Зерттеу барысындағы Батыс Сібір интелегенциясының құрамы үлкен империяның Еуропалық бөлігіндегідей болды. Олар көптеген маман иелері: (дәрігерлер, оқытушылар, инженерлер, жоғары әскери шендегілер, ғалымдар, әдебиетшілер, суретшілер, актерлар, музыканттар. Батыс Сібірде 1917 жылы 374 жер аударынлған белсенділер болып олардың көпшілігі Омбы, Томбы, Барнаул қалаларында жұмыс істеді.
Омбы қаласы қазақ даласы мен Батыс сібірдің шекарасында жатқандықтан, қаладағы саяси жағдайлар қазақ зиялы қауымына да өз әсерлерін тигізді. Себебі қазақ интелегенциясының көп бөлігі Омбы қаласында тек білім алып қана қойған жоқ сонымен бірге олар ғылыми жұмыстарын жазып, саяси қызметтермен айналысып патша үкіметін мазасыздандырды. Әлихан Бөкейханұлының өмірі мен қызметі Омбы қаласымен тығыз байланысты. Оның географиясының үлкен бөлігі, яғни 14 жыл 1894-1908 жылдар аралығында осы қалада өмір сүріп, кадет партиясының жетекшісі болды. 1908-1917 жылдары Әлихан Бөкейханұлы самара қаласында өмір сүріп, онда Керенскиймен кездеседі. Қазақ лидерінің Омбыдағы кезеңін бірнеше бағытта көрсетуге болады.
1.Техникалық училищедегі дәріс алу, жоғарғы оқу орнын бітрген соң орман шаруашылығында жұмыс істеуі, қоныстандыру басқармасындағы қызметі.
2. Омбы бөліміндегі императорлық Москва ауыл-шаруашылық бөліміндегі қызметі.
3. Дала өлкесіндегі қазақтар арсындағы қаладағы саяси қызметі.
Әсіресе қазақ лидерінің Омбы бөліміндегі қызметі туралы тоқтап кетуге болады. ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанға буржуазиялық қатынастардың енуі, ұлттық буржуазия мен интелегенцияңың қалыптаса бастауы, жалпыхалықтық ояну жағдайында ұлттық-мемлекеттік бірлік мәселесі күн тәртібінде қайтадан қойылды. Мемлекеттік билік қажеттігін бүкіл елдік көлемде түсіну (мейлі ол ұлттық буржуазиялық елементтер арқылы немесе ұлт зиялылары арқылы жүрсін) есею жолындағы барлық халық басынан кешіретін тарихи кезең екендігі мәлім. Осы тарихи кезеңдегі ұлттық саяси элитаның мемлекет туралы ұғым-түсінігін, бағыт-бағдарын Ә.Бөкейхан Ұлттық еркіндік пен дамудың алғышарты ұлттық мемлекеттің болуы деп түсінді. Ол Г.Н. Потаниннің өмірбаянына арналған мақаласында ғалымның біз қарап отырған мәселеге байланысты көзқарасына тоқталып: «Саяси жолдағы бізге жылы көрінетін бір негізді факті мынау: елдің тұрмысын, тілін, мінезін, білмеген кісі көш басын алып жүре алмайды. Олай болса көп ұлтты құрылған Россияны бір орыстың билеймін дегенінде мағына жоқ. Россия өзге тілі, тұрмысы, қаны басқа жұртқа автономия беруі керек дейтін Г.Н» .[51],-деп жазды. Оның түсінігі бойынша ол мемлекет автономия түрінде болмақ. «Автономия болу- өз алдына мемлекет болу». Россия федерациялық мемлекет болса, Қазақстан оның құрамына әзірге автономиялық негізді еңбек. «Федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада Һәм мемлекеттің іргесі бөлек ынтымағы көп болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді. Үкімет басында учредительное собрание мен . Дума қалауынша келісімді жылға сайланған президент болу » Бір сөзбен айтқанда, Бөкейхан ұсынып отыпған автономия буржуазиялық демократиялық республика болатын. Сондай- ақ бұл көп ұлтты автономия. «Түбінде қазақ ұлты бір автономия бола қалса, іштегі орысты ала кетеміз бе деген үміт. Біздің қазақ ұлтының автономиясы енді тұрмыс халде туысқан автономиясы болар емес; жерге байлаулы автономия болмақ. Ішіміздегі орыс мұны мақұлдайтын көрінеді». Көп ұлттық елдің экономикалық, саяси және мәдени даиуына қажет қолайлы фактор болмақ. Мәдени және саяси мешеулік ұлттық мемлекет құрудағы негізгі кедергілер екенін айтып, осы кемшіліктерден құрыла келіп, түпкі мақсат саяси дербес мемлекет түзу болатындығын Ә. Бөкейхан жасырмай ашық білдірді де, ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейінгі кезеңде Сібір автономиясы туралы жоспарды қолдау себебін түсіндіре келіп: «Біз ойладық, әуелде Сібірге сүйеніп, тасымалдап, жалғасып көшіп кетелік: жіп жалғап, зор мемлекет күрмегінен құтылып ап, отау болып соңынан бөлінелік»,-деп жазды.
