К.Д.Ушинский былай жазады: «Педагогика – ғылым емес, ол өнер: ең көлемді, күрделі, жоғары деңгейдегі және де барлық өнердегі керектігі, тәрбие өнері ғылымға сүйенеді …».
Музыкант — педагог – музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамалық дамуында ізденушінің алдына арнайы мақсат қояды: мысалы, музыкалық — педагогикалық ізденістің жаңа әдісін табу, музыкалық — педагогикалық мәселені әдіснамалық ұстанымына қарап шешуі. Осы іс-әрекетінде музыкалық білім беру педагогикасында жаңадай білім алуы.
Педагог – музыкант — өз әрекетінде практик, практика жүзінде әдіснамалық оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыруы болып табылады. «Әдіснамалық білімді» жүзеге асыру ол педагог – музыканттың шығармашылығы. Неге? Музыкалық білім беру процесінде әрқашанда сынып бола ма, топ бола ма, олардың музыкалық мәдениеті, музыкалық қабілеті, қызығушылығы, сұранысы, жалпы өзіндік мәдениетінің деңгейі әрқашанда қайталанбайды.
Ия, тәжірибелі педагог – музыкант өз іс-әрекетінде әдіснамалық білімін сирек қолданады. Расында да, педагог – музыкант жұмыс процесінде әдейі музыкалық білім беру әдіснамалық педагогикасымен шұғылданып, әдіснамалық білімін қолдана отырып, едәуір нәтижеге жетеді. Мысалы, Павлодар қаласының Ы.Алтынсарин атындағы гимназия – интернатының музыка мұғалімі Н.Дүкенбайдің өзінің 10 жылдық эксперимент жұмысы барысындағы нәтижесі: 1-4 сыныпқа арналған музыка сабағына бағдарлама және оған қоса оқу — әдістемелік кешені, ол деген бағдарлама, музыка мұғаліміне оқу құрал, оқушыларға оқулық және қосымша материалдар (нота хрестоматиясы, фонотека т. б.).
Сондықтан, бұл ізденіс – үлгі ретінде әдіснамалық талдаудың қолдануы, философиялық, педагогикалық, психологиялық білімінің музыкалық білім беру педагогикасы саласына шығармашылық қолдануы деуге болады.
Музыкалық білім беру педагогикасы басқадай ғылымдармен қандай байланыста?
Философия мен педагогика ертеден байланыста, ол адамның рухани — шығармашылық байланысы деп есептелген. Педагогика нақты философия, өмірлік философия, ол педагогика. Педагогиканың философияға жақындауы өзіндіқ мәселелерін шешеді, ой қорытады. Адам сұлулығы мен әлем бірлігінің идеясы, оның қарым — қатынасынан байқалады. Өз шәкірттерінің ақылы мен жүрегімен музыканы сезінуі, оның сұлулығын, күштілігін бейнелеуі. Педагогика мен философияның бір — біріне жақындауы деп айтуға болады, мамандар бұл жағдайды педагогика «нақты философия» дейді (П.Наторп) немесе, керісінше, философиялық білімнің өмірдегі педагогикалық жалғасы (С.Гессен).
Музыкалық білім беру педагогикасы өз дамуында қалай да болсын философиямен байланыста, жинаған тәжірибені өз ұғынуында және өз мәселесін шешуі болып табылады. Сондықтан, осы жағдай философияда да байқалады, оның өкілдері кей уақытта музыкалық білім беру теория мен практика мәселесіне жақындап, практика және әдіснамалық ғылымды байытады (толықтырады).
Сондықтан философия — эстетикалық категориялар теорияда қалыптасуымен қатар тәжірибеде де қалыптасады. Оның дәлелденуі Д.Б.Кабалевскийде бар, оның концепциясында (өмір мен өнердің байланысы, адамның әлемге көркем бейнесінің қатысы, сұлулықтың негізін өнер мен өмірлігінде).
Қазіргі философтар өнер педагогикасын қарастырады, бүгінгі күннің шынына, философиялық білімді практика жүзінде қарастыруда. М.С.Коган: «… мектеп өміріндегі өнердің рөлі мен орны қандай екенін корсетеді… Кейінгі кезде педагогтың, оқушының тұлғалық көзқарасы қандай. Музыкант — педагогтің көзқарасын негізгі сапалы түрде қарастыру, тұлғалық мінезінің қалыптасуы, адамгершілік және кәсіби мәдениеттілігі».
