Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері туралы қазақша реферат

Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтік келісім шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен сипатталады. 

Лизингтің нысандары:

  1. 1.     Қатысушылар құрамына байланысты:
  • тура лизинг, келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға беруші және жалға алушы арасында;
  • жанама лизинг, келісім шарт үш немесе одан да көп жақтар арасында жасалынады, яғни жалға беруші, жалға алушы және делдал арасында.
  1. 2.     Мүлік нысанына  байланысты:
  • жылжитын мүлік лизингі ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер,ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар.
  • жылжымайтын мүлік лизингі( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады).
  • қолданыста болған лизинг мүлігі.
  1. 3.     Мүліктің өтелімділігі бойынша:
  • толығымен өтелінетін лизинг, келісім шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
  • жартылай өтелінетін лизинг, бір келісім шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.
  1. 4.     Амортизация деңгейіне байланысты:
  • толық амортизация деңгейі;
  • толық емес амортизация деңгейі.
  1. 5.     Қызмет көрсету мөлшері бойынша:
  • Таза─ мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
  • Толық ─мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады.
  • Жартылай ─ мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.
  1. 6.     Нарық секторына байланысты:
  • Ішкі ─ келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
  • халықаралық, келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда.

Халықаралық лизинг:

  • импорттықегер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса.
  • экспорттық егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса.
  • транзиттікегер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса.
  1. 7.     Лизингтік төлемдер сипатына байланысты:
  • ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);
  • өтемақы төлемді лизинг  (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);
  • аралас төлемді лизинг.
  1. 8.     Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты:
  • нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады.
  • жалған – мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.
  1. 9.     Қаржыландыру әдісіне байланысты:
  • мерзімдік лизинг─бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
  • жаңғыртымалы лизинг ─  лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады.   
  1. 10.          Жалға алынатын мүлікке қатысты:
  • таза лизинг ─бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады;
  • толық лизинг─ бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады.

Лизингтің түрлері. Лизингтің 2 түрі бар:

  1. Қаржылық лизинг.
  2. Жедел лизинг

Қаржылық лизинг. Жалға беруші төлейтін төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың толық амортизациясын білдіретін ұзақ мерзімді келісім-шарт.

Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:

  • лизинг беруші(жалға беруші);
  • лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады.

Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі. Онда:

  • лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;
  • лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымылизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.

Халықаралық тәжірибеде қаржы лизингі – капиталды лизинг немесе лизингке берілетін активтің толық өзін-өзі өтейтін лизинг ретінде сипатталды. Қаржы лизингі жалгерлік, саудалық, несиелік және өзге де экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді. Бұл жерде қаржы лизингін несиенің нысаны ретінде, яғни оның қызмет етуімен және басқарылу ерекшелігімен байланысты несиелік қатынастар жиынтығы ретінде қарастырамыз.

Қаржы лизингінің несиелік қатынастары көп аспектілі және кең мағыналы болып келеді. Мұндай қаржылық лизингтің несиелік аспектілері мыналармен сипатталады

1. Қаржылық лизинг — бұл ұзақ мерзімді несие түріндегі заемдық капиталға деген қажеттілікті қанағаттандырады

2. Қаржылық лизинг кәсіпорындардың заемдық қаражаттарға деген нақты да мақсатты қажеттіліктерін толық көлемде  қанағаттандырады

3. Қаржылық лизинг автоматты түрде несиені толық қамтамасыз етеді және шығынды азайтады

9. Қаржылық лизинг бойынша кәсіпорын лизингке алатын активтің біртіндеп аммортизациясын жасайтындықтан да ондай актив бойынша негізгі қарызды қайтару қорын құру қажет етілмейді

4. Қаржылық лизинг бойынша тартылатын несиенің барлық көлемі салықтық жеңілдіктерге иеболады

8. Қаржылық лизинг лизингтелетін активтің жойылу құны есебінен несиенің құнын төмендетуді қамтамасыз етеді

5. Қаржы лизингі қарызға қызмет етумен байланысты кең көлемді төлемдерді қамтамасыз етеді
7. Қаржы лизингі банктік несиеге қарағанда несиенің оңайлатылған рәсімделу процедурасын сипаттайды

6. Қаржы лизингі  қарызға қызмет етумен байланысты төлем мерзімдерінде үлкен икемділікке ие

Қаржылық лизингтің несиелік аспектілері

Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.

Қаржылық лизинг келесі негізгі белгілермен сипатталады:

  • Үшінші тұлғаның қатысуымен;
  • Келісім-шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім-шартты бұзу мүмкіндігінің болмауы;
  • Лизингтік келісім периодын одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің жоқтығымен;
  • Қаржылық лизингте негізінен объектілер жоғары құнға ие болады.

Осындай келісімдер аренданың уақытына дейін аяқталуын көздемегендіктен, арендалық төлем сомасын дұрыс есептеу өте маңызды болып келеді, себебі осы мүліктің иесіне жабдықты сатып алуға және қолдануға байланысты барлық жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік береді. Лизингтің осындай нысанында мүлікті орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге байланысты шығындарды, көбінесе, жалға алушы өзіне алады. Көп жағдайда осындай келісімдер жалға алушының келісім-шарт аяқталған соң, мүлікті қалдықты құн немесе жеңілдікпен сатып алуға құқық береді. Жедел лизингкке қарағанда, қаржы лизингі мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.

Қаржылық лизингтің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімді аренданың басқа екі түріне, қайтарымды және үлестік негіз болады.

Жедел лизинг. Ағымды аренда туралы келісім-шарт болып табылады. Жабдықты сатып алу мен қолдануға байланысты шығындар арендалық төлемдер есебінен бір лизингтік келісім-шартта өтелмейтіндіктен, осы жабдықты жалға бірнеше рет беруді талап етеді. Ол, көбінесе, 2 – 5 жылға келіседі. Жедел лизинг кезінде объктіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік бермейді.

Жедел лизингтің негізгі объектілеріне жабдықтардың жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі нысандары, т.б. және тұрақты сервистік қызметті талап ететін күрделі техникалық жабдықтар: (жүк және жеңіл автомобильдер, әуе лайнерлер, темір және теңіз транспорт).

Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады.  Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға  мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады.
Тағы рефераттар