Құқық бұзушылықтың себептері, факторлар туралы қазақша реферат

Қылмысты зерттеуге арналған ғылымның бір саласы криминология 19 ғасырдың екінші жартысында пайда болған. Алғашқыда оны қылмыстық этимология, қылмыстық социология деп, атап жүрген.

Назарға алған жөн, кейбір криминалистік концепциялар, құқық бұзушылыққа көзқарасттар, ғылымның пайда болғанға дейін айтылған және осы салаға байланысты зерттеулер жүргізілген. Осы саладағы алғашқы теориялық құрылымды Аристотель мен Платонда таба аламыз. Құқық бұзушылық мәселесін шешуге 18 ғасырдың көп ойшылдары зерттеуге күш салған, бұлар Беккариа, Бентам, Вольтер, Гельвеций, Гольбах, Дидро,  Локк, Монтескье және т.б. Олар құқық бұзушылықтың пайда болғаның социальдық тұрақсыздықтан, қоғамның тәртіпсіздіктен көріп, репрессияларды тоқтатуға, профилактикалық жұмыс жасауға шақырған.

Құқық бұзушылық жайлы және оның пайда болу себебін, социалист – утопистер көп зерттеген. Соның ішіндегі Томас Мор, қоғамды өзгерту үшін, оны қайта социалистік бастаумен құру керек деп ұсынған. Ж. Мелье, католик шіркеуінің қылмыстарын ашық жариялағанда, қоғам ішіндегі құқық бұзушылықты тоқтату үшін, жеке меншікті жою керек деп, адамдар арасындағы теңсіздік, қылмыстың ошағы деп айтқан. Мелье көзқарасына Морелли де қосылған, ол да қылмыстың басты себебі жеке меншік деп ойлаған.   А. Сен-Симон, Ш. Фурье бойынша, құқық бұзушылықтың табиғи тамыры жекеменшіктік қоғамның ішінде, адамды қанау және эксплутациялау, құқық бұзушылықпен тек қылмыстық жауапқа тартумен тоқтату мүмкін емес деп, айтқан.

Сондай көзқарасты дамытқандар  Ж. П. Марат және А.  Н.  Радищев. Марат құқық бұзушылықты «құл мен қожа» — дан тұратын қоғам ішінде іздеген эксплутарлық жүйеде көрген. А. И. Герцен бұл мәселені зерттегенде, көбінесе, экономикалық факторларға көп назар аударып, социальдық теңсіздікке, кедейлікке, сонымен бірге, Герценнің ойынша буржуаздық қоғам, қылмыспен күресе алмайды деген, тұжырым жасаған.

Қылмыстың пайда болғаның зерттегенде, ғылымдар екі көзқарасты топқа бөлінеді. Бірінші топ мүшелері, қылмысты «социальдық көрініс», ал екінші топ «биологиялық көрініс» ретінде қарастырады.

Буржуаздық криминологияны дамытуда үлкен үлес қосқан, қылмыстық антропологиялық мектептің өкілі, итальян психиатры Чезаре Ломброзо  (1835—1909). «Ломброзианство»  және  «неоломброзианство» терминдер сияқты, психиатрдың есімі де қазіргі күнге дейін өте белгілі. Құқық бұзушылық, Ломброзо бойынша, — адамның дүниеге келуі, өтуі сияқты,   айқын және керекті құбылыс. Құқық бұзушылықтың пайда болуы, бұл биологиялық процесс. (Бірақ өмірдің соңғы жылдарында Ломброзо, қоршаған ортаны да ескере бастады.) «Қылмыскер адам», «Қылмыс, оның себебі, емдеу процессі» кітаптарында, ғалымның айтуы бойынша, туылған кезінен бастап қылмыскерлер болады, оларда спецификалық физиология, психология, антропогендік жағынан белгілер болады және олар барлық қылмыскерлердің 35 пайызын құрайды. Ломброзо «табиғи» қылмыскерлердің тұрақты бейнесін іздей бастаған. Ол адамның қаңқасын, сүйек басын, бойын, дене салмағын және басқа аномалияларын зерттеген. Уақыт өткен соң, Ломброзо тағы да әр түрлі, бір – біріне ұқсамайтын 16 факторларды ашқан (бұған кіретіндер: метерологиялық, географиялық, экономикалық, рассалық және т.б.). Психиатор «табиғи» қылмыскерлерді алдын – ала тоқтату үшін, емдеу процессінде, өмірлік изоляция, жер бетінен жою процесстерді қолданған. Әрине, болашақта бұл теория және методика фашистер мен КСРО мемлекетінде жиі қолданыс тапты. Ломброзаның ашық, реакциялық көзқарастарды оның шәкірттері жұмсартуға, яғни гуманизациялауға күш салды. Итальян фашистік қылмыс кодекстін авторы Э. Ферри, биологиялық ломброзианство көзқарасына, социальдық факторды айқын енгізеді.

