Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады.
Педагогикалық зерттеулер әдістемесі, бірлесуі педагогикалық ақиқатты, өте кең нақтылықпен зерттеуге мүмкіншілік беретін теориялық және эмпириялық әдістерінің жиынтығын береді.
Педагогика әдіснамасы — педагогика білімі жөніндегі ілім және оны табу үдерісі, яғни педагогикалық таным, алғашқы қалып, құрылымы, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әрекеттері мен әдістері.
Педагогикалық зерттеу әдісінің әдіснамадан айырмашылығы, бұл педагогикалық құбылыстарды оқудың тәсілдері, заңдылықты байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру мақсатындағы ғылыми ақпарат жинау. Барлық көп тектілікті үш топқа бөлуге болады: педагогикалық тәжірибені оқу әдісі, теориялық зерттеу әдісі мен математикалық әдіс.
Педагогикалық тәжірибені оқу әдісі — бұл оқыту процесін ұйымдастыру тәжірибесінің нақты құралатын зерттеу тәсілдері. (Мысалы: мұғалімдердің озық тәжірибелері) Мынадай әдістерде қадағалау, әңгіме, сұхбат, сауалнама, оқушылардың жазба, графикалық және шығармашылық жұмыстары мен педагогикалық құжаттарды оқып зерттеу қолданылады.
Теориялық әдістер мәселені анықтап, болжамды құрау үшін және жинақталған деректерді бағалауға қажет. Теориялық әдістер әдебиетті оқумен байланысты: классиктердің адамтану, жалпы педагогика жөніндегі еңбектері; жалпы және арнайы жұмыстар мен құжаттар, педагогикалық ақпарат құралдарын; мектеп, тәрбие туралы көркем әдебиетті, педагогикалық анықтамалық әдебиетті, педагогика және аралас ғылымдар бойынша оқулықтар мен әдістемелік құралдар.
Математикалық және статистикалық зерттеулер педагогикада алынған деректерді сауал және тәжірибе әдістері арқылы өңдеуде, сонымен бірге зерттелетін құбылыстар арасындағы мөлшерлік кіріптарлықты анықтау үшін колданылады. Бұлар тәжірибе нәтижелерін анықтауға көмектеседі, қорытынды сенімділігін арттырады, теориялық жинақтау үшін негіздеме береді. Математикалық әдістердің педагогикада ең көп қолданылатыны тіркеу, өрнектеу, сызба сызу. Осы әдістер көмегі арқылы өңделген нәтижелер кесте, графика, таблица түрінде мөлшерлік кіріптарлықты көрсетуге мүмкіндік тудырады.
Тағы рефераттар
- Фольклорлық аспаптық музыка, оның негізгі белгілері мен сипаттары, жиналуы мен зерттелуі
- Маркетинг
- Сана проблемасының философияда қойылуы
- Фуд Мастер компаниясы «Есік» сүт зауатының Қызмет парағы
- Іс қағаздарын жүргізу тарихы және міндеттері