Бразилияның өнеркәсіп кешені туралы қазақша реферат

     Өнеркәсіп  – аймақта  өнрекәсіптің  құрылымы   моңғы  онжылдықта  айтарлықтай    өзгерді. Алайда   индустрализация    үрдісі  барлық  елде  біркелкі  емес. Жеңіл   өнеркәсіптің   басымдылығын   ұзақ  уақыт   пайдаланатын    және    өнеркәсіп    құралдарын    шығаратын  салаларына  алмасты.

Тау – кен   өнеркәсібі   аймақ  елдерінің    экономикасына   өте  маңызды. Біраз   елдерде    шетелдік    валютаның   келуін   көбейту  мақсатында   өнімнің   экспортын   кеңейту   үшін   белсенді  жұмыстар     жүргізілуде. Ірі   елдерде    шикізатты   өндіру   ауқымын   кеңейту   өзінің    тұтынушылық    қажеттіліктерін    өтеу    мақсатында   жүргізіліп    жатыр. Дәл   осы   себеппен    Бразилия   мен   Мексикада   Латын    Америкасының   соңғы   15  жыл   ішінде   осы   сала    екі   есеге   өсті. Анд   елдерінің   үлесі  өсті –  Перу,  Колумбия, Эквадор, Чилидің  үлесі  сақталды. Алайда,     ауданның  тау – кен  өнеркәсібінің   1/3  –  н   алатын  бірінші  орындағы    Венесуэланың    үлесі   айтарлықтай   азайды.

Тау –  кен   өнеркәсібінің    жартысынан   астамы   мұнай   мен   газ  береді. Латын    Америкасы  –  әлемнің    көне   мұнайлы   аудандарының  бірі. Қазіргі     таңда   мұнай    мен   газ     13 елде  өндіріледі, көбінесе  мемлекеттік   мұнай    компанияларымен.  Мексика  мен Венесуэлада   аймақтағы   мұнайдың     90% –ы, және   барлаудың  70% – ы   ( 310 млн. т  жуық ,  1995 жылы ) . Осы  екі  ел    бастты   мұнай   экспорттаушы   ел, Эквадор,  Колумбия,  Тринидад –и – Тобаго, Боливия, Перу   аз көлемде  шығарады. Аргентина   өз   қажеттіліктерін   өтей  алады,  қалған  елдер   мұнайды  сырттан  әкеледі.

Табиғи   газды  өндіру  өсіп   келеді. Табиғи     газды  өндіру    80%   және  тұтынудың     65%   Мексика, Венесуэла, Аргентинаның  үлесінде. Ірі   экспорттар  Боливия, мұнда  Анд    тауларының     шығыс   тау   алды   жазықтарының    Сан –Паулуға   дейін   мықты   газ   құбыры   жүргізілген.

Көмір  өнеркәсібі    нашар  дамыған. Тас  көмірді  (35 млн. т   жуық )  Колумбия, Мексика, Бразилия,  Чили , Аргентина  үлесінде. Біраз  елде  оның  сапасы    нашар, күлі  көп. Кокстелетін   көмір  ыңғайсыз  жатыр  және  аз  пайдаланылады. « Мұнай  дағдарысы »   көмірге    сұранысты  арттырды, сол  себепті  оны    өндіру  соңғы    жалдары   өсуде. Колумбия   Кариб   теңізінің  жағалауындағы    Гоахира  бассейніндегі   көмірді   экспорттауды  ұлғайтып  жатыр. Минералды    энергоресурстарды   Аргентина   мен   Бразилияда  уран өндірісі   ұлғайып   келеді.

