КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ФОРМАСЫН РЕТТЕУ туралы қазақша реферат

Жұмыстың мақсаты — кәсіпорында еңбек ақыны  ұйымдастырудың теориялық негіздерін зерттеу және нақты кәсіпорын мысалында талдау болып табылады.

Берілген мақсаттан келесі міндеттер туындайды:

—  еңбек ақының мәнін, функцияларын, қағидаларын ашып көрсету;

— «Маңғыстаумұнайгаз»  акционерлік қоғамына қысқаша технико экономикалық сипаттама беру;

—  кәсіпорындағы еңбек ақының түрлеріне, жүйелеріне талдау жасау;

— кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдірудің жолдарын

қарастыру.

Тақырып өзектілігі ретінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен оның бөлімшелері алынды.

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы – Қазақстанның мұнай саласында ең сенімді, ең ірі мұнай өндіруші компания мәртебесіне ие болды.

Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыру мынадай негізгі элементтерден тұрады:

1. Еңбекақы қорын құру

2. Еңбекті нормалау

3. Тариф жүйесін бекіту

4. Жалақы жүйелері мен формаларын анықтау

Кәсіпорында еңбек өнімділігінің артуына ықпал ететін факторлар:

—              Тұтыынушыларға қызмет көрсетудің сапасын аттыру;

—              тиеу-түсіру жұмыстарын механизациялауды аттыру;

—              өнімділігіжоғары жаңа техника мен прогрессивті жаңа

технологияларды ендіру.

Кәсіпорында жұмысшыларының еңбек өнімділігіне экономикалық факторлардан басқа әлеуметтік,психологиялық,ұйымдастырушылық және т.б. факторлар әсер етеді. Мысалы,еңбек өнімділігі көбінесе жұмысшының жеке басының ерекшеліктеріне,оның білімі,еңбек өтімі,біліктілігіне байланысты.

Еңбек ақыны төлеуді ұйымдастыруда әрбір кәсіпкер мынадай мәселелерді шешуге тиіс:кәсіпорын жұмысшыларынның есеп айырысу жүйелері мен формаларын анықтау;қызметкерлер мен мамандардың лауазымдық

жалақыларын бекіту; кәсіпорын жұмысшыларының жеке жетістіктеріне төленетін сыйақылардың мөлшерлері мен критерийлерін анықтау: және т.б.

Еңбек ақының өсуі мынаған негізделеді:

— Еңбек өнімділігінің жоғарлауы;

— Жоспарларды жүзеге асыру;

— Елде инфляцияның өсуі;

Кәсіпорында еңбек ақы ұйымдастырудың негізі:

—         Өнім бірлігіне шығындарды азайту кезінде еңбек ақы мөлшерінің өсуін қамтамасыз ету

—         Еңбек қатынастары реттеу; Жұмыс беруші менсжұмысшы құқықтарының бірдей болуы.

—         Еңбекті нормалауды жетілдіру.

—         Еңбек ақы жүйесі мен    нысандарын таңдау.

—         Ықтиярлы бағалардың көмегімен өнім бағасының көлемін реттеу.

Қазіргі жағдайда кәсіпорынның еңбек ақы жүйесін дұрыс ұйымдастыру оның негізгі элементісіз , яғни-еңбекті нормалаусыз мүмкін емес , себебі ол еңбек ақының шығындар көлемі мен еңбек ақыны төлеу мөлшерінің арасындағы байланысты көрсетеді.

Еңбек нормалауды жетілідіру жұмысы қазірігі жағдайда еңбек нормасының сапасын көтеруге бағытталуы керек . Еңбек нормалауды жақсарту жұмыс жасайтын цехтардың , учаскілердің , бөлімше құрылымдардың , бүкіл атқарылатын жұмысқа анализ жасаумен сипатталады.Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек нормаларын жақсарту  басқару құрылымын жетілдіру және жаңа техникалық құралдарды еңгізумен сипатталады.

Еңбекақы төлеудің шетелдік тәжірибесі:

Классикалық нарық елдері аталған (Франция, Германия, Швеция, Жапония және т.б.) шетел тәжірибелерінен үйренетін нәрселер өте көп. Бұл елдерде жалақыны реттеудің мынадай негізгі формалары қолданылады:

— мемлекеттік реттеу – жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеу, салық

саясаты;

— жалпы ұлттық және сала деңгейіндегі ұжымдық келісімдік реттеу;

— үкімет, сала басшылары және кәсіподақ – табыстарды индекса-циялаудың

жалпы тәртібі жайлы, жалақының формалары мен жүйелері жайлы,

әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер ( оның ішінде, жұмыссыздыққа

төленетін төлемақы да бар) жайлы келісім-шарт жасасады;

— фирмалық  ұжымдық  келісім – шарттар  –  фирмалардың тариф

ставкалары мен жалақы мөлшерін анықтайды, пайдаға қатысу жүйесін

бекітеді және т.б.

— жұмыс күші  нарығы — орташа жалақы  деңгейін  және  т.б. анықтайды.

Нарық экономикасы жақсы дамыған елдерде жалақыны реттеудің екі жүйесі қолданылады: орталықтанған мемлекеттік және орталықтандырылмаған.