Уақыт өткен сайын биологиялық көзқарастың авторитеті төмендей бастайды. Оның себебі, фашизм мен коммунизм кезіндегі жиі қолданысы. Бірақ та, модернизацияға ұшыраған биологиялық көзқарас, әлі де қолданысты тауып тұр.  Не себепті? Себебі, құқық бұзушылыққа барған кейбір тұлғаның мотивациясын түсіну қиын. Социальдық көзқараз барлық сұраққа жауп бере алмайды, сондықтан да аса қауіпті қылмысты түсіну үшін, адамның ішкі сана – сезімін зерттейді, осындай жағдайларда биологиялық тұрғыдан зерттеу процессі өз үлесін қосады. Әсіресе, қазіргі заманда «түсініксіз» немесе мотивациясыз құқық бұзушылықтың көпшілігі, психологиясы сау емес адамдармен орындалады. Есірткенің, арақ-шараптың әсері қоғамға үлкен зиян әкеліп тұр.

Қазіргі сәтте медицина мен гендық инженерияның жоғарғы дамуынан, «ген арқылы мұраға берілетін» құқық бұзушылық, деген көзқарас пайда болды. Оның өкілдері: О.Кинберг, О.Ланге, Е.Гейер, А.Штумпль және т.б. Көзқарасты қолдайтындар екі топқа бөлінді: юристер мен медиктер. Олардың ойынша, тұлғаға көптеген мінездік белгілер беріледі, сондықтан құқық бұзушылық та, ген арқылы берілу мүмкін.

Белгілі австралиялық психолог З.Фрейдтің психоанализ теориясы, көпшілікте қолданыс тапты. Фрейд, құқық бұзушылықты адамның ішкі сана сезімінде, оның психиканың тереңдігінде жатқан құбылыс деп айтқан. Адамды қылмысқа итермелейтін, ол — өлімнен қорқу инстинкті және сексуальдық мінезді нәпсі (либидо) сезімі.

Жоғарыда жазылған көзқарастар мен теориялар, құқық бұзушылыққа дұрыс түсінік беру жұмысында, мәселенің бір жағын ғана көрсетеді. Әрине, биологиялық теорияға ғана сүйеніп, тұлға «психологиясы қылмыс жасауға жақын» деген айыппен, жазаға тарту оңай. Бірақ, бұл адамзатқа қандай ауыр әсер тигезітінің елестету қиын емес! Бұл жағдайды прогрессивті саясаткерлер мен ғалымдар жақсы түсінген. Және биологиялық көзқарасты мүлдем жойып тастауға да күш салған. Сонымен де, социальдық көзқарасты әрі қарай дамыту үшін, биологиялық көзқарас маңызды орын алды. Сондықтан да, социологиялық бағыт өте қиын кезеңдерден өтті.

Құқық бұзушылықты социальдық жақтан зерттеуді, алғашқы рет ғалымдар – статистиктер бастады. Ағылшын ғалымы Д.Говардтың құқық бұзушылыққа деген көзқарасы қызық. Оның айтуынша, қылмыскерлерді түзету процессінде, еңбекке тарту, тәрбиелеу, білім беру шаралары қолдану керек. Және де, оларға міндетті түрде сыйластықпен, адамгершілікпен қарау керек, себебі оларды, қоғамның өзі қылмыскерлерге айналдырды.