Ұлттық мемлекет құру Ә. Бөкейхан және басқа буржуазиялық-демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Олар 1905-1907 жылдарғы орыс революциясынан кейінгі кезеңде алғашында радикалдық, бағытта көрінген буржуазиялық конституциялық-демократиялық партиның құрамына еніп, конституциялық демкратия шеңберінде қазақ ұлтына автономия алудан үміттенді. Бірақ олардың бұл үмітінің негізсіз екендігін көп ұзамай уақыттың өзі де көрсетіп берді. Кадеттер партиясына үміт артқан тәжірибесіз ұлттық интелегнция өкілдерінің онымен саяси-идеялық алшақтығы Ақпан төңкерісінен кейін біржола айқындала түсті. Ә. Бөкейхан «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында ол туралы былай деп жазды: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де жөн» дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылдв сытырылып, жалаңаш шыға келеді.
Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз, Алаш ұранды жұрт, жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық. Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молла һүкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалование алған моллалар үкіметке жетекшіл болып еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, үкімет ісінен бөліп қойған оң болды.Оны орысша «отделение церкви от государства» дейді. Кадет партия менің бұл ісіме өзгеше қарайды. Осы үшін жол айырылғаны биыл жазда ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. Мен мұны июльдегі жалпы қазақ съезіне айтқан едім. .[52]
Хатта айтылған пікірлердің бәрі дерлік сол күйінде осы жылғы қарашада жарияланған Алаш партиясы бағдарламасының жобасында келтірді. Жобаның VІІІ- «Жұмысшылар» атты тарауында Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик тобының бағдарламасын жақтайды», -деп жазылды. Жандарм орындарының құжаттарында да көрсетілгендей, социалистермен бұрыннан байланысы бар. Ә. Бөкейханның революциялық өрлеу барысында кейбір мәселелер бойынша меньшевиктер бағдарламасынмен жақындасуы да кездей соқтық емес болатын.
Өз кезегінде Бөкейхан үшін кадет партиясынан шығып, ұлттық Алаш партиясынан шығып, ұлттық Алаш партиясын құру мемлекеттік суверинитетке жету жолыпда жасалған келесі саяси қадам еді. Егер 1905-1907 жылдары, одан кейінгі кезеңде де мұндай мақсаттың іске асыруға қажет шарттар түзілмеген болса, Ақпан төңкерісінен кейінгі елдегі қалыптасқан жағдай оған мүмкіншілік туғызды.
Ә. Бөкейханның саяси өмірбаянында 1916-жылдыңдүрбелеңі және майдандағы қара жұмысқа алынған қазақ жастарына көрсеткен азаматтық қызметі ерекше орын алады.
