Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (РМК) «Есіл су» шаруашылық жүргiзу құқығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдесіндегі № 1001 «Банкроттық процедурасын өткізген «Союзцелинвод тресі» РМК орнына Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің «Есіл су» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы» қаулысы негізінде құрылды.
Магистралды су құбырлары арқылы сумен қамту саласында жекеменшік құрылымдар тараптарынан бәсекелестік болмауына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі басқару үлгісі ретінде шаруашылық жүргiзу құқығында Мемлекеттiк кәсiпорыны таңдалды.
«Есіл су» РМК мүліктік кешені конкурстық басқару «Союзцелинвод тресі» РМК 2002 жылдың 28 ақпанында саудаласу арқылы алынды.
Кәсіпорынға қатысты республикалық жекеменшік субъектісі құқығы қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті жүзеге асырады.
Кәсіпорынның басқару органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті болып табылады.
РМК филиалдарсыз, өкілдіксіз және еншілес кәсіпорындарсыз заңды тұлға болып табылады.
«Есіл су» РМК орталық аппараты Петропавл қаласында орналасқан. Су құбырларын басқару және жөндеу-пайдалану телімдері Солтүстік Қазақстан облысының, Ақмола облысының аудандарында, соның ішінде Көкшетау қаласында орналасқан.
Кәсіпорын қызметінің мәні сумен қамту саласында шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты Солтүстік Қазақстан облысының және оған шекаралас жатқан Қазақстан Республикасы облыстарының елді мекендерін сумен қамту болып табылады.
Өз қызметінде кәсіпорын Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының 19.06.1995 жылғы № 2335 «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, қаржы-шаруашылық қызметті реттейтін басқа да нормативті құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Кәспорын өз қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 20.01.2003 жылы № 18 бұйрығымен бекітілген Жарғы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 15.07.2004 жылғы № 1496 бұйрығымен бекітілген Жарғыға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар негізінде жүзеге асырады.
«Есіл су» РМК табиғи монополия субъектісі болып табылады және сумен қамту қызметтерін көрсету бойынша тізімге кіргізілген. Топтық магистралды (Булаев, Ишим, Преснов, Сергеев және Соколов) су құбырлары арқылы Солтүстік Қазақстан облысының 11 елді мекендерге және Қостанай облысының 2 ауданына, сондай-ақ Ақмола облысына, соның ішінде Қызыл жар селосына, Көкшетау қаласына, Щучье қаласына және Бурабай курорттық аймағының елді мекендеріне Көкшетау өндірістік су құбыры арқылы су беру бойынша қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсанындағы № 1265 қаулысына сәйкес Булаев, Ишим, Преснов, Сергеев және Соколов топтық су құбырлары және Көкшетау өндірістік су құбыры баламасыз сумен қамту көзі болып табылатын, республикалық меншікте болып табылатын аса маңызды топтық сумен қамту жүйесі тізіміне енгізілген және оған Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджеті туралы» заңында қарастырылған тиісті жылға қаржылар шегінде елді мекенге ауыз су беру бойынша қызметтер құнын мемлекеттік субсидиндіру жүргізіледі.
Қазақсатан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті «Есіл су» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның магистральдық құбыржолдары – Булаев, Есіл, Сергеев, Соколов топтық су құбырлары арқылы және магистральдық құбыржолы – Көкшетау өндірістік су құбыры арқылы суды беру жөніндегі қызметтеріне арналған тарифтері келесі кестеде көрсетілген.
Кесте 2
«Есіл су» РМК-ның магистральдық құбыржолы арқылы суды беру жөніндегі қызметтеріне арналған тарифтер, 2009-2011 жж.
Қызметтің атауы |
Өлшем бірлігі |
Қаражаттандырудың ескермей тариф |
Қаражаттандыруды ескергендегі тариф |
Магистральдық құбыржолдары Булаев, Есіл, Сергеев, Соколов топтық су арқылы суды беру |
Теңге/м³ |
278,51 |
63,89 |
Магистральдық құбыржолы Көкшетау өндірістік су құбыры арқылы суды беру |
Теңге/м³ |
53,45 |
4,96 |
«Есіл су» РМК заңды тұлға болып табылады және келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
— аймақтардың өмірлік тіршіліктерін қамтамасыз ету мақсатында магистралды су құбырларын сумен қамтуды және пайдалануды;
— Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары, Көкшетау қаласы және Щучье қалаларының елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін келісім-шарттарға сәйкес тұтынушыларға су беру;
— тұрғындарға Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынбаған қызметтер көрсету болып табылады.
Сонымен қатар, өкілеттік органмен белгілі тәртіпте келісіп басқа да қызмет түрлерін көрсету болып табылады.
«Есіл су» РМК келесі қызмет түрлерін көрсету бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылады:
— топтық магистралды су құбырлары бойынша 1м3 ауыз суын беру бойынша қызметтер;
— Көкшетау өндірістік су құбыры арқылы су беру қызметтері бойынша табиғи монополиялық субъектілері, реттейтін қызмет түрлері – су шаруашылығы жүйесі қызметтері Мемлекеттік тізіміне енгізілген.