Француз ғалымдары П. Дюпати және Ж.-П.Бриссоның көзқарастарына назар аударғаның жөн болар. Олардың айтуынша құқық бұзушылықтың себебі, қоғам ішінде адамдар арасындағы экономикалық және саяси теңсіздік. Статикалық ақпаратқа анализ жасағанда, Дюпати бір шешімге келді, яғни әр жылдарда жасалған құқық бұзушылықтың саны өзгерісіз қалады. Осы кездерде, ХIХ ғасырдың соңында  — XX ғасырдың басында, Э. Дюркгейм, мен Н. Д.  Сергеевский дамытқан «құқық бұзушылық мәңгі процесс» деген теория пайда болды. Теорияны жақсы ашқан және дамытқан француз теоретигі Э. Дюркгеймнің «құқық бұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі», деген сөзі шығады.

Антропологиялық теорияны сынға ұшырауымен, социологиялық теорияның көптеген өкілдері, құқық бұзушылық мәселесін шешу үшін, социологиялық реформа жасауға шақырумен бірге, басты бір сұраққа жауап таба алмады. Экономикалық, климаттық, мәдениеттік, географиялық факторладың ішінен, олар ең маңыздысын таңдай алмады.

Социологиялық мектептің өкілдері, криминалогияда құқық бұзушылықтың себебін зерттегенде 2-3 классификацияға (факторлар) тоқтаған. Бұл факторлар: индивидуальді (жынысы, жасы, ұлты); физикалық (географиялық орта, жыл мезгілі, климаттық жағдай және т.б.); социальдық фактор (жұмыссыздық, азық – түліктің бағасы, жұмыс ақысы, алкоголь немесе есіртке пайдалану және т.б.).

Социологиялық теориялардың көптеген көзқарастарын зерттеуге болады, бірақ шынында, құқық бұзушылықтың табиғатын түсіну үшін, теорияларға жалпылама көзбен қарау керек. Әсіресе қазіргі кезде пайда болған теорияларға басты назар аударған жөн.

Жалпы, құқық бұзушылықтың пайда болуы, қоғам ішіндегі тұлғалар арасындағы экономикалық, саяси, мәдени теңсіздіктен пайда болады деп, айтуға болады. Әр тұлға өз алдына қойған мақсаттарына жету үшін, заңды немесе заңсыз әрекеттер жасайды. Адамның табиғатында тәубешілік сезімі аз мөлшерде болады. Керісінше, адам қаншалықты экономикалық, саяси, мәдени жетістіктерге жетсе де, ол тұлғаға аз болып көрінеді. Қоғам ішіндегі бір – біріне қызығушылық (психикасы сау емес адамдарды жатқызбаймын), теріс әрекеттерге әкеледі. Оның барлығын түсіну үшін, құқық бұзушылықты әр жақтан толығымен зерттеу дұрыс болар.

Құқық бұзушылыққа әкелетін экономикалық факторды зерттегенде, еске алған жөн, бұл үлкен масштабты фактор. Капиталистік қоғамның алдында болған құл иеленушілік пен феодалдық қоғам, құқық бұзышылықты басқаша сипаттаған. Капиталистік қоғам, құқық бұзушылықты өзі тудырат, деген сөз бар. Капитализм өзі құрған айқын экономикалық және әлеуметтік теңсіздік, ең басында адамзаттың қиындықтардың шеше алмайтындығын көрсетті.

18 ғасырдың философтары мен ғалымдар, капитализмді орнытқанда, жаңа гуманистік идеалдарды енгізуге, шіркеуден еркін болуға, адамзатты орта ғасырлық қараңғылықтан  жарқын болашаққа жол ашып тұрмыз деп сенген. Шындыққа келсек, теңдік те, бостандық та, болған жоқ. Экономикалық теңсіздік, класстарға бөлінуі сол қалпында қалды.

