Психологияның музыкалық білім беру педагогикасымен байланысы – ол адамды зерттеуі және оның музыкалық дамуындағы жалпы бағытының белгісі. Педагогика және психология ғылым ретінде жалпы ортақ сұрақтарды шешеді, оның ішінде: музыка адамға қалай әсер етеді? Әсерінің себебі неде? Музыкалық қабілет деген не, және музыкалық білім берудің ұжымдық не тұлғалық құралдардың даму мүмкіндіктері неде? Музыкалық икемділік пен дағдысының заңдылықтарының дамуы қандай: тыңдаушылық, орындаушылық және шығармашылық? Музыкалық мазмұнын баланың меңгеру барысында ойлау ерекшелігі, есте сақтауы, елесі және жас ерекшелігі мен жеке тұлғалығы қалай қолданылады?
Музыкалық білім беру жүйесіне байланысты ұрпақтық психологиялық қасиеттерінде, болмыстың ішкі психологиялық негізінде, қоршаған ортаның әсері және педагогтың ұйымдастыру қабілеті. Сондықтан педагог — музыкант музыка өнерінің заңдылықтарын біле тұра жалпы музыка дамуының заңдылықтарын да білуі қажет. Музыкалық психология аспектісін зерттеу барысында адам мен музыкалық мәдениетінің байланысын, мәдениет-антропологиялық және музыкалық-педагогикалық үйлесімін тұрақтайды.
Ал, ғылым, музыкалық өнерде, музыкалық іс-әрекетте психологиялық ерекшелігін (фактілер, болмыстар, заңдылықтар, механизм) зерттеу бірлігін, ол музыкалық психология. Сондықтан, айыра білу қажет: психологизм — әдіснамалық ұстаным, ал психологиялық ғылым — білім процесінің маңызды бұлағы. Қазіргі уақытта психология музыкалық білім беру теориясы мен практика қатынаста.
Басқадай заңды байланыс – музыкант-педагогтің әрекет байланысы мен оқушылардың музыкалық әрекеті нәтижесінің, тұлғаның дамуының арасындағы байланысы.
Психологиялық ғылым өз нұсқауына сүйене отыра, музыкалық білім беру процесінде келесі деңгейде дамиды: теориялықта, технологиялықта, әдістеме — дидактикалықта.
Музыкалық – педагогикалық теорияда – музыкалық-педагогикалық процес танымында психологтар және педагогтар өз жұмысында келесі түсініктерді қолданады: «музыкалық әрекет», «музыкалық қаблет», «музыкалық — танымдық процесс» (қабылдау, есте сақтау, ойлау т.б.). Ал, «музыкалық сезімді» және «музыкалық іс-әрекетті» музыкалық психология ішкі психологиялық негізін, оның құрылысын, психологиялық заңдылықтарының қалыптасуы және сезімнің қызметі музыкалық іс-әрекетінде қалыптасады.
Музыкалық білім беру педагогикасы принциптерді қалыптастырады, педагогикалық процесте оқушылардың музыкалық сезімін зерттей отыра, мақсатты түрде дамиды.
Психологиялық ғылым теория мен музыкалық білім беру практика арасындағы байланысты жалпығылымилық психологиялық принциптерін музыкалық іс-әрекет арқылы ашады. Психология принциптері — адам психикасының қалыптасу дамуының ерекшеліктерін түсіну, механизімнің қызметі. Психологиялық принциптер негізгі заңдарды шоғырлау барысында педагогикалық процесінде адамның психикасын зерттеу және педагогикалық процесте адам тұлғалығының қалыптасуы болып табылады.
Ал, механизм деген, психология мен музыкалық білім беру педагогиканың арасындағы байланысының қалыптасуы, өзіндегі жалпы психологиялық принциптерінің жүрісі мен музыкалық білім беру педагогикасының дидактикалық принциптерінің білім беру әдісіндегі оқуы; зертелетін пәндер ерекшеліктерін есептеу және осы ерекшеліктерді пайдалана жеке әдістерді еңгізу.
Сондықтан, оқушының музыкалық қабілетін дамыту барысында педагог – музыкант оқу процесін құрған кезде, келесі маңызды отандық психологиялық принциптеріне сүйенеді.