1916-жыл оқиғасына байланысты ғылыми әдебиетте болашақ Алаш партиясының негізін қалаған қазақ зиялыларының «сатқындық» ролі туралы пікір қалыптасқан. Бұл тұжырымды мәселеге қатысты фактілердің бәрін де талдау арқылы жасалынған деп айту қиын. Өйткені зерттеушілер «Қазақ» газетінде жарияланған екі-үш материал төңірегінде ғана сөз қозғап келді. Ал осы газетте ертеерек жарияланған мақалалар мен құжаттар назардан тыс қалып қойды. Мәселен, әскерге адам беру мәселесін «Қазақ» 1915 жылы көтеріп (қараңыз: №166, 168,177, т.б.), бүкіл қазақ жұртын қамтыған пікірсайыс туғызып, елдің ортақ пікірін біліп, мынадай тұжырымдар жасаған болатын: «Қазақтан осы соғыс үстінде солдат алынбау; солдат алудан бұрын метрике түзеу үшін муфтилікке қарау, лажсыз алынатын болғанда, жаяу солдат болмай, атты әскер болу, қазақ-орыспен жер-су һәм правода теңгерілу» .[53] Уақиғалар ағымы Ә. Бөкейхан мен А. Байтұрсынұлы бастаған топтың ұстанған бағыты дұрыс болғандығын көрсетіп береді. Көтеріліс аяусыз басылып, майдандағы жұмысқа қазақ жастары алынғаннан соң Ә. Бөкейхан бастаған бір топ қазақ зиялылары өз еріктерімен майданға аттанып, Петроградтағы билік орындарымен жүргізілген келіссөздер соң, Минскіге барып Батыс майдан штабы жанындағы земскі және қалалық одақтың бұратына бөлімін ұйымдастырып, оны басқаруды Ә. Бөкейхан өз қолына алады. Бөлімнің міндеті майдандағы жігіттерге қажет тұрмыстық жағдай жасау және басқа түрлі көмектер көрсету еді.Бұратана бөлімі қазақстаннан дәрәгерлер, фельдшерлер шақырды,қазақ мұғалімдерін тпртып, жігіттердің сауатын ашу үшін үйірмелер ұйымдастырды. Олардың арасында осы мезгілде «Еркін дала» ұйымы құрылды. «Қазақ» газеті майдандағы жігіттер мен қазақ даласын жалғастырушы көпірге айналды, жігіттерге қуат берді, саяси танымын өсіріді. Осы тұстағы қазақ зиялыларының майдандағы жұмысшыларға көрсеткен ағартушылық (дәрігерлік және басқа азаматтық) қызметі ұлттық интеллигенция тарихының жарқын беттеріне жатады.
Әлихан Бөкейхан мәселелердің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды.Ұлы қайраткердің соңына ерген інілерінің бірі , азаттықтың тағы бір құрбаны Жүсіпбек Аймауыт ұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылып, қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз асақар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ», дегенде, асыра айтып қателескен жоқ еді.
Қорытынды:
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Ресейдің қоғамдық және өкімет орындары болашақ Азияның тағдырын қайта қарастыру тұсында еді. Ресейдің сыртқы саясатының Азиялық аумақта белсенді бола түсуі арқылы бүкіл Сібірде темір жолдың жүруі, Европалық Ресейден қоныстанушылардың санының өсуі толығымен Азияға деген қызығушылықты одан ірі дамыта түсті. Қазақтың бос жатқан жерін пайдала отырып, патша өкіметі әкімшілік биліктің спецификасын толығымен өзгертуге тырысты.
Империяның Орал аймағының географиялық аумағы өзгері. Екі генерал-губернаторлығының орнына (Батыс және Шығыс Сібір) Азиялық Ресейдің әкімшілік картасында жаңа шекаралар Дала, Түркістан, Иркутск және Приамур генерал-губернаторлығы қалыптасты. Тобылдан 1939 жылы Батыс сіьір генерал-губернаторлығының орталығы Омбыға ауыстырылды, ал 1882 жылы ол тоқтатылды. Омбы қаласының саяси статусы тез арада өсті. Ол Дала генерал-губернаторлығының орталығына айналып барлық бұйрықтар мен шешімдерді шығарды.
Дала өлкесінің әкімшілік-саяси орталығы ретінде Қазақстанның да саяси-экономикалық тағдырында үлкен роль атқарды. Себебі, сол арқылы сауда жолдарының өтуі Солтүстік Қазақстан экономикасына әсер етіп, қазақтардың дәстүрлі шаруашылығын өзгертіп шаруашылықтың жаңа түрімен айналысуға мәжбүр етті.
Сібір темір жолының қазақ даласындағы құрылысы көптеген өзгерістерге әкелді. Жаңа өтім базарлары пайда болып, қазақтар темір жол арқылы көптеген мал шаруашылық өнімдерін көп мөлшерде әкеліп, Батыс Сібір экономикасына әсер етті. Сонымен қатар темір жол құрылысы Ақмола облыстарында қоныстандыру арқылы провославиялық дінге сенушілердің көбеюіне әкеліп соқтырды.
