Құмкөл кен орнында өндірістік мұнай-газ бергіштік төменгі неоком және жоғарғы юра кішігірім жинақтарында орналасқан.
Төменгі неоком мұнай-газ бергіш жинағында екі өнімді горизонт М-1 мен М-2 анықталған ұңғыны геофизикалық зерттеу мөліметтеріне сүйеніп жасалған жыныс қабаттарының салыстырма-лы арақатынасы негізінде дәлелделінген.
Төменгі-бор горизонттары М-1 жэне М-2 қалыңдығы 10-нан 20 метрге дейін сазды қабатпен бөлінген. Тереңдігі 1060-1100 метр аралығында М-1 горизонтында мұнай кеніші бар. Кеніштің қалындығы 40 метр. Мұнай кенішінің орналасу қабаты күмбезді. Абсолюттік СМШ деңгейлері «минус» 981,1-ден «минус» 985,6 метр аралығында, оңтүстік күмбездің кұрлымына батыс қанатында орналасқан ұңғылар қатарында (2052, 2077, 406, 1039) СМШ деңгейінің «минус» 977,7-ден «минус» 979,7 метр аралығынан кішігірім салыстырмалы ауытқулар анықталған.
Мұнай қабаты — күмбезді кеніші М-2 горизонтында орналасқан, кеніштің орналасу деңгейі 1095-1111 метр аралығында. Қабаттың қалыңдығы 15 метр қабаттың абсолютті СМШ деңгейі «минус» 996-дан «минус» 999 метр аралығында, құрылымның батыс қататтағы кейбір ұңғыларда ғана (231, 432, 3023, 3032) түйісу деңгейлері «минс» 991,4 және «минус» 992,6 метрге дейін көтеріледі.
Юра шөгіндісіне (Ю-1, Ю-2, Ю-3 және Ю-4) өнімді горизонтгар айқындалады. Ю-1 және Ю-2 горизонттары біркелкі ГМШ мен СМШ-ларына ие болып, мұнай кеніші газ қалпақшалы болады.
1190-1322 метр аралығында қабатты, тектоникалық экрандалған, күмбезді кеніш орналасқан. Кеніш қалындығының деңгейі 132 метр. Мұнай су түйісу контактісі «минус» 1179 метр, ал су мұнай контактісі «минус» 1194 тен «минус» 1198 метрге дейінгі аралықта орналасқан. Кеніштің мұнай бөлігінің деңгейі 18 метр, ал газ бөлігінің деңгейі 24 метр.
Сұйық пен газды өзінен өткізе алатын және олар үшін қойма бола алатын кеуекті және жарықшақты тау жыныстарын коллекторлар деп атайды.
Қабат қысымы: кеніш бойынша мұнай-газ өндіру жұмыстары басталмай тұрғанда қабат қысымының мөлшері сол кеніштің тереңдігіне тәуелді болады. Жоба бойынша ол төмеңдегі формула арқылы табылады:
Pпл = Hρg
Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы, тұтқырлы. Мұнайдың тығыздығы жоғарылаған сайын қайнау температурасы арта бастайды. Ал тұтқырлығына әсер ететін жағдайлар оның құрамындағы парафин, шайыр қосымшалары және температура.
Химиялық жағынан мұнай сұйық көмірсутектерінің метандық, нафтендік, ароматтық қатарларының күкіртті, азотты және оттекті қосылыстарының қоспаларынан тұрады.
Ұңғының орташа бір күндік шығымы 35 т/тәу. Қабат қысымы шамамен 8 МПа.
Құмкөл мұнайының тығыздығы — 821 кг/м3, тұтқырлығы -11,7 мПа-с, құрамындағы күкірт мөлшері — 0,11 пайыз, парафин —11,7 пайыз, асфальт-шайырлы заттар — 5,9 пайыз.
Тағы рефераттар
- Орта Азия халықтарының ислам дінін қабылдауы
- Қазақ философиясы мен ойлау мәдениетінің шығу тегі
- Қазіргі қазақ прозасындағы фантастикалық антропологияның көріністері
- Ықылас Ерденұлы (1843-1916)
- ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капиталы