КСРО елінде капитализм стадиясына енбей, тура социализмге өтуі, болашақта коммунизмді құру идеялары өз жасандығын көрсетті. Себебі, тоталитарлық жүйеде, бюрократизмнің өсуі, жалған үгін — насихат саясаты, қоғамды басында алдағанмен, соңында күйзеліске ұшырады. Совет елдердің ғалымдары, қоғамдағы болып жатқан қылмыстарды, «коммунизмге жат әрекеттерді», капитализмнен қалған немесе бұрынғы кезеннен қалған мұра деп, сипаттаған. КСРО елінде күштеп еңбекке тартуы, жалған теңдікті мен бостандықты құруы, елде проституция мен наркоманияның «жоқ» болуы, «жарқын» коммунизмге жақындауы, бұның барлығы қоғамды алдау саясатында жүрді. КСРО елінің мерзімі ұзаққа созылмайтындығын, дүкенге кіргенде түсінікті болған. Азық – түлік, киім – кишек, басқа да қарапайым қажетті тауарлардың дефицитте болуы, КСРО азаматтарды еріксіз құқық бұзушылыққа әкеліп отырды. Г. Мендешевтің «Профессия – сыщик» кітабында, КСРО кезіңдегі құқық бұзушылықпен қалай күрескені жақсы жазылған. Мысалға, есіртке сатушыларға өте жұмсақ жаза қолданылған, көбінесе есіртке сатушылар штраф төлеп, қайта бостандыққа шыққан. Себебі, КСРО – ның қылмыс кодексінде «есіртке сатушыларды» түрмеге отырғызбаған. Есіртке сатушыларды қатаң жазалайтын заң 80-жылдарына дейін бекітілмеген, басшылардың ойынша бұндай заңның кажетті болмаған, себебі КСРО мемлекетінде «наркомания» деген, «капиталистік» ауру, социалистік елде «мүлдем» болмаған. [14]

Бірақ та, 90-жылдары КСРО мемлекеттің жойылуы, Қазақстанды одан да жаман апатқа әкелді. Капитализм стадиясынан өтпеген, нарықтық қатынастарға түсінбеген, «қайта құру» реформасына бет бұрып, мықты заңдық базасы болмай, елді тонауға келген шетел инвесторларға есік ашып, инфляция мен кризиске ұшырап, халық КСРО агитацияларынан әлі «емделе алмай» жүргенде, елді құқық бұзушылықтың ең жоғарғы деңгейіне әкелді. Сол кезде рэкит, тонау, ұрлық, адам өлтіру, есірткені сату, проституция, наркомания, рейдерство кең қанат жайды. Аталған құқық бұзушылықтардың пайда болуына басты себепкер болған, экономикалық фактор.

Құқық бұзушылықты азайту үшін, қоғамды жаңа заңдармен, қабылданған нормативтік-актілермен таныстыру үшін, юриспруденция жағынан сауаттылғын көтеру үшін, маңызды рольді ақпарат атқарады. 20-21 ғасырды «ақпарат ғасыры» деп атайды. Сондықтан қоғамдағы процесстерді реттеу үшін, кейде СМИ-ні «жазалау орган», ашық саясат жүргізу, демократиялық қоғам құру құралы ретінде қолданылады. Сондықтан, бұл факторды еске алған жөн.

Енді, құқық бұзушылықты қоғамдық масштабта емес, жеке тұлғалық масштабта қарастырған жөн. Адамды экономикалық, социальдық, биологиялық фактордан басқа, ішкі сезімге байланысты, эмоциялар да, тұрақсыз психика да қылмысқа итермелейді. Қоғамның кіші ұяшығы, бұл – отбасы. Отбасы ішіндегі болып жатқан процесстер де, жиі қылмысқа әкеледі. Отбасы ішіндегі кейде болып тұратын негативтік жағдайлар, ер мен әйел адамның арасындағы қатынастардың ішінде де құқық бұзушылықтың себебі кездеседі. Бұл қатынастарға жақсы анализ жасаған және зерттеуге көр күш салған Ресей психологы Е.И.Тереньтев болды. Оның «Бред ревности» кітабында, адамның эмоциялары туралы жақсы зерттеме жұмысы істелген. Отбасы ішінде, қылмысқа әкелетін фактор ол ер мен әйелдің арасындағы қызғану сезімі.[15]

