге арнап жазылған қысқа очеркінде, оның білімділігі айқын көрініп, қазіргі заманғы кикілжіңнің әлеуметтік теорияның негізгі көзі болды.
Маркс сияқты Зиммель де қоғамда кикілжің болмауы және болдырмауы мүмкін емес деп есептеді: ол әлеуметтік құрылым тек басқарушы және бағынушылардан ғана емес, сонымен қатар әртүрлі де тығыз байланысты ассоциация және диссоциация үрдісінен тұрады деп есептеді.
Сонымен, кикілжің кезкелген дуализмді шегуге арналған, яғни өзіндік бірлікке жету тәсілі. Бұл үрдіс кикілжіңге қатысушы жақтардың біреуін жойып жіберуі мүмкін. Зиммель міндетті түрде органицизммен түсіндірілетін, үйлесімділікпен қарама-қайшылықта болатын органикалық бүтіннің бөлек бірліктерін ішкі «қақтығыс импульсі» немесе «жек көруге және күресуге қажеттілік» деп түсіндірді, ал бұл инстинкт махаббат және құмарлық инстинктігімен аралас және қоғамдық қарым-қатынастардың әрекеттерімен шектелген. Демек, Зиммель, кикілжің тек қызығушылықтардың қақтығыстығынан ғана емес, сонымен қатар қарсылық инстинктерінің негізінде пайда болатын қақтығыстардан туындайды деп есептеді. Мұндай кикілжіңдер қызығушылықтардың соқтығысуының нәтижесінде асқынуы немесе қарым-қатынастардың үйлесімдік пен махаббат инстинктінің арқасында әлсіреуі мүмкін. Сонда да Зиммель кикілжіңнің пайда болуының соңғы көзінің бірі деп «әртістердің» — адамдардың ішкі биологиялық табиғаты деп есептеді.
Мүмкін, әлеуметтік ағзаның табиғаты туралы өзінің мүмкіндік пікірлерін махаббат және жек көрушілік инстинкттеріне қатысты ескертулерімен біріктірулік тырысуларының нәтижесінде Зиммель әлеуметтік бүтіннің және оны құраушы бірліктерді сақтап қалу үшін кикілжіңнің жағымды нәтижесін анализдеу үшін көп күш салды. Мұнда қақтығыстық импульстер қарама-қарсылық ретінде қарастырылып, сонымен қатар әлеуметтік ағзаны сақтап қалуға мүмкіндік беретін көптеген үрдістердің бірі ретінде де қарастырған. Сонымен Зиммель бүкілімен кооперативті, үйлесімдік және интегративті қоғамда «тіршілік жоқ» болса да, кикілжің анализі негізінен біріккен және унификацияға кикілжіңнің қалай әрекеттесетініне зейінін аудартқан.
Соған қарағанда, кикілжіңнің құбылмалы құбылыс ретінде концептуализациялау барысында Зиммельдің органицизмі шешуші рөл атқарады. Кикілжің нәтижесінде міндетті түрде күшейіп, төңкерісшілдік болып, және жүйені құрылымдық өзгерістерге әкеледі деп пікір білдірген Маркске қарағанда Зиммель, осыған қарама-қарсы құбылысты жиі анализдеді: жүйенің интеграциясын бекітіп отыратын интенсивті және өткір кикілжіңдер оның реттелген өзгерістерін стимулдап отырады. Сонда да жұмсақ органицизм шегінде Зиммель кикілжіңнің өткірлігіне қатысты, яғни күресуші партиялардың зорлық-зомбылық және конфронтация деңгейіне байланысты бірнеше пікірлер білдірді. Зиммельдің зерттеулердің қазіргі заманғы теорияға әсерлерін очеркке байланысты ресми, абстрактілі көрсетсек түсінікті болады. Бұл жағдайлар төмендегі 2-кестеде көрсетілген.