Тау – кен   өндірісінің    өнімі  бойынша   екінші   орында   темір  рудалары : 1995  жылына   200  млн.т   әлемдегі    1/5  тиеді. Өте  бай, байытуды  қажет   етпейтін  рудалар   металлургия  корпорациясының   назарын   аударды. Өндіру  мен  экспорттау   бойынша     Латын    Америкасында   және   әлемде   1 – ші  орында   Бразилия  ( аумақтағы  темір   өндірісінің   90% – ын ). Аз   мөлшерде    Венесуэла, Чили, Перу    өндіреді. Мексика, Аргентина   және  Колумбия   өз  қажеттіліктерін   өтей  алмауда.  Лигерленетін   металдар  ресурсы  біркелкі  таралмаған   және  қара  металлургия   дамып  келе  жатқан    бірқатар   елдерде   ішкі   қажеттіліктерін   өтей   алмайды. Марганец    рудаларын   өндіруде Бразилия  дүние  жүзінде    10%  және  аймақта    90%  тиеді. Латын    Америкасы  дүние   жүзіндегі   вольфрамның   1/8 – ін  береді. Басты   өндірушілер   Боливия   ( өндірудің  ½ – і  және  экспорттың   2/3 –сін  береді)  мен  Бразилия. Молибден   өндіру  (  әлемдік  үлесі  15% )  Чилиде    ( 90% –аса ), Перуде , Мексикада   мыс   рудаларымен   қатар   жүреді.  Никель  рудасын   өндіру    көп  емес, Куба, Доминикан   Республикасында, Колумбия  мен  Бразилияда   аз  мөлшерде     өндіріледі. Бразилияда   хромитті   өндіруді   Жапония   өз   елінде   шығару   үшін   ірі   көлемде   бастаған .

Латын    Америкасы  –  түрлі – түсті   метал   өндіретін   аймақ   ретінде  әлемге   танмал., соның    ішінде   боксит, мыс, қорғасын, мырыш, қалайы, сүрме    және    сынап   рудалары. Оның    үлесіне    әлемде   өндірудің   ¼ –і  ( 1995 жыл   32 млн.т )   және   әлемдік  экспорттың    ¼ –«  тиеді. Бокситтің  басты   өндірушілері   мен   экспорттаушылары  – Бразилия , Ямайка, Суринам, Гайана , Венесуэла.

Мыс   рудасын   өндіру   (1995 ж, 3,2 млн.т )  – тау –кен   өнеркәсібінің  ескі   саласы. Өнеркәсіптік  өндіру   Мексикада  өткен  ғасырда  басталған. Сосын    американдық   корпорациялар   мысты   Чили   мен   Перуде  өндіре   бастады. Осы   үш   елдің   үлесіне   мұнай   өндіру  мен   алғашқы   қорыту  әлемдегі   үлесі   25%   құрайды.

Чили   үшін    мыс   оның    шаруашылығының   негізі, шетелдік   валютаның   басты  көзі    және   мемлекеттік   табыстың   көзіне  айналды. Соңғы    жылдары   Бразилияда   мыс   рудасын    ішкі   қажеттіліктер  үшін  кен   орындарын    өндіре   бастады.

Қорғасын – мырыш   өндіруде   аса   маңызды. Латын    Америкасы   дүние жүзілік   қорғасынның   15%,  мырыштың  19  -20%   береді. Қорғасын – мырыш  кен   орнын   басты  өндірушілері – Перу   мен   Мексика. Аз  мөлшерде  Аргентина, Чили, Боливия , Бразилия   және  Гондурас  өндіреді.

Қалайы   кенін    өндіруден   Индонезидан   кейін    екінші   орынға    Перу  шықты. Өндіру    көлемі   бойынша    Бразилия  мен   Боливия  жақын . Соңғы  жылдары  ел   экономикасының  негізіне   айналды. Өндірістің   көп   мөлшері   « Комибол »  мемлекеттік   кәсіпорнының   қолында. Боливия   мен Мексика   дүние   жүзіндегі   сүрменің     40% – ын   береді. Мексиканың  үлесіне   сынаптың    әлемдік    мөлшерінің     10% –ын   береді.

Берилий   мен  ниобий    шикізатының   Латын    Америкасында  ірі  өндірушісі – Бразилия,  мұны   АҚШ  компаниялары   басқарып  отыр.

Алтын, күміс   және   платина    аймақтың   ескі   кен   өндіру  салаларының   бірі. Алтын   мен   күміс   қорынан    әлемде    Латын    Америкасына   тең     келер   ешкім   жоқ. Қазір  олардың  қоры  азацып   кеткенімен, кейбір  елдерде  оны     өндіру  әлі  жалғасын   тауып   келеді. Соңғы    жылдары    Бразилия , Венесуэла , Колумбияда, Чили   мен    Перуде ( 1995   ж, 240 т ; 11% )   өндіріле   бастады. Латын    Америкасы   әлемдік  күмістің     40% , Мексика   мен   Перу   өндрістің   ¾ – ін  береді.