Отбасы микроклиматына қоршаған факторлар да әсер етеді. Әсіресе, экономикалық, яғни отбасыда ақшаның жетіспеуі немесе керісінше, ақшаның көптігі де, теріс қылыққа әкеледі. Отбасы ішіндегі қатынастар, оның «отбасылық құндылықтар» заманға байланысты өзгеріске ұшырап тұрды. Мысалы, 20 ғасырға дейін, әйелдің статусы ер адамнан өте төмен болып, отбасы ішіндегі конфликт нәтижесінде әйел өлтірілсе, ер адам жаупқа тартылмаған. Қазақ қоғамында, әйел баласы көбінесе, ата-аналарына пайда алу көзі ретінде болған. Оны қазақ фольклорінде сақталған мақал-мәтелдер дәлелдейді. Бірақ, қазақ қоғамында Фукстың айтуынша, әйел өлтірілсе, оның туыстарына құн төлінетін. Ал керісінше, әйел өз күйуінің өліміне себепкер

12

болса, ол қатаң жазаланған. Жалпы, 20 ғасырға дейін, ер адамның әйелден доминанты болуы, экономикалық, физиологиялық фактор басты әсер еткен. Себебі, өмірге деген қатаң күресте, физикалық күштен басқа, елді жаудан қорғауда ер адамның басты жұмысы болғандықтан, әйел қоғамдық иерархияда статусы төмен болды. Сонымен де, шыңдыққа келсек, отбасының барлық үй — шаруалық, бала тәрбиеу, малға қарау, киім – кишек тігу жұмысы, астық дайындау, барлығы әйелдің мойынында болды. Мысалы, 13 ғасырдағы монғол халқында, ер адамдар тек соғыс мәселесінде белсенді рөль атқарды, ал мал бағу, оны күту, киім тігу, балаға қарау, астық дайындау, ауыр жұмыстың барлығы әйел орындаған. Діндердің қоғамның дамуына үлкен әсер еткенің біз жақсы білеміз. Ал, көпшіліке тараған ислам мен христиан діні, белгісіз себептен, басыннан бастап әйелдің рөлін онсыз да төмендетті.  Еуропаның өзінде 18-19 ғасырға дейін, әйелдің рөлін қоғамда катты кеміткен. 20 ғасырда, феминисткалардың пайда болуы, әйелдердің құқық үшін белсенді күресуі, радикалды қозғалыстар жасау нәтижесінде, ер мен әйел құқықтары теңестірілді. Бұл жалпы адамзат прогресс жолының бір қадамың өткен екенің белгіледі.

20 ғасыр жыныстық теңдік пен бостандық әкелгенмен, сонымен қоса жаңа проблемаларды туғызды. Әйел адамның ер адамнан экономикалық тәуелсіз болу себебі, ер адамдардың доминанты рөлінен айырыла бастауы қатты психологиялық – эмоциялық күйзеліске әкеліп соқты. Сол себептен, қазіргі заманның проблемасы, ол отбасы ішіндегі қылмыс, отбасылық құндылықтан айрыла басталуы, ер мен әйел арасындағы көп түсінбеушіліктің пайда болуы. Сондықтан да, проблеманы шешу үшін, жаңа жолдарды іздеп, отбасыға тек психологиялық, экономикалық көмек емес, сонымен бірге құқықтық жақтан көмек беруге бүкіл күшті салу керек. Әрине, отбасы ішіндегі қарым – қатынастарды реттейтін нормалар аз емес. Бірақ олардың қаншалықты пайда әкелетіндігін, реформа жасауға қажеттілігі қаншалықты екенің білу, кешікпей өз уақытында шаралар жүргізілу тиіс.
Тағы рефераттар