Жалақыны реттеудің мемлекеттік жұйесі – жалақы қорларының құрылуына, жоспарлануына және реттелуіне жанама тәсілдермен әсер етеді:

  1. Мемлекет  жалақының  ең   төменгі  мөлшерін  белгілейді,  ол  «тұтыну корзинасы» есептерінің негізінде жасалады, әр мемлекеттің жұмысшысының және оның отбасының өмір сүруінің физиологиялық минимумының, яғни өмір сүруге қажетті азық – түлік, өнеркәсіп тауарларының, көрсетілетін қызметтерінің тізімін анықтайды. Бірде – бір кәсіпкер мемлекет белгілеген жалақының ең төменгі мөлшерінен төмен жалақы төлеуге құқығы жоқ. Көптеген елдерде нашар қамтамасыз етілген тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
  2. Мемлекет әлеуметтік төлем  ақылардың мөлшерін, оны беру тәртібін

белгілейді; орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін  ендіреді; еңбекті қорғау және қаіпсіздендіру саласында нормативтік – құқықтық актілер қабылдайды.

  1. Мемлекет шет елден жұмысшы күшін елге тарту тәртібін белгілейді; көтерілетін салалық коэффициенттерді бекітеді .

Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіру:

Бірінші тапсырма болып, еңбек ақы жүйесін жақсы ұйымдастыру,яғни еңбек күші дұрыс орындалса, меншік иесіне белгілі бір нәтижені алып келетін кепілдіктің болуы, жұмысшының әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек ақының  мөлшерін, жүйесін ,нысанын анықтауда әкімшілік пен еңбек ұжымының толық жауапкершілігі.

Ең біріншіден кепілдігі бар тарифтік ақылардан  және қызмет айлық-тардан бас тарту керек .Себебі олар еңбек ақы мөлшеріне, бар мүмкіншіліктерді  әрі қарай  дамытуға және жүзеге асыруға дайын адамдарға шектеу салады. Айлықтар мен ақыларды есептеу реттілігі қазіргі уақытта жұмысшылардың белгілі бір нәтижелерге жетпей-ақ  олардың төлену мүмкіншідігі бар.

Жұмысшының білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, білім мен тәжірибені  жұмыста дұрыс пайдалана білуді есепке алу керек .

Құрастырылған және қазіргі жағдайда жұмыс істейтін еңбек ақы жүйесіндегі қазіргі нарықтық шарттарға ең сай келетіні  тарифсіз еңбек ақы жүйесі болып табылады. Ол еңбек ақыға кіретін барлық құралдарды бөлуге негізделген.

Еңбекті ынталандыру тиімділігін жоғарылату әсіресе өтпелі экономика жағдайында маңызды.

Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың қарастырылған шетелдік тәжірибесінің негізінде Франция кәсіпорындарында қолданылатын еңбекақы төлеу жүйесін атап өтуге болады. Француз еңбек мамандары еңбекті мотивациялау үшін оптималды жағдайлар жасау мақсатымен еңбекақы төлеу жүйесін тұрақты түрде жетілдіріп отыруға тырысады. Ұзақ уақыт бойы бұл идеяға ең жоғары дәрежеде кесімді еңбекақы төлеудің қағидалары сәйкес келеді деп саналды.

Кәсіпорында еңбекақы төлеуді жетілдіру үшін кәсіпорының табысы, тиімділігі жоғары болу керек. Содан кейін ғана еңбекақы өседі деп айта аламыз.

Қорыта келе, еңбек ақының шетелдік тәжірибесін талқылай отырып, оның Қазақстандағы еңбек ақының жүйесімен салыстырулар келтірілген болатын.

Осы зерттеулер нәтижесінде:

—         қолданылып жүрген тиімділігі төмен, ескірген еңбек ақының моделін жаңа

тиімділігі жоғары моделімен алмастыру керектігін шешім жасалынды.

—           рыноктық қатынастарға өтумен принципиалды жаңа  еңбек ақыны\

ұйымдастыру талап етіледі. Қазіргі уақытта бұл нақты қажеттілік және ол ескірген, тиімділігі төмен еңбек ақы моделін жаңа бір моделге ауыстыру керек, себебі ол жұмысшылардың потенциалын ашуға және экономиканың дамуына кедергі жасайды.

—         дәстүрлі принциптерге негізделген еңбек ақыны ұйымдастыру, яғни  оның

тарифтік ақылары, айлықтары, сый ақының түрлі түрлері, үстемелер мен қосымшалар ғылыми-техникалық прогреске жатпайды, яғни  өнімнің сапасының жоғарлауына және ресурстарды экономдауға.

—         барлық сый ақы түрлері, үстемелер мен қосымшалар өздерінің стимулдық

рөлдерін жоғалтты және тарифтік ақыларға, қызметтік айлықтарға механикалық  прибавкаларға айналды. Сөйтіп, олар еңбектің нәтижесіне байланысты емес. Бұдан басқа ол еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесіне кедергі келтіреді  және оны түсінуге қиындық туғызады.

—         «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мысалында өнеркәсіптік кәсіпорында еңбек

ақыны ұйымдастыру жүйесіне талдау жасалынды.

—         «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмысшыларына еңбекақы төлеу және жұмыс

уақытын есепке алу нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

-«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да қолданыстағы еңбекақы жүйесі, кәсіпорын

қызметі нәтижесіне жеке жұмысшының еңбек үлесін есепке ала отырып, жалақыны дифференциациялауға мүмкіндік береді, яғни әрбір жұмысшы мұнай өндірісі процесіне біліктілігіне қарай нақты қосқан үлесіне сәйкес жалақы алады.

—         Еңбек ақы жыл сайын өсуде. 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанды

еңбек ақы мөлшері 645196,0 мың теңгеге (15,4%- ға) өсті. 2011 жылы еңбек өнімділігінің өсуі алдынғы жылмен салыстырғанда орташа айлық еңбек ақының өсуін 9,9 %-ға жоғары болды.


Тағы рефераттар