2-кестенің I сөйлемінде Зиммель кикілжіңге қатысушы партиялардың эмоционалды қатысы туралы көрсеткен. Кикілжіңді шақырған эмоциялар күштірек болған сайын, кикілжің зорлық-зомбылықпен ұштасуы мүмкін. I-А және I-В сөйлемдерінде жеке индивидтер арасындағы жекетұлға аралық кикілжің бастапқы жақындық нәтижесінде шақырылған сезімдер, жек көрушілік пен қызғаныштық, қақтығысқа жақын мұндай сезім кикілжіңнің өткірлігін айқындайды. II-VII сөйлемдерде Зиммель индивидуалды кикілжің зерттеулерінен топтыққа көшеді. Бір-бірімен кикілжіңге түсуші топтар теңестірілген немесе ерекшеленген сайын (II), олардың бірігуі нығая түседі (III). Ары қарай дау зорлық-зомбылыққа ұштасуы ықтимал болса, дауласушы топтардың алғашында қарым-қатынасы үйлесімді болған сайын (IV), және сол топтар шектелген сайын (V), сонымен қатар әр топ дауды өзіндік мақсат деп ойлаған болса (VI), дауласушы топтардың мүшелері өздерінің индивидуалды қызығушылық шегінен шықты деп шешсе (VII), онда дау-дамай өткірлене түседі
2-кесте
Кикілжіңнің өткірлігіне қатысты Зиммельдің кілттік тезистері
- Кикілжіңдесуші топтар эмоционалды дауласқан сайын, дау-дамай өткірірек болады.
А.Топтардың дауға қатысының деңгейі алғашынды жоғары болса, дауға эмоционалды қатысы да жоғары болады
Б. Дауласушы топтар арасындағы алғашындағы қақтығыс күшті болса, дау шақырған эмоция да күшті болады.
II. Дауға тартылған топтар жақсы топтасқан болса, онда кикілжің өткір болады.
III. Кикілжіңге қатысушы топтардың бірігулігі жоғары болса, дау өткір болады.
IV. Дауласушы топтар арасындағы алғашындағы қабылдаған келісім мықты болса, онда дау-дамай өткір болады.
- Кең әлеуметтік құрылымның арқасында дауласушы топтар аз шектелсе, онда дау-дамай өткір болады.
- Дау мақсатқа жету тәсілі болып қызмет атқармай, өзіндік мақсат ретінде көрінсе де дау өткір болады.
- Дауласушы жақтар кикілжің индивидуалды мақсаттар мен қызығушылықтар шегінен шықты деп есептесе, дау өткір болады.
Маркс те, Зиммель де кікілжіңді әлеуметтік жүйеде кең таралған және қажетті қасиет деп есептесе де, олармен қабылданған қоғамның табиғатына қатысты мүмкіндік пікірлері түбінде бір-бірімен ерекшеленеді: Маркс кікілжіңге антогонистік сипат берсе, ал Зиммель – оның интегративті жағынан қарастырады. Мұндай айырмашылықтар бір-біріне тіпті ұқсамайтын пікірлерден көрінеді, яғни Маркс кикілжіңді шешуге жәрдемдесетін жағдайларға көңіл бөлсе, ал Зиммель кикілжіңнің қандай жағдайларда өткірлігі өзгеретіндігі туралы пікір айтқан. Содан басқа, Марксті кикілжіңнің әлеуметтік-құрылымдық себептері қызықтырса, ал Зиммель «инстикттердің күресіне» анықталмаған шолулармен шектеліп, өз зейінін жаңадан басталған кикілжіңнің пішініне және нәтижесіне аудартты.
Маркс пен Зиммельдің пікірлерін салыстыра келе, олардың пікірлері бір-біріне қарама-қарсы екендігін анықтаймыз. Мысалы, бір жағынан, Зиммель дауласушылардың мақсаты анықталған сайын, кикілжің мақсатқа жетудің тәсілі болып табылады деп, мұнда кикілжіңдесуші топтар өткір де зорлық-зомбылықты даудан қашу үшін, компромисс және басқа альтернативті тәсілдер іздестіреді деп дәлелдеді. Екінші жағынан, Маркс мұндай пікірге тіпті қарама-қарсы пікір дәлелдейді. Ол әлеуметтік саты өзінің шынайы қызығушылықтарын сезінгенде (яғни, өзінің мақсаттарын анықтағанда), зорлық-зомбылықты кикілжің өзінің жоғарғы деңгейіне жетеді. Екі ойшылдардың пікірлерінің әртүрлілігі, авторлармен қабылдаған мүмкіндік пікірлердің айырмашылығына байланысты. Мұнда Маркс өткір кикілжің — әлеуметтік жүйенің және олардың өзгерістерінің алдын-ала алмайтын қасиеті деп есептесе, ал Зиммель кикілжіңді өзінің өткірлігін ауыстыратын, әлеуметтік бүтінде әртүрлі нәтиже беретін ауыспалы бір үрдіс деді.
