Көліктік тораптар дегеніміз — көліктің бірнеше түрі тоғысып, олар өзара жүк алмасатын пункттер.

Көліктің жұмыс нәтижесін жүк айналымынан білуге болады, оны тонна-километрмен өлшейді.

Жүк айналымы дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір қашықтыққа тасымалдайтын жүк мөлшері.

Көлік  түрлерінің, оларды жасай және пайдалануға жұмсалған шығындары, яғни тасымалдың өзіндік құны бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Темір жол, тас жол, жүз мыңдаған тонна құбыр кететін кұбыр жолын салу өте қымбатқа түседі. Өзен, теңіз, әуе жолдары едәуір арзан.

Көліктің еңбекті көп кажет ететін түрлері-автомобиль және әуе көлігі, еңбекті аздау кажет ететіндері — кұбыр, өзен, теңіз, темір жол көліктері. Жүкті тікелей алушыға жеткізу мүмкіндігінің маңызы зор. Өзен және теңіз көлігі арқылы жүкті тікелей баратын жеріне жеткізу мүмкін емес, өйткені ол жер портган бірнеше шақырым қашықтықта орналасуы мүмкін. Жүкті түсіріп, темір  жол вагонына қайта тиеу қымбатқа түседі. Автомобиль көлігі жүкті кайта тиеусіз, бірден какпадан-какпаға жеткізе алады.

Көліктің  климат жағдайларына  қарамай, жыл бойы үзіліссіз жұмыс істеуінің маңызы зор. Су көлігінің маусымдық сипаты бар. Жүк айналымның кұрылымы экономикалық аудандардың мамандануына, шикізат және отын базасының орналасуына, ауданда өндеуші өнеркәсіптің дамуына байланысты. Экономикалық ауданньщ әрбір типіне жүк айналымының өзіндік құрылымы сәйкес келеді, ал көліктің қандай түрінің басым қолданылуы ауданның географиялық орнына байланысты. Мәселен, кен өндіру, кара металлургия мен

ауыр машина жасау өнеркәсібі күшті дамыған көмірлі-металлурлық  Қарағанды ауданындағы жүк айналымы құрылымында тас көмір, қара металдар басым орын алады. Жүк негізінен темір жолмен тасымалданады. Мұндай ауданның көлік балансында ішке тасымалдаудан гөрі сыртқа тасымалдау көбір
Тағы рефераттар