Аймақ   бейметал    пайдалы   қазбаларына    өте   бай. Кейбір  түрлерін  тек  бір – екі    елде   ғана   өндіріледі. Мысалы, флюоррит, графит,   күкірттің  20%  экспорттайды.

Чилиде    калий   мен    натрий    селитраларының  айрықша  қорлары  табылған. Атакама  шөліндегі   кен  қорын    барлау  ХІХ   ғасырдың  ортасында   басталды. ІІ д.ж.с  дейін  ол    қосылысты  азот   алынатын   жалғыз   кен   орны   болатын . 1929  жылы   селитра   өндірісінің   көлемі  3,5 млн. т   болса , 90  жылдардың    ортасында    520 мың. т   ғана  болды.

Басқа    пайдалы    қазбалардан   алмаз  – Бразилия, Венесуэла , Гайанада ;  тау  жынысы    мен   слюда – бұл   жөнінен   Бразилияның  бәсекелесі   жоқ; барит – Перу   мен  Мексика; стронций – Мексика , йод  –  Чилиде  бар.

Энергетика

Энергетикалық   қордың   негізін   мұнай  мен  газ құрайды. 1995 жылы   энергияның    84%   жетті. Осыдан   мұнайдың   үлесі   азайып , газдың   үлесі  өсуде.  Гидроэнергияны   өндіру   өсуде  – 10% .Оның   үлесі  бойынша   Латын    Америкасы   әлем  аудандарының   ішінде  бірінші  орынды  алады.

Мұнай    мен   газ   ресурстары    біркелкі  таралмауы, гидроэнергияны  дамыту   қажеттігіне   әкелді. Өзендердің   энергопотенциалы   жақсы  зерттелмеген. Жалпы  аумақта  жан   басына   шаққанда   энергия  тұтыну  дүние    жүзінің    ½  құрайды.  Ағылшын    тілді    Кариб   елдерінде  Еуропалық   стандартқа    жақын, ірі    мұнай, өнеркәсіпті  елдер  Венесуэла  мен  Мексикада  жоғары. Ал  Гаитиде    20 есе  аз, Орталық  Америка  елдерінде, Боливия    мен   Парагвайда   3-6   есе  аз.

Соңғы    онжылдықта   электроэнергетика   энергияға  қарағанда   тез  өсті. Жалпы  оның    даму   қарқыны   әлемдегі   орташа   көрсеткіштен   төмен. Электрмен  қамтамасыз  етілмеген  аймақтар   әлі  де  болса   әлә  де  болса  бар, мысалы    Боливия , Гондурас, Гаитиде  халықтың   4/5 – і  электр  энергиясын  тұтынбайды. ГЭС – тің  үлесі  мен маңызы  артып   келеді:   1970 -1975 ж    45% – тен   65% –  ға  өсті. Бірқатар   елдерде  бұл  одан   да  жоғары : Коста – Рика – 95%,  Парагвай – 93%, Бразилия –  92% . Аргентина, Бразилия   мен   Мексикада    қуаттылығы   300 мың.кВт – дан   1200 кВт – ға  дейінгі  АЭС – тер   іске   қосылған.

Бірқатар  елдерде экспериментті  түрде  геотермальды   электростанциялар, күн   энергиясы   негізінде   жұмыс  істейтін   кәсіпорындар  бар. Уругвай  мен  Аргентинада  халықтың  тұрмыс  қажеттіліктерін  өтеу   үшін   жел  двигательдері    пайдаланылады.

Басты   энергетикалық   күштер    экономикалық   жағынан  ең  жақсы  дамыған    аудандарда    шоғырланған. Ал  жаңаларының  құрылысы  осы   аудандардан   алысырақ  орналасуда. Мысалы, Мексикадағы  « Инфернильо »  және   « Мальпасо »; Бразилиядағы   Жулия – Илья –Сальтейра;  Аргентинадағы   « Чокон   Серрос   Колорадос » . Соңғы  жылдары  жаңа  СЭС – тер  іске   қосылды: Паранада    дүние   жүзіндегі   ірі   бразиль – парагвайлық   СЭС   Итайпу   ( 12,6  млн.кВт)    және     аргентина – паргвайлық   (3,2  млн.кВт ).