Қазіргі заманғы кикілжің теориясы Маркс сызбасымен Зиммель сызбаларын біріктіруге тырысты; бірақ бұл үрдіс жүзеге асқан соң да қазіргі заманғы теоретиктер ойшылдардың біреуінің мүмкіндік пікірлерін энтузиазммен қабылдауға ұмтылды. Мұндай таңдаушылық қазіргі заман әлеуметтік теориясында Маркс немесе Зиммель қоштаған екі негізгі бағыт қалыптасуына алып келеді; 1) кикілжіңнің диалектикалық теориясы және 2) кикілжіңдік функционализм.[9]
Кикілжіңнің диалектикалық теориясын дамытқан Ральф Дарендорф бүтіндей функционализм сияқты қоғам туралы үйлесімдік интегративтік және статистикалық көзқарас туындатады деп әрқашан дәлелдейтін. Функционализм туындатқан қоғамның утопиялық бейнесінен бас тарту үшін, Дарендорф келесідей кеңес береді:
Болашақта белгілі бір мәселелерге ғана емес, сонымен қатар кернеу, кикілжің және өзгерістер арқылы түсіндіруге болатын мәселелерге көңіл аудару қажет. Мүмкін, эстетикалық жағынан әлеуметтік жүйе сияқты қоғамның екінші бейнесі жағымды болмаса да, сонда да бүкіл әлеуметтану утопиялық тыныштыққа жеңіл жол іздеу қажет.
Яғни, утопияны болдырмау үшін, бір жақты функционалды модельді бір жақты кикілжің моделімен алмастыру қажет. Сонда да Дарендорф кикілжіңнің бұл перспективасын қоғамның жалғыз бейнесі деп есептемесе де, функционалды теорияның алғашқы адекваттылығын толықтыратын қажетті қосымша болып табылады. Міне, осы теоретикалық шақырудан кикілжіңнің диалектикалық перспективасының моделі пайда болады, функционализмге қарағанда, утопиядан шығудың жалғыз тәсілі болып табылады. Дарендорф өзінің анализінде әлеуметтік жүйеде кикілжіңдерден басқа, сонымен қатар басқа да үрдістер болады деп ұмытпай айтып кетеді. Оның зерттеуге ұсынылған кикілжіңдік құбылыстары қоғамдық кикілжіңдердің көпшілігін көрсетеді. Бірақ, осы пікірлерден соң, Дарендорд осы сипатқа қарсы тұратын зерттеуге көшеді, немесе Гоббстың тәртіп мәселесіне қойған адекватты шешіммен қамтамасыз ететін қоғам: «теориясын» қалыптастыратын кикілжіңдік модель туралы сөз етеді.
