Музыкалық — педагогикалық ізденісте эмпирикалық әдіс (тәжірибе, практика негізнде, соған сүйену деген мағына) әдіснамалық пікірдің маңызды болмыстың мазмұны негізі бола алады.

Эмпирикалық тану – тәжірибе жолындағы танушылық. Эмпирикалық танудың ізденіс пәні ретінде музыкалық білім беру практикасының өзі және әрекетінің нәтижесі.

Эмпирикалық деңгейдің ізденіс нәтижесі тәжірибенің қалыптасуы, музыкалық – педагогикалық ізденістің ережесі, нормасы, фактілерді қадағалау, оның пікірі мен жүйелілігі.

Сондықтан факт, болмыс, процесс – ізденістің мазмұнды базасы, мәселенің негізін теориялық деңгейде шешу болып табылады. Музыкалық – педагогикалық ізденістің эмпиркаялық әдістеріне жатады: педагогикалық байқау, әңгіме; салыстыру, педагогикалық сұрастыру, музыкалық – педагогикалық тәжірибені меңгеру т.с.с

Педагогикалық байқау «табиғи жағдайда» (мектепте — сабақта,  ЖОО — дәрісте, семинар сабақтарда және т.б.), не арнайы ұйымдастырылған жағдайда (музыкалық сабақ процесін белгілеу, музыкалық білім беру формалары мен әдістері, оқушылардың,  болашақ педагог – музыканттың музыкалық дамуының қалыптасуы, олардың байланысы және т.б.) жүргізіледі.

Педагогикалық байқау өңкей (сплошной) не таңдаулы болады. Таңдаулы «қысаң» сұрақтарды зерттеу кезінде байқалады. Нәтиже арнайы күнделікте жазылып, «қысаң» фактілерді тіркеу кезінде.

Педагогикалық байқауды жүргізу барысында қайшылық анықталады, гипотезаны құруы және оны дәлелдеуі, келесідегі алмасуын, нақтыдан жалпыға керекті материалдарды береді және түрлі теориялық әдістерді қолдану.

Балалармен, олардың мұғалімдерімен және ата-аналармен әнгімелесу – ізденушінің музыкалық – педагогикалық болмысы мен процестің негізіне кіру, сабақтың үстінде әнгіме арқылы дәлелдеуі кезіндегі фактілерді нақтылау. Әнгімені мақсатына байланысты құрастыру.

Музыкалық – педагогикалық әдісінің бірі – салыстыру: музыкалық – педагогикалық болмысты бір белгі арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын табу; музыкалық – педагогикалық болмысты бірнеше белгі арқылы салыстыру; музыкалық – педагогикалық болмыс дамуының түрлі кезеңдерде салыстыру.

Музыкалық-педагогикалық ізденісте үш объект салыстыруы көрінеді: бір белгі арқылы музыкалық — педагогикалық салыстыру көрінісі; бірнеше белгі арқылы біккелкі музыкалық-педагогикалық салыстыру; бір музыкалық-педагогикалық болмыстың түрлі кезеңдердегі дамуын салыстыру.

Салыстыру тәжірибе, эксперимент процесінің нәтижесінің объективтілігін көрсететін қажетті әдіс. 

Сұрау —  музыкалық – педагогикалық әдіс ізденіс ретінде екі формада болады: жазбаша (сұрыптама) және ауызша. Музыкаға, музыка сабақтарына балалардың қатынасын, музыкалық-шығармашылық тәжірибесін табуы, музыкалық білімінің деңгейі, музыкалық дағдылары мен икемділіктерінің қалыптасуы, музыкалық қажеттілігі және басқадайды анықтап, сұрақтар мазмұны арқылы объективтілік деңгейін білеміз.

Музыкалық – педагогикалық ізденісінің эмпириялық әдісінің бірі музыкалық — педагогикалық тәжірибені зерттеу. Бұл тәжірибені жаңашылдық, нәтижелілік, тұрақтылық деп ұғамыз. Ол, өз ісінің атақты шеберлері, әдіскерлері, ғалымдары туралы зерттеуі және де оның негізі тәжірибе. Зерттелген тәжірибе студентке қызықты да жаңа, оны насихаттау барысында зейінінің лайықтығы. Үлгі ретінде: Д.Е.Огородниковтің атақты вокалдық дамуының әдістемелік жүйесі.

Сондықтан, жоғарыда аталған, басқадай эмпириялық әдістер музыкалық – педагогикалық мәселелердің әдіснамалық пікірдің мазмұнды негізі деп білеміз.


Тағы рефераттар