Қара  металлургияның    ірі    кәсіпорындары   Бразилия, Мексика,  Аргентинада, Венесуэлада    орналасқан.  Бұл    сала    алғаш    рет     мемлкет   тарапынан    қолға   алынғанымен, кейіннен  шет  ел  капиталы  ене    бастады, әсіресе    Бразилияда. Мұнда   АҚШ, ГФР, Жапония, Бельгия , Люксембургтың    капиталы   Мексикадағы    қара    металлургияның   40% – ын   алады.  1980 – 1995  жылдар   аралығында   болат   қорыту  27 млн.т – дан    46  млн. т – ға   жетті  ( дүние   жүзінде    6% ) . Бұл   шамадан  болаттың   26 млн.т – Мексика,  12  млн. т – Бразилия,  4млн. т – Аргентина,  3,5  млн. т – Венесуэланың   үлесінде.  Шағын   толық   циклді   зауыттар Колумбия , Перу , Чилиде, өңдеу  зауыты   Кубада   бар.

Қара    металлургияның    өзіндік   ерекшеліктері  бар. Алғашында  бұл саланы    аймақтың   өз   қажеттіліктерін   өтеу   үшін қаолға  лаған  болса, қазір   оның   экспорттық    маңызы    зор. Болат   түрлерінің    аздығы, сапасының    төмендігі  сол   жерде  өңдеуге   мүмкіндік  бермей ,жартылай  өнім  ретінде    дамыған   елдерге   өңдеуге   жіберіледі. Қара  метал   нарығын   басып   алу    мақсатында   Латын    Америкасы   темірді  кеннің  өзінен  домна  пешінде   қорытпай – ақ  газ  арқылы   тікелей   өндіруге  мүмкіндік   алды. Әлемдегі  осы   типтегі   алғашқы     зауыт     1957  жылы   Мексикадағы   Вера – Крус   қаласындағы   зауыт. 90  жылдардың  ортасына  таман    шойын    өндірісі    Латын    Америкасының    8   елінде    өндіріліп  әлемдік    өнімнің    ½ – ін   құрады. Венесуэла   басты   орынға   шықты    ( 8 млн. т  аса ), сосын    Мексика   ( 3,5 ) ,  Аргентина  ( 2 )  және    жаңа    өндіруші  –  экспорттаушы   елдер   Тринидад  и  Тобаго   мен  Доминикан   республикалары  ( 1 млн. т )

Түсті    металлургия

Латын    Америкасы   елдеріндегі   мыс,  қорғасын,  мырыш   қорытудың   ұзақ    тарихы   бар. Бұл    рудаларды   өндіру   негізінен    шикізат   түрінде   болды. Чили    мен    Мексикадағы    қара    металлургия    қорыту   ісі   І.д.ж.с. – қа   дейін    дамыған   болатын. Алайда    түсті   металлургияның  дамуы   баяу    жүрді   және   АҚШ – қа   апарылатын    жартылай   өнімдер   шығарумен   ғана    шектеледі. Алайда   соңғы   онжылдықта   өнеркәсіптің    индустрияландыруымен   және  әлемдік   нарықта  металдың   осы  түріне   сұраныс   артқандықтан   жағдай   өзгерді.

Әсіресе    аллюминийдің   өндірісі    тез   артып   келеді  (  1970  ж  дүние  жүзілік   өндірістің    1,6% ,   1980 ж    5% , 1995  ж   12%  ). Басты  аудандар: Бразилия  (  аймақта   өндірістің  ½  бөлігі ), Венесуэла, Аргентина, Мексика. Бразилия    аллюминий   өндірісін   дамытуға   барлық  мүмкіндігі  бар:  аса  бай   жақсы  орналасқан   боксит  кендері, арзан   энергия   көзі  және  ірі  сауда   нарығы. Ол   дамушы   елдердің    арасындағы   аллюминий  өндіретін  ірі   елге    айналды.

