Тіл тарихында рай категориясы көне дәуірден бері қолданылып, дамып отырған. Түркі тілдерінің тарихын зерттеуші ғалымдар еңбегінде рай қосымшалары сандық жағынан да, мағыналық жағынан да бай болғандығы айтылады.  Қазіргі түркі тілдері материалдары негізінде пікір айтқан авторлардың да рай қосымшаларының саны туралы пікірлері де бірізді бола бермейді. Бірақ қазақ тілін зерттеуші ғалымдар арасында мұндай пікір алалығы жоқ десе де болады. Дегенмен А.Байтұрсыновтың «Тіл құралында»  райдың әдеттегі үш түрінен тыс бірнешеуі көрсетіледі. 1954 жылы жарияланған академиялық грамматикада райдың бес түрі (бұйрық, шартты, ашық, тұйық, қалау) берілсе, кейінгі кезде жарық көрген оқулықтарда тұйық рай деп аталатын «у» формалы етістіктерді қимыл атауы немесе қимыл есімі деп атап, жеке категория ретінде бөліп қарайды.

Етістік рай – мазмұны мен формасы жағынан аса бай категория. Өйткені ол шақ формаларымен де, есімше, көсемше, қимылдың өту сипатын білдіретін формалармен де т.б. байланысты болады [11, 312 б. ].

…Темпоралдылық – функционалды-семантикалық категория. Ол белгілі бір категориялық жағдаяттарда сөйлеу актісінде функционалды-семантикалық өрістерден көрінеді. Яғни функционалды-семантикалық категория мен функционалды-семантикалық өріс бір нәрсенің екі жағы сияқты, бірі – потенциалдық жағы, екіншісі – соның сөйлеу актісіндегі берілуі (реализациясы), олар өздерінің сөйлемдегі атқаратын қызметімен байланысты. А.В.Бондарко осы екі ұғымды потенциалдық және нәтижелік аспектілерімен байланысты қарастырады [14].    Семантикалық функциялардың актуалдануының бірнеше жолдары бар. Олар: 1) таза грамматикалық тәсіл арқылы; 2) лексикалық құралдар немесе сөзжасамдық құралдар арқылы; 3) грамматикалық және грамматикалық емес тілдік құралдардың кешені арқылы. Осы аталғандарға қоса семантикалық функциялар 4) морфологиялық ктегориялардың өз қызметінен ауытқып, жанама қызмет атқаруы арқылы да жүзеге асады.

Рай категориясы мен модальділік категориясының қатыстылығы, жоғарыда айтылғандай, В.В.Виноградовтың есімімен тығыз байланысты. Модальділік мағыналар функционалды грамматикада модаль сөздер, модаль мағынасындағы сөз тіркестері (қыстырма сөздер), етістіктер, предикативтілік, модаль мәнді есімдер, интонация, рай түрлері арқылы беріледі.

Ы.Мамановта функционалды-семантикалық категория принциптеріне сәйкес, райды объектілі, субъектілі тұрғыдан мағыналық жағынан топтауы, модальділіктің – етістіктер, предикативтілік, модаль сөздер арқылы берілетіндігіне тоқталғандығы функционалды грамматиканы түсінгендігін дәлелдейді.
Тағы рефераттар