Омбы қаласындағы оқу орындарында талантты қазақ жастарының білім алуы кейінірек қазақ зиялы қауымының Мағжан Жұмабаев, Көшке Кемеңгеров, Смағұл Сәдуақасов, Сәкен Сәйфуллин, Саматов Мұхтар, Айтпенов Мұқан, Майкөтов Әділбек қалыптасуын қазақстан тарихы өз беттерінде олардың қалыптасуына және саяси күресте шыңдалуына Омбы қаласының әсерінің зор екендігі айтылады. Бұл жерде олардың шығармашылық карьералары қалыптасып, Омбы баспасөзінде олардың алғашқы шығармалары баспасөзде жарияланды. Жастар ұйымы бірілікте талантты қазақ жас студенттері өздерін саясаткерлер ретінде танытты.
Атақты Ә.Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Ақбаев, Ережеп Итбаев, Асылбек және Мұсылманбек Сейітовтер, Райымжан Марсеков және тағы да басқалар өздерінің саяси карьерасын осы қаладан бастап дала өлкесінің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына маңызды әсер етті.
Сонымен қатар Омбы қаласы 300 басшыларының арасындағы өзара тартыс партияның беріктігін әлсіретті, партия бірте-бірте екі қанатқа бөлініп кетті. Оның революциялық, демократиялық солшыл қанатын Көлбай Төгісов басқарса, ал оңшыл қанатына Мұқан Айтпенов жетекшілік етті. Бұл екі қанат бір-бірімен ымырасыз күресіп, ұзақ айтыс тартыстан кейін Төгісотың тарапына Айтпеновке «Кеңес өкіметін танығысы келмеді» деген айып тағылып, партияның түгел басшылығы Төгісовтың қолына көшті. Көлбай жөнінді академик Салық Зиманов: «Үш жүздің басшысы Көлбай Төгісов еркін ойды жақтаған, патриодтық рухы бар көзі ашық адам еді» 1917 жылы Казан революциясы кезінде төңкеріс идеяларын жақтаған болатын.
Қазақ тарихында «Үш жүз» партиясы социалистік бағытта құрылған тұңғыш саяси партия ретінде орын алады. Ал оның көсемі Көлбай Төгісовтың қоғамдық-саяси қызметін, өмір жолын, публистистикалық шығармашылығын, сондай-ақ «Үш жүз» партиясының тарихын зерттеу бүгінгі күн тарапынан туындап отырған қажеттілік.
Тұтас алғанда Омбы қаласы көп уақыт бойы қазақтың дәстүрлі қоғамдық өмірі мен қазақ зиялы қауымының қалыптасуына өз әсерін тигізді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
- Қасымов Ж, Агубаев И. История Акмолы. Алматы, 1998, 69-бет.
- Ясперс К. Смысл и назначение истории.-М.: Республика, 1994.-527с.-С.28.
- Миллер Г.Ф. История Сибири. Л.: Академия наук СССР-Т.2,1941-638с,-С.67.
- ПекарскиймП.П. Сношения Рычкова П.П. с. Академией наук в ХVІІІ столетии СПб..1866.-120с.- С.17-18.
- Андреев И.Г. Орталық Орданың қырғыз-қазқтары. Алматы «Ғылым»1998.-365с.- С 150.
- Сонда 151-б.
- Валиханов Ч.Ч. О хонтайше. Собр. Соч. В 5 т.-А-Ата: Каз. сов.энцикл.1985.-Т.2: 416 с.
- Потанин Г.Н. Письма Г.Н. Потанина.- Иркутск: Издательлство Иркутского университета, 1987.-42 с.
- Завалишин И.И. Указ. соч.-С.52.
- Лаптев И.П. Указ.соч.- С.16-17.
- Андриевич В.К. Исторический очерк Сибири.- Спб., 1887.-…765с.- С.19.
- Словцов П. Указ. соч.-С.45.
- Вагин В.И. Из Екатеринбурга в Омск (Путевые заметки). // Сибирский вестник, 1890-56 с.
- Громыко М.М. Западная Сибирь в ХVІІІв. Русское население и земледельческое освоение.- Новосибирск: Наука- Сибирское отделение, 1965.-267с.
- Сибирская советская энциклопедия- М. Московское книжное издательство, 1929-1937. – Т. 1-4.
- История Сибири. –Ленинград: изд-во Наука, 1968.-Т.1-3.
- Аполлова Хозяйственное освоение Прииртышья в конце ХVІІ-первой пол. ХІХ веков.-М.: изд-во Наука,- 1976.-456с.
Тағы рефераттар
- Гвиана таулы қыраты
- ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ
- «Менің отбасым» фотографиялары бойынша суреттеу әңгімелерін құрау балабақшадағы ойындар
- Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері
- Жаңа экономикалық саясат тұсындағы салық және қазақ шаруашылықтары