Мыс   қорыту    өнеркәсібі  әу  баста –ақ  тек   экспорттық   бағытта  болатын.  Аймақ   дүние    жүзіндегі    қара   мыстың    1/5  – ін   береді. 1970 – 1975  жылдар   аралығында    мысты   дайындау   қуаты  өсті,  осының   арқасында    оның   әлемдік   өндірістегі   үлесі     7% – дан    8% –ға  дейін өсті. Континенттегі   және    дүние   жүзіндегі    мыс  өндіруден    жетекші  ел  Чили  ( 1995  ж    1,3 млн. т )  мыстан    бірінші   орын,   рафинадталған  мыс  бойынша    АҚШ   пен     Жапониядан   кейінгі   үшінші  орында.  Мыс   қорытудың    басты  орталықтары   кен   орнының  –  Чупикомата , Патрерильос, эль – Теньекте, Сальвадора   орналасқан. Дүние   жүзіндегі  мыс   өндіру   бойынша   екінші   ел   Перу   ( жылына   400 мың.т    дейін ). Осы   екі    елдің    үлесінде   дүние   жүзіндегі   мыстың    1/3 – і  келеді.  Мекмика   мен  Бразилия  да   мысты   көп   өндіргенімен,  өз   қажеттіліктерін   ғана  өтейді,  кейде   металдың    біраз  бөлігін   шетелдік  импорттайды.

Аймақта    дүние    жүзілік   қорғасынның     7%  балқытылады,  оның    ½  –ін    Латын    Америкасындағы    қорғасын   тұтынудан   бірінші    орындағы    Мексика   береді.  Аймақта  мыс өндіруден  екінші  орында  –  Перу. Ол  қорғасында   аз   пайдаланғандықтан    түгелдей   дерлік   экспортқа  жібереді.

     Машина   жасау   мен   метал  өңдеу     өнеркәсіп    өңдеу   мен    саласында    жетекші    орынды    алады  ( ¼   –  не  жуық ). Алайда   бұл саланың   дамуы    біркелкі   емес. Қазіргі   таңда   үш ірі   мемлекеттің   үлесіне    аймақтағы    өндірістің   2/3 – сі  келеді,  ал  Венесуэла, Колумбия, Чили   мен   Перуді   қоса   есептегенде    90%  құрайды.  Бұл   саланың   жақмы    дамуына   қарамастан   Латын    Америкасы     шет   елдік   машина  мен  құрал –  жабдық    тауарларына    тәуелді,  ал   бұл   импорт   өз  кезегінде    аймақ    экспортынан    2,5  есе   асып   түседі.

Қазіргі    машина    жасау    саласында    бірінші   орында  тұрған автомобтль  жасау. Ол    аймақ   елдерінің    экономикасына  қатты    әсер   етеді. Себебі   салалаа   салаларды   дамытуды  жүктейді,  транспорт, энергетика, сауданың  дамуына   әсер    етеді. Аймақтағы   машинаның    2/3 –сін  Бразилия    шығарып   дүние    жүзінде    9 –шы   орында.  Одан   кейін  өнім   көлемі    бойынша   Мексика   мен   Аргентина .  Бұл  Латын    Америкасы   елдерінің    өңдеу   өнеркәсібінің   ішінен   бірінші  орынға   шықты.  Өндіру    көлемі    әлемдік    нарыққа    тікелей   байланысты,  әсіресе   Бразилия   мен  Мексика.  Салалық    экспорттың      2/3 –сін    АҚШ, Канада,  Бразилия    және    т.б.   елдерге    тасымалданатын   автомобиль    моторы, бөлшектер  алады. Бразилиядағы   автомобиль   зауыттары   Сан – Паулу  қаласы    мен   Сантус   кемежайының    арасындағы    шағын   территоияда   орналасқан.  Мексикадағы    зауыттар   астанаға   жақын   Саагун, Толуха, Пуэбла    өнеркәсіптік    орталықтарында , Аргентинада – Кордова  ауданында , Венесуэлада    Валенсияда   шоғырланған.