Кәсіпорын құрамында алты құрылымдық бөлімшелер бар:
1. Басқару аппараты – орналасқан орны Петропавл қаласы.
2. Магистралды су құбырларын пайдалануды Булаев басқармасы – орналасқан орны Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы.
3. Магистралды су құбырларын пайдалануды Ишим басқармасы – орналасқан орны Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы.
4. Магистралды су құбырларын пайдалануды Есіл басқармасы – орналасқан орны Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы.
5. Магистралды су құбырларын пайдалануды Соколов басқармасы – орналасқан орны Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы.
6. Көкшетау өндірістік су құбыры – орналасқан орны Көкшетау қаласы, Щучье қаласы.
Жоғарыда аталған басқармалар құрамына 16 жөндеу-пайдалану учаскелері кіреді.
Жалпы Көкшетау өндірістік су құбырларының құрылысы 1983 жылы басталған.
29 желтоқсан 2008 жылғы ҚР-ның Қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік және приватизациялау комитетінің №824 бұйрығы негізінде, сонымен қатар 12 қараша 2008 жылғы ҚР-ның ауыл шаруашылық Министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитетінің №200 бұйрығы негізінде «Есіл су» РМК – нан «Астана су» РМК – на Көкшетау өндірістік су құбырлары берілді.
Көкшетеу өндірістік су құбырлары жүйелерінің негізгі мақсаты – Сергеев су қоймасынан суды тазартып Көкшетау, одан әрі Шучье қалаларына тарату болып табылады. Су тартқыш түйін Солтүстік – Қазақстан облысында, Шал ақын районында Сергеев су қоймасының оң жағалауында, Социал ауылынан 4км жоғары орналасқан. Су тартқыш жүйенің жоба бойынша қуаты тәулігіне 42 мың.м³ құрайды. Су құбырының жалпы ұзындығы 252 км, су құбырының трассасы Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Шал ақын аудандарын басып, Ақмола облысының Щучье және Зеренді аудандарын басып өтеді.
Этап бойынша құрылыс мерзімі:
- I. –этап «Бастапқы құрылыстар — Новоукраина ауылы» — 72км басталуы 1986 – 1988 жж.
- II. –этап «Новоукраина – Көкшетау» — 99км басталуы 1989-1993 жж.
- III. –этап «Көкшетау – Щучье» — 80,2км басталуы 1997-2002 жж.
Көкшетеу өндірістік су құбыр жүйесіне үш елді — мекен қосылған — Щучье қаласы, Көкшетау қаласы, Қызыл жар.
Қызмет түрі — топтық магистральдық су құбырларына және Көкшетау өндірістік су құбырларына су беру болып табылады.
Кесте 3
Топтық магистральдық су құбырларына судың берулуі, мың,м³
Басқарудың атауы |
2009 ж. |
2010 ж. |
2011 ж. |
Ауытқуы +/- (11-10) |
Ауытқуы +/- (11-10) |
Булаев басқармасы |
1237,683 |
1203,364 |
1283,818 |
46,14 |
80,45 |
Есіл басқармасы |
111,807 |
63,162 |
65,847 |
-45,96 |
2,69 |
Ешим басқармасы |
381,407 |
507,144 |
496,303 |
114,9 |
-10,84 |
Соколов басқармасы |
330,628 |
344,364 |
371,000 |
40,37 |
26,64 |
Қорытынды |
2061,525 |
2118,034 |
2216,968 |
155,44 |
98,93 |
Көкшетау өндірістік су құбыры |
4776,703 |
5770,000 |
5767,500 |
990,80 |
-2,5 |
3- кесте мәліметтері бойынша жалпы қызмет көрсету көлемінің өсуі 2011 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 155,44 мың,м³ өсті, ал 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы ол 98,93 мың,м³ өскенің көруге болады. Оның ішінде ең көп қызмет көрсеткен Булаев басқармасы. 2011 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 46,14 мың,м³ өссе, 2010 жылды өткен периодпен салыстырғанда оның қызмет көрсетуінің төмендегенің көруге болады, ал 2011 жылы ол 80,45 мың,м³ өсті. Сонымен қатар Есіл басқармасының қызмет көрсетуі төмендеді. 2011 жылды 2009 жылмен салыстырғанда -45,96 мың,м³ төмендесе, 2010 жылды өткен периодпен салыстырғанда ол төмендесе, 2011 жылы 2,69 мың,м³ өсті. Ешим басқармасы болса 2011 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 114,9 мың,м³ көбейсе, 2010 жылы ол көбейіп, нәтижесінде 2011 жылы -10,84 мың,м³ төмендеді. Соколов басқармасы жылдан жылға қызмет көрсетуі өсуде. 2011 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 40,37 мың,м³ өссе, 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 26,64 мың,м³ өскенің көруге болады. Ал Көкшетау өндірістік су құбыры болса 2011 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 990,80 мың,м³ көбейсе, 2010 жылы ол көбейіп, нәтижесінде 2011 жылы -2,5 мың,м³ төмендеді.
