Ойынның бала дамуындағы қызметі туралы қазақша реферат
Ерте заманнан –ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып–білудің, белсенді іс–әрекеттің алғашқы түрі заттық іс–әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте–бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс–әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап–сезу, байқап–тану арқылы емес, тікелей араласып, іс–әрекетке көшуін нақты қарым–қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным–түсінігі, іс–әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс–әрекетімен жалғастырылады. Ойын – бала үшін оқу да, еңбек те. Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Ойын балалардың негізгі іс–әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық–физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным–көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойында әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады. Оқушы ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады. Кейбір психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл–қуатын шығындап, жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді. Алайда, функционалдық тенденция концепциясының негізін салған Д. Узнадзе: «Ойын артық әл-қуатты сыртқа шығындаудың тәсілі емес, дамудың негізгі бас формасы, қызмет бағытының емін–еркін бұрқаған көрінісінің формасы болып табылады және әрекеттер ретінде олардың өз бағыты бойынша бір–бірінен айырмашылықтары бар, міне осылар баланы мазмұнды жағынан әр түрлі ойындар ойнауына мәжбүр етеді», — деген. Жетілгісі келіп тұрған күштердің қарбалас қимылына сәйкес келмейтін әрі оған ықпал етпейтін ойын мен ойыншық баланы тез жалықтырып жібереді. Көптеген функциялар 7-9 жасқа жеткенінше мейлінше жеделдете дамиды да, ойынға деген құштарлық осы кезеңде күшейе түседі, ал ойын дамуды басқаратын іс–әрекеттің түріне айналады. Осындай сәтте баланың өзіндік саналары, оның шындыққа, адамдарға қарым–қатынасы қалыптасады. Бастауыш сынып оқушысының қызмет бағыты күшейген кезде оның құлшынып ойнағысы келіп тұрады. Баланың ойын қызметін тоқтатып, оны интерфункционалдық күштердің қимылына қайшы келетін басқадай нәрсемен шұғылдануға мәжбүр еткізу – бала талантын жеделдете дамытып, жан–жақты ашылуына тосқауыл жасау деген сөз. Ойын баланың психикасына сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы өздеріне ересектер рөлін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым–қатынасты да нақтылап көрсетеді. Д. Элькониннің атап өткеніндей, мұнда балалар өзара сәйкес рөлдерді тасымалдаушылар (ересектерді өзара әлеуметтік қатынасын қайта жаңғыртады), әрі ойынға тікелей қатысушы болады. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Біраз уақыттан кейін рөлдік ойыннан ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады. Біртіндеп ереже ойын әрекетінде бірінші орынға қойылып, алғашқы сюжеттік сипатқа ие болады, сосын ойында жеңіске жету бала үшін үлкен мәнге айналып, ойын еңбекке және оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды.
Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында. Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әр түрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже, ойын әрекеті адам іс– әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады.
Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті XVIII ғ. Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек».
Балалармен жұмыс істеу ойынында ойынмен әсер ету арқылы баланы басқаруға немесе оны өзгертуге көп күш кетпейді. Ойынмен әсер етудің мақсаты — баланың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі басқарудан тұрады. Ойын процесі баланың қоршаған ортаға бақылау жасауы ретінде қарастырылады.
Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық белсенділікке қанағаттандырылады, ойын үстінде бала энергия жұмсайды, үлкендер өміріндегі міндеттемелерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңеді жай фрустрациядан арылады.
Олар физиологиялық көптактіні сезеді, өз қажеттіліктерін қанағаттандырады, әлеуметтік формадағы агрессияға жауап қайтарады және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойын балаларда елесті бекітуге, мәдени байлықты сіңіруге және белгілі бір дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Бала ойнағанда бөтен тұлғаның рөліне тек еніп қана қоймайды, сонымен қатар өз жекелігін кеңейтеді, байытады және түгендетуге тырысады.
Ойын баланың ішкі әлеміне нақты форма мен өрнек береді. Ойында эмоциональды маңызды тәжірибені ой өрнегі алады. Ойынның негізгі функциясы шын өмірдегі бейнеленбейтін нәрсені жағдайдың бақылауына айналдыру. Бұл балаларға қиыншылықтарды білуге мүмкіндік беретін символикалық репрезентация арқылы жасалады. Ойын бала үшін өз пікірін білдіретін символикалық тіл болғандықтан, психолог ойынды пайдаланады. Балалар ойын арқылы қарым-қатынас жасайды. Егер ойынды коммуникация құралы екенін мойындасақ, балалар ойының бұдан да толық бағалауға болады.
Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелері мен сезімдерін шығару — табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет.
Ойын — бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан өз ойымен бөлісуді талап ету; яғни автоматты түрде қарым–қатынастағы барьерді жасату. Жоғарғы қатынас денгейге көтерілу үшін сөзді пайдалануы қажет. Ойын сезімдердің берілуімен және кемшіліктердің шешілуі үшін құрал болады. Бала сезімін вугвальды жеткізу ылғи да мүмкін емес. Дамудың бұл сатысында бала не сезгенін айту үшін когнитивті, вугвальды құралдары жетіспейді эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интенсивті бір ойға жинақтала алмайды. Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша (мысалы Пиаже), біз 11 жасқа дейін балалардың абстрактілі ойлауға және талдауға қабілетті емес екенің білеміз.
