Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатындағы міндет – педагогикалық ұжымды, оқушыларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру.
Психологиялық қызмет міндеттері
- Баланың жас ерекшелігіне сәйкес тұлғалық және интеллектуалдық даму, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыруына ықпал ету;
- Психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде әр балаға жеке қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
- Баланың интеллектуалдық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды жеңу және олардың алдын алу.
Соңғы онжылдықта мектептерде енгізілген психолог және әлеуметтік педагогтардың атқаратын қызметі білім саласының өзекті мәселерін шешуде үлкен роль атқаратынын заман талабы көрсетумен қатар, облыс және қала бойынша мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтары жөнінде кешенді мәліметтер жинақтап, оны талдауда психологтардың 62%, әлеуметтік педагогтардың 100%-ының арнайы мамандықтары жоқтығы, отандық жергілікті халықтың, білім саласының және оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне бейімделген психологиялық, әлеуметтік қызмет жөнінде әдебиеттердің, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы бұл мамандардың және мектептегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің өз дәрежесінде жүруіне кедергі келтіруде. Сондай-ақ аудандық, қалалық білім және спорт бөлімінде осы мамандықтың әдістемелік жетекшілерінің маман еместігіде, көпшілік мектептердегі психолог кабинетінің жоқтығыда аяққа құрмау болуда. 2005 оқу-әдістемелік жылында педагогика-психология кафедрасы өткізген 7 біліктілік арттыру курсында және 4 тақырыптық семинарларда жүргізілген мониторингтік сауалнама және пікірлесулерден облыс психологтары мен әлеуметтік педагогтарының басты қиыншылықтары айқындалды. Олар:
1. Отандық әдістемелік құралдардың аздығы, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы;
2. Аудан, ауыл мектептеріндегі мамандардың бір-бірімен кәсіби байланыс жасау қиыншылығы (себебі мектепте тек бір маманнан ғана);
3. Психодиагностикалық әдістемелерді қолдану және анализ жасау;
4. Түзету шараларын тиімді ұйымдастыру;
5. Қызмет бағыттарын толық жүзеге асыру үшін жағдайдың жоқтығы (кабинет жоқ болса, психологиялық қызметтің басты бағыты кеңес беру жоқ )т.б;
Жоғарыдағы басты қиыншылықтар мен кедергілерді ескере отырып, БҚОПКБА және ҚДИ педагогика-психология кафедрасының жанынан құрылған инновациялық порталдың жұмыстанатын басты бағыттары айқындалды. Мектеп психологтарының қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, өз өтініштерімен облыстық психологтар мен әлеуметтік педагогтар Ассоциациасы құрылды.
Порталдың құрылуына себепкер болған түрткілер: Мектеп психолог-тары мен әлеуметтік педагогтарының облыстық Ассоциациясының ұсыныс-тары мен қажеттіліктері.
Инновациялық портал жұмысының мақсаты:
Облыс мектептеріндегі психологиялық және әлеуметтік қызметті жандандыру үшін уақтылы әдістемелік көмек көрсету, мамандардың кәсіби шеберлігін, құзырлылығын, мәртебесін арттыру үшін алуан түрлі шаралар ұйымдастырып, өткізу.
Тағы рефераттар
- Суретшімен кездесу ұйымдастыру
- Конъюнкция
- Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат
- Бүйрек
- Турбо Паскаль курстық жұмыс