Соңғы    кездері   кеме  жасау  маңызды   орынға    шыға   бастады.  Алғашқы   ірі    кәсіпорындар   Аргентинада   құрылды   ( ІІ. Д.ж.соғысқа  дейінгі   уақытта ). Қазір   Бразилия   кеме   жасаудан   алғашқы  ондыққа  кіреді. Бұл   сала   Аргентина, Чили, Мексикада, Перуде  бар.

Аймақтың   үш    мемлекеті   Мексика, Аргентина , Бразилияда   ұшақ    жасау   саласы  да  бар.  Көбінесе   орта   және     кіші   жолаушылар    ұщақтары, ауыл   шаруашылық    ұшақтары  шығарылады. Ал   Аргентина   мен   Бразилияда   әскери    ұшақтар   шығару  да   бар.

Латын    Америкасы    машина   жасау    кешенінің  артта  қалып   қойғаны  метал   өңдеу    станоктарын    жасау. Темірпресс     жабдықтарын  және  күрделі   станоктағы   мұндағы    еш   елде    жасалынбайды.  Оның   орнына   Аргентина    мен   Бразилияда   токарлық    станоктарын   жасауда  біраз   жетістіктерге   жетті. Аз   мөлшерде    шет  елдерге   экспортталады.

Метал    өңдеуде    жетекші   салалы    ұзақ    пайдаланатын   заттарды  тігін, кір   жуу    машиналарын,  тоңазытқыш,  кондиционер, электр приборларын    шығару   жетекші    рөл   ойнайды. Бұл   еңбекті   көп   қажет   ететін    өндіріс   салалары    шетел   монополияларының    ықпалымен    дамушы  елдерге, әсіресе   Мексика    мен    Бразилияда   дамыту   үшін   өндірілуде. Бұл   екі   ел   капиталистік   әлемде   есептеу    машиналарын, интегралды   схемалар,  кеңсе    құралдарын  шығаруда  алға   жылжып  келеді.

    Мұнай   өңдеу   өнеркәсібі    аймақтың      барлық    аудандарында   дамыған. 1995  жылы    мұнай   өңдеу    зауыттарының     қуаты    400 млн. т – ға  жетті, дүние  жүзіндегі   үлесі   14% – ға  жетті.

Мұнайды    өңдеу     мен    пайдалану   ерекшеліктеріне   байланысты   аймақ    елдері   3  топқа  бөлінеді:

1. өз    шикізатына    негізделген , мұнай   және   мұнай   өнімдерін   экспорттайтын    елдер  –  Мексика , Венесуэла , Перу , Эквадор.

2. мұнайды    транзитті   өңдейтін    және    мұнай   өнімдерін    реэкспорттайтын    елдер –  Кариб    теңізі   елдері   мен   Панама    каналының  елдері.

3. өз    қажеттіліктері    үшін   мұнай   өнімдерін    шығаратын   елдер.

Шет  ел    мұнай    монополияларының   қызмет     аясы    Кариб    бассейнінің    аралдары.  Осы  жерде   Венесуэла. Таяу    Шығыс      және   Орта    Шығыс,  Африкадан   әкелінетін     мұнай    негізінде  ірі  мұнай  өңдеу   зауыттарының    кешені    жасалған.  Әлемдегі   ірі   мұнай  өңдеу  зауыттары   Виргин   аралдарында   ( АҚШ ) – 37 млн. т , Багам  аралдары –   26,5 млн. т,  Кюрасао –    25 млн. т,  Тринидад – 24 млн. т, Арубада  – 23,5 млн. т    жылына   өндіріледі.  Бұл   зауыттар   әлемдік  деңгейде   АҚШ – тың  монеополияларының    қол    астында   қымбатырақ   өнімдер  шығарады.

     Химия   өнеркәсібі    аймақтың    барлық   өңдеу   өнеркәсібінің   13% –ын  береді   және   машина   жасау    мен    метал   өңдеуден    кейінгі  екінші  орынды   алады. Латын    Америкасының    химия   өнеркәсібінің   әлемдік   саудасындағы   үлесі    5%. Бұл   сала   Мексика, Бразилия, Аргентинада  жақсы   дамыған.  Басты  орында   мұнай    химиясы   алады. Оның  кәсіпорындары   құрлықтың   барлық    елдерінде, сонымен   бірге   Аруба, Кюрасао, Тринидад , Виргин    және    Багам    аралдарында   бар. Пластмасса, синтетикалық   смола,  химиялық   талшық   пен  синтетикалық   талшық  өндірісі   қарқынды   дамып    келеді. Жарылғыш    заттарды    шығару  мен  экспорттаудан   Латын    Америкасы   алдыңғы   орында,  әсіресе  Чили.

