Логикалық заңдар — дұрыс пайымдаудың нормаларын, ережелерін, заңдылықтарын бейнелейтін ұғым. Кең мағынасында Логикалық заңдар объективті шындықты абстрактілі ой дәрежесінде бейнелеу әдістері мен формаларын, ұғымдар мен пікір байланысын және ойдың дамуы мен қалыптасуын анықтайды. Логикалық заңдарды зерттеудегі мақсат — танымның ақиқаттылығының объективті жағдайларын айқындау. Адам Логикалық заңдарды зерттеп ашуы мүмкін, бірақ адам ол заңдарды ойдан шығарып не өзгерте алмайды. Логикалық заңдар адамның санасы мен еркінен тыс, объективті, жалпы адамзатқа бірдей болғандықтан ғана, адамдар белгілі бір жүйеде бірыңғай ойлап, дүниені бірдей танып және бірінің ойын бірі ұғынып түсіне алады. Логикалық заңдарды ойлау процесінде мүлтіксіз дұрыс қолдану — ойлау процесінің негізгі шарттарының бірі. Тар мағынасында Логикалық заңдар деп дәстүрлі логиканың белгілі 4 заңын айтады, олар:

1) Тепе-теңдік заңы

2) Қайшылық заңы

3) Үшіншінің аластатылуы заңы

4) Негіздің жеткіліктілігі заңы.

Бұл заңдар формальдық тұрғыдан дұрыс, яғни дәл, анық, нақтылы ойлаудың негізгі шарттары болып табылады. Тепе-теңдік заңы бойынша ой қорыту процесіне қатысатын әрбір ойдың өзіне сай белгілі бір орнықты мазмұны болуы, яғни ол өзіне-өзі тең болуы тиіс. Дәстүрлі логикада бұл заң А дегеніміз

А (мұнда А — белгілі бір ой) немесе А тең А (А=А) деп айтылады. Қайшылық заңы бойынша бір уақытта және бір қатынаста алынған нәрсе туралы екі қарама-қарсы ой сол мезетте бірдей ақиқат бола алмайды. Бұл заңның формуласы: АА (А және А — қарама-қарсы ойлар, — “және” дегенді білдіретін логикалық белгі, ал үстіндегі сызықша — бүкіл күрделі лебізді терістеу белгісі). Үшіншінің аластатылуы заңы бойынша бір уақытта және бір қатынаста айтылған екі қарама-қайшы ойдың біреуі қалай болғанда да ақиқат болады. Бұл заңның формуласы: АА (А мен А — бір-біріне қарама-қайшы ойлар,  — “немесе” дегенді білдіретін логикогикалық белгі).Негіздің жеткіліктілігі заңы әрбір ақиқат ойдың ақиқаттылығы дәлелденген ойға негізделуі тиіс екенін талап етеді.

Бұл заңның Формуласы: А  В (А мен В — өзара байланысты ойлар,  — байланыс бағытын білдіретін логик. белгі) — 1В болса, оның негізі А болуға тиіс.

Диалектикалық логиканың өз заңдары бар:

1) Сан мен сапаның байланысы заңы

2) Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы

3) Терістеуді терістеу заңы
Диалектикалық категориялар арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастар арқылы бейнеленетін заңдар.


Тағы рефераттар