Р.Дарендорфтың қоғамдық тәртіп туралы көзқарасы бойынша, институциализация «императивті координацияланған ассоциациялардың» (келесіде ИКА) пайда болуымен байланысты және ИКА өздерін анықтау үшін қатаң критерийлерден, сонымен қатар жақсы ерекшеленетін рөлдер ұйымынан тұрады. Мұндай ұйымдар басшылыққа қатынасымен сипатталады. Олардың кейбір рөлдік кешендері өзіне басқа кешендерді бағындыра алатын басшылықты қасиетке ие. Дарендорфтың бұл сұрақ туралы пікірлері анық болмаса да, сонда да, кезкелген кіші топтан және ұйымнан бүтін қоғамға дейін кезкелген әлеуметтік бірлікті — басшылық дифференциалды реттелген ұйымдық рөлдер болса, онда зерттеуге байланысты ИКА ретінде қарастыруға болады. Яғни, басшылық біреудің екіншісіне зомбылық көрсету дегенді білдіруіне қарамастан, ИКА-да басшылықтың бұл қарым-қатынасы заңдастырылуға ұмтылады; яғни, оларды басқалардың үстінен басшылық етуге құқық береді, «нормативті» және «көпшілік қабылданған» бөлімдері бар беделді қатынасы деп қарастыруға болады. Сонымен, Дарендорфтың пікірі бойынша «қоғамдық тәртіп» әрбір әлеуметтік жүйе қабатында кездесетін ИКА-ның әртүрлі типтерінде бедел қатынасын тудыратын үрдістердің көмегімен сүйеп тұрады.
Басшылық және бедел – жетіспейтін ресурстар болғандықтан, институцианализденген үлгідегі өзгерістер мен кикілжіңнің негізгі көзі болып қызмет ететіні туралы жоғарыда айтылған ИКА топтар арасында бұл ресурстар үшін конкуренция мен күрес жүреді. Кезкелген ИКА-да 2 негізгі рөл түрлерін бөліп көрсетуге болады — басқарушы және бағынушы, мұнда басқарушы кешендер өздерінің беделін сақтап қалуымен қызықтырылса, ал бағынушыларды – беделдерінің басшылықтың қайта бөлінуі қызықтырады. Белгілі бір жағдайларда мұндай қызығушылықтардың қарама-қарсылығы жоғарылап, нәтижесінде ИКА екі кикілжіңдік топқа полярланады. Олардың әрқайсысы өздерінің объективті қызығушылықтарын сезініп, беделмен бәсекелеске түседі. Мұнда кикілжіңнің немесе конкуренцияның «шешімі» ИКА-да беделдің қайта бөлінуіне алып келеді, ал бұл өзінде кикілжіңді әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік өзгерістердің негізі ретінде айналдырады. Беделдің қайта бөлінуі өз кезегінде жаңа басқарушы және бағынушы рөлдік кешеннің институцианализденуіне алып келеді, белгілі бір жағдайда, жаңадан бір-бірімен беделге күресте болатын екі негізгі қызығушылықтар топтарына полярланады. Сонымен, әлеуметтік ақиқат әлеуметтік жүйені құраушы ИКА-да бедел үшін шектеусіз қайталанатын кикілжіңдердің бейнесі болып табылады. Кейде тіршілік ететін әртүрлі ИКА қоғамында кикілжіңдер бір-біріне беттестіріліп, қоғамның кең ауқымды сегменттерін қамтитын ірі кикілжіңдерге әкеледі.
Дарендорфтың институцианализация туралы циклдік және диалектикалық үрдіс ретінде көзқарасы, оны тек қана бірнеше кілттік себепті қарым-қатынастарды зерттеуіне әкеп соқты.
- Кикілжің — әлеуметтік ұйымдасқан құрылымдарда әрекеттесетін қарама-қарсы күштердің себебінен пайда болатын қамтамасыз үрдіс деп есептелінеді;
- Мұндай кикілжің құрылымдық жағдайлар нәтижесінде баяулайды және жылдамдатылады;
- Кикілжіңнің белгілі бір сәттегі «шешімі», белгілі бір жағдайда қарама-қарсы күштердің ары қарай кикілжіңденуіне алып келетін құрылым жағдайын құрады.