     Ағаш   өңдеу    мен    целлюлоза – қағаз  жасау  өнеркәсібі.  Латын    Америкасында   ағаштың   әлемдік    қорының    2/5 – і  бар болса,  өңдеудің   ¼ – тиеді.

Орманды    өнекәсіптік   өңдеу   бойынша   бірінші  орында   Мексика,  оның    үлесіне   аудандағы   өндірістің    ½    тиеді. Одан  кейінгі  орыцндарда    Чили  мен  Мексика. Соңғы   жылдары   ағаш – түтікті  және  ағашталшықты  тақталарды   шығару   дамып  отыр.

Целлюлоза – қағаз    өнеркәсібі   соғысқа   дейінгі  жылдары  Чили, Аргентина    мен   Бразилияда   аз   мөлшерде    болатын.  Соғыстан   кейінгі  жылдары    қағаз    бен   қатырма    қағаз   жасау   үшін   эвкалипт,  цепроний,  глелин    ағаштарын   қолдан   отырғызу   арқылы    дами  бастады   (Чили, Аргентина ) . Бұл   ағаштарды    қолдан   отырғызу    арқылы    осы   салаға   шетел    инвестициясы   артып, қағаз   бен    целлюлоза   экспортының   негізі  қаланды. Дамушы    елдердің   арасынан   Бразилия   бірінші   орынға  шықсы,   Латын    Америкасы     Азия   мен   Африканы   басып  озды.

Тоқыма    өнеркәсібі   көне   әрі     дәстүрлі   салалардың   бірі. Бірқатар  елдерде    ол   өнеркәсіп   өнімінің    құны   бойынша   және   жұмысшы    күштердің    жұмылдыру    бойынша    маңызды   орын  алады.  Оның   негізі  ретінде    мақтакағаз   саласы    қала   береді, дегенмен   оның  үлесі  азаюда. Ол   Бразилияда  жақсы  дамыған, оның    тоқыма   өнеркәсібінің    70%  алады.  Мексикада    барлық    тоқыма    өнеркәсібінің   40%  құрайтын  синтетикалық   маталар    жасау  бағыты  дамыған.  Аргентина  мен   Уругвайда    жүн    шаруашылығы   басым.

Тамақ    өнеркәсібі   аймақтың   жетекші   салаларының   бірі  болғанымен, оның  үлесі    азайып   келеді. Жұмысшылар   саны   бойынша   ол басқа  салалардан   басып  озады.  Өсімдік    шикізатын    өңдейтін   салалардың  ішінде   бірінші   орында     қант   өндіру  ( дүние  жүзінде   өнімнің   ¼ –ін алады ).
Барлық    елде    жеміс   консервілеу    кең   тараған.  Әлемдік  саудада   мексикандық   консервіленген   ананастар, ананас  шырыны, томат  пастасы  белгілі.  Аргентина   мен   Чили   баяғыдан   көрші  елдерге  және Еуропа  саудасына    шабдалы,  өрік, алма, алмұрт, қара  өрік   конфитюрын   шығарады.  Түрлі    жеміс   шырындарын    шығарудан   Бразилия   белгілі. Ол   қоюландырылған   апельсин   шығарудан    бірінші   орында. АҚШ  пен   Еуропада   Чили    мен  Аргентина   шараптары   жоғары  бағаланады.

Ет   және   балық   өнеркәсібінің   әлемдік  маңызы  бар. Ет   экспорты  ( жылына  1 млн.т )  негізінен  Батыс   Еуропа   елдері   мен   Жапонияға  бағытталады. Балық   ұнының   дүние    жүзілік   өндірісінде  Латын    Америкасының  үлесі   30% – дан жоғары.  Басты   өндіруші    және    экспорттаушы   елдер  – Перу   мен   Чили.
Тағы рефераттар