Сана мен әрекет бірлігінің принципі — әдіснамалық саралау психологиялық пен музыкалық білім беру педагогика мәселесінде өз шешімін табады. Сондықтан, музыкалық қабілет іс-әрекет үстінде дамып қалыптасады және құрылады. Осы принципті іске асыру барысында педагог — музыкант музыкалық қабілеттің процесс моделін өз оқушыларында музыкалық қызметін ұйымдастырып дамытады. Психологиялық-педагогикалық модель процесінде дамыған оқыту — музыкалық қызметі анықталады.
Сана мен әрекет бірлігінің принципі оқушының музыкалық қабілетінің деңгейін анықтап, музыкалық сана дамуының деңгейін, оқушының музыка сабағында музыкалық іс-әрекетінің психологиялық жағдайды анықтайды, оның сипатын, екпінін, сабақтың мазмұнын меңгеруі және т.б.
Біртұтастылық, жүйелік принципі психологиялық ғылымда қабілеттілігінің, дарындылығының тұтастай моделін құру кезінде (барысында) шешіледі. Музыкант — педагог осы берілген модельдерге сүйене алады. Мысалы, дарындылық моделі Дж. Рензулидің айтуынша тұлғаның интелектуалдығы, шығармашылық қасиеті және өзін жарқын көрсететін тұлғалық мотивациясы іс-әрекетінде ашылады. Тұлғалық интегралды моделі В.С.Мерлинаның айтуынша адамның музыкалық қаблеті психофизиологиялық, нейропсихологиялық, психологиялық, тұлғалық психикасының деңгейінде қарастырылады.
Сондықтан, музыкант – педагог біртұтастылық, интегралдық принциптеріне сүйеніп оқу процесін зерттеушілікке, шығармашылыққа айналдырады. Музыкалық – педагогикалық процесс қатысушылырдың жастық пен тұлғалық қасиеттерімен анықталады.
Музыкалық педагогика мен психологияның байланысы психологтік – педагогикалық диагностика саласында айқын көрінеді. А.Ф.Ануфриева психологиялық диагностика теориясын екі рефлексия деңгейге бөледі: феноменалогиялық деңгей (нені көреміз; қандай феномен; қандай құбылысты біздер қараймыз; қандай мәселе бізде бар) және себеп негізінің деңгейі (ол неге солай? ол мәселенің себебі неде?).
Музыкалық білім беру педагогикасында феноменалогиялық диагностика деңгейі табиғи педагогикасына сүйенеді. Мысалы, музыкалық шығарманы орындау барысындағы көп қателердің жіберуі есте сақтауға.
Музыкалық білім беру мәселесін шешуін психологтік – педагогикалық үйлесімі келесі ғалымдардың жұмыстарында байқауға болады: Г.М.Коган, К.Мартисена, О.Ф.Шульпякова, Г.М.Цыпина. Ал В.М.Подуровскийдің еңбегінде кейінгі жылдарының музыкалық — педагогикалық зерттеуі. Музыкалық білім беру педагогикасының психологиялық ғылыммен технологиялық деңгей байланысы нақты психологиялық әдіс және педагогикалық тәсіл ізденісінде анықталады (В.И.Петрушина, А.В.Торопова, Н.В.Суслова және басқалар).
Өздік жұмысына сұрақтар мен тапсырмалар
Бірінші бөлімге
- Педагог — музыканттың әлем көзқарасын сипаттаңыз және оның практикалық әрекетіндегі маңызы.
- Философия мен музыкалық білім беру педагогикасында көзқарас, идея, түсінік, мәселе бірдей маңызы бар ма?
- Өзіңнің көзқарасың музыкалық білім беру педагогикасына философияның әсерлеп, әсерлеу жасайды ма?
- Музыкалық білім беру теориясы мен практикасына философиялық білімнің өзіңіздің және интерпретациялық үлгілерін көрсетіңіздер?
Екінші бөлімге
- «Музыкалық интонация» категориясында қандай айырмашылығы мен жалпылығы бар?
- Педагог — музыканттың практикалық қызметінде стиль мен жанр туралы музыкатанушылық білімін үлгі ретінде көрсетіңіз.
- Музыкалық білім беру тарихындағы студенттердің ұстанымын салыстыру және сипаттау.
Тағы рефераттар
- Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қызметін жоспарлау және болжау Диссертациялық жұмыс
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның операциялары курстық жұмыс
- Жеке адам психологиясы туралы теориялар
- Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
- Биржалық баспа