Қаржы институттарының — бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен жасалды. Жасалу көздері:

1)         кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы                 салық);

2)         мемлекеттік бюджеттердің қаражаттары;

3)         санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан түскен табыс;

4)               басқадай көздер.

Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалды:

1)         жәрдемақылар төлеуге;

2)         санаторийлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға;

3)         кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:

а) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;

ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.

Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:

1)         міндетті зейнетақы жарналары;

2)         меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар;

3)         жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;

4)         жоғары органдардың қаражаттары;

5)         ерікті зейнетақы жарналары;

Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары: заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу; балаға қарау жөніндегі жәрдемқыларды төлеу; материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары; Зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты болатын шығыстар; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға ғылыми- техникалық базаны дамытуға және тағы басқа резервтерді орналастыру.

Бюджеттен тыс қорлардың органдары:

басқару;

атқарушы органдар;

тексеріс комиссиясы;

қордың аймақтық бөлімшелері.

Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырайды: біраз уақыт олар өзін-өзі билейді, мемлекеттік бюджеттің құрамында «Мақсатты қаржыландыру қоры» бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан бастап түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды.


Тағы рефераттар