Философия және музыкалық білім беру педагогикасы байланысының нәтижесі ең негізінде бола алады: білімінің қалыптасуы музыкалық білім берудің өзекті мәселелерін шешуі, ұғынуы, оның негізін шешу барысындағы нақты әдіснамалық хабардар болуы және нақтылығы.
Жоғарғы бағыттағы музыкалық білім беру педагогикасының ұғымы біріншіден тұлғаның дамуында, музыкалық интонация арқылы қоршаған шындылықта, өзінің ішкі сезімінің әлемін, адамның көп мәселелерінің разы болуы.
Сондықтан философия туған сұрақтарды, категорияларды, көріністерді шешу барысында ғылыми тұрғыда қарастырады, қазіргі музыкалық білім беру педагогикасының мазмұнының негізі, оның бастамасы. Мысалға алсақ, өнердің болуы, ондағы адам мен әлемнің сұлулығы, оның байланысы. Сондықтан осы мәселені философтардың козқарастары өте маңызды, оның құндылығы, тәрбиелеушілердің жүрегіне музыканың маңызын, оның сұлулығын өнерде және өмірде көрсете білуінде.
Қазіргі кезде философия мен музыкалық білім беру байланысы жаңа мазмұнымен толықтырылады, оның негізі – тұлғаның (педагог, оқушы) өмірлік көзқарасын қалыптастыруы.
Педагог — музыканттың өмірлік көзқарасын ең маңызды ретінде қарастыру, тұлғаның кәсіби мінезділігі ретінде, оның адамгершілік пен кәсібилік мәдениетінде. Сондықтан музыкант — педагогтің өмірілік көзқарасы рухани – құлықтылық, психологиялық және музыкант — педагогтің тұлғалығының жоғары деңгейіндегі бірлігі, біртұтастылығы.
Педагог — музыканттың көзқарасының негізі көркем — педагогикалық процестің байланысы – музыкамен және оқушымен.
Сондықтан педагог — музыканттың өзінің кәсіби білімділігімен болып жатқан уақыт – заманына, уақиғаларға өз бағасын беру, талдауы және өз тұлғалық өмір көзқарасының ұстанымын білдіру, оның ішінде өнерде, педагогикада, қоршаған шындылықта және нақты музыкалық – педагогикалық практикада. Осы кезде музыкант — педагогтің транслятор (көзқарасы, қоғам идеясы, көркемдік және педагогикалық көзқарасы, идеалы) рөлін атқарады.
Кезкелген маманды адамның қөзқарасы (оның ішінде музыкант — педагогтің) адам әрекетінің саласында хабардар болуы (ғылым, өнер, дін, саясат т.с.с.). Осы кезде философия ғылымы өте маңызды. Философиялық көзқарас ұстанымы музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамалық негізін құрайды, белгілі бір тұжырымдамалар, принциптер және әдістердің болуы, қалыптасуы. Сондықтан қазіргі музыкалық білім беру педагогикасын философия – эстетикалық мұрасы ретінде шешуге болмайды. И.А.Ильин кезінде былай айтыпты: «жүрексіз мәдениет» мәдениет болмайды, дөрекілік «өркениет» рухани жаңылысуы (запущенности). Философияда жоғары түсінік бар – «руханият», «махаббат» және «шығармашылық». Соңысы И.А.Ильиннің түсінігінде әлемдегі, әлеммен диалог. Рухани бостандық адамның күшімен, адамның өнерімен дамиды.
Музыкалық білім беру педагогикасының ең басты әдістемелік бағыты – ол философиялық категория – диалог. Диалог – бұл адам арасындағы ақиқат (шындық ақиқат) ізденісі. Музыкалық білім беру педагогикасының диалогы – жай құрал емес, ол әдіс. Сондықтан педагог – музыкант рухани диалогта «үйретпейді», оқушы өзі «үйренсін» дейді. Диалектикалық әдіс – қарама – қарсылық, табиғат процесіне «кіру» т.с.с.
Кейінге кезде музыкалық білім беру педагогикасы мен философия байланысы жаңа мазмұндамамен толықтырылады.
Музыкалық білім беру педагогикасының философияға сүйенуі, байланысы – музыкалық – педагогикалық шындығының болмысы, түрлі мәселелерінің болуы және философиялық әдісі.
Тағы рефераттар
- Гормондар мен горманалды препараттар курстық жұмыс
- Жаңа технологиялардың бірі — Жерді қашықтықтан зондтау
- Информация және информатика
- Бағалаудың жалпы анықтамасы
- Кәсіпорында еңбекті нормалаудың ролі, мәні және әдістері