Маркс бойынша кикілжіңнің қайнар көзі мәдени құндылықтар мен институттардан да терең орналасқан өзімен беттестірілген қабатты білдіреді. Шынымен-ақ, қоғамның динамикасы белгілі бір жағдайда төңкерісшілдік сатылық кикілжіңге әкеп соғатын, бірінен соң бір жағдайды шақыратын жекеменшік пен басшылықтың дифференциалды бөлінуінің «ішкі құрылымында» табылады. Дарендорф Маркстің әлеуметтік жүйедегі басшылық пен қуғын-сүргін туралы терминологиясын қолданса да, негізінде кикілжіңнің негізі деп ИКА-дағы беделдік қатынастардың институциализациясы деп есептеді. Мұндай позиция Маркстің позициясынан ерекшеленеді. Сонда да Дарендорф ИКА-дағы басқарушы топтар беделдің қатынасына әсерін тигізетінін мойындаса да, ИКА-да заңдастырылған беделдің рөлдік қатынастары кикілжіңнің негізгі көзі болып табылатын «фактуальді субстрат» сияқты құбылыстарға жиі көңіл бөледі.[10]
Сонда да Дарендорф пен Маркс кикілжіңнің пайда болу себептерін әртүрлі түсіндірсе де, олардың модельдерінде әлеуметтік құрылым мен кикілжің себептерінің аналогиялық қатарын көрсетеді: басшылық пен бағынушылардың қарым-қатынастары қызығушылықтарының «объективті» қарама-қарсылығына алып келеді; шеттетілгендердің бұл қызығушылықтарының ішкі қарама-қарсылығын сезінуі белгілі бір жағдайларда анықталады; басқа бір жағдайда бұл жаңа анықталған сезім саясаттық ұйым құруына әкеп соғады, ол соңында басқарушы топпен кикілжіңге әкелетін шеттетілген топтардың поляризациясына әкеп соғады; мұндай кикілжің нәтижесінде әлеуметтік ұйымның жаңа формасы анықтайды; ол бойына басшылық пен бағынушылардың жаңа қарым-қатынасын сіңіріп, басқа кикілжіңдерге әкеп, әлеуметтік ұйымның жаңа формасын тудырады.[11]
Біздің заманымызда кикілжіңге деген көзқарас аз өзгерген. Бізжің елімізде Алматы қаласында «Конфликтология» орталығы жұмысын атқарады. Олар кикілжіңге түрлі ғылыми түрлі ғылыми проекттер, конференциялар, оқыту семинарларын халықаралық деңгейде өткізіп тұрады. Кикілжің деген бұл мәселе қазір дербес бір ғылым ретінде (шиеленістану (конфликтология)) бөлінсе де, қоғам туралы ғылым әлеуметтануда зерттелінеді. Бұған деген объективті себептер бар: ересек те дербес жеке тұлға бола отырып, адам өзінің қызығушылықтарының басқа адамдардың қызығушылықтарынан ерекшеленетінін сезінеді. Не болса да ол қоғамға әрқашанда тәуелді болып қалады. Бірақ көптеген маңызды сұрақтарда ол басқа адамдарға қарсы келеді. Сонымен қатар, көбінесе оның қызығушылықтары басқа адамдардың қызығушылықтырына сәйкес келмейді. Олардың қызығушылықтары көбінесе өзгермелі болып келеді. Мысалы, бір топ жасты балаларды белгілі бір уақыт аралығында біріктірген қызығушылық объектісі біріктіретін күш пен ортақ қызығушылық ретінде қасиетін жоғалтуы мүмкін. Олардың араларында бәсекелестік, конкуренция, қарсыластық, позицияларының сыйыспауы, т.б. қарым-қатынастар орнайды. Басқа сөзбен айтқанда кикілжің пайда болады. Мұны олар нормалы әлеуметтік қарым-қатынас деп түсінуі қажет.
Сонымен, қазіргі заманғы әлеуметтануда кикілжіңдер қоғамдық өмірдің нормалы құбылысы ретінде анықталады; кикілжіңнің дамуы және анықталуы көптеген ғылымдардың мәселесі болып табылады. Қоғам, жеке азаматтар кикілжіңге және кикілжіңдік жағдайларға көзін жұмбай, олардан қорғану және кикілжіңдерді реттеуге бағытталған белгілі бір ережелермен әрекет етсе, эффективті нәтижелерге жете алады.
Тағы рефераттар
- Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар пәнінің түсінігі, жүйесі және қызметі
- Бюджет жүйесінің буындары арасында кірістер мен шығыстарды бөлу
- Жұлдызды аспан және аспан сферасының тәулік бойынша айналуы. Кульминация
- Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
- Ойын-өмір мектебі (балабақшадағы семинар)