Кесте 4
Ақшамен есептегенде топтық магистральдық су құбырларына судың берулуі, мың теңге
Басқарудың атауы |
2009 ж. |
2010 ж. |
2011 ж. |
2009 жылда, %-пен |
|
2010 ж. |
2011 ж. |
||||
Булаев басқармасы |
261323,88 |
279917,205 |
300335,262 |
107,1 |
115 |
Есіл басқармасы |
23467,177 |
14676,740 |
15430,518 |
63 |
65,8 |
Ешим басқармасы |
80632,334 |
117585,874 |
114566,790 |
146 |
142,1 |
Соколов басқармасы |
69524,386 |
80309,262 |
85617,157 |
116 |
123,1 |
Қорытынды |
434947,785 |
492489,081 |
515949,727 |
113,2 |
119 |
Көкшетау өндірістік су құбыры |
168786,009 |
242707,607 |
247952,124 |
144 |
147 |
Магистральді су құбырлар бойымен су беру қызметін орындауын жалпы ақшамен есептегенде 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 13,2% -ғаөсті, ал 2009 жылмен салыстырғанда 2011 жылы ол 19% -ға өскені байқалды. Булаев басқармасы қызметін 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 7,1% -ға өссе, 2011 жылды 2009 жылмен салыстырғанда оның қызметі 15% -ға өсті. Есіл басқармасы қызметі болса 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 37% -ға төмендесе, 2010 жылы төмендеп, 2009 жылмен салыстырғанда 2011 жылы ол 5,8% -ға көбейді. Ешим басқармасы керісінше 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 46% -ға өссе, 2011 жылды 2009 жылмен салыстырғанда ол 42,1% –ға өсті, яғни 2011 жылы оның қызметі артқаның көрсетті. Соколов басқармасының жылдан жылға қызмет көрсетуі өсуде. 2011 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 16%-ғаөссе, 2011 жылмен салыстырғанда 2009 жылы оның қызметі 23,1% -ға өсті. Көкшетау өндірістік су құбырының қызметі болса 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 44% -ға артса, 2011 жылды 2009 жылмен салыстырғанда қызметі 47% -ға артты.
Жалпы кәсіпорынның қызмет көрсету көлемінің өсуі кәсіпорында жұмыскерлер санының өсуіне байланысты болады. Сол себепті 5 –кестеде еңбек ресурстарнының динамикасы келтірілген.
Кесте 5
РМК «Есіл су» Көкшетау өдірістік су құбырының 2009-2011 жж еңбек ресурстарының динамикасы
Жұмыскерлер категориясы |
Жұмыскерлер саны |
2009 жылда %-пен |
|||
2009 ж. |
2010 ж. |
2011 ж. |
2010 ж. |
2011 ж. |
|
Барлық деңгейдегі басшылар |
16 |
17 |
19 |
106,25 |
118,75 |
Жоғары деңгейдегі білікті мамандар |
3 |
3 |
5 |
100 |
166,7 |
Орта деңгейдегі білікті мамандар |
2 |
4 |
7 |
200 |
350 |
Ірі және шағын өнеркәсіп ұйымдарының, құрылыстың, көліктің байланыстың білікті жұмысшылары |
24 |
30 |
35 |
125 |
145,83 |
Қондырғылар мен машиналардың операторлары, аппаратшылары, слесарь-құрастырушылар |
45 |
45 |
45 |
100 |
100 |
Біліксіз жұмысшылар |
16 |
21 |
35 |
131,25 |
218,75 |
Ұйымдар бойынша барлығы |
106 |
120 |
146 |
113,21 |
137,74 |
5 –кесте бойынша 2009 жылмен салыстырғанда 2011 жылы барлық жұмыскерлер саны 13,21 % болса, 2011 жылы 37,74 % өскен. Оның ішінде қондырғылар мен машиналардың операторлары, аппаратшылары, слесарь-құрастырушылар 3 жыл бойы өзгеріссіз болды, бірақ орта деңгейдегі білікті мамандар 2010 жылы 2 %, яғни 2 есе өссе, 2011 жылы 3,5 % өскенің көрсетті.
Қосымша 1 материалдардың 6-ші кестесі бойынша топтық магистральдар 2009 жылы, 2010 жылы ауыз суды жоба бойынша қосылған 290 елді мекеннің 179 алады. Ал 2011 жылы жоба бойынша 291 елді мекеннің 193 алады, яғни өткен 2 жылға қарағанда бірқатар өскенің көрсетті. Ал Көкшетау өндірістік су құбырлары бойынша 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда өзгерістер болған жоқ, яғни тек 2 елді мекен ауыз суды алады. Ал 2011 жылы жоба бойынша қосылған 5 елді мекеннің барлығы да ауыз суды алады [22]. Қорыта айтқанда топтық магистральдың су құбырларынан су алатын елді – мекендердің саны жылдан жылға өскенің көруге болады.
Тағы рефераттар
- Психологиялық менеджменттің пәні
- Құқық бұзушылыққа алдын ала жол бермеу
- Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, беткі және ішкі сулары
- Шақшақ Жәнібек батыр (1693-1752)
- XIX ғасыр соңындағы Қазақстандағы музей ісінің қалыптасу тарихы