Сөз символдардан құралады, ал символдар – абстракция. Онда біздің сөзбен айтылатын дегеніміздің көбі абстрактілі болып келетіні таңқаларлық жай емес.
Баланың әлемі — бұл нақты заттардың әлемі, егер біз баламен байланыс жасағымыз келсе, ең алдымен осыған жақын болуымыз керек. Ойын — бұл баланың нақты өз ойы және өз әлеміне қалыптасу тәсілі.
Ойын — бұл ерікті, іштей мотивтендірілген іс-әрекет. Бала ойын процесінен қанағаттанушылықты, ризалықты сезінеді. Оның нәтижесі маңызды да емес. Ойында баланың физиологиялық, сана-сезімдік, эмоционалды сапалары творчестволық процеске қосылады және оған әлеуметтік әрекеттері қажет болуы мумкін. Осылайша, бала ойнаған кезде оған толығымен қатысады деп айтуға болады. Ойын әсерлері бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың динамикалық жүйесі ретінде анықталады.
Үлкендердің көпшілігі өз сезімдерін, реніштерін, алаңдаушылықтарын және жеке мәселелерін білдіре алады. Үлкендер үшін сөз қандай рөл атқарса, ал бала үшін ойын да сондай рөлде болады. Бұл сезімді білдіру мен қарым-қатынас құралы болып табылады. Оларға осындай мүмкіндік берілген кезде балалар өз сезімдерін және қажеттіліктерін үлкендер сияқты жеткізе алады. Балалардың кейбір қарым-қатынас жасау және айту динамикасы үлкендердікімен бірдей, ал біраз сезімдері бөлектеу (мысалы, қорқыныш, қанағаттану, бақыт).
Сезімдерін жеткізуде немесе бастап кеткендерін айтуда балаларда қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ, нәзік сезінетін эмпатикасы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап, олармен белгілі түрде әрекет ету арқылы көрсете алады. Балалар айта алмайтындарын айту үшін, өздері жасауға ыңғайсыз санайтын әдеттерді жасау үшін ойыншықтарды пайдалануы мүмкін. Ойын – өз ойын айту үшін символикалық тіл. Және ойын бала қандай күй кешкенін, оған қалай қарайтынын, қандай арман-тілектері бар, қандай қажеттіліктер туатынын ашып бере алады.
Баланың барлық психологиялық ерекшеліктері осы ойын әсерінде қалыптасады. Ойын — бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Ойын жұп арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынастар жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытады да баланың қабілеті, белсенділігі артады.
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мазмұндық-рөлдік ойында баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруға зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандырып, шаттанып, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ойын үстінде бала ересек адамдардың әрекеттерін қайталауға тырысады. Мазмұндық- рөлдік, әсіресе, интелекттік (ақыл-ой) ойындар белгілі бір ережелерді сақтап ойнауды талап етеді.
Осындай ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік, сезім процестерін де дамытады. Бала ойынына басшылық ету, мазмұндық-рөлдік ойындарын қадағалау, тәрбиелік маңызы бар ойындар ұйымдастыру — мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі.
Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді: бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т. б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойнаудың өзгеше бір сыртқы тізгегі және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс-әрекеттер тірегі (және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы) ретінде көрінеді. Сонымен ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды.
Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял мен ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.
Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.
Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі — балаларда қарым-қатынас пайда болады. Элькониннің айтуы бойынша, балаларға үлкендер әлемі идеалды форма болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі – ойын [31].
Сезімдерін жеткізуде немесе бастан кешкендерін айтуда балаларда қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ, нәзік сезінетін, эмпатикалы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап, олармен белгілі түрде әрекет ету арқылы көрсете алады.
Ойын баланың өз тәжірибесін, өз жеке әлемін ұйымдастыруға талпынысын көрсетеді. Ойын үдерісіне бала жағдайды бақылау сезімін бастан кешіреді, типті шын мәніндегі жағдайлар бұған қарсы келсе де. Баланың бұл талпынысын Фрэнк былай түсіндіреді: «Ойында бала өзін осы шаққа бұра отырып, өз өткеніне көңіл аударады. Ол өткендегі қиындықтарын жаңа қабылдауға және қатынастарда араластыра отырып ойнайды».
Осылайша, бала өзінің “Мен” образын, өз мүмкіншіліктерін және міндеттемелерін үзіліссіз қайта қарап ашады.
Аналогия түріндегі ойында бала ойын материалдарымен манипуляция жасай отырып, өз мәселелері мен шиеленістерін шешуге тырысады.
Ойындағы бала әрекеті деген ұғым психологқа баланың ішкі дүниесіне үңілуге мүмкіндік беретін нұсқауды береді.
Бала әлемі — бұл іс-әрекеттер мен қозғалыстар әлемі болғандықтан, ойын әсерлері психологқа баланың қиындықтарын бөлісуге және эмоционалды өміріне қатысуына рұқсат етіледі. Бала ойынға толығымен енетін болғандықтан, экспрессия және сезім балаларда ерекше нақты және осы сәттік болып өтеді; Бұл баланың іс-әрекеті, сезімі және эмоциясына көңіл аударуға мүмкіндік береді.
Ойын арқылы әсер ету үдерісінің стадиялары мұғалім мен бала арасындағы өзара әрекет етуінің нәтижесі ретінде пайда болады.
Баланың ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсінеді. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістеріне ұялып, одан арылғысы келеді. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен бір бала өзінің ұйымдастырғыштық қабілетін байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық-эстетикалық қалыптастыруын әсер етеді.
Ойын үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, оның құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады [30].
Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.
Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.
Ойын қызметіне деген бейімділік бәрінде болмайды және ол темперамент ерекшеліктеріне тәуелді болады. Ұялшақ балалар ақыл–ой қызметін, спорттық немесе компьютерлік ойындарды қалайды. Бірақ бұл тең ауысым емес. Оларды дәстүрлі ойындарға қалай үйретуге болады?
Біріншіден, өзіңіз баламен ойнауыңыз керек. Бұрын өзіңіз, ата–анаңыз қалай ойнайды, қазір қандай ойындар бар туралы еске алып, айтып беруіңіз керек.
Екіншіден, ойынға делдал – қатысушыны – қуыршақты, көрші баланы, баланың ағасы немесе әпкесін қатыстыру керек.
Үшіншіден, баланың барлық мүмкінді белсенділік танытуын және қиял–елесін көтермелеп, оның жаңа сөздер, бейнелер, ассоциациялар, жаңа ойындар мен жаңа рөлдер ойлап табуына мүмкіндік жасау керек. Егер ол ұялатын болса және қажетті артистизмге ие болмаса, оған режиссер немесе сыншы болуды ұсыну керек.
Заттық іс-қимылдардың қажетті даму деңгейінен басқа ойынның пайда болуы үшін баланың үлкендермен жасайтын қарым-қатынастарының түпкілікті өзгеруі керек. Бала 3 жасқа жақындағанда ол өздігінен іс-қимыл жасауға қабілетті болады да, оның жақын адамдармен бірігіп қызмет жасауы ыдырай бастайды. Сонымен қатар ойын өзінің шығу тегі жағынан да, мазмұны жағынан да әлеуметті болып келеді. Ол жиі үлкендермен толыққанды қарым-қатынассыз және баланың үлкендер арқылы алатын түрлі әсерінсіз дами алмайды.
Ерте балалық және мектепке дейінгі кездің шекарасында балалар ойынының алғашқы түрлері пайда болады. Бұл бізге белгілі режиссерлік ойын. Онымен бірге бір уақытта немесе кейінірек рөлдік-бейне ойындар пайда болады. Онда бала өзін кез келген адамға және нәрсеге ұқсатады және соларға сәйкес іс-қимыл жасайды. Мұндай ойынның міндетті шарты болып ашық және қарқынды жан толғанысы табылады: баланы көрген оқиға таң қалдырғаны соншалық, ол ойындық іс-қимылдарында өзінің қатты эмоционалдық үн қатуын тудырған бейнені көрсетеді.
Режиссерлік және рөлдік-бейне ойындар мектепке дейінгі жастың ортасында өзінің дамыған түріне жететін сюжеттік-рөлдік ойынның бастауы болып табылады. Кейінірек одан ережелері бар ойындар бөлініп шығады. Жаңа ойындардың пайда болуы бұрын меңгерілген, ескі ойындарды толық жоймайды, олардың бәрі сақталады және жетілдіріле береді. Сюжеттік-рөлдік ойындарда балалар нақты адамдардың рөлін және қарым-қатынастарын көрсетеді.
Сюжет – ойында көрсетілетін нақты өмірдің саласы. Алғашында бала отбасымен шектелетін болғандықтан, оның ойындары ең алдымен отбасы, тұрмыстық мәселелермен байланысты болады. Кейін, өмірдің жаңа жақтарын меңгеру бойынша, бала аса күрделі сюжеттерді пайдалана бастайды.
Баланың ойында көрсететін үлкен адамдардың қызметіндегі және қарым-қатынастарындағы сәттер ойынның мазмұнын құрайды.
Бірте-бірте ойындық іс-қимылдар өзінің алғашқы маңызын жоғалтады. Нақты заттық іс-қимылдар қысқарады және жинақталады, ал кейде тіптен сөйлеумен орны ауысады.
Сюжет пен ойынның мазмұны рөлде көрініс табады. Мектепке дейінгі жоғары жастағы балалардың ойыны ережелері бар ойындармен жалғасады.
Сөйтіп, ойын өзгеріп отырады да, мектепке дейінгі жастың соңына қарай жоғары даму деңгейіне жетеді. Ойынның дамуында 2 негізгі саты немесе кезең бөлініп шығады. Бірінші кезең үшін (3-5 жас) адамдардың нақты іс-қимылдарының логикасын көрсету сипаты; ойынның мазмұны болып заттық іс-қимылдар табылады. Екінші кезеңде (5-7 жас) адамдардың арасындағы нақты қарым-қатынастардың үлгісі көрсетіледі және ойынның мазмұны болып әлеуметтік қарым-қатынастар, үлкен адам қызметінің қоғамдық мәні табылады.
Мектепке дейінгі орта және жоғары жаста балалар, өздеріне тән жекеленуге қарамастан, ойын кезінде де, алдын-ала рөлдерді бөлістіріп, бір-бірімен келісе алады.
Егер бір себеппен бірігіп ойнау бұзылатын болса, қарым-қатынас жасау үдерісі де бұзылады.
Ойын баланың құрдастарымен қарым-қатынас жасауын ғана емес, сонымен қатар оның ерікті тәртібін де қалыптастырады. Өзінің тәртібін басқару механизмі – ережелерге бағыну – ойын кезінде қалыптасады, кейін қызметтің басқа түрлерінде көрінеді. Өзін-өзі бақылау мектепке дейінгі жастың соңында пайда болады, сондықтан балаға алғашында сыртқы – ойын кезінде оның жолдастары жағынан – бақылау керек. Балалар алғашында бірін-бірі бақылайды, кейін — әркім өзін-өзі.
Ойында баланың қажеттілік — түрткі жағы дамиды. Оның қызметінің жаңа түрткілері және онымен байланысты мақсаттары пайда болады.
Бала ойыны – жеке қабілеттердің (елес+ес+қабылдау) жиынтығы емес, тәртіптің ерекше түрі деп есептей отырып, Д. Б. Эльконин ойынның сапалы ерекшелігі сақталып қалатын талдау бірлігін іздеді. Ол мектеп жасындағы рөлдік ойынның жайылған және дамыған түрін негізге ала отырып, рөл және онымен байланысты іс-қимылдар дамыған ойын түрінің негізгі, бөлінбейтін бірлігін құрайды деп болжады. Рөл мен оған сәйкес баланың іс-қимылдары сипатының арасында тек қана тығыз функционалдық өзара байланыс қана емес, сонымен қатар қарама-қайшы бірлік те бар.
Д. Б. Эльконин ойынның мазмұны мен оның сюжетін (немесе тақырыбын) ажыратты. Ол ойынның бір ғана тақырыбында немесе сюжетінде түрлі жастағы балалар түрлі мазмұнды көрсетеді деп жазды. Оның айтуы бойынша, ойынның бірлігі ретінде рөл өзінде жайылған, дамыған ойын түрін береді және шоғырландырады.
Ойынның толық және жайылған түрі екі такттан: “шақыру” және “шақыруға үн қатудан” тұрады.
Ойнап жүрген баланың субъектісі іс-қимылдар түрткісін сезінетін ерекше “функционалдық органды” – ойынның толық түрін құрайды. Ойынның толық түрінде бір рөлдік іс-қимыл (мәні айқындалатын) басқа рөлдік іс-қимылмен арнайы шақырылады; бала осы екі іс-қимылды байланыстырады да, біріншіден екіншіге өтуді құрастырады.
Ойынның бірлігі болып жеке алынған бір ғана рөл емес, басқа рөлдерге қатысы бар рөл, яғни рөлдердің арақатынасы саналады. Қазіргі бес жастағы балалардың ойынында ойынның толық түрімен бірге редуктелген екі тактілік ойын түрі де бар.
Ойын әрекетінен басқа бала әрекетінің бірі – сурет салу.
Зеньковский бойынша сурет салу стадиялары:
- 1-стадия — «бұлғау». 1 жастан 1,5 жаста басталады. Бала қаламсап, қарандашты тұңғыш рет қолына алғандықтан, ересек адамның іс-әрекетіне еліктеу жасайды.
- 2-стадия — «шимайлау» аяқ асты сәтті болған сызық белгілі бір образға әкеледі. Осының нәтижесінде бала «доп», «шар» т. б. сала бастайды.
- 3-стадия 4-5 жаста басталады да 9-10 жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Обьектіні танып білуге болады, алайда ол схемалы. Ересектерге қарағанда балалар бір-бірінің суреттерін жақсы тани алады. Суреттің ерекшелігі олардың интеллектісінің дамуына байланысты.
- 4-стадия. 10-11 жаста басталады. Суреттер шындыққа сәйкес, схемалы түрден арыла бастайды.
Адамның жеке басының дамуы үшін ойынның неғұрлым маңызды мәні бар. Балалар өздері үлкендер ролін ала отырып, олардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын елестетіп, үлкендер өздері еңбек және қоғамдық қызметте, өзара қарым-қатынаста жетекшілікке алып жүрген мінез-құлық ережелері мен қағидаларының өздері түсінген түрлерімен танысады. Мысалы, бала шеберханадағы жұмысшының ролін орындағанда оның өз ісіне деген жауапкершілігін, ал дәрігердің ролін орындағанда ауруға деген қамқорлық пен ілтипаттылықты көрсете білуге тырысады. Ойын балаларды баурап алады. Бейнеленетін кейіпкерлер басынан кешетін сезімдер балаларға деген сүйіспеншілік, жан ашу, үлкендерді сыйлау т. б. – олардың шынымен-ақ толғандырады. Ойында пайдаланатын қуыршақтарға, ойыншық жануарларға балалар сүйіспеншілік, сүйемелдеушілік, мейірімділік көрсетеді. Ойынға қызығу рольді жақсы орындап шығу тілегінің күштілігі сонша — тіпті бұл жағдайларда балалар былайша алғанда қиын, тартымсыз іс-әрекеттерді орындап шығады немесе ойын барысында пайда болатын өзге тілектерін қанағаттандыруда бас тартады. Әйтсе де, ойында қол жеткен табыстарды балалардың тікелей басқа жағдайларға, өздерінің күнделікті мінез-құлқына аударуы мүмкін деп ойлаудың қажеті жоқ. Дәрігер ролінде ауырған қыз балаға жаңа ғана қамқорлық көрсеткен бала бірнеше минут өткен соң, сол қыздың қолындағы ойыншықтарды оның жылағанына ешбір назар аудармай, қымсынбастан тартып алып жатқанын жиі көруге болады.
Балалар өздері алған ролдерге сәйкес ойнап шығатын іс-әрекеттер мен өзара қарым-қатынастар оларға үлкендердің мінез-құлқындағы, қылықтарындағы, сезімдеріндегі белгілі себептермен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді, бірақ әлі де балалардың оларды игеріп кетуін қамтамасыз ете алмайды. Ойын балаларды сюжеттік жағымен ғана емес, онда ненің бейнелейтіндігімен де тәрбиелейді. Ойын жөнінде өріс алатын шынайы өзара қарым-қатынастар процесінде, яғни ойынның мазмұнын талқылағанда, рольдер мен ойын материалдарын, тағы басқаларды бөліскенде балалар шынында да жолдасының мүддесін ескеруді, оған тілектестік білдіруді, жол беруді, жалпы іске өз үлесін қосуды үйрене бастайды. Ойынды өткізу мен ұйымдастырудың кейбір кезеңдері жөнінде балалар арасында дау жиі пайда болып тұрады. Әдетте мұндай даулардың себебі болып өз жоспарлары мен іс-әрекеттерін үйлестіре білмеу саналады. Мұндай жағдайларда тәрбиеші жәрдемге келеді. Ойын неғұрлым күрделірек, оған қатысушылардың саны неғұрлым көбірек және мазмұны көріністері арасындағы байланыстылықты неғұрлым тығызырақ белгілесе, соғұрлым балалардың мінез-құлқына, олардың өзара қарым-қатынастарына, істерінің үйлесімділігіне қойылатын талаптар да көлемдірек болады. Сондықтан ойынның күрделіленуі баланың дамуына зор әсер етеді. Ойындардың көбінде әр түрлі балалар орындайтын рольдер біркелкі болмайды. Басты рольдер (капитанның, дәрігердің, тәрбиешінің) және жанама рольдер (матростар мен жолаушылардың, күтуші әйел мен балалардың) болады. Басты рольде, әдетте көбірек беделге ие болатындықтан балалар үшін неғұрлым тартымды келеді. Бала жалғыз ойнағанда, ал өзге кейіпкерлерді қуыршақтар бейнелегенде ол міндетті түрде басты рольді өзіне алады. Ойынға бірнеше бала қатысқанда, олардың бәрі бірдей, әрине басты рольге үміттене алмайды. Әдетте балабақша тобында ойынды ойлап табатын және ұйымдастыратын, рольдерді бөлісуге жетекшілік ететін, қажетті іс-әрекетті орындауды өзге балалардың есіне салатын балалар болады. Мұндай балалар, әрине, басты рольдерді ойнайды, әйтсе де олар өз жолын басқа балаларға беріп, олардың өзі қалаған рольдерін ойнауға да мүмкіндік береді.
Бала ересек адамның өміріне толығымен араласып кете алмағандықтан оның ересектермен идеалды қарым-қатынасына ойын айналады. Ойын барысында ғана бала ересек адамның өміріндегі іс-әрекеттер мен рольдерді қайталап, ойнай алады.
Д. Б. Эльконин ойын дамуының 3 кезеңін көрсетеді:
- ойынның тұрмыстық элементтерінің шаруашылық, одан кейін қоғамдық- саяси сюжеттерге айналуы;
- қиялдағы жағдаяттар мен ойын тәртібі қарым- қатынасының өзгеруі;
- бір заттан келесі затқа ойын мазмұнын өзгерту.
Ойынға байланысты балалар арасында қалыптасатын шынайы қарым-қатынастардың сипаты көбіне — көп осылай «басшылар» мінез-құлқындағы ерекшеліктерге қандай жолдармен олар өздерінің талаптарын орындатуға қол жеткізетіндіктеріне байланысты. Бірсыпыра жағдайда бұлар топта ең көп танымалылыққа, сүйіспеншілікке ие болған, құрдастарымен келісе, олардың тілектерін ескере және пайда болған түсініспеушіліктерді жарастыра білетін балалар болуы мүмкін. Екіншісі бір жағдайда «басшылар» ретінде күш көрсету арқылы басқа балалардан басым келетін, бұйрық, жарлық беруге тырысатын балалар болып шығады. Баланың жеке басының дамуына қолайлы ықпал ететін мұндай өзара қарым-қатынастарды ойын кезінде балалар арасында ұйымдастыру тәрбиешіге байланысты. Қажет болған жағдайда тәрбиешінің өзі балаларға ойынның мазмұнын айтып беруге, рольдердің бөлінуін бақылауға (кейде әдептілік сақтап араласу да қажет), балалардың келісе отырып іс істеуін қадағалауға тиісті. Қатысушылардың қоян-қолтық қарым-қатынас жасауын талап ететін, яғни оларды бір-бірімен санасуға итермелейтін ойындарға балалардың біртіндеп көшкені абзал. Балалар ойындарының «басшыларын» олардың басқа балаларға қатысты мінез-құлқын реттеу тәрбиешінің ерекше назарын талап етеді. Баланың жеке басының дамуына іс-әрекеттің жемісті түрлері, еңбек және оқу тапсырмаларын орындау септігін тигізеді.
Ойынның ерекшеліктері (К. Стопоро):
- ермек ойындар — ойында сюжет болмайды, оның мақсаты қатысушылардың көмегі, мысалы: бір-бірінің артынан қуу, қытықтау және т. б.;
- жаттығу ойындар – сюжет болмайды, көбіне дене жаттығуына арналған, мысалы: ағашқа тартыну, ағаштың үстінен жүгіру.
- сюжетті ойын — ойын әрекеті бар, алғашқы қиялдағы ситуацияларды көрсету, мысалы: әр түрлі аспаптарда ойнау, жан-жануарлардың әрекетін көрсету немесе әлеуметтік қатынастарды көрсету;
- процесуалды еліктеу ойындары – нақты кезеңге байланысты әрекеттер мен жағдайларды сыртқа шығару;
- дәстүрлі ойындар ұрпақтан- ұрпаққа берілетін ойындар. Бұнда жеке бастың сапасы көрінеді, жеке басты сыйлауды талап етуден тұрады [32,15].
Өте ертеден-ақ психологтар мен педагогтар мектеп жасына дейінгі жасты ойын жасы деп атады. Әрине, бұл кездейсоқ емес. Бала не нәрсемен айналыспасын, оны ойын деп атайды.Мәселен,
— Сен не істеп отырсың? — деп сұрасаң.
— Мен ойнап отырмын, — деп жауап береді.
Кішкентай баланың осы жауабы өзі айналасып отырған әрекеттерге байланысты айтылып тұр: шелекке құмды салу, допты лақтыру,қуыршақты асқа даярлау және т. б. Басқа сөзбен айтқанда, бала үшін ойын — бұл үлкендер әлеміне тән талаптар мен тиымдарға, жауапты міндеттерге қарамай-ақ өз тілегі мен қызығушылықтарын жүзеге асыра алатын оның тәуелсіз іс-әрекеті.
Бала үшін ойын – өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы.Ол оған «балалар» әлемінен шығып, өз әлемін құруға мұмкіндік береді. Сонымен қатар, бала өзі ойын деп атамайтын, бірақ онда да өз тілектерін жүзеге асыруда ерікті бола алатын басқа да әрекеттің түрлері бар.Ол сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру. Әйтсе де, олардың ойыннан айырмашылығы бар, мәселен, оның нәтижесі — сурет, құрылыс және т. б. Сонымен қатар, баладан осы әрекеттер барысында жоспарланған нәтижені алу үшін бірқатар күш жұмсау талап етіледі.
Ойында балаларды не қызықтырады деген орынды сұрақ туындайды. Ол түсінікті де, әрекет ету үрдісінің нақ өзі балаларды қызықтырыды. Бірақ ойындағы әрекет – ерекше болып келеді. Балалар 3 жасқа қарай ойын немесе ойын емес нәрсенің айырмашылығын түсіне бастайды, ал 4-5 жаста осы айырмашылықтарды ойын әрекетінде анық қалыптастырады: «Мен келе жатқан тәрізді болайын …», «Мен орманда жүрмін деп ойлайын … » және т. б. «Тәрізді болайын», «деп ойлайын» деген қиялдағы әрекеттер ойында бала үшін өзін-өзі жетілдірудің құралы болады. Ойында ол не істегісі келеді, соның барлығын істейді және оның барлығы орындалады. Ойында бала қандай болғысы келсе, сондай болады, мәселен, қайырымды бала, әдемі ханшайым,саяхатшы; ойында бала қайда болғысы келсе, сонда болады – айда, аспанда,теңіз түбінде және т. б. Ол барлық қызықты оқиғалардың мүшесі бола алады — ауруларды емдейді, айдаһармен күреседі, өртті сөндіреді. Егер бала нағыз машинаны жүргізе алмаса, онда тұрған ештеңе жоқ. Ол орындықтардан жасалған машиналарда, «Балалар әлемі» дүкендерінен сатып алынған рөлдермен қанша жүргісі келсе, сонша жүреді. Ол тіпті жол оқиғаларын да құрастырады, машина үшін гараж салады. Ол өзінің қояндары мен аюларын сатады, баға қояды. Сондай-ақ өзі оқушы бола алады. Ойын балаға өтіп жатқан кірпік қағым сәттерді тоқтатуға, қайталауға және онда әлі бірнеше рет өмір сүруге мүмкіндік береді. Мысалы, ол атасымен қайықта немесе поезда жүрсе, оны ол күнделікті өз ойынында қанша қайталағысы келсе, сонша қайталай алады. Сонымен қатар, ойынның маңыздылығы мынада — ол балаға тек жағымды оқиғаларды «қайталаудан» қанағат алуға ғана емес, жағымсыз әсерлерден, яғни сол кездегі бір нәрсе дұрыс болмай қанағат алмаса, солардан арылуға көмектеседі.
Сөйтіп, ойын балаға эмоциялық қолдау береді, өзінің әр түрлі тілектері мен талпыныстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ең әуелі, әрине үлкен адамдар тәрізді айналасындағы затттарды басқаруға деген тілек (расында да оның жасында дәл қазір бағына қойматын нәрселер бар). Балаға осы бір іс-әрекет түрін қолдау мен дамытуға жоғарыда көрсетілген негіз, дәделдер жеткілікті тәрізді. Олай дейтініміз балалар ойыны баланың дамуы үшін аса қажет.
Психологтар мен педагогтардың көрсетуінше, ойында баланың танымдық үрдістері дамиды.
Ойын баланың ақыл-ойы дамуы үшін ғана маңызды емес, ол оның тұтасымен тұлғасының дамуында маңызды.
Ойын балалардың басқа адамдармен өзара әрекетінің дамуына да айтарлықтай ықпал етеді. Бүдан басқа бала ойында үлкендердің өзара әрекеттері мен өзара қатынастарын жаңғырта отырып, осы өзара әрекеттердің ережелерін, тәсілдерін меңгереді, құрбы-құрдастарымен біріккен ойындарда ол өзара түсіну тәжірибесін жинақтайды, басқа балалармен келісімге келуге, өз әрекеттері мен ниетін түсінуге үйренеді.
Ойында бала өз қылықтарын реттеуді, құрбы-құрдастарымен біріккен ойында үлкендердің бақылауынсыз-ақ ұстамды болуға, ойын ережесін сақтауға үйренеді.
Осы қасиеттердің баланың болашағы үшін әрине, ең әуелі, мектепте қаншалықты қажет екендігін түсіндірудің қажеті жоқ тәрізді.
Психологтардың пайымдауынша, құрбы-құрдастарымен біріккен ойында жинақтаған бай тәжірибесі бар балаға салыстырғанда, балалық шақта «ойынын қандырмаған» балаға мектепте оқу және басқа адамдармен байланыс орнату аса қиынға түседі.
Осы айтылғаннан ойынның баланың жалпы дамуында және тәрбиесінде айтарлықтай маңызды екендігін көруге болады.
Сонымен қатар, ойын бірқатар педагогикалық міндеттерді шешуге де көмектеседі. Ойында бала өмірлік қажетті білім, іскерлік және дағдыны меңгереді.
Демек, бұл балалар ойынын арнайы педагогикалық ұйымдастырудың қажеттігін көрсетеді. Оның мазмұнында баладан белгілі білім, нақты әрекеттерді орындауды талап ететін тапсырмалар орын алуы керек. Мысалы, мектеп ойынын ойнау керек болса, бала әріптерді аса құмарлықпен меңгеруге талпынады, ал арнайы ұйымдастырылған дүкен ойынында қарапайым есептеу дағдылары бекітіледі. Әйтсе де, осы міндеттердің шешімін табуы үлкендермен біріккен ойында ғана жүзеге аспақ.
Басқаша айтқанда, ойын жай нәрсе емес, ол балаға қанағат әкеледі сонымен қатар, оның дамуының толыққанды тұлға ретінде қалыптасуының аса күшті құралы болып табылатынын үлкендер, педагогтар (бала тәрбиесімен айналысушылар) білуі керек.
Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау алады да — болашақ өмірінде жалғасын табады. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды, адамдармен қарым-қатынасты, әрекетті өзі реттеп, ұжымдық ойлаудың алғашқы тәжірибесін алатындығы дәлелденген. Ғалымдар балалар ойыны стихиялы, бірақ ересек адамдардың қоғамдық және еңбек әрекетінен туындағаны заңдылық деп есептейді.
Кеңестік педагог А. С. Макаренко «Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі — ойыннан тұрады», — деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.
Балаларды ойынға қатыстыру қажет. Өскелең ұрпаққа қоғамдағы мәдениеттің сәтті берілуі, балаларға ересектер тарапынан ұсынылатын ойынның мазмұнына да байланыста болады. Қоғамдағы тәжірибені жемісті меңгеру үшін, әрекет ету үрдісінде тек қана баланың өзінің белсенділігі болуы қажет екендігін де ескере кеткен жөн. Егер де мұғалім алынған тәжірибенің белсенділігін сипаттап ескермесе, онда ойынды үйретудің әдістемелік тәсілдері мен ойынды басқаруы өз деңгейінде практикалық мақсатына жете қоймайды.
Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезеңіңде ойын әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағдайда ғана табысты іске асырылады. Бұл ойынның дамуы баланың психикасын үдемелі өзгертумен және ең алдымен бала тұлғасының барлық жағынан дамудың фундаменті болып табылатын оның интеллектуалдық ортасына байланысты. Ойында психикалық үрдістер: қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу т. б. қалыптасады.
Баланың кез келген әрекеті белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталғанын педагог ұмытпауы тиіс. Негізгі міндеттер қайта өзгертуге мүмкіндік беретін шешімді және сонымен бірге алға қойған мақсатқа жетуді жеңілдету аралықтарын алады. Балалар шешетін тәжірибелік міндеттер оқудан өзгешеленіп тұрады. Ойын міндетінің мазмұны баланың тәжірибесімен, білімімен ерекшеленеді. Бала өз әрекетінен тәжірибе алады, көптеген нәрселерді мұғалімі мен ата-аналарынан үйренеді. Әр түрлі білімдер, әсерлер баланың рухани әлемін байытады, осының барлығы ойында көрініс береді. Ойын міндеттерін шешу заттық әрекеттің көмегімен ойын тәсілдерін шынайы танып, қорытудан көрінеді. Ойынның ұзақ болуын, эмоционалды қанықтығына жету үшін және ойын міндетін интеллектуалдық тұрғыдан шешуде, педагог баланың мақсатқа бағытталған тактикалық тәжірибесін байытуы, оны бірте-бірте шартты ойын жоспарына ауыстыруы, өз бетімен ойнайтын ойында балаларды шынайылылықты шығармашылықпен бейнелеуін оятуды қамтамасыз ету қажет. Эмоция ойынды қызықтырады, өзара қарым-қатынас үшін қолайлы жағдай жасайды, әр баланың жан дүниесіне қажетті тонусын көтереді, бұл өз кезегінде балалардың құрбы-құрдастарымен біріккен әрекетінде және тәрбиелеу қызметінде қабілеттілік жағдайын қалыптастырады.
Ойында баланың дамуы ең алдымен, оның мазмұнының әр түрлі бағыттылығына байланысты өтеді. Дене (қозғалмалы), эстетикалық (ән-күй), ақыл-ой (дидактикалық, сюжетті-рөлдік) тәрбиесіне тура бағытталған ойын түрлері бар. Барлық ойын түрлерін тікелей ересектердің қатысуымен және баланың белсендігінің түрлі формасымен үлкен екі топқа бөлуге болады:
Бірінші топ— бұл ойынды өткізуде және дайындықта ересектердің жанама түрде қатысуы. Балалардың белсенділігі (ойын әрекеті мен шеберлігін белгілі бір деңгейде қалыптастыру жағдайында) инициативті, шығармашылық сипатқа ие, балалар өз беттерінше ойын мақсатын қоюға қабілетті, ойынды дамытуға және міндеттерін шешуде қажетті тәсілдерді табады. Өз бетінше ойнайтын ойындарда балалардың инициативасын көрсететіндей жағдайлар жасалады. Бұл топқа әсіресе, өзінің даму қызметімен құнды, әр баланың жалпы психикалық дамуына үлкен мәнге ие танымдық және сюжеттік ойындарды енгізуге болады.
Екінші топ— бұл әртүрлі үйрететін ойындар, ересектер ойынның ережесін айтып немесе ойыншықтардың құрылымын түсіндіріп, белгілі бір нәтижеге жету үшін әрекет етудің белгіленген бағдарламасын жасайды. Бұл ойындарда тәрбиелеу мен оқытудың нақты міндеттері шешіледі: бұлар белгіленген бағдарламадағы тақырыптар мен ережелерді меңгеруге бағытталған. Оқыту ойындары балаларға адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде маңызды. Ойынды үйретуде балалардың белсенділігі негізінен репродуктивті сипатқа ие: олар берілген бағдарлама әрекетінде ойынның міндеттерін шешуде, тек қана оларды жаңадан өндіреді. Балалардың құрастыруы мен ептілігінің негізінде шығармашылық элементтері көп кездесетін өздік ойындарды ойлап шығарады.
Ойындағы жетістіктер баланың сабақтарда жүйелі білім алу мүмкіндігіне маңызды әсер етеді, құрбы-құрдастары мен ересектердің ортасында оның шынайы адамгершілік-эстетикалық бағытының әбден жетілуіне мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге, әртүрлі ғылыми мектептердегі педагог және психолог ғалымдардың еңбектеріндегі ойынның маңыздылығы туралы түсініктерін қарастыра келе, мынадай жалпы ережені беріп отырмыз:
- ойын – әр түрлі жастағы балаларды өз еркінше дамыту әрекетінің түрі.
- ойын — бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айнала қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, жеке шығармашылығы үшін кеңістіктің ашылуы, өзін-өзі тануы және өзін-өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.
- ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды.
- ойын — балалар қарым-қатынасының негізгі ортасы; мұнда құрбы-құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым-қатынасы қалыптасады.
Тағы рефераттар
- Озон қабатын қорғау
- Бюджет жүйесінің буындары арасында кірістер мен шығыстарды бөлу курстық жұмыс
- Бағалы қағаздардың портфелін басқару курстық жұмыс
- Бейбітшілікке қарсы қылмыстар
